Өздігінен оқыту технологиясының құрылымы /ТИСО/
Аңдатпа
Оқу-әдістемелік кешеннің мақсаты:
Оқыту үрдісін оқушының санасына бағыттау. Оқушыларды біліммен қамтамасыз етуде ең құндылығын алу, білімді өздігінен меңгеру, Қазақстанды физикалық және экономикалық тұрғыдағы геосаяси орнының маңыздылығын анықтау.
Оқу-әдістемелік кешеннің міндеті:
Оқыту үрдісін ұйымдастыруды дамыта оқытумен қамтамасыз ету. Жаңа білімді меңгеруде, оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыруда жаңа технологиялардың сапасын көрсету.
ОӘК-ның маңыздылығы:
Түрлі әдіс- тәсілдер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, жаңа білім көздерінің ең маңыздылығын өздігінен ала білуінде, тапсырмаларды әр оқушының білім деңгейіне қарай таңдап алуында.
ОӘК-нің өзектілігі:
Географиялық білімнің сапасын арттырудағы ең маңыздысы география мұғалімінің біліктілігінде, сондықтан оқушылардың теориялық алған білімдерін практикада қолдана білуде оқу-әрекетін дұрыс ұйымдастыру және алға қойған мақсаттарының шешімін табу үшін жаңа білім көздерін өздігінен игеруді көрсету.
ОӘК-нің жаңашылдығы:
— оқушыларды оқуға өздігінен және диференциялы түрде икемдеу;
— өздігінен жұмыс жасау әрекеті, өзін-өзі оқыту, өзін-өзі бағалау;
— ынтымақтастықта жұмыс жасау;
Түсінік хат
Оқу – әдістемелік кешен жаратылыстану — ғылыми бағыттағы география пәнін бағдар бойынша оқыту жүйесінде нақты көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік туғызады және оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға итермелей отырып, нәтижеге жететін білім алуды көздейді.
Оқу-әдістемелік кешеннің мақсаты — оқыту үрдісін оқушының санасына бағыттау. Оқушыларды біліммен қамтамасыз етуде ең құндылығын алу, білімді өздігінен меңгеру, Қазақстанды физикалық және экономикалық тұрғыдағы геосаяси орнының маңыздылығын анықтау.
Оқу-әдістемелік кешеннің міндеті — оқыту үрдісін ұйымдастыруды дамыта оқытумен қамтамасыз ету. Жаңа білімді меңгеруде оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру.
Ұсынылған жинақта 8 сыныпқа арналған «Қазақстанның физикалық географиясы» оқулығы бойынша құрасытырылғын оқу — әдістемелік кешен кіріспеден, түсінік хаттан, аңдатпадан, мазмұны мен құрылымынан, күнтізбелік жоспардан, стандарт талаптарынан, сабақ үрдісінде ұсынылатын оқу парақтарынан, бақылау жұмыстарынан, сарамандық жұмыстардан, рейтингілік бағалау парақтарынан тұрады.
Оқушыларға арналған оқу парағында бағалау сараптамасы, стандарт мазмұны, жаңа білімді игеру үшін дидактикалық тапсырмалар, сарамандық жұмыстар, бақылау жұмыстары, бағалау парағы берілген.
Оқу-әдістемелік кешен 8 сыныптың бағдарламасы бойынша барлық тақырыптарды қамтыған Сонымен бірге «Қазақстанды физикалық аудандастыру» тарауы модулдік технология бойынша құрастырылған .
Ұсынылып отырған технология оқушылардың өздігінен әрекет етуін қаматамасыз етеді. Берілген түрлі әдіс-тәсілдер оқушылардың қызығушылығын арттырады, тапсырмалар әр оқушының білім деңгейіне қарай таңдап алынады.