Қазақстан аумағының географиялық зерттелу тарихы»
тақырыбының оқу парағы
Тақырыпты меңгеру нәтижесінде оқушылар:
Білуі тиіс:
1. Қазақ жері туралы алғашқы мәліметтер;
2. Зерттелу кезеңдері;
3. Қазақстанның зерттелуіндегі Ұлы Жібек жолының ролі;
4. Зерттеушілердің аты – жөні;
5. Ш.Уалихановтың, К.Сатпаевтың зерттеу маңыздылығы; Біліктілігі болуы тиіс:
1. Ежелгі карталарды оқу;
2. Кескін картаға маршруттарды
/ жолдарды/ түсіру;
3. Сызба — маршруттарын құрастыру;
4. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері;
5. түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау;
Әдебиеттер:
Оқулықтар : Бейсенова А., Қарпеков К. «Қазақстанның физикалық географиясы»
құрал-жабдықтар : Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карта
Есіңде болсын, жұмысты алгоритм бойынша жаса.Әр тапсырманы орындаған соң тексертіп отыруды ұмытпа, тақырыптың рейтингілік бетін толтыр. Өзіңнен туындаған сұрақтарды, проблемаларды жауапсыз қалдырма!
Жолдасыңды тексерген кезде әділетті және турашыл бол – бұл саған және сен тексерген оқушыға өте қажет.
Сәттілік тілеймін!
№ 1 тапсырма.
1. 5 — параграфты оқып, кестені толтыр: /2 ұпай/
Зерттеушілер есімдері Уақыты Нені көрсетіп берді?
2. Параграф 6 және 18-19 беттегі картаны пайдаланып, кескін картаға Ұлы жібек жолындағы ірі қалаларды түсіржәне ауызша сипатта. /2ұпай/
№ 1 тапсырманы тексерт.
№ 2 тапсырма.
1. 7 — параграфты оқып, кестені толтыр. /1ұпай/
Зерттеушінің есімдері Жылдары Зерттеу мақсаты
2. №2 сарамандық жұмысты орында. /3ұпай/
(26 б)М.Қашқаридың құрастырған картасына қорытынды сараптама жаса.
Кескін картаға П.Семеновтың Тянь-Щаньға саяхатын және Ш.Уалихановтың саяхатын
түсір.
№ 2 тапсырманы тексерт.
№ 3 тапсырма.
1.8- параграфты оқып, кестені толтыр: /2ұпай/
Зерттеушілердің есімі жылдар Зерттеген аймақтары мақсаты
2. 9- параграфты оқы. /1ұпай/
— Ш.Уалиханов Қашқарияға барар жолында нені зерттеп, нені дәлелдеп берді?
3.10- параграфты оқып, Қазақстанның табиғатын зерттеудің жаңа кезеңдерін атап бер. /2ұпай/
4. академик К.Сатпаевтің негізгі еңбектерін жазып ал./3 ұпай/
№ 3тапсырманы тексерт.
№ 1 бақылау жұмысын орында /10ұпай/
1. Қазақстанның көне тарихы қай дәуірден басталады?
2. Геродот қай теңізді суреттеді?
3. Птолемейдің еңбегі қалай аталады?
4. артық сөзді алып таста: Сарайшық, Тараз, Отырар, Жезқазган, Құлан, Қойлық ,Саудакент.
5. «Жібек-жолы» ұлттық комитеті қашан құрылды?
6. Ортағасырлық саяхатшылар нені көрсетіп берді?
7. «Жылнамалар жинағы» атты кітапта не туралы жазылды?
8. Арал теңізіне толық сипаттаманы кім берді?
9. Ш.Уалиханов қай аудандарды зерттеді?
10. Жезқазған ірі мыс рудасының кені кімнің басшылығымен ашылды?
№ 4 тапсырма.
— «Қ.Сәтбаевтың Қазақстан ғылымын дамытуға қосқан үлесі» туралы мәлімет жазыңдар./2 ұпай/
— Қ.Сатбаевтың барлаған кен орындарын картадан тауып, қысқаша сипаттама бер./2ұпай/
№ 2 бақылау жұмысын орында
— Қазақстанның табиғаты жайлы алғашқы мәліметтер берген оқымыстыларды ата.
— Картадан Ұлы Жібек жолының маршрутын көрсет.
— Ахмет Иассауи кесенесіне толық сипаттама бер.
— Сөйлемді аяқта: қобызды шығарған, әнші, композитор, ақын …..
— «Дөңгелек картаны » қашан, қайда, кім жасады?
— Ортағасырлық ұлы оқымысты саяхатшылардың еңбектерін тізбектеп бер.
— Қазақстан аумағында ортағасырлық еуропа саяхатшылары не қалдырды?
— Кескін картаны тексеруге тапсыр
1нұсқа 2 нұсқа
1. оқымыстылардың атын ата
Қазақ жері туралы ерте кездегі зерттеушілер ХІХғ зерттеушілер
2. Негізгі сауда қалалары
Батыс бағыттағы Шығыс бағыттағы
3. Зерттеудің негізгі мақсаты мен әдістері
30- жылдардағы зерттеулер 40- жылдардағы зерттеулер
4. түсіндір, зерттеудің маңыздылығы
К.Сатпаев Ш.Уалиханов
Тақырыптың рейтингілік парағы ________________________
Тапсырма
Ұпай саны Алған ұпайы Кім тексерді Кімді тексерді баға
№1
1
2
2 2
барлығы 4
№2
1
1
2 3
барлығы 4
№3
1
2
2 1
3 2
4 3
барлығы 8
Б/ж №1 12
№4 4
Б/ж№2 15
Барлығы 47