Қазақстанның жер бедері, геологиялық
құрылысы және пайдалы қазбалары»
тақырыбының оқу парағы
Тақырыпты меңгеру нәтижесінде оқушылар:
Білуі тиіс: Біліктілігінің болуы тиіс:
1.Жер қыртысының дамуы жайлы білімнің маңыздылығын;
2.жер бедерінің негізгі формалары және олардың дамуы мен өзгеруі;
3.пайдалы қазбалардың кен орындары;
4.жер бедерінің адам шаруашылығына әсері;
1.Картадан жер бедерінің негізгі формаларын және пайдалы қазбалардың таралу аймақтарын көрсету;
2. жер бедерін анықтайтын жоспармен жұмыс жасай білу;
3.Ішкі және сыртқы күштердің әсерінен жер бедерінің өзгеріске ұшырауын ;
4.жер қыртысының, жер бедерінің және пайдалы қазбалардың арасындағы байланысты таба білу;
5. берілген маршрут бойынша жер бедерін сипаттау;
Негізгі ұғымдар:
1.тектоникалық қозғалыстар
2.сейсмология
3.эрозиялық бұзыу
4.сел тасқындары
5.салыстырмалы жас
6.абсолютті жас
8.геологиялық даму
Әдебиеттер:
Оқулықтар : Бейсенова А., Қарпеков К. «Қазақстанның физикалық географиясы» Павлодар облысы жайлы мәліметтер.
құрал-жабдықтар : Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карта
Есіңде болсын, жұмысты алгоритм бойынша жаса.Әр тапсырманы орындаған соң тексертіп отыруды ұмытпа, тақырыптың рейтингілік бетін толтыр. Өзіңнен туындаған сұрақтарды, проблемаларды жауапсыз қалдырма!
Жолдасыңды тексерген кезде әділетті және турашыл бол – бұл саған және сен тексерген оқушыға өте қажет.
Сәттілік тілеймін!
№1 тапсырма
• 15параграфты сызбаны толтыр:
Жер бедерін қалыптастыратын процестер
ішкі /эндогендік/ сыртқы /экзогендік/
• 15 параграфтан негізгі ұғымдарды жазып мағынасын ажырат
Тексерістен өт №1 /6ұпай/
№2 тапсырма
1. 16 параграфты оқып, кестені толтыр.
Географиялық обьекттің атауы Географиялық орны Жер бедері Тау жыныстары Теңіз деңгейінен биіктігі. Құрамдас бөліктері
2. Кескін картаға Қазақстанның ең төмен және ең биік жерін түсір..
Тексерістен өт № 2 /10ұпай/
Тапсырма № 3
17-18 параграфты оқып, кестені толтыр .
Таулы аймақтар Таудың атауы. Орташа биіктігі. Ең биік нүктесі. Абсолюттік биіктігі.
2. Кескін картаға Қазақстанның аласа және биік тауларын түсіру.
Тексерістен өт № 3 /10ұпай/
№4 тапсырма
1. 19 параграфты оқып, Қазақстанның пайдалы қазбаларын жіктеп, сызбаға сал.
2. Шартты белгілерді пайдалана отырып, кескін картаға пайдалы қазбаларды белгіле.
Тексерістен өт № 4 /4ұпай/
№ 1 Бақылау жұмысын орында .
Тапсырма №5
1. Атлас пен мәліметті пайдаланып Павлодар облысының жер бедерімен таныс.
2. Шығармашылыққа: Тақырып бойынша крассворд құрастыр.
Тексерістен өт № 5 /2ұпай/
Бақылау жұмысы № 1 /5 ұпай/
1.Тектоникалық қозғалыс деген не ?
2.Сейсмология деген не?
3.ҚР бойынша жер сілкіну аймақтарын ата.
4.Эрозияның түрлерін ата..
5.Сел деген не? Жер бедеріне қандай өзгерістер әкеледі?
Географиялық диктант:
1. Орал мен Еділдің арасындағы ойпат
2. Павлодар орналасқан жазық.
3. Қзақстанның ең төмен жазығы
4. Қазақстанның орталығындағы аласа таулы аймақ.
5. Балқаш өзенінің батысында орналасқан
6. ТяньШань тауының солтүстік батысында орналасқан
7. никельге бай таулар
8. Сырдария өзені ағып өтетін жазық дала.
9. Полиметал кеніне бай шығыста орналасқан тау .
10. Қазақстанның ең биік нүктесі орналасқан таулы аймақ.
11. Қазақсатнның оңтүстік-шығысында орналасқан тау.
12. Қаспий теңізінің жағалауында орналсқан аласа тау.
13. Ең биік нүктесі Мұзтау болып саналатын таулы жота.
14. Темір рудасына бай қырат
1. Батыс Сібір жазығы 8.Маңғыстау
2. Мұғалжар 9.Жоңғар Алатауы
3. Сарыарқа 10.ТяньШань
4. Жалпы Сырт 11.Қаратау
5.Үстірт 12.Торғай
6.Алтай 13.Каспий маңы ойпаты
7. Сауыр 14.Бетпақ дала