Қазақстанды физикалық тұрғыдан аудандастыру .
Қазақстанның жазықтары.»
тақырыбының оқу парағы.
Тақырыпты оқу нәтижесінде :
Білуі тиіс: Біліктілігі болуы тиіс:
1. Физикалық-географиялық аймақтардың географиялық орнын, ерекшеліктерін, маңыздылығын;
2.табиғат кешендерінің пайдалануын.
3.негізгі қорғалатын аймақтарды білу; 1. Қазақстанның физикалық аудандарын картадан көрсету;
2. Жоспар бойынша сипаттау;
3. Аудандарды өзара салыстыру;
Негізгі ұғымдар:
— Физикалық — географиялық аймақ
— Аудандастыру принципі
— Физика – географиялық аудандастыру
— Табиғат ресурстары
— Негізгі қорғалатын аймақтар
— Экологиялық проблемалар;
Әдебиеттер:
1. А. Бейсенова К. Карпеков Қазақстанның физикалық географиясы. оқулық 8 сынып
Хрестоматия географиясы
Құрал-жабдықтар:
1. Атлас 8 сынып Кескін карта.
тапсырма №1.
1. «физика – географиялық аймақ» деген ұғымға анықтама бер.
-ауызша түсіндір, физика – географиялық аймақ деген ұғым мен табиғи аумақтық кешен деген ұғым синоним бола ала ма?
2. «жазық» сөзіне кластер құра..
Тексерістен өт №1
тапсырма №2.
1. Кескін картаға Қазақстанның жазықтарын белгіле.
2. Әр жазықтың ГО ерекшеліктеріне ауызша сипаттама бер..
3. тектоникалық карта бойынша жазықтардың геологиялық құрылысын салыстыр, салыстыру нәтижесінде шығарған қорытындыңды дәптеріңе жазып ал.
4 § 41, 42, 43, параграфтардағы 2 бөлігін оқы.Әр жазықтың жер бедері геологиялық құрылыстың әсеріне байланысты екендігіне көз жеткізіп, қорытындыны дәптеріңе жаз. Тексерістен өт №2
Тапсырма №3.
1. Кескін картаға жазықтардың жер бедерінің негізгі ерекшеліктерін түсір..
2. § 41, 42, 43 бойынша әр жазыұтың жер бедерін оқы да, кестені толтыр.
жазықтар Жер бедерінің формасы. Құрылымының негізгі ерекшеліктері. Пайдалы қазбалары.
Жазықтардың жер бедеріндегі айырмашылықтардың себебін анықтап,қорытынды жаса.
3. Жазықтардың климатын, ішкі суын, өсімдігі мен жануарын оқы.
— Жүйелі кесте құра.:
Физикалық аудандар климат Ішкі суы Табиғат зонасы. топырағы өсімдігі мен жануарлар дүниесі.
Тексерістен өт. №3
Бақылау жұмысын орында. №1
Тапсырма №4
1. §41, 42, 43 жазықтардың экологиялық проблемаларын тауып, жазып ал
2.Экологиялық проблемалардың шығу себептерін ауызша әңгімеле.
3.Оқулықпен, хрестоматиямен, қосымша материалдармен жұмыс жасай отырып, жазықтардағы ерекше қорғалатын аймақтарды тауып ал.
4. таңдауың бойынша бір тапсырманы орында:
1) әр жазық бойынша өз ойыңнан шағын әңгіме құра..
2) Бір жазық бойынша саяхаттың маршрутын құра және оны әңгімеле.
3) Курортық зона құру жайлы өз көзқарасыңды айтып, басшыларға хат жібер
Текесрістен өт №4
Жарайсың!
№2 бақылау жұмысына көшуіңе болады. Сен міндетті түрде жеңіске жетесің!
Бақылау жұмысы №1
Жазықтарды ерекшеліктермен сәйкестендір:
А.Шығыс –Еуропа жазығы
Б. Тұран жазығы.
В. Солтүстік Қазақстан жазығы.
Қандай жазық:
1. Еліміздің батысында орналасқан
2. Еліміздің солтүстігін алып жатыр
3. Каспий теңізінен алакөл көліне дейін созылып жатыр.
4. Ежелгі кембрийге дейінгі платформада жатыр.
5. Батыс Сібір платформасында жатыр
6. Орал өзені алабы.
7. Солтүстік мұзды мұхит алабы болады..
8. Тұран тақтасында жатыр.
Қандай жазықта:
1. Жер бедері желдің әсерінен құралған
2. Ертіс өзені ағып өтеді
3 Бетпак- Дала орналасқан
4 қаңтардың орташа температурасы -19˚, а ал шілденікі +19˚
5. шөлдермен ерекшелінеді
6. Каспий маңы ойпаты орналасқан
7. еліміздің басты мұнай алабтары орналасқан
8. Павлодар облысы жарты аумағын алып жатыр
9. орманды дылы мен дала зонасын қамтиды.
10. Іле өзені ағып жатыр
11.«Әнші бархандар» атты табиғи ескерткіш бар.
Бақылау жұмыс № 2
1.Суреттеу бойынша жазықты тап: 1 б.
Республикамыздың солтүстігінде орналасқан. Климаты континентальді. Қысы суық, қары аз түседі, жауын-шашын 350-400 мм.
2. Тұран жазығына кіретін ,жер бедерінің ірі формаларын ата. 4 б.
3.сәйкестендір: 5 б.
Солтүстік қазақ жазығы Сырдария Бетпақдала
Тұран жазығы Жайық Тобыл-обаған
Шығыс Еуропа жазығы Ертіс Орал- ембі
4. Еліміздің жазықтарының климатын қалыптастыратын факторларды жазып бер. 5 б
5. Аралдың экологиялық проблемасы неде?
Себептерін анықта
Проблемаға өз шешіміңді қос. 12 б.
Рейтингілік парақ
№ ұпай Алынған ұпай Кімді тексердің? Кім тексерді? баға
№1
1
2
3
3
6
3
қорытынды 12
№2
1
2
3
4
3
6
7
3
қорытынды 19
№3
1
2
3
8
10
10
қорытынды 28
№1 б/ж 10
№4
1
2
3
4
5
5
5
5
қорытынды 20
№2 б/ж 10
қорытынды 100