Қазақстанды физикалық аудандастыру.
Құрал -жабдықтар: Бағыттаушы парақтары /оқушылардың санына қарай/
нөмер белгіленген жетондар
стол үстіндегі көрсеткіштер
жалпы бағалау парағы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру барысы
2. оқушылар әрекеті. Ойын арқылы баланың танымдық
қабілетін арттыру бойынша жекелей және топпен жұмыс
3. Рефлексия.
Оқыту ойыны «Қарлы кесек» Оқушылардың жекелей және топпен жұмыс жасауы.
Сынып 5 топқа бөлінеді “А”, ”Б”, ”В”, ”Г”, ”Д”.парталардың орналасу сызбасы:
әр партаға бағыттаушы парақтары тапсырмалармен беріледі
«А» тобына тапсырма
1.параграф 40-41 оқу
2.тірек жоспарын құру
3.Қазақстанның жазықтарын анықтау,Солтүстік қазақ жазығының жер бедерін сипаттау.
I, II, III, IV, V турды өткізу барысында оқушылар бағыттаушы паақтары бойынша орындарын ауыстыра отырып, оқыған материалдарын келесі топтарға айтады . Бағыттаушы парақтарына ең үздік айтқан оқушыны белгілеп отырады. Сабақ соңында ең үздік ойыншы мен топты анықтай отырып, бағалау парағын толтырады.
Бағалау парақтарын толтыру
Бағалау парағы
№ Оқушылардың аты-жөні 1 2 3 4 5
1
2
3
4
5
6
Рефлексия.
1.Тақырыпты меңгеру барысында қай жерде қиындықтар туындады?
2.Үздік талған топпен пен оқушының жетістігін айтып бер?
Үйге тапсырма: Өздерің таңдаған ауданға слайд жасап келу.
4 сабақ
Тақырыбы: Қазақстанды физикалық тұрғыдан аудандастыру тақырыбына сарамандық жұмыстар орындау.
Мақсаты: Алған теориялық білімдерін іс – жүзінде қолдану арқылы біліктілігін қалыптастыру.
Құрал-жабдықтар: кестелер, карталар, атластар, кескін карталар, сызғыш, циркуль.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сарамандық жұмыс №1.
Жазақтарға сипаттама беру.
Мақсаты: Қазақстанның физакалық аудандарындағы жазақтарға сипаттама беру. /таңдауы бойынша/. Ауданның жер бедері мен табиғат жағдайын, табиғат зонасын салыстыра отырып, арасындағы байланысты анықтау.
Жұмыстың барысы:
• Оқулықты, табиғат зонасы картасын, физикалық картаны пайдалана отырып, мына сызбаны толтыр.
• сызбаға сараптама жасап, арасындағы байланысты сызықтар арқылы көрсет.
Табиғат компоненттері, зоналары және физикалық аудандардың арасындағы байланысқа қорытынды жаса.