Жалпы ауданы – 124.6 млн. га. Тау массивтерінің етектеріндегі Бірегей өсімдіктерімен көрінеді: шөлейттің эфемероидты–дақылды–жартылайбұталы және эфемероидты–бұталы қоғамдастықтары. Батыс Тянь–Шань– және Қаратау тауларын айналып жатқан жазықтықтарда эфемероидты жартылайбұталы және саваноиды деп аталатын, ірішөптілер қоғамдастықтары таралған.
Шөлейтті аймақта бес кеңдік кіші аймақ айқындалады:
6. Солтүстік далаңқы құрғақ, көбірек–ыстық шөлейт (ГТК 0.3-0.4), ауданы 40.0 млн.га, немесе республика аумағының 14.7%. Өсімдік жабыны сұр топырақтардағы шөлейттің дақылды–жартылайбұталылары (сomm. Stipa lessingiana, St. сapillata+Agropyron sp. sp.+Artemisia lerhiana, A.terrae-albae,+A.semiarida) және адырлы, қатарлы құмдардағы құмды–бұталалармен (comm. Calligonum aphyllum, C.murex+Artemisia arenaria и др.+Agropyron fragile) көрінеді. Пайдаланылуы: жайылымдық, шабылатын жемдік алқаптар.
7. Орта (солтүстіктұран) өте құрғақ, ыстық (ГТК 0.2-0.3) шөлейт (51.2 млн.га немесе республика аумағының 18.9%), қызғылт, сұр–қызғылт құмды топырақтардағы жартылайбұталы (comm. Artemisia sp., Anabasis salsa, Kochia prostrata), сексеуілтекті (comm. Haloxylon aphyllum; comm. Haloxylon persicum), бұталы (comm. Ammodendron bifolium и др.; Calligonum sp.; comm. Astragalus brachypus, A.cognatus, және б.) өсімдіктермен көрінеді. Пайдаланылуы жайылымдар, орман, отын (сексекілдер ) дайындау және өсімдік шикізаты, жекелей– суарылатын жер өңдеу.
8. Оңтүстікғ өте ыстық, құрғақ (ГТК 0.2), ауданы 30.3 млн. га немесе республика аумағының 11.1%. Агроқоғамдастықтарымен көрінеді: сұр–қызғылт топырақтардағы эфемерлі–жартылайбұталылар (comm. Artemisia terrae-albae+Ephemeretum) мен адырлы, қатарлы аллювиалды–эолды құмдардағы бұталы–сексеуілдер мен эфемерлілер (Haloxylon aphyllum+H.persicum+Ammodendron conolly+Calligonum sp., sp.,+Ephemeretum). Пайдаланылуы: жайылымдар, жекелей –суарылатын жер өңдеу.
9. Тау алды құрғақ, өте ыстық (ГТК 0.2) шөлейт (3.2 млн.га немесе республика аумағының 1.2% ) сұр –қызғылт және сұр топырақтардағы байэфемерлі өсімдіктер мен әрәшөптер және жартылайбұталылармен көрінеді. Пайдаланылуы: жайылымдар, өсімдік шикізаты.
10. Тау алды өте құрғақ шөлейт (ГТК 0.3-0.5) ауданы 11.6 млн.га немесе республика аумағының 4.3%. Шөлейттің эфемерлі–псаммофиттібұталы экожүйелері дақылдылармен бірге байқалады. Пайдаланылуы : жайылымдар, жекелей –суарылатын жер өңдеу.
Өсімдіктердің қазіргі жай күйі және биотүрлілігінің тозуы әртүрлі шөлейттә кіші аймақтарда бірдей емес. Солтүстік аймақтарда негізінен, жақсы жайылымдықтар болатын, жусандылар (comm. Artemisia) тозған, құдықтардың, қыстаулар, кенттер маңайында малдарды көп бағудан болған ошақтар және мал айдап өтетін жолдарда – түзу–ошақтар байқалады.
Орта және оңтүстік шөлейттерде (comm. Artemesia sp. + Anabasis salsa + Ephemeretum), әсіресе республиканың батысында экожүйелердің бұзылуы мал бағудан басқа, техногенді әсерлерден және жол торабынан болып отыр.
Барлық шөлейт аймағында антропогендік әсерлерге төзімсіз және осыған байланысты қатты күйзеліске ұшыраған өсімдіктер (35 млн. га): сексеуілдер (Haloxylon), псаммофиттібұталылар (Calligonum, Astragalus және б.) , псаммофиттіжусандылар (Artemisia arenaria, A. albicerata, A. songarica). Бұл аумақтар жайылым ретінде интенсивті пайдаланылады. Сексеуілдер (Comm. Haloxylon) отын ретінде пайдаланылған соң да өте күшті трансформацияланған.
Тау алды бойында өсімдік жабынының қатты бұзылғаны көрінеді. Дағдылы қазақстандық эфемерлі–жусанды шөлейті (Comm. Artemisia + Ephemeretum) әбден жоғалған. Бұл – суарылатын жер өңдеу мен ең көп мал бағылатын, тұрғындардың ертеден ең қалың тұратын аудан.
Сексеуілді ормандар үлкен( 5 млн. га артық) аумақты алады және орман қорына жатады. Ең көп тарағаны құмды акациямен аралас сексеуілдер (Ammodendron bifolium, A. conollyi), доланалылар (Salsola arbuscula), айрауықтар (Tamarix hispida, T. Ramosissima), жүзгіндер (Calligonum leucocladum, C.aphyllum, C.caput medusa, C.eriopodum) мен таспалар (Astragalus sec. Ammodendron). Қызылқұмдағы, Бетпақдаланың батыс бөлігінде, Сарысу өзенінің орта ағысында, Іле өзенінің төменінде, Мойыеқұмда қарасексеуілдердің пайдаланылуының маңызы үлкен. Ақсексеуілдер (comm. Haloxylon persicum comm.) жыл бойы пайдалануға жарайтын ең жақсы жайылымдар, дегенмен, олар отынға кесіліп, дефляцияға ұшырап отыр.
Шөлейтте зайсан сексеуілдері (Comm. Haloxylon ammodendron), эндемикалық спиреантустар қоғамдастықтар (Spiraeanthus schrenkianus) және құмдағы эндемикалық экожүйелер таспалары (Astragalus cognatus, жүзгіндері Calligonum pavlovii), копеечника (Hedysarum scoparium), полыни белонавощенной (Artemisia albicerata) сирек кездеседі және қорғауды талап етеді.
Шөлейт аймағының фаунасы 119 түрлі сүтқоректілермен, оның олардың ішінде: кемірушілерге (Rodentid) 53түрі, жабайылар (Carnivora) – 21, қолқанаттыларх (Chiroptera)– 20 , шыбын– шіркеймен тамақтанушылар (Insectivora) – 12, қос тұяқтылар (Arttodactytd) – 7, қоян тәрізділер (Lagomorpha) – 5, қостұяқтылар еместер – 1 жатады.
Тек қана шөлейт Аймағына 36 түр сыйпатты, олардың ең сыйпатты өкілдері жұқатабанды суыр (Spermophilus leptodactulus), сары суыр (S.fulvus), ең көп песчанок түрлері тышқандар (Allactaga и др.), ала жертесерлер (Diplomesodonpulchellum), құлақты және ұзынинелі кірпілер (Erinaceus auritus и E.aethyopicus), қоян-толай (Lepus tolai), жейрен (Gazella subgutturoza), сайғақ (Saiga tatarica), уриал (Ovis vignei) – Маңғышлақ пен Үстүрттің шөлейтті тауларында, барханды мысық (Felis margarita), қарақал (F.caracal). Оңтүстік–шығыс Қазақстан шөлейтінің эндемигі болып қалқанқұлағы (Selevinia betpacdalensis) саналады.
Шөлейт аймағында 200 жақын құстар ұя салады, олар Қазақстандағы барлық құстардың – 51,4 %.