Полезой эрасының басында ШҚ аумағын теңіз суы басты және вулкандық процесс қатты жүрді. Ол процесс тас көмір дәуіріне дейін созылды. Бұл дәуірдің аяғында аумақтың көтерілуі байқалды, теңіз трансгрессиясы қайталанған жоқ.
Мезазой эрасында барлық тау жүйелері бұзылып оның орнында пенеплен пайда болды. Тропиктік жылы климат қалыптасқан облыстың көп бөлігінде пальма, папоротник,және жылы, ылғал сүйгіш өсімдіктер өсті.
Кайназой эрасында тропиктік климат қоңыржайға ауысты, көбінесе жалпақ жапырақты ағаш өсімдіктері көп өсті.
Альпілік тектоникалық қозғалыс эоцен және элиоцен дәуірінде жүрді. Бұл кезде Алтайда 2 көтерілу (тау жасалу) жүрді.
Кайназой эрасының плестоцен кезеңінде Алтай тауларының көп бөлігін мұздықтар басты, климат суыта бастады. Мұздықтардың көп бөлігі Алтай тауларында сақталды. Ылғал сүйгіш өсімдіктердің көп бөлігі жоғалды. Мұздықтар Алтай тауларында 3000м биіктікте кездеседі. ШҚ жер бедерінің толық қалыптасуы неоген кезеңінде аяқталды.
Қорытынды:
ШҚ геологиялық тарихы облысытң қазіргі геоглогиялық геоморфологиялық сипатын қалыптастырады. Облыстың аумағы бірнеше геологиялық құрылымдарға кіреді:
1. Орталық Қазақстанның қатпарлану кешені (Қазақтың ұсақ шоқысы)
2. Зайсан қатпарлану жүйесі (Кенді және Оңтүстік Алтай, Қалба жотасы)
3. Шыңғыс – Тарбағатай мегаантиклинорий (Тарбағатай және Шыңғыс таулары)
4. Батыс Сібір платформалық құрылымы (Құлынды жазығы)
Жалпы геологиялық, геофизикалық зерттеулернәтижесінде ШҚ ішкі геологиялық құрылымы бірнеше мозайкалық құрылымнан тұратыны анықталады.