Шығыс Қазақстан өсімдігі геоботаникалық облысқа бөлінеді. Шығыс Қазақстан өсімдігі голарктикалық патшалыққа жатады. Өсімдік жамылғысының негізгі факторлары
1. Ендік зоналылық
2. Биіктік белдеулілігі
3. Интрозоналылық факторы
Өсімдіктер дүниесі 1) боеалдық 2) далалық 3)шөлдік типтерге жатады.
1. Боеалдық – биік таулы аймақтардың өсімдіктері
2. Далалық зонаның өсімдіктері құрғақ далалық және шалғындық болып бөлінеді. Негізгі түрлері
а) астық тұқымдастар және аралас шөптесін өсімдіктер
б) жусанды өсімдіктер
в) жусанды далалы өсімдіктер
Далалық зона өсімдіктері Кенді Алтайдың, Оңтұстік Алтайдың және Қалбаның тау алды жазықтары болып табылады.
Шөлейтті зона – Зайсан, Алакөл ойыстары мен Ертістің сол жағалауын, Көкпекті Шар ұсақ шоқысын алып жатыр. Өсімдік жусанды – селеулі және тікенді өсімдіктер болып табылады. Бұл жерлерде қараған, май қараған, қараағаш, ши, кермек, т.б. өсімдік кездеседі. Биік таулы аймақтардағы биіктік белдеулерде жер бедеріне климатқа байланысты өзгереді. Өсімдік аралас шөптесін және бұталы; қайың, көктерек, мойыл, тал, өсімдіктер; самырсын, май қарағай, бал қарағай, шырша және жемісті бұталы өсімдіктер; Сібір балқарағайы, май қарағайы және самырсын.
Альпілік шалғындар – алтын тамыр, қызғылт радиолла, марал тамыры (емдік шөптер). Бұл жерде тундра өсімдіктері кездеседі. Мүк, қына, гүлді өсімдіктер өсіріледі.
Тау аралық қазаншұңқырларға Ленинагор қазаншұңқыры, Зырян, Бұқтырма – Нарым, Марқакөл қазаншұңқыры, Катон-Қарағай жатады. Емдік өсімдіктер өсіріледі.
Батыс субрегиондағы аласа тауларда биіктік белдеулілік білінеді. Бұл жерлерде жусанды, исенді бұталар кездеседі. Онда биікте долана, итмұрын, мойыл, қара қарақат пен таңқұрай кездеседі.
Шығыс Қазақстан аумағында интрозональдық өсімдік көп таралған. Оларға Ертіс бойының таспалы қарағай орманы, Қайыңды орманы, Көктау самырсын орманы кіреді.
Шығыс Қазақстан Облысындағы өсімдіктерінің типеріне мыналар жатады.
1. Азықтық өсімдіктер (бұршақ, жоңышқа)
2. Дәрілік өсімдіктер (жолжелкен, жоңышқа)
3. Әсемдік өсімдіктер
4. Құрылыс материалдарына қажетті өсімдіктер
5. Улы өсімдіктер (у қорғасын, меңдуана)
6. Жемісті өсімдіктер
Өсімдікке қосымша
ШҚ түрлік құрамы 3 мың астам, Батыс Алтай- 1517 түрі. Оңтүстік Алтай- 2111 түрі. Қалба мен Қазақ Ұсақ шоқысы – 1500. Сауыр Тарбағатай 1000 түрі, Зайсан қазан шұңқыры- 1225 түрі, дәрілік өсімдік – 1000 түрі, арнаулы медицина – 100 – ден астам, Азықтық өсімдік – 700 түрі, әсемдік өсімдік- 830 түрі. Олардың көбі Риддер қаласында Алтай ботаникалық бағында өсіреді. Балды өсімдік – 400 түрі бар. Техникалық өсім. – 500 астам түрі, ағаш, тамақ, бояу, каучук, шайыр, эфер майы, спирт алынады – сібір самырсыны, альпі, бұқтырма қара тұяқ.
Ұлы өсімдіктер- 170 астам түрі бар: сарғалдақ, у тамыр, у балдырған, қарға қаз, қара шендуалы, у қорғасын, қасқыр шелқабығы.
Эндемик және релик өсімдіктерінің – 200 түрі 55 түрі Қызыл кітапқа енгізілген.
Тамақ өнеркәсібі – 300 түрі бар рауағаш, қымыздық, Алтай сарымсағы, қарақат, мойыл, тошала т.б.
ШҚ-ғы өсімдіктерінің классификациялық аудандары: Соколов, Колходжаев, Котии (1976 ж)
Өсімдік жамылғысы мынадай зонаға бөлінеді:
1. Далалық шөлдік.
2. Далалық тауалды өсімдіктер
3. Тауалды ормандық
4. Таулы шалғындық
5. Таулы тайгалық
6. Биік таулы шалғындық
7. Таулы тундралық
8. Интрозоналық өсімдік