Тау экожүйелері

Қазақстанның тау экожүйелері (ауданы 18,6 млн.га) құрамы мен экожүйе жинағы бойынша түрлілігі жазыққа қарағанда күрделірек.

Тау экожүйелерінің кеңдік құрамдылығы көптеген факторларға байланысты, оның ішінде ең маңыздылары:

Осы тау жүйесін айналып жатқан жазықтың (пьедесталдардың) аймақтық жағдайы.

Тау рельефінің сыйпаты, қыраттардың бағыты, абсолютті және салыстырмалы биіктік амплитудалары.

Климат ерекшіліктері (қыраттардың бағыттарына байланысты ауа массасының трансформациясы, таудағы климаттық инверсиялар, батыстан шығысқа қарай қозғалысы барысында және жердің биіктілігінен климаттық параметрлердің өзгеру).

Топырақ–өсімдік жабынының ерекшеліктері мен айырмашылықтары.

Құрылымының сыйпаты мен белдеулік жинағы жағынан Қазақстанның тау экожүйелері ең биік деңгейде белдеулік типі бойынша үш топқа бөлінеді:

Тарбағатай–Сауро–Алтай, бұл тау алды дала экожүйелері шегінде орналасқан тауларға сыйпатты.

Жоңғар–Солтүстіктяньшань топтар типтері орта шөлейт (көбірек–суық) экожүйелер шегінде орналасқан тау жоталарына сыйпатты.

Батыс–Тяньшань топтар типтері жылы–көбірек оңтүстік шөлейт шегінде орналасқан тауларға сыйпатты.

Тау экожүйелерінің негізгі өсімдіктері

Тау экожүйесі өсімдіктерінің қоғамдастықтары сан алуан және әртүрлі өсімдіктер типіне жатады. Негізгі типтердің ішінде Еуразияда кең таралғандары: тундралық, шалғынды, орманды (тёмнохвойные, светлохвойные, ұсақжапырақты жіне жалпақжапырақты ормандар), бұталы, дала, сол сияқты, Орта Азия тауларына сыйпатты сирек кездесетін, тек Батыс–Тянь–Шаньда кездесетін аридті арша сирек ормандары, умбеллярлар, саванноидтар, фриганоидтар (тікенекбұталы және ащы–жусанды) өсімдіктер типі.

Тек Орталық Азия биік таулары мен Оңтүстік Алтайда таулы тундра өсімдіктері бар: мүк — қына, шөпті-мүкті және аласа қайыңды, төпекшөптер.

Шалғынды қоғамдастықтар мезофитті ылғалсүйгіш дақылдар мен түрлі шөптерден құрылған және Қазақстан тауларында альпі және субальпі белдіктерінің өсімдіктері қалыптасады, сол сияқты олардың орта тауларда кең тарауы орын алған, орман массивтерімен алмаса отырып.

Альпінің аласа шөпті, әдемі дақылды–түрлішөпті шалғындары жоғары таулы ылғалды жағдайда таралған (Солтүстік Алтай, Батыс Тянь–Шань). Альпінің аласа шөпті шалғындарында криофиттілердің ерекше типі сарыкүйіктер (көбіне бос жерлер деп аталатын) құрғақ және суық тауларда кездеседі (Оңтүстік Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жоңғар Алатау).

Субальпілік орта шөпті шалғындары альпі шалғындарынан төмендегі барлық тау массивінде таралған. Олардың ішінде сан алуан түрлі–дақылды, сол сияқты манжетковые және гераниевые шалғындардың арша нуларымен аралас өсуі жиірек. Қазақстанның тау жүйелерінде қылқан жапырақты және жапырақты ормандар көп тараған.

Жасыл мүкті және шөпті Тёмнохвойно- пихтовый и кедровый ормандар солтүстік–батыс Алтайда ғана кездеседі. Шренк шыршасынан тұратын Тёмнохвойный шыршалы ормандар Солтүстік Тянь–Шаньның орта таулы беткейінде тараған. Орман белдігінің жоғарғы белдеуінде жатағандар – шыршалы, ал орталығында – мүкті және шөпті жабыны бар. шыршалы ормандар. Төменгі ьөлігінде кәдімгі жапырақты–шыршалы ормандар.

Сібір балқарағайы басымдылығымен ашық қылқан жапырақты ормандар Орталық және Оңтүстік Алтайда көбірек ылғалды жағдайда таралған. Оңтүстік Алтай мен Сауыр тауларында парктік балқарағайы бар.

Қарағайлы ормандар (өліжабынды, жасыл мүкті, қыналар, шөпті, бұталы–шөпті) және петрофитті–далалы түрлері бар сирекормандар Алтайдағы Калбин тауларында және Орталық Қазақстанның гранитті массивтерінде кездеседі. Қарағайлы ормандар таулы аймаұтардан басқа, Торғай аймағы мен Ертіс бойында да кездеседі. Ылғалды қарағайлы ормандар флораның солтүстік (бореальды) элементтері болып тпбылады.

 Қарағайлы және теректі ормандар барлық аймақтарда кездеседі.

Әртүрлі тау қырларында ылғал сүйгіш мезофитті бұталы нулардың түрлері аса көп. Ең көп тарағандары розарийлар, спирейниктер, (ағашқа ұқсас Алтай және Тарбағатайдағы қарағандарынан және көп жапырақты Терiскейге қарағандары Ала — Тау) қарағандылар, вишарниктер. Тарбағатайдың ең көрікті жерлері болып Ледебур миндалі мен Ховен калофакойынан құралған бұталы нулар болып саналады.

 Таулы дала Қазақстанда Алтайдан бастап, Қаратауға дейін кездеседі. Олар үш түрлі кіші типтермен көрінеді: жоғарғы таулы ксерофитті далалар, Ортатауларда нағыз дәндідақылды, ал Тянь–Шань мен Қаратау төмен таулы жерлерінде құрамы жағынан оригиналды эфемерлі–дәндідақылды, саваноидте – дәндідақылды (ешпен, пырей, ферулды), таулыксерофитті–дақылдылар (кузинии, акантолимона, рафидофитум түрлерімен).

Аршалы сирекормандар тек Батыс Тянь–Шань ортатауларында және Қырғыз жотасы алқабында кездеседі. Зеравшан аршаларынан тұратын аршалы ормандар жылырақ жерлерде өсуге бейім, ал жартылайшарлы аршалар көбірек–салқын жағдайлардп өсе береді. Шөп жабыны жағынан аршалы ормандарды саваноидті, шалғынды, шалғынды–далалы деп бөледі.

Ормандардың ішінде ерекше типі жылу сүйгіш понтийский боярышниктің доланалы сирекормандар биік тау құламаларында және Батыс Тянь–Шань қыратының периметрі бойымен, таудың төменгі бөлігінде таралған. Понтийский боярышниктің сирекормандар (тауалды жартылай саванналар деп аталатын) жазық–тауетегі аумағында, агродақылдар периодына дейін дамыған, ал қазір көп кеңістікте жоғалып кеткен.

Қаратау тауларында ерекше өзіндік дағдысы бар өсімдік типтері – қаратау жусанының басымдылығымен тау жусандары таралған. Олар Қаратауда өсімдіктердің ерекше белдігін құрайды. Флоралық құрамы ерекше, аласашөпті эфемерлі, сол сияқты ірішөпті саванноид, дала дақылдары мен тауксерофитті элементтерді (өсімдік түрлері лепидолёфа, акантолимон) кіреді.

Саваноиды биік шөптер Батыс Тянь–Шань жоғарғы тау алқабында биік шөптер кең орвн алған. Оларда биік шашты эфемерлі перей, және ірі шөптермен (ферул, алтей, эремурус, зопник түрлері) бірге пияз тектес ешпен басым. Тіқменгі тау беткейлерінде негізінен бұталылар (миндаль, роза, шие) бар.

Аласа шөпті Саваноидтер (пияз тектi, эфемердер және эфемероидтардың мятлигі басымдылығымен) Батыс Тянь–Шаньнің төменгі тау алқабында кездеседі.

Өзен жазығы, көлдер мен су қоймаларының жағалауы сан алуан түрлі. Өзен жазығы даласында жалпақ жапырақты теректер (ақ және қара), емен фрагменттері (Орал өз. ) және ұсақ жапырақты теректі –қайыңды ормандар, талдар кездеседі. Өзен жазығы шөлейті ерекше мезотермді алқартық ормандар–тоғайлар (терек, әртүрлі жапырақты және көкшiл сұр жиде), ағаш–бұталы (негізінен талдар) және бұталы нулармен (жыңғылдар мен айрауықтар түрлері) көрінеді.

                Терең каньондарда (Чарын өз. ) реликтілі аршалысы ормандар кездеседі. Өзендер бойы мен алқабында, көлдер жағалауларында шөпті саздақтар (қамыс, қоға, , түйнек қамы) мен әртүрлі галафитті (ажректі, бескильницевый, волоснецовый, арпалылар) шалғындарға бай. Оңтүстік далалар мен шөлейттерде шиден тұратын ірідақылды шалғындар тараған.

 Тау экожүйелері фаунасында сүтқоректілерінің 110 түрі бар. Оның ішінде кемірушілер отрядына (Rodentia) – 45 жатады, жабайылар (Carnivora) – 20, шыбын–шіркеймен тамақтанушылар (Insectivora) – 10, қолқанаттылар (Chiroptera) – 22, екітұяқтылар (Artiodactyla)– 7, қоян тектілер (Lagomorpha) – 6. Меншікті таулық ретінде 14 түрі белгілі, қалғандары басқа аймақтарда кездеседі. Таулы аймақтарда орман фаунасының өкілдері бар, олар– қоңыр аю(Ursus arctos), дала мысығы, бұлгын (Martes zibellina), күдiр (Moschus moschiferus), бұлан (Alces alces), марал (Cervus elaphus sibiricus), ала тышқан (Eutamias sibiricus), тиін (Sciurus vulgaris), ақ–қоян (Lepus timidus) және басқалар. Таулы дала өкілдері –Мензбир суыры (Marmota menzbieri), ұзынқұйрықты суыр (M.caudata), сұр суыр (M.baibacina), реликтілі суыр (Spermophilus rehitus), арқар(Ovis аттоп); қызыл биотоптарда өсір сүрушілер – қызыл шақылдақ (Ochotona rutila), үлкен құлақты шақылдақ (O.macrotis), күмiстей түнеу (Асок argentatus), тас сусары (Martes foina), сібір тау ешкісі (Capra sibirica), iлбiс (Uncia uncia).

Таулы аймақта 255 түрлі құс ұя салады, немесе республика фаунасының 65,6%. Жабайылар (Falconiformes), тауықтұқымдастар (Galliformes), көгкршінтектестер (Columhiformes), тоқылдақтектестер (Piciformes) және торгай тектестер (Passeriformes).

Қазақстанның тау жүйелері 29 түрлі жерүсті жіне бауырымен жорғалаушылар, олардың ішінде 7 түрлі амфибия және 22 түрлі рептилилер бар.

Әр тау жүйесіне биотоптарының түрлілігіне байланысты белгілі түрлер жинағы сыйпатты. Мысалы, қазақстандық Таулы Алтайда тірі туатын кесiртке (Zootoca vivipara), пысық кесiртке (Lacerta agilis), 2500 м биіктікке көтеріле алатын кәдімгі гадюка (Vipera berus), 1800 м биіктікте кездесетін кәдімгі жылан (Natrix natrix) кездеседі. Жоңғар Алатауында жоғарғы 1800 ден 2500 м дейінгі биіктіктегі эндемик қылқан жапырақ ормандарда — семиречендiк бақа тісті (Ranodon sihiricus), сол сияқты 1000 м пысық кесiртке мен кәдімгі гадюканы кездестіруге болады.

Қазақстанның бөлек таулы ландшафтарының фаунасы өте түрлілігімен ерекше. Оның құрамында эндемикалы және реликтілі типтер мен кіші типтер өте көп. Қазақстан тауларындағы шыбын–шіркейлер санын атау өте қиын. Мысалы, тек қаттықанаттылар Ақсу–Жабағалы құрығы аумағында 906 түрі кездеседі, олар 358 тек пен 41 ұяға бөлінеді. 60 артық басым түрлерін атауға болады, олар бірін–бірі биотоптар мен станцияларда ауыстырып отырады. Өоңыздар арасында полизоналды түрлері барлық биіктік белдеулерінде кездеседі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *