Табиғатты қорғау және табиғат қорларын тиімді пайдалану»
тақырыбының оқу парағы
тақырыпты меңгерудегі оқуға қойылатын талаптар:
Білуі тиіс: Біліктілігі болуы тиіс:
1.табиғат ресурстарының түрлері
2. Табиғат қорларын тиімді пайдаланудың проблемалары.
3.ҚР экологиялық аудандарға жіктеу
4. экологиялық проблемалар
5. қорғалатын аймақтар
6. табиғатты қолдану мен қорғау жөніндегі заңдар
7. ҚР әлемдік деңгейдегі табиғи орындар. 1. Карта және статистикалық мәлімет бойынша ТР және қолдану жолдарын анықтау.
2. Пробемалардың туындау себептері.
3. экологиялық проблемаларды шешу жолдарын ұсыну;
4.өз өлкеміздің экологиялық жағдайын қарастыру;
Негізгі ұғымдар:
— Адам экологиясы
— қорықтар
— ұлттық парк
— табиғи ескерткіштер
-табиғат ресурстары
— экологиялық болжам
— табиғатты қорғау
— табиғатты тиімді қолдану
Әдебиттер:
А.Бейсенова, К.Қарпеков Қазақстанның физикалық географиясы Хрестоматия
құрал- жабдықтар : Казақстан картасы, атлас , кескін карта
тапсырма №1
1.49 параграфты оқы.
«табиғат ресурсына» анықтама бер(2 ұпай)
3.сызбаны құрастыр «Қазақстанның табиғат ресурсы» (5 ұпай)
4. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану деген не? (3 ұпай)
тексерістен өт №1 (барлығы 10 ұпай)
тапсырма №2
1. 50 параграфты оқып, мына сұрақтарға жауап бер:
А) Тіршілік ететін ортасы адам денсаулығына қалай әсер етеді?
Б) Өндірісіті қалалардың жағдайы адам денсаулығына қалай әсер етеді?
В)Республика аумағын адам тіршілігі үшін қандай қолайлы қандай аудандарға бөлуге болады?
Г)Павлодар облысының аумағы қандай ауданға жатады? (8 ұпай)
2. 51параграфты оқып, Қазақстанның экологиялық проблемаларына жоспар бойынша сипаттама бер: 12 ұпай
Экологиялық проблема Проблемалардың шығу себептері
Проблемалардың кесірі қандай Оларды шешу жолдары
3. Кескін картаға экологиялық апатты аймақтарды сал. (5 ұпай)
4. 52 параграфты оқып, кестені толтыр.: 5 ұпай
тексерістен өт № 2 (30ұпай)
тапсырма № 3
1. §53оқы
2.негізгі ұғымларды жазып, анықтамасын бер.
қорық
қорықша
ұлттық саябақ
табиғат ескерткіштері
мына сөздерді жаттап, ауызша айтып бер. (5 ұпай)
2. §54 оқы кестені толтыр (10 ұпай)
Қорықтардың атауы
Ашылған жылы
Қай жерде орналасқан?
Аумағы қанша?
Бағалы жануарлар
Бағалы өсімдіктер
3. 55 параграфты оқы. Мәтіннің мазмұнын кластер түрінде, жоспар түрінде, кесте түрінде көрсет. / таңдауың бойынша / (10 ұпай)
2. кескін картаға барлық қорықтар мени ұлттық саябақтарды түсір.(5 ұпай)
тексерістен өт № 3 (30 ұпай)
тапсырма № 4
1. § 56 оқы. Қазақстанның табиғатты қорғау жөніндегі заңдарын біліп ал.
Кестені толтыр ( 10 ұпай)
заң Шығарған жылы Қысқаша мазмұны
2. тапсырманы орында: (5 ұпай)
А) негізгі ұғымға анықтама бер «табиғатты пайдалану».
Б) табиғат қорларын тиімді пайдалану деген не?
В)табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың бағыттарынатап бер.
Тексерістен өт № 4 (15 ұпай)
№1 бақылау жұмысын орында / мұғалімнен ал /
тапсырма № 5
Таңдауың бойынша бір немесе бірнеше тапсырманы орында (әрқайсысы 10 ұпайдан саналады):
1. Қоршаған орта адам денсаулығына әсер ететіндігі бәрімізге белгілі.Ендеше адам денсаулығын сақтау үшін мемлекет не істеу керек және сен – адам не істеу керек?
Жауабыңды кестеге түсір
Мемелекет қолданатын шаралар Адам қолданатын шаралар
2. қаламыздың экологиясының бұзылуы жайлы газетке мақала жазып көр.
3.Өз өлкеңнің табиғатын қорғау үшін өткізілетін шаралардың жоспарын жаса.
4. Павлодар облысының ерекше қорғалатын аймағы жайында реферат дайында.
Тексерістен өт № 5 (10 және одан да көп ұпай )
№2 бақылау жұмысын орында / мұғалімнен ал /
Бақылау жұмысы №1
1адам ә-іс-әрекетінде қолданылатын қоршаған ортаның маңызды компоненті.
А) пайдалы қазбалар
В) топырақ
С)су ресурсы
D)табиғат ресурсы
Е) қоршаған орта
2.көмірдің ең бай кен орны
А) Майкөбе, Қарағанды.
В) Қарағанды , Екібастұз
С) Екібастұз, Майкөбе
D) Кедірлі, Майкөбе
Е) Алакөл, Қарағанды.
3. Негізгі темір кені ауданы болып табылатын облыс.
А) Қостанай
В) Павлодар
С) Ақмола
D) Манғыстау
Е) Карағанды
4.Қазақстанның қоры мол аймағы
А) солтүстік
В) Батыс
С)шығыс
D) орталық
Е) оңтүстік
5. БҰҰ Хельсинки конфенциясында Трансшекаралық өзендер мен көлдерді қорғау мен тиімді пайдалану ережелері қашан қабылданды?
А) 1993 жылы В) 1992 С) 1995 D) 2000 Е) 1980
6. Біздің елімізде дәрілк өсімдіктердің неше түрі бар:
А) 250 В) 280 С) 350 D) 400 Е) 500
7. 1962 жылы құрылған Халықаралық табиғат және табиғи байлықты қорғау одағы немен айналысты
А) Қызыл кітабқа ақпараттар жинақтады
В) жануарларды есепке алды
С) өсімдік дүниесін есепке алды
D) Қызыл кітапты шығарды
Е) жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға алды
8. Адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыстың заңдылықтарын зерттейтін ғылым :
А) этнография
В) философия
С) экология
D)Адам экологиясы
Е) демография
9. Ең апатты экологиялық қала :
А)Карағанды В)Павлодар С) Өскемен D) Қостанай Е) АҚтау
10. ҚР Президентінің «ҚР 2004-2005 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» жарлығы қашан қабылданды?
А) 1991 В) 1995 С) 2003 В) 2004 Е) 1993
Бақылау жұмысы №2
1. Қазақстанның табиғи қорларын қандай топтарға ажыратамыз?
2. Қазақстанда қашан және қай жерде ядролық сынақ өткізілді?
3. Каспий маңында мұнай өндіруден қандай экологиялық мәселелер туындады?
4. Табиғаттағы апатты құбылыстарды қалай бөлуге болады?
5. Табиғатты қорғауға арналған кешендер атты сызба құрастыр. Бір қорыққа сипаттама бер.
6. Қазақстандағы табиғат есркерткіштерін ата.
7. Неліктен табиғатты қорғау мәселесі Қазақстан Конституциясында көрініс тапқан.
Рейтингілік парақ
№ тапсырма ұпай Алған ұпайы Кім тексерді Кімді тексерді баға
№1 2
5
3
Қорытынды 10
№2 8
12
5
5
Қорытынды 30
№3 5
10
10
5
Қортыныды 30
№4 10
5
Қорытынды 15
Б/ж №1 10
№ 5 10
Б/ж №2 10
Қорытынды 115