1. ШҚ пайдалы қазбалары бойынша аудандастырылуы
2. Пайдалы қазбалардың түрлері
3. ШҚ жер асты сулары
ШҚО қойнауы көптеген пайдалы қазбаларға бай. Темір, мыс, қорғасын, мырыш, алтын, күміс, тантал, қалайы, титан, көмір және тақта тас, жер саты сулары, зергерлік және қымбат бағалы тастар.
Кенді Алтай мен Қалбатауда кен өндіру б.з.д. 4мың жыл бұрын бастаған. Оны чут өндіру деді. Пайдалы қазбаларды аудандастыру мына факторлар арқылы жүргізіледі:
1. Геологиясы
2. Металлогениясы
3. Кеннің қоры
4. Игерілу бағыты
Үлкен Алтай 4 кенді белдеуге бөлінеді.
1. Кенді Алтай (алтын, мыс, полиметалл)
2. Қалба – Нарым (сирек кездесетін металлдар)
3. Батыс Қалба (алтын кені)
4. Жарма – Сауыр (көп металлды)
Кенді Алтай – үлкен экономикалық маңызы бар аудан темір, мыс, қорғасын, мырыш, алтын, т.б. бай 3 металлогендік зонаға бөлінеді.
1. Ақ Уба – Сарымсақты — темір, полиметалл
2. Кенді Алтай – алтын, мыс, полиметалл
3. Ертіс зонасы – темір, мыс, алтын.
Қалба – Нарым ол 4 зонаға бөлінеді
1. Шүлбі
2. Солтүстік – батыс Қалба
3. Орталық Қалба
4. Нарым – сирек кездесетін металлдар
Батыс Қалба белдеуі
1. Мұқыр – Бақыршық, Құлажүн, Жарма-Сауыр
2. Сиректас – Сарсазан
3. Жарма – Сауыр
4. Шар – Жеменей
Шыңғыс – Тарбағатай
1. Батыс Шыңғыс
2. Шығыс Шыңғыс
3. Балқаш
Батыс Шыңғыс вулкандық генезисті алтын, мыс, мырыш, кендеріне бай.
Кен орындары Ақбастау, Қосмұрын, Мезек.
Шығыс Шыңғыс сирек кездесетін металлдар: полиметаллдық рудалар және алтын.
2. «Шығыс Қазақстан Қойнау» геологиялық барлау мәліметтерінде, облыстың 412 кен орындарының балланстық қоры есептелген, оның қатты пайдалы қазбаларының кен орындары 132, алтын 75, полиметалл 30, сирек кездесетін18, мыс кен 6, металл емес пайдалы қазбалар 28, құрылыс 23, әктас 6, саз 70.
Қара металлдар: темір, марганец, хром т.б. Шыңғыс – Тарбағатай, Жарма – Сауыр, Батыс Қалба.
Каледондық және герциндік вулканизммен қалыптасқан.Темір, марганец кен орындары вулкандық шөгінді жыныстарда кездеседі. Темір кен орындары: Марқакөл, Карогиха, Таловка, Шыңғыс – Тарбағатай, Келтешат, Қарлыбұлақ.. Хром кен орындары: Шар-Горныстай кенді белдеуі, Андреевка, Суық бұлақ.
Түсті металлдар: қорғасын, цинк, мыс. Бұлар Шығыс Қазақстанның кен өндіруінің негізін құрайды. Болжамдық қоры 30-40млн т. Шығыс Қазақстанда түсті металлургияның ірі кәсіпорныдарының кешені қалыптасқан. «Өскемен қорғасын мырыш», «Казцинк», «Усталовка мыс химиялық заводы», «Титан магнии комбинаты», «Риддер полиметалл комбинаты» т.б.
Түсті металлдардың 25 ірі кен орындары бар. Зырян, Риддер, Ертіс бойы аудандары.
1. Зырян кенді ауданы. Кен орындары Грехов, Малахов, Зырян кен орны, Малеев, Богатырь кен орны. Жалпы ауданы бойынша мыс, мырыш, қорғасын. Болжам бойынша 5млн т қоры бар.
2. Риддер кен орны. Риддер – Сокольский, Тишин кеніші, Шубинск кеніші. Резервтегі кен орындары: Жаңа Риддер, Чекмарь, Чтержанск кен орны. Ауданы бойынша мыстың болжамдық қоры — 3млн т, қорғасын — 2,6млн т, мырыш -11млн т.
3. Ертіс кен орны. Балланстық қоры: Орловка, Николаевка, Шемонайха, Белоусовка, Артемевка, Ертіс кен орны. Болжамдық мөлшері ауданда 10млн т.
Бағалы металлдар: алтын. Алтын кен орындары әртүрлі генетикалық типтерге жатады. 1) мысты порфирлі 2)гидротермальды 3) кластогенді шашылымдық.
Шығыс Қазақстан аумағында мысты порфирлі алтын — 7,9%, гидротермальды – 43,7%, кластогенді шашылымдық. – 47,4% құрайды. Кен орындарының алтын бойынша ең ірісі Бақыршық. Сонымен қатар мынадай кен орындары бар – Құлынжон, Ақжол, Оңтүстік Алтайда – Маралиха, Күршім өзенінің орталық ағысы, Теректі.
Сирек кездесетін металлдар: Тантал, ниобий, литий, берилий, цезий, уран. Қалба – Нарым металлогендік белдеуінде орналасқан. Бұл белдеуде 5 кенді аудан бар.
1. Шүлбі
2. Солтүстік-Батыс Қалба
3. Орталық Қалба
4. Нарым
5. Бұршым
Негізгі кен орындары:Юбилейный, Ақтау, Бакен, Жоғарыбаймырза.
Бейметалдар – пайдалы қазбаларының 280 кен орындары бар.
Отын энергетикалық шикізат – тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақта тас, мұнай, газ, шымтезек.
Тас көмір – Шығыс Қазақстандағы болжам бойынша 5млрд т қоры, 100ден астам бөлімдері бар. Қаражыра, Алакөл, Кендірлік, Маңырақ, Белокаменка. Бұлардың балланстық қоры – 1млрд т,. Жалпы Шығыс Қазақстан Облысында көмір қоры мен ондаған жылдарға ғана қамтамасыз етілген.
Жанғыш тақтатас – Кендірлік, Жеменей, Сағындық. Қабат қалыңдығы 0,9-2,6м. Жасанды сұйық отын алу үшін қолданылады. Облыс бойынша болжам қоры 708млн т.
Мұнай, газ — Зайсан, Алакөл. Геофизикалық мәліметтерге қарағанда болашақта бұрғылауға ұсынылатын 30 перспиктивалық мұнай, газ құрылымдары бар. Шығыс Қазақстан Облысында 100млн т қоры бар.
Индустриялық шикізат – барий, слюда, магнезит, асбест, флюорит,мусковит т.б. Кен орындары – Белоусовка, Ертіс, Орловка, Шемонайха, Чекмарь, Ақтау, Қараөткел, Күршім кен орындары – тальк, магнезит, Шар, Горныстай.
Отқа төзімді кендер – саз, каолин. Қоры 25 мың т. Митрофановка, Жаңадәуір.
Агро химиялық шикізат — минералды тұздар. Қарабас тұз, Бетонитті саз, Таған, Шымтезек, Вермокулит, Цеолит.
Зергерлік тастар – горный хрусталь, яшма, мәрмар, қызыл гранит. Риддер, Веселов. Жалпы қоры140мың м3.
Құрылыс материалдар – гранит — Бражихинск, Самар. Кірпіштік саз, құмды малта тас, цемент шикізаты, құм. Зауыттары – Октябрьск, Семей т.б.
Қорытынды. Шығыс Қазақстан аймағы республикадағы түсті металлдардың ірі орталықтары болып табылады. Онда рудалы, бей рудалы металлдардың пайда болуына, жаңа кен орындарын ашудың болашағы бар.