Кіріспе

Географиялық білімнің сапасын арттырудағы ең маңыздысы география мұғалімінің біліктілігінде, ол дегеніміз оқушылардың теориялық алған білімдерін практикада қолдана білуде оқу-әрекетін дұрыс ұйымдастыру және алға қойған мақсаттарының шешімін табу үшін жаңа білім көздерін өздігінен игеру.

Мектептегі географияны оқыту үрдісі, жаратылыстану-ғылыми және әлеуметтік-экономикалық білімнің жалпы жүйесінен тұратын білім, білік, дағдыны қалыптастыратын үрдіс. Ондағы міндет — оқыту үрдісін ұйымдастыруды дамыта оқытумен қамтамасыз ету.

Дамыта оқытудың ең басты жүйесі — оқыту үрдісін оқушының санасына бағыттау. Мұғалім білім кеңестігінде белсенді тұлғалар болуы үшін, өз оқушыларының іс-әрекетін ұйымдастырады.

ТИСО /өздігінен білім алу технолгиясы/- мұғалім сабақ үрдісінде оқушыларға бағдарлама материалдарын толық түрде жетік меңгеру үшін теориялық білімін және практикалық және шығармашылық біліктілігін, яғни стандарт деңгейінде және стандарттан жоғары деңгейдегі біліммен қамтамасыз етуді ұйымдастыратын оқыту үрдісі.

ТИСО — әр оқушының өзіне берілген оқу парағымен өздігінен жұмыс істеуге бағыталған.

                 Өздігінен оқыту үрдісін ұйымдастырудағы дидактикалық бағыт.

Біздің көзқарасымызда жаңа технологияларды пайдаланудың түрлі бағыттарындағы ең бір өзектісі:

• оқуға өздігінен және диференциялы түрде икемделу;

• өздігінен жұмыс жасау әрекеті, өзін-өзі оқыту

• ынтымақтастықта жұмыс жасау;

Ендеше өздігінен оқыту үрдісіне баратын жол қайда? Бұл жалпылай оқытуда жүзеге асырыла ма, егер жыл бойы бір мұғалім білім деңгейлері әр түрлі бірнеше оқушымен кездесіп отырса.

Е.С.Полаттың тұжырымдамасы бойынша, бұл әрине болады сол жағдайда , егер «мұғалім оқыту үрдісінде ең ортадағы нақты дене деп өзін емес; оқушыны есептесе, онда ең бастысы сабақ беру әрекеті емес, таным әрекеті болады; өздігінен қабылдау және, ең маңыздысы алған білімін өзінің қажеттілігіне жаратуы …»

   «Өздік жұмысы» келесі мағынада:

Оқушылардың өздік жұмысы оқыту үрдісіндегі мынандай тәсілдерді көрсетеді:

      1. оқушыларға оқу тапсырмалары мен орындау бағыттары беріледі;

5. жұмыс мұғалімнің көмегімен жүргізілмейді, бірақ мұғалім бағыт береді;

6. берілген тапсырмалар оқушылардан ойлау әрекетін талап етеді.

7. Өздік жұмысы оқушыларды өзінің құрылымымен және мазмұнымен белсендендіреді.

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *