КІРІСПЕ

Адамзаттың кездестіретін проблемаларының ішінде ең бастысы, бұл- адамның өзінің өмір сүруі тәуелді болатын биологиялық түрлілікті сақтау. Дегенмен, биота барлық стрестік факторлерге төзімсіз, әсересе антропогендік факторлерге. Сондықтан да әлемдік қоғамдастықты тамақ, оттегі, таза ауа, шикізат ресурстары, Жер–Күн звеносын байланыстыратын, биосфераның негізгі тұрақты реттеушісі болып табылатын биотаға, көбіне адамзаттың өмір сүру жағдайын күйрететін әсер беретін, ғылыми–техникалық прогресстің салдарлары толғандырады. Биотаның осы негізгі ұлы рөлі биологиялық түрлілілік туралы Конвенция талаптарын орындауда негізгі қағида болып табылады.

Билолгиялық түрлілілікке барлық түрлер, ішкі түрдегі формалар, барлық өсімдіктер типтерінің, микроорганизмдердің, жануарлар, сол сияқты экожүйелердің табиғи жағдайларда және сорттарды, породаларды, түзулер мен штаммтарды адамдардың өсіріп және көбейтіп алуы арқылы популяциясы кіреді.

Осы маңызды өмір сүру көзін дұрыс пайдалану мен сақтау проблемасын өзектілігі жағынан адамзаттың басқа проблемаларымен салыстыруға болмайды. (Биологиялық түрлілікті дұрыс пайдалану және сақтау бойынша іс –әрекет жоспары мен Ұлттық стратегия, 1999 ж.).

Қазақстан Республикасы биологиялық түрлілік туралы БҰҰ Конфенциясын 1994 ратификациялады, сонымен ұлттық бағдарламада, бағдарламаларда, саясатта, олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау мен мониторингінде биотүрлілікті тұрақты пайдалану мен сақтау бойынша шаралар жүргізуге, өзіне міндеттер алды.

Конвенцияның 26 бабына сәйкес, Келімге келген Тараптар, Тараптар Конвенциясы анықтаған тәртіппен, Хатшылыққа осы Конвенция мақсаттарына жету үшін жүргізілген шаралар мен олардың тиімділігі туралы баяндамалар беріп отырады.

Сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, ерекше экологиялық, ғылыми және реакциондық маңызы бар бірегей эталонды учаскелерді, табиғи, тарихи–мәдениет кешендер мен нысандарды сақтаудың ең тиімді шаралары – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (әрі қарай — ЕҚТА) жасау болып табылады

Қазақстандағы ЕҚТА ауданы елдің барлық ауданының (қорықтар, ұлттық парктер және басқа қорғалатын аумақтар түрлері) 8,2% құрайды, ал әлемдік танылған стандарт бойынша 10-12% кем емес.

Қазіргі кезде елде 10 мемлекеттік, табиғи қорық, 11 мемлекеттік ұлттық парк, 3 мемлекеттік табиғи резерват, 50 мемлекеттік табиғи тапсырылымдар бар. Сол сияқты, 127 геологиялық, 58 геоморфологиялық және 19 республикалық маңызды мемлекеттік табиғи – қорықтық қордың гидрогеологиялық нысандары, 5 мемлекеттік қорықтық аймақ, 26 табиғи ескерткіштер, 5 республикалық маңыздағы мемлекеттік ботаникалық бақшалар, 2 жергілік маңыздағы мемлекеттік табиғи парк бар.

Қазақстан аумағында 835 астам омыртқалы жануарлар түрлері, оның ішінде: сүт қоректілер — 178, құстар — 489 (олардың 396 осы жерде ұя салады, қалғандары қыстауға немесе көктем мен күзде ұшып өтеді), бауырымен жорғалаушылар — 49, жер бетіндегілер 12, балықтар — 104 және дөңгелек қауыздылар- 3 түрлі. 5754 түрлі жоғарғы өсімдіктер өседі, 68 түрлі ағаш, 669 бұталар мен талдар, 2598 түрлі көпжылдықтар, 849 түрлі біржылдық шөптер. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына 387 түрлі өсімдіктер кіреді.

Қазақстан Республикасы табиғи–қорықтық қорының қазіргі күйін талдау 178 түрлі сүтқоректілердің 140 (78,6%) қоғалатынын, 22 түрі Қызыл кітабқа енгенін (1991 жылғы шығарылымы), құстардың 346 түрі (87,4%), бауырымен жорғалаушылардың 31 түрі (63,2%), балықтардың 23 түрі (22,1%), осылардың өзі Қазақстанның бірегей фауна мен флоралық биотүрлілігін сақтауды және табиғи экожүйенің барлық кешендерінің тұрақты күйін қолдауды қамтамасыз ете алмайды

Қазақстанда жаһандық маңызы бар экожүйелер қатары бар, оған солтүстік шөлейттер, реликтілі қылқанды ормандар мен тау экожүйелері кіреді. Қазақстанның шөлейт және тау жүйелері, ең маңызды экологиялық аймақтарды (орталық–азиялық шөлейттер мен ортаазия таулы далалары және орманды массивтерді) қамтитын Әлемдік жабайы табиғат Қорының Жаһандық Тізіліміне енгізілген

 Рамсар конвенциясының халықаралық маңыздағы су–сазды жайылымдары тізіміне Каспий теңізі жағалауына жақын жатқан Орал өзенінің дельталық аумағы, Алакөл–Сасықкөл және Теңіз–Қорғалжын көлдер жүйесі енген.

Қазақстанда ландшафтық және биологиялық түрліліктің азаюы мен жойылуының негізгі факторлары болып, өмір сүру ортасына антропогенді және техногенді әсер ету және аридизация мен шөлейттенудің табиғи үдерістері жатады. Биологиялық түрлілікті жоғалту табиғи экожүйелердің бұзылуы, аумақтың су режимінің өзгеруі, орман массивтерінің жоғалуы, биологиялық ресурстарды шектен тыс пайдалану, өндірістік және иррагациялық сулардың шығарылуы, өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін енгізу әсерінен жалғасуда.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *