Далалы аймақтың ауданы 110.2 млн. га, немесе республика аумағының 28% және 3 кәшә аймаққа бөлінеді (3,4,5; суреттерде –. 1.8, 1.8 А):
3. Көбірек–құрғақ және құрғақ жылы (ГТК 0.8-1.0) кәдімгі және оңтүстік қаратопырағындағы түрлішөпті–бозды дала (20,1 млн. га немесе 4%). Пайдаланылуы: жер жырту, жемдік алқаптар.
4. Көбірек–құрғақ және жылы (ГТК 0.6.-0.8) қараталшынды және талшынды топырақтағы бетеге — бозды дала (57,2 млн. га немесе 21.0%) ксерофитті түрлішөптермен (comm. Stipa sp.+ Festuca). Пайдаланылуы: жер жырту, жемдік алқаптар. Даланың 60% жыртылған;
5. Шөлейттенген құрғақ, көбірек ыстық (ГТК 0.5-0.6) ашықталшынды топырақтағы жусанды–бозды (жартылайшөлейт ) (comm Stipa sp., Artemisia sp. sp.) (32.9 млн. га – 12,1%). Пайдаланылуы: жер жырту, жемдік алқаптар.
Дала аймағында дала қоғамдастықтарының 250 артық түрлері айқындалған, кең тараған 10 формация анықталған, 200 астам қоғамдастықтар (ассоциациялар), бәрақ экожүйе деңгейінде түгендеу әлі аяқталмаған.
Қазақстанның дала аймағы адамның әрекетімен аса көп трансформацмяланған. Тың игеру жылдарындағы (1954-1960 жж.) үлкен масштабта жерлердің жыртылуы негізгі далалардың плакорных типтерінің жоғалуына әкелді.
Байтүрлішөпті –бозды және түрлішөпті–бозды далалардың 90%, аласа дөңестердің 30% жыртылған. Жазық аумақтардағы құрғақ далалардың 50-60%, ал аласа дөңді жерлерінің 10-15% жыртылған. Осы кіші аймақтардағы далалардың қалған учаскелері (тасты дала, сортаң тұзды топырақтардағы кешенді далалар) малдардың көп бағылуынан маңызды бұзылған. Бұл аймақтардың бозды далалары бетеге (Festuca valesiaca), австрия жусаны (Artemisia austriaca), арамшөпті қоғамдастықтарға айналған. Олар өздерінің алғашқы түрлік түрлілігін жоғалтқан.
Аймақ өсімдіктердің негізгі 20 формациясы енген, негізгі доминанттар –боздар:
Залесского (Stipa zalesski), бетегебоз (St. Lessingiana), қылтаңбоз (St. Joannis), ырғыз бозы (St. Kirghizorum), тырсы (St.capillata), сол сияқты бетеге (Festuca valesiaca) және сұлы (Avenastrum sp.). Бұта формацияларының ішінде бөртегүл, қараған, бадам, (Spiraea, Caragana, Amygdalus nana) доминантты.
Орманмен жабылған аудан үлкен емес. Орман өсімдіктері қайың–теректі, кей жерлерде қарағайлардың аралды, жолақты массивтермен (Pinus silvestris), сол сияқты талдар, бөртегүл, қараған (Salix, Spiraea, Caragana) бұталармен көрінеді.
Сәбізділер (Silaus besseri), қызыл боз (Stipa zalesski), жергілікті қоржық боз (comm. Stipa korshinskyi), сұлы (Aneurolepidium ramosum, Avenastrum sp.) және шалғынды далалар, кейбір бұталы экожүйелер, граниттегі сирек қарағайлы, қайыңды, черноольшанники (сomm. Betula pendula, comm.Alnus glutinosa) ормандар бар байтүрлішөпті далалар өте сирек немесе жоғалу қаупі бар, сондықтан қорғауды талап етеді. Далалы аймақтың 38 млн. га астам ауданы жыртылған. Егістіктен шығарылып тасталған аумақтарды арам шөпті өсімдіктер жапқан.
Дала аймағының фаунасында 73 түрлі сүтқоректілер бар, олардың ішінде кемірушілерге (Rodentid) 35 түрі, жабайылар (Carnivora) – 13, қолқанаттыларх (Chiroptera) – 9, шыбын– шіркеймен тамақтанушылар (Insectivora) – 7. қос тұяқтылар (Arttodactytd) – 5, қоян тәрізділер (Lagomorpha) – 4, 6 түрлі жер мен суда өмір сүрушілер және 14 түрлі рептилиялар жатады.
Дала жануарлар түрғындарының негізгі ядросын шалғынды–далалы далалық жасылмен қоректенетін құстар құрайды, олар негізінен түрлі шөптермен, жалпақ жапырақты дақылдармен, қанатты шыбын –шіркейлермен (саяқ шегіртке, сегізкөздер және басқалармен), кәдімгі және тоқалтіс табыны, суырлар, дала суырымен (байбақ) қоректенеді.
Дала аймағында 156 түрлі (40,2 % жалпы республикадағыдан) құстар қя салады. Оның ішінде 12 отрядтың өкілдері бар, негізінен қаздар (Anseriformes), жабайылар (Falconiformes), жапалақ тәрізділер (Strigiformes), тауық тектілер (Galliformes), тырна тектілер (Gruiformes), тентекқұс тәрізділер (Caprimulgiformes) және торғайлар (Passeriformes).