Қазақстанның географиялық орналасуы (55°26’ — 40°56’ с.к. және 46°27’ — 87°18’ ш.) сібір тайгасы мен ортаазиялық шөлейттер арасында, ішкі континентті үлкен сулы– Каспий теңізі мен аса үлкен Тянь–Шань таулы жүйесінің болуы табиғи жағдай мен ландшафтың аса көп түрлі болуынан көрініп отыр.
Еуроазияның ортасында орналасқан, Қазақстанның кең аумағы табиғи жағдайдың түрлі болуын тудырады. Оның ландшафтық аймақталуына сәйкес жазықтық бөлігінде 5 ландшафтық тип айқындалған– ормандалалы, далалы, құрғақ далалы, жартылай шөлейтті, шөлейтті, ал таулы жүйеде – 7 тип нивалді, таулышалғынды, орманды, ормандалалы, далалы, жартылай шөлейтті, шөлейтті. кең аймақтылық пен вертикалды енділіліктен болатын ландшафтың осындай түрлілігі, Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде тек Қазақстанға ғана сыйпатты.
Қазақстанның аумағының үлкен бөлігінде экологиялық жүйелер континенталды климат пен жеткіліксіз тұрақсыз ылғалдықтың әсерінен қалыптасады. Климаттың кеңдік өзгерістеріне байланысты аймақтық экологиялық жүйелердің біртіндеп алмасуы болады, Солтүстік Қазақстанның жетіаридті ормандаласынан бастап, суық континенталды жартылай шөлейт пен шөлейт арқылы, оңтүстіктің жылы–көбірек ––континенталды шөлейтіне дейін. Аймақтық экожүйелер элементарлы экожүйелер жиынтығы –биогеоценоздар ретінде айқындалады.
Қазақстанда үлкен түрлі тау экологиялық жүйелері бар, олар биіктік белдеулерден туындайды. Белдеуліктің құрылымына сәйкес және типті және сирек экожүйелер жинағы төрт ірі тау блогын айқындайды: Батыс–Тянь–Шань (Қаратау және Батыс Тянь–Шань таулары), Солтүстік –Тянь–Шань, Қазақстандық–Жоңғарлық және Алтайлық.
Таулар олардың етектеріндегі жазықтықтарға үлкен әсер етеді, оларда оңтүстік Қазақстандағы тауалды шөлейттері сияқты, ерекше инверсионды экожүйелер типі бар.
Ендік аймақ пен аймақ асты, тау белдіктеріндегі экожүйелер нақты айқындалған ерекше сыйпаттары және құрамының ерекшелігімен сыйпатталады.