Биологиялық түрлілілік туралы БҰҰ Конвенциясын бойынша міндеттерді орындау үшін Қазақстанда қабылданған шаралар

1. Қоршаған ортаны қорғау бойынша республикалық заңдылықты қалыптастыру үдерісі жалғасуда. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жүйесіне 2007 жылы 9 қаңтарда N 212 қабылданған Қазақстан Республикасының Экологиялық көдексі маңызды өзгеріс енгізді.

2. 2010 жылы 10 қыркүйекте ҚР Үкіметінің «2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық Бағдарламасын бекіту туралы» № 924 Қаулысы қабылданды

3. Ел басы ҚР биоқауіпсіздік бойынша Картахен хаттамасын ратификациялау туралы Заңына қол қойды (№ 43-IV от 17.07.2008 г.)

4. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңы қабылданды 21.07.2007 жылы № 301-III.

5. Халықаралық талаптарға сәйкес ҚР Үкіметінің «Халықаралық талаптарға сәйкес аргоөндіріс кешені өнімдері қауіпсіздігі мен сапасы қауіптілігін бағалау жүйесін қалыптастыру бойынша шаралар жоспарын бекіту туралы» Қаулысы 24.09.2007 жылы N 828 қабылданды.

6. Астана қаласында «Қазақстан Республикасының биотехнологиялық ұлттық орталығы», «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы», Жамбыл облысында «Биологиялық қауіпсіздік проблемасының ғылыми–зерттеу институты»ғ Алматы қаласында «Биология және өсімдіктер биотехнологиясы институты» ғылыми –зерттеу кешендері құрылды.(ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 тамыздағы N 742 Қаулысы);

7. ҚР Үкіметінің 05.2006 жылғы №363 Қаулысымен 2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының биотехнологиялық Ұлттық орталықтың даму Концепциясы бекітілді.

8. Өсімдіктер карантині мен қорғау бойынша ынтымақтастық туралы ТМД, Болгария, Турция, Монғолия, Румын, Қытай Халық Республикасы, Иордания мемлекеттерімен кесісім жасалды.

9. Республикада жануарларды қорғау мен өсуі облысында құқықтық база құрылған. 2004 жылы 9 шілдеде Қазақстан Республикасының «Жануарлар әлемін пайдалану, қорғау және өсіру туралы» № 593-II Заңы қабылданды (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген 09.01.2007жылға);

10. Қазақстан Республикасында аңшылық жайылымының ауданы 235,3 млн. га, оның 113,4 млн. га аң аулаушыларға бекітілген;

11. 2006 жылы 7 шілдеде ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңы қабылданды. ҚР Үкіметінің 2006 жылы 13 қарашада Қаулысы қабылданды.

12. Негізгі ұлттық стратегиялық құжаттар – Стратегия «Қазақстан –2030», ҚР 2010 жыллға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, 2030 жылға дейінгі ерекше қорғалатын аумақтарды орналастыру мен дамыту Концепциясы, ҚР 2004–2015 жылдарға экологиялық қауіпсіздік Концепциясы, 2007-2024 жылдарға ҚР тұрақты дамуға өту Концепциясы, биологиялық түрлілікті пайдалану мен сақтау сұрақтарын қамтиды;

13. Қазақстанның Қызыл кітабының жаңа редакциясы шығарылымға дайындалды. «Сирек кездесетін және жоғалу қаупі бар өсімдік түрлерінің тізбесіне » 387 түрлә өсімдік кірген (ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы Қаулысымен бекітілген);

14. ҚР Үкіметінің 31.10.2006 ж. № 1034 қаулысымен сирек кездесетін және жануарлардың жоғалу қаупі бар түрлерінің тізілімі бекітілген: сүтқоректілер – 40, құстар – 57, бауырымен жорғалаушылар – 10, жер мен сула өмір сүретіндер – 3, су жануарлары – 18, буылтық құрттар – 2, моллюскалар – 6, шаянтектілер -1, өрмекшітектілер -2, шыбын– шәркейлер – 85;

15. Қазақстан аумағындағы жабайы аңдар СИТЕС Конвенциясының Қосымшасына енгізілген.

16. 2005-2007 жылдарға арналған «Жасыл ел» Бағдарламасы шеңберінде биологиялық түрлілілік пен ормандарды сақтау мақсатында екі халықаралық жоба іске асырылды:

  «Батыс Тянь– Шань биологиялық түрлілігін сақтау» МЭҚ Жобасы бірегей би ологиялық қоғамдастықтарды қорғауды күшейту мен Оңтүстік –Қазақстан облысы аумағында ерекше қорғалатын аумақтарды кеңейтуді көздейді.

  «Ормандарды қорғау мен Республикада аумағында ормандарды өсіру» толықмасштабты жоба әзірленді, ол Ертіс алқабында қылқанды борларды сақтау мен қайта қалпына келтіруге және Қызылорда облысында сексеуіл екпелерін, республиканың орманшаруашылық саласына қолдау жасауға, сексеуіл ормандарында жайылым алқаптарын пайдаланудың экологиялық нормаларын практикаға енгізуге бағытталған.

17. 2005-2007 арналған Бағдамаңызы рламаны іске асыру барысында, 108,7 мың га ауданда орман отырғызу мен тарату жұмыстары жүргізілді ;

18. Бағдарлама шеңберінде селекция–тұқым және селекция–генетикалық маңызды нысандарды анықтау арқылы, тұрақты ормантұқымдық база қалыптасуда, бұл екі кәсіпорынмен өамтамасыз етіледі– МРҚК «Алматы орман селекция орталығы» және МРҚК «Көкшетау орман селекция орталығы» ;

19. ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулысымен бекітілген. ЕҚТА тізілімі республикалық маңызды. Оған табиғи –қорықтық қордың 107 нысаны кіреді.

20. 2006– 2008 жылдары республикалық маңыздағы ЕҚТА ауданы бар аумақтарды кеңейтужәне жаңа ЕҚТА жасау арқылы өсті. Республикалық маңызды ЕҚТА ауданы 21118,7 мың га құрады, оның ішінде 3769,1 заңды тұлға ретінде тіркелген, мемлекеттің барлық ауданының — 1,4 %;

21. 2007 жылы Республикалық маңызды ЕҚТА ауданы 22 038,7 мың га, оның ішінде – 4 689,1 заңды тұлға ретінде тіркелген, мемлекеттің барлық ауданының — 1,7 %; ( ЕҚТА–тың 1,44% мемлекеттік қорықтар мен Ұлттық парктер), 2008 жылы 22,2 млн. га, заңды түлғалық мәртебеде – 4,8 млн. га.;

22. 2008 әртүрлі мәртебедегі ЕҚТА республмканың барлық ауданының 8,1 % жақындады;.

23. 2007 жылғы қаңтарда табиғи кешендерді сақтау үшін Алматы облысында МҰТП үлкейтілді;

24. 2006 жылы сирек және жоғалып бара жатқан жабайы тұяқты аңдар түрлері мен сайғақтарды сақтау мен қалпына келтіру бойынша Бағдарламаны жүзеге асыру және көшіп–қонатын жабайы аңдарды сақтау бойынша Конвенция шеңберінде, Анадай МТҚ аумағында 30 құлан интродукциясы жасалды, «Алтын–Емел» МҰТП –те 7 тоғай елігі жіберілді.

25. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 109 Қаулысымен сайғақтарды қорғау тиімділігін арттыру мақсатында, ауданы 711549 га Ырғыз– Торғай МТР жасалды;

26. Қазақстанның барлық аумағында 2011 жылға дейін сайғақтарды аулауға тиым салынды;

27. 2005 жылы сайғақтар саны 39,6 мың, 2008 жылы 61,0 мыңға дейін өсті, ал 2003 жылы олардың саны 21,2 мың болатын;

28. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазанындағы № 914 Қаулысымен су ресурстарын, жануарлар әлемін рационалды пайдалану мен сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту Бағдарламасы бекітілді;

29. Биотүрлілілікті сақтау бөлімі бойынша Концепция басымдықтарын іске асыру үшін келесі жобалар жүзеге асырылуда: 1. Қазақстанда табиғи өсіп жатқан жерлерде агро–биотүрлілікті сақтау (МЭҚ); 2. Алтай–Саян экоаймағында (МЭҚ) биотүрлілікті тұрақты пайдалану мен сақтау; 3. Жаһандық маңызды сулы–саздақ алқаптарды –суда жүзетін құстардың ортасы ретінде, кешенді сақтау(МЭҚ);

30. «Алтай–Саян аймағының Қазақстандық бөлігінде биологиялық түрлілікті тұрақты пайдалану мен сақтау» Жобасының қолдауымен 2007 жылы ақпанда Батыс––Алтай МТҚ аумағы 30044 гектарға, Марқакөл МТҚ ауданы 27931 гектарға кеңейтілді;

31. 2007 жылы АШМ, ҚОҚМ, ПРООН арасында бірлескен жұмыстарды іске асыру жобасы шеңберінде, Қазақстанда ВБУ бойынша Жоба шеңберінде Каспий теңізі жағалауына жақын жатқан Орал өзені дельтасы үшін, Алакөл–Сасықкөл –және Теңіз–Қорғалжын көлдер жүйесі үшін, су ортасына жүйелі мрнитроинг жүргізу бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды;

32. 2007 жылы 2 мамырда, Теңіз–Қорғалжын көлдер жүйесі Конвенциямен ерекше қорғалатын халақаралық маңыздағы сулы–саздақ алқаптар Тізіміне енгізіліп, Қазақстан мен Орта Азияда өзекті орнитологиялық аумаққа айналған соң, Қазақстан Рамсар конвенциясына қосылды;

33. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы мемлекеттік мекемесінің аумағын кеңейтудің кейбір сұрақтары туралы» қаулысымен қорықтың ауданы 284,208 га кеңейтілді. Енді Қорғалжын қорығының ресми ауданы 543,171 гектарды құрайды;

34. 2008 жылы 7 шілдеде Бүкіләлемдік мұрагерлер Комитетінің 32 сессиясы «Сары–Арқа – Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері» номинациясын ЮНЕСКО Бүкіләлемдік Тізіміне енгізу туралы № 1102 шешім қабылдады;

35. МЭҚ «Стерх пен басқа да сулысазды құстар түрлерін сақтау және сулы–саздақ алқаптар мен көш–қон маршруттарын дамыту» мен қоршаған орта бойынша ПРОООН жобаларын әске асыру және сулы–саздақ алқаптардың биотүрлілігін сақтау бойынша халықаралық келісімді орындау шеңберінде, «Алтын Дала» МТР жасау көзделіп отыр;

36. Ғылыми–техникалық мемлекеттік активтерді тиімді пайдалану мен басқару мақсатында, аграрлық сферада «ҚазАгроИнновация» АҚ (ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 409 «Ауылшаруашылық Министрлігінің кейбір ұйымдарын қайта құру туралы» қаулысымен) құрылды.

 Қазір «ҚазАгроИнновация» АҚ 22 ғылыми–зерттеу ұйымы кіреді, олар ауыл шаруашылығының барлық саласын қамтиды, кейбірінде филиалдар жүйесі бар.

 042 «Агроөндіріс кешендері облысында Қолданбалысы ғылыми зерттеулер» бюджеттік бағдарлама шеңберінде 2006–2008 жылдары зерттеулер жүргізілді. 2007 аграрлық ғылымда келесі нәтижелерге қол жетті:

Өсімдік өсіру мен жерөңдеу облысында:

1 Мемлекеттік сорттарды сынауға 64 жаңа сорт және ауылшаруашылық гибридтер, жемісжидек жіне басқа дақылдар жасалып, берілді;

2 өсімдіктердің генетикалық ресурстары бойынша ұлттық ақпараттық жүйе әзірленді;.

3 Орман шаруашылығын жүргізу жүйесі жетілдірілуде, бейімделу–ландшафтық жерөңдеу бойынша және басқа да әдістемелік нұсқаулар әзірленіп жатыр.

Малшаруашылығы облысында:

1 Ауылшаруашылық жануарларының 3 типі шығарылып, сыналды, оның ішінде еділбайлық қой тегінің 4 қатары, қаракөл қойларының 2 ішкі тектік типтері, «Ақырыс» сүтті сұр ірі қараның ішкі тектік типтері, әулиекөл тегі ірі қарасының 2 зауыттық қатары.

2 ауылшаруашылық жануарлары мен құстарының 1 тегі, 12 типі, 5 қатары және бір кросы ҚР АШМ Мемлекеттік комиссиясының байқауында.

38. 2009 жылы Қазақстанда ауылшаруашылық құрылымының отандық селекциясын дамыту үшін селекциялық–техникалық кешен құрылысы салынып басталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *