Алтайдың табиғатын зерттеушілер
1. В.И.Верещагин (1871-1956) – ботаник, өлкетанушы, Кенді Алтайды, Обь платосын, таулы Алтайды зерттеуде үлкен үлес қосқан. 2000 астам өсімдік түрлерін зерттеп сипаттаған, соның 5 түрі ғылымға белгісіз түрлер. Насекомдар мен минеарлдардың бай коллекциясын жинап, Алтайдың тұрмыс тіршілігін зерттеген. Оның атымен 7 түрлі өсімдік насекомдарының 2 түрі байланысты.
2. В.А.Обручев (1863-1856) – КСРО Ғылым академиясының академигі. КСРО географиялық қоғамының президенті, геогроф және геолог, Сібірді және Орталық Азияны зеттеуші. Осы аймақтың жер бедерін, геологиясын зерттеп, карталар құрастырған.Қазақстан аймағында Кенді Алтаймен Қалба жотасын зерттеген. Ғылыми еңбектері Орталық Азиядағы лестардың пайда болуы. Алтынның кен орныдары және Алтайдағы мұз басумен мәңгі тоң қабатына арналып жазылған еңбектер. Оның атымен бірнеше географиялық обьектілер және обручевит минералы байланысты.
3. Прижевальксий Н.М. (1839-1888)Орталық Азияны зерттеуші,. 1876-1877жж Екінші Орталық Азия экспедициясын ұйымдастырған кезде Жоңғарияға Зайсан қазаншұңқырын басып өтті. Ол бірнеше тау жоталарын ашты. 7500 астам зоологиялық коллекция жинады. Жоңғарияға жабайы жылқымен жабайы түйені енгізді.
4. Тронов М.В. (1892-1978) Алтайдың мұздықтарын зеттеуші. Алтайға 40 рет экспедиция ұйымдастырды. Ол гляциоклиматологиның негізін салушы. Еңбектері: «Алтайдағы қазіргі мұз басу» (1949), «Тау гляциологиясының мәселелері» (1954), «Ледники и климат» (1966)
5. В.В.Сапожников(1861-1924) Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Зайсан ойысы, Сауыр-Тарбағатайды зерттеген. 1895-1914ж аралығында ол Қара Ертіс бастауына, Монғол Алтайына бірнеше экспедиция ұйымдастырған.
6. Семенов Тянь-Шанський П.П. (1827-1914)Геогроф, қоғам қайраткері. 1856ж ол Алтайда, Үлбі мен Уба өзендері аралығында болды. Ғалымның күнделіктерінде экспедицияда ьолғанжердің ландшафты мен табиғи байлықтары сипаттап жазылған. Бобровка, Черемшанка, Бутачиха елді мекендерінде казактармен, староверлердің тұрмысы туралы үлкен материал жинаған. Риддерден Иванов, Тургусун, Рассыпной мұздықтарына көтерілген. Таулардағы биіктік белдеулілігі туралы алғаш сипаттамалар жазған ғалым.
7. Чихачев П.А(1808-1900).1842ж экспедицияда Алтайда болған кезде Тархан кесіндісінің полеофаунасы туралы алғаш мәліметтерді жазған. Ол алғаш рет Алтайдың геологиясын және орогидрографиялық картасын жасаған.
8. Геблер Ф.В. (1791-1850) Ресей ғылым академиясының мүшесі. Құлынды даласы, Семейдің тасбалы қарағайы, Мұзтау, Катунь өзендерінің бастауы, Алтай мұздықтарын зерттеумен айналысқан. Олардың біріне Геблердің ата берілген. Бірнеше өсімдік Геблер атымен аталған.
9. Гумбольд А.Ф. (1768-1859)Саяхатшы қазіргі өсімдіктердің географиялық, геофизикалық, гидрографиялық негізін салушылардың бірі. 1829ж Алтайда Змейногорск және Зырянов кеніштерінде, Колыван көлінде, Барнауылда болған. Жалпы географияда тауларда климатологияда изотерма терминін тұңғыш қолданған.
10. Потанин Г.Н. (1835-1920 )Қоғам қайраткері. Экспедициямен Монғолия мен Туваға барған кезде Семейді басып өтіп, Зайсан қазаншұңқырымен Тарбағатайды зерттеген. Гербарилер, зоологиялық коллекциялар жинаумен айналысқан. Алтай география фольклорын зерттеген.
11. Радлов Ф.В. (1837-1978)Этнограф, археолог, Петербург академиясының 1860-1870ж Сібірдегі, Алтайда, Қазақстанда, Орталық Қазақстанда болып олардың тілін, фольклорын, этнографиясын, археологиясын зерттеген. Дүние жүзіне әйгілі шығармасы «Түркі халықтарының халық ауыз әдебиетінің үлгілері» деп аталады.
12. Певцов М.В. (1843-1902) Лондон корольдік қоғамының мүшесі. Орталық Азиямен Солтүстік батыс Тибетті зерттеген Монғолияға саяхаты кезінде Медведька, Таловка елді–мекендеріне Марқакөл көлі арқылы өткен. Певцов, Нарым, Сарымсақты жерлерін зерттеп, Бұқтырма көлін оның салаларын Өрел, Катунь өзендерінің салаларын сипаттап жазған.