Өбішке дәйекті шағын мінездеме

Өлең Тақырыбы Өлеңнен үзінділер Мінездеме

бөлімдері (Әбіш сипатына)

I бөлім Боямасыз ак «Ер Әбіш», «елден аскан Әбіш — елден

 көңіл ерек», «жүрегі жылы, асқан акыл-

  бойы кұрыш» ды әрі ер, ме-

   иірімді, ры-

   лымға талап-

   ты, ак көңіл

   адам…

Лирикалық шығармаларды көркемөнер туындыларымен байланыстыра етудің маңызы жоғарыда айтылды. Мысалы, Жұмағали Саиннің «Есімде Айдар өзені», сондай-ақ Қ.Аманжоловтың «Туған жер», «Домбыра» (8-сынып) өлеңдерін өту кезінде музыкамен байланыстырудың маңызы зор болмақ.

«Есімде Айдар өзені» — майдан, жорық, айкас лирикасы. Лирикалык кейіпкер еске түсіру арқылы, лирикалық шегініс арқылы соғысты, достарын, қүрбандарды еске түсіреді. Азаттык ерлері өлмек емес, олар үнемі тірілерді «тербетіп, тірілерге ой салады». Соғыс сүмдығы дінге де, тілге де, үлтқа да карамайды. Оның заңы біреу — өлім не әмір. Міне, өлеңнің осындай қасиеттерін, терең ойын оқушыға жеткізудің өзіндік ізденісті керек ететіні түсінікті. Сабақ басталар алдында

«Қасиетті соғыс» өлеңін немесе «Кестелі орамал», «Қараңғы түн» әндерін күйтабақтан тыңдауға болады. Оқушыларды асықтырмай, қайта өнді тыңдауларына, бір сәт болса да, ойға шомуларына жағдай түғызу керек. Мүндай сәттерде артьщ сөз, артық қимылдың болмағаны жөн. Музыка аяқтала бергенде, өлең мәнермен оқылуға тиіс (үнтаспаға жазып, оны тыңдаудың да тиімділігі зор болмак). Окушыларға осылай эмоцияльщ жағдай туғыза отырып, талдау — лирикалык туындыларды өтудің тиімді өдіс-тәсілдерінің бірі. Кейде музыка біткен соң, мүғалім өленді екі түрлі дауыс ырғағымен оқиды. Біреуін екпінді, шабытты, жігерлі үнмен, екіншісін мүңды, сазды, ойлы, тебіреністі, баяу үнмен. Міне, осы оқу мәнері арқылы да проблема туғызуға болады. «Қай мәнер елең идеясьш, оның негізівде жатқан автор ойьш аша алады?» — деген сиякты. Өлеңді талдау алдында: «Балалар, бір сәт ойға кетейікші, ақын осы өленді жорык, соғыс үстінде жазған ба, жок, соғыстан соң жазған ба?» — деген сүрақ қою керек.

— Ал енді бір сәт ұшқыр қиялымызға жол ашайық. Түн… ел ұйкыда… Тек акын ғана дөңбекшіп, үйықтай алмай, әуреге түсуде. Жаңа ғана шырт үйқыда еді. Сонау Украина орманында калған достары — «Егіз үл» өңіндегідей жанына кеп, әзілдеседі, бірақ… бірак бүл күлкі шорт үзілді, жарылған бомба гүрсілі сол күлкіні иелерімен бірге домалатып алып кетті… Акын шошып оянды… Екі досын еске алды, кеудесіне келіп, лықсыған сағынышы жалынына қоса, көз жасы да төгіліп кетті. Отбасын оятып алмайын деп, баска бөлмеге барып, шырақ жарығымен «Айдар, Айдар, ак Айдар!» — деп, бастап кетті…

Ал енді өздерің калай көз алдарыңа келтірер едіңдер? Өлең қалай туған деп ойлайсыңдар?.. Өлеңді өздерің қандай мәнермен оқыр едіңдер? (Себебін түсіндіреді.) Осындай «Көңілашар» өңгімелесуден кейін, талдау жүмысын бастауға болады. Әрине, бұл жерде бұрын оқушыларға таныс емес Жүмағали Саин туралы кіріспе әңгіме жасап, оның шығармашыльщ жолына, өлеңде сөз етілген партизандык жолына қысқа да әсерлі түсінік беру керек.

Лирикалык шығармаларды өтуде сабақ үлгісінің тиімді түрлерін тандап алған дүрыс. (Тақырып, сынып ерекшелігіне қарай.) Мысалы, осы сабақты «Еске алу» сабағы, «Ерлік» сабағы деп немесе «Айдармен сырласу» сабағы ретінде өтуге болады.

Үлгі:

Өлеңді талдау үлгісі

Шумақ- Тақырып- Қысқаша Ақын Поэтикалық

тар шалар аннотация стилі тілі

I «Өткіздім Айдар кел- Сырласу, «Өр Айдар»,

 сенде көп беті, лири- ақын мо- «жағаң сурет,

 айлар». қалык кей- нологі, ка- суың бал».

  іпкердің со- рата айту. «Сүлу Айдар,

  ғыс жолы Лирика- сырлы Айдар».

   лық шегі- «Ар, адалдык

II «Ол майдан- Майдан, ніс, шалыс оты»

 да… ер жо- соғыс, ұйқасты

 лы…» ажал… ұтымды

   пайдала-

III Өмірді Партизан ну, лири-

 шықтым жолы, өмір калық

 арқалай… үшін күрес… сұрақтар

Көркем шығармаларды оқытуда барлығына қойылатын ортақ талап көркем компоненттеріне талдау. Бұл елеңде ерекше еске ұстар мөселе — өлеңнің сырласу стилінде жазылуы, ақын монологінің, лирикалық кейіпкердің әр алуан реңдерінің тогыса келуі (сағыныш, өкініш, куаныш, сенім, оптимизм, қайғы, мақтаныш).

Талдау барысында окушылармен лирикалық кейіпкер айналасында шағын сырласу, пікірлесу әңгімесін өткізу керек. Себебі, лирикалық шығармалардың бәріне тән ортақ қасиеті лирикалық кейіпкерлері болуында. Лирикада лирикалық кейіпкер өмір сүреді.

Сұрақтар:

— Өлеңдегі лирикалық кейіпкерге сипаттама бер.

Ж а у а п:

— Ол — бұрынғы партизан, ер солдат, өмір үшін күрескер,

адал дос, патриот, интернационалист.

— Лирикалық кейіпкердің көңіл күйіне сипаттама бер.

Шумақтар Көңіл күйінің сипаты

I шумак Еске алу, Айдар келбетіне сүйсіну.

II — III шумақтар Мүң, ауыр мұң.

IV шумак Өмір, өлім күресі.

IX шумақ Тербеліп ойга түсуі.

X шумак’ Отанға, елге деген ыстық сезім,

 достық сезім, серт беру, сену.

Бүл сүраққа жауап беру үшін, төмендегі көмекші құралды көрнекі етіп жазып, ұсынуға болады.

Е с к е р т у: Оқушылар екінші баган жауабын өздері айтады. Тек бірер жауабы ғана үлгі ретінде беріледі.

Қасым Аманжоловтың «Туған жер», «Домбыра» өлеңдерін окыту барысында да музыканы пайдалану тиімді болмақ. «Туған жердің» өз өуені, өні арқылы тамаша лирикалық шығармаларда әуен күйылып түратынын, олардың музыка тілеп түратынын дәлелдей кетудің артықтығы жоқ.

«Домбыра» өлеңін талдау сабағында мектептегі музыка пөні мүғалімімен пәнаралық сабақ немесе күйші-домбыра-шылармен кездесу сабағы тиімді болмақ. Мүвдай сабақтарды «Жарасым сабағи;» немесе «Домбырада қонақта» тақырып-тарымен өткізуге болады. «Домбыра» өлеңі — адам сезімінің нәзік қылына, нәзік пернелеріне әсер ететін, сезімнің көзге көріне бермейтін, бірақ бүкіл жан рухын баурап алатын қасиеті бар музыка әлемі туралы өлең. Сол себептен де Қасым сол өуенді сөзбен беруге талаптанса, әдебиет пөні мү-ғалімі оны оқушыға жеткізуге талаптанса, ал сабаққа ша-қырылатын конақтар күймен, домбыра сазымен жеткізуге талаптанса, яғни сөз-әуен үйлесім тауып жатқан мүндай сабақтардың тек білім емес, эстетикалық лөззат, нәр беретініне ешқандай шүбә жоқ.^Окушыларды өдемілікті сүюге, одан ләззат ала білуге тәрбиелеуде, эстетикалық нәзік талғамдарын дамытуда лириканың атқаратын рөлі зор. Сондықтан да оны оқытудың тиімді жолдарын қарастыра отырып, мүғалім міндетті түрде осы мәселелерге де, яғни сабактың тәрбиелік нәріне де ерекше көңіл бөлуі керек.

Лирикалық шығармаларды ету әдістемесін сөз ете оты-рып, енді оқушылардың, жас өспірімдердің оларға деген жағымды көзкарасы, қызығушылығын қалай туғызу керек, оның тиімді әдіс-тәсілдері қайсы, осы мөселеге тоқталайьщ. Жоғарыда айтылғандай, лирикада ақын сезімі емір сүреді, оқушы оны өз сезімімен қабылдайды. Екі сезім түйіскенде ғана, яғни ақын сезімі мен оқушы сезімі түйіскенде, кабысқанда, бір-бірін тапканда ғана ол туралы сез қозғау тиімді болмак. Оқушыларды лириканы сүюге, түсінуге, оны өз еріктерімен оқуға, өмірлік сырлас досы етуге талап-тандыру оны окытудың басты мақсаты болып табылады. Окупіылардың оған деген жағымды көзқарасыіі қалып-тастыру жүйелі жүмысты талап етеді. Бүл жүмыс сонау мектепке алғаш келген күндерінен, мектеп табалдырығын алғаш аттаған күндерінен басталуы керек. Оку-төрбие жұмысы дүрыс қойылған мектептерде бастауыш сыныптар мен жогары сынып мұғалімдері арасында тығыз байланыс болады. Әсіресе, 3-сынып оқушыларын оқытудың жаңа баспалдағына психологиялық жағынан дайындаудың маңызы ерекше зор. Үш жыл бойы бір мұғалімге үйреніп қалған оқушы енді әр пөнді жеке, өрі әр мүғалімнің оқытканына бірден бейімделе алмайды, Әсіресе, соңгы 3-сыныпта оларды болашақта кім оқытады, осы мәселелер шешіліп, сабак беретін пән мүғалімдері үнемі тығыз қарым-қатынаста болулары керек.

Бастауыш сынып балалары өлең жаттауды үнатады, мүғалім тапсырмасын бүлжытпай орындауға тырысады. Осы «белсенділіктерін» жойып алмай, келесі сыныптарда тапсырма бойынша өлеңнің өздеріне үнаған жерлерін жаттауға мән-мағынасын түсініп жаттауға баулу тиімді болмақ. Бастауыш сынып мүғалімдері сәби сезімін дамытуға, яғни өлеңді сүюге баулуда жүйелі, ері қызықты әдіс-төсілдер пайдалануы керек. Өлеңді мүғалімнің өзінің мәнерлеп оқуы, күйтабақтарды пайдалану, сабакка көркем сөз окудың шеберлерін шакырып, кездесу өткізу, табиғатқа саяхат жасау, сол жерде табиғат лирикалары туралы өлеңдер оқып, оны бейнелейтін суреттер көрсету, әндер тыңдап, алған әсерлері бойынша ізін суытпай пікірлесу, өңгіме өткізу, сыныптан тыс окуларда лирикалық шығарма-ларға көбірек көңіл бөліп, мөнерлеп оқу үйірмесін күру сияқты лирикалық шығармаларды сүюге баулу жүмыс-тарын жүргізу нәтижелі, тиімді болмақ. Кейбір үстаздар тәжірибесінде әр сабактың алдында «поэзияға» 3 — 5 минут бөліп, белгілі бір такырып айналасында оқушылар өздері сүйетін өлеңдерді окуға, жатқа оқуға, өз өлеңдерін окуға мүмкіндік алады. Егер бүл жүмыс жақсы ойластырылып, жүйелі ұйымдастырылғанда, оның нәтижесі де ойдағыдай болмақ. Оқушыларды жальщтырып алмау үшін, мүндай «кездесулерді» аптасына 1—2 рет өткізуге болады (әр мұғалім қалауы бойынша).

Мәнерлеп оку оқылып жаткан көркем туындының, яғни лирикалык өлеңнің мазмүны, мәніне байланысты болып келеді. Ерлік, патриотизмге негізделген өлеңдер көтеріңкі ырғак, көтеріңкі леппен окылса, табиғат, махаббат жайлы өлеңдер нөзік леппен, терең сезіммен оқылады . Лириканы мәнерлеп оқуда әр сөз, әр тыныс белгісі де үлкен рөл атқарады. Мысалы, Қасымның «Туған жер» өлеңінде «Уа, дариға, алтын бесік — туған жер» деген жолдар бар. Осы жолдардан ақынның туған жеріне деген терең сезімін түсінеміз, өрі «уа, дариға» деген сөздер арман, еліне деген мәңгі бітпейтін ақын махаббатын ерекше танытады. Ал осы сөздері ерекше бір арманды леппен, терең сазбен оқылады. Өлеңнің тармағы, шумағы, тіпті дыбыс үндестіліктеріне де назар аудару керек.

Мысалы, Мағжанның «Шолпан», «Толқын», т.б. өлеңде-рінде дыбыстардың маңызы ерекше. Ақын дыбыстан сурет жасайды, дыбыс аркылы махаббаттың лапылдап түрған жалыны беріледі, дыбыс келісімдері аркылы табиғаттың бейнесі көз алдыңа елестейді. Сондықтан әр дыбысты өз нәшімен оки білудің маңызы бар. Бүдан шығатын коры-тынды: лирикалық шығармаларды мүғалім қандай әдіс-тәсіл, сабак типтері арқылы өтсе де, ең алдымен, оны мән-мағынасына карай дүрыстап оқи отырып, талдаудан бастау керек.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *