ӘЖ тіреулері, арналымы және жіктелуі

Тіреулер арналымына байланысты бөлінеді:

Анкерлік (А) – оларда ӘЖ сымдары мен арқансымдардың мықты бекітуі бар; анкерлік тіреулер сымдар мен арқансымдардың толық ауырлығын, олар үзілген жағдайда өзіне қабылдайды, ригелдердің көмегімен топыраққа сенімді етіп бекітіледі.

Аралық (П) – тек қана сымдар мен арқансымдарды ұстап тұрады. ӘЖ-де аралық тіреулердің саны 70…80% жетеді.

Ақырғы (К) – желінің басында және аяғында орнатылады. Бұл тіреулер сымдар мен арқансымдардың толық біржақты ауырлығын өзіне қабылдайды, анкерлік тіреулердің бір түрі болып табылады.

Бұрыштық (У) – ӘЖ трассасының бұрылыс нүктелерінде орнатылады: өзінің қиыстырмасы бойынша олар анкерлік болып та, аралық болып та орындалады. Анкерлік – бұрылыс бұрышы 20° артық болған кезде.

Одан басқа, арнайы тіреулер бар, мысалы, транспозициялық, бөлек фазалардың өз аралық сымдардың толық кедергілерін теңестіру мақсатымен, оларда сымдар орындарын ауыстырады (айқастырады); жоғартылған – теміржол, шоссе, телефон желілері және т.б. арқылы желілердің өткелдерінде қондыру үшін; өткелдер – өзендер, кең және терең жыралар және с.с. арқылы желілердің өткелдерінде қондыру үшін; тармақталуларда – магистраль желілерінен тармақталуды құру үшін.

Материал бойынша желінің кернеуіне, тіреуге бекітілетін сымдар мен арқансымдардың санына, сымдардың орналасуына, климаттық және басқа жағдайларға байланысты әртүрлі қиыстырмалық ағаш, темір-бетон және металл тіреулер қолданылады.

Ағаш тіреулер шіруден ағашты қорғайтын антисептикпен сіңірілген, қарағайдың, бал қарағайдың, майқарағайдың немесе шыршаның бөренесінен жасалады. Сіңірілмеген ағаш орта есепте 4-5 жыл (қарағай), ал сіңірілген 25-30 жыл қызмет етеді. Бөрененің жоғарғы кесіндідегі рұқсат етілген диаметр минимумы – 14см, ал тіреудің көмекші элементтері үшін – 12см.

Тіреулердің қиыстырмасы болады: біреулік (шырақша), А – тәріздес, П – тәріздес және АП – тәріздес.

Бұндай тіреулердің қарапайым қиыстырмасы – бұл біреулік бағандар («шырақшалар»). Оларды ӘЖ-0,4, 6 және 10кВ үшін, кейде 35кВ үшін қолданылады. А-тәріздес, П-тәріздес және АП-тәріздес тіреулер өте күрделі болып табылады. 110кВ ӘЖ үшін негізінен П және АП-тәріздес тіреулер қолданылады. 35 кВ ӘЖ үшін сымдардың қималары АС-95 мм2 және артық болған кезде бұндай тіреулер қолданылады. Сымдардың қималары 95мм2 кем болған кезде 35кВ ӘЖ қарапайым «шырақшалар» және А-тәріздес тіреулер қолданылады.

Қарапайым тіреу кәдімгі тіреуіштен (1) және жалғамадан (2) немесе оны тағы да аталатын «бұтақтан» (2)тұрады. Оларды бір-бірімен болттармен, қамыттармен немесе антикоррозиялық жабықшамен қорғалған, диаметрі 4мм (12 орамдар) немесе 5-6мм (8-10 орамдар) болат мырышталған талсымнан жасалған талсымдық бандаждармен жалғайды.

Тіреудегі көлденең салма траверс деп аталады. Ол онда штырлік изоляторларды бекіту үшін қызмет етеді. Траверстің өзі тіреуішке гайкасы бар болттармен бекітіледі. Орнықтылығы үшін тіреуішке қиғаш жасалады.

Ағаш тіреулер біріңғайландырылған, олардың негізгі сипаттамалары анықтамалық әдебиеттерге әкеледі. 1кВ-қа дейінгі ӘЖ тіреулері маркасы А16…А50 2-ден 8-ге дейін сымдарды бірге ілуге және радиотрансляциялық тораптың біруақытта 4-ке дейін сымдарды ілуге рұқсат етіледі. Есептік аралықтар монтаждалатын сымдардың саны мен маркасына, тұрғызылатын желінің климаттық ауданына (25 метрден 45 метрге) байланысты қабылданылады.

Ағаш тіреулер 1,5 есе арзан, темірбетондық және металдық тіреулерден қарағанда.

Темірбетондық тіреулер (қызмет ету мерзімі 50 жылдан артық). Оңтайлы сапалары: ғұмырлылығы, коррозияға шыдамдылығы, эксплуатацияға қарапайымдылығы, металдыққа қарағанда арзандылығы. Тіреуіштен, траверстен және арқансым тіреуішінен тұрады. Тіреуіштер цилиндрлік немесе конустық трубалар түрінде орындалады.

Металдық тіреуіштер 110, 220, 330кВ және жоғары ӘЖ-де анкерлік және бұрыштық ретінде қолданады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *