ӘЖ арналған сымдар

Электр берілістің ӘЖ үшін бір немесе бірнеше талсымдардан тұратын, жалаңаш (оқшауланбаған) сымдар қолданылады.

Сымдардың материалы.

ӘЖ сымдарының материалына қойылатын негізгі талаптар – электр кедергісі аз, яғни өткізгіштілігі жоғары. Сымның өткізгіштілігі жоғары болған сайын, беріліс кезінде шығыны аз болады. Электр энергияның ағындары үлкен болған кезде, ерекше мәнін өткізгіштілік ие болады. Одан басқа, сымдардың материалы жеткілікті механикалық беріктілікке ие болуы, ауада ұсталатын ылғал мен химиялық заттардың әсеріне орнықтылығының болуы, арзан және дефицит емес болуы тиіс. Сым үшін мыс, алюминий және болат қолданады.

Өткізгіштілігі бойынша 1-ші орында мыс (Cu) тұр, содан кейін қола мен алюминий (Al), сосын болат тұр. Механикалық беріктілігі бойынша 1-ші орында – болат. Атмосфералық әсерге орнықтылығы бойынша мыс (Сu) және қола сымдар өте жақсы; Алюминий (Аl) сым теңіз жағалауларында, химиялық зауыттардың жанында коррозияға ұшырайды. Болат сым нормалды жағдайларда да коррозияға ұшырайды, сондықтан болат сымға қажетті шыдамдылықты беру үшін оларды мырыш (Zn) қабатымен жабады.

Өткізгіштілігі жоғары мыс (Сu) қымбат және дефицит материал болып табылады, сондықтан мыс сымдар негізінен арнайы желілерде – темір жолдың, трамвайлардың, троллейбустардың, метроның түйіспелік торабында, сондай-ақ теңіз бен химиялық мекемелердің жанында қолданады.

Алюминий (Аl) өткізгіштілігі 1,6 есе кем, мыстың (Си) өткізгіштілігіне қарағанда, бірақ бірдей қашықтыққа, бірдей қуатта, бірдей және сондай кернеуде, беріліске арналған алюминий (Аl) сымның салмағы 2 есе кем, мыс (Сu) сымға (олардың қимасы 1,6 есе үлкен болуы тиіс) қарағанда, себебі алюминийдің тығыздығы 3,3 есе аз, мыстың тығыздығына қарағанда. Теңіз суының сілтілігін, тұз қышқылын және тұзын шығарғанда, алюминий атмосфералық әсерге орнықтылығы жеткілікті.

Салыстырмалы жоғарғы өткізгіштілігі, тығыздылығы үлкен емес, құны төмен және дефицит еместігі электр берілістің ӘЖ-ң сымдарын жасау үшін алюминийді кеңінен қолдану етек алып отыр. Бірақ алюминийдің механикалық беріктілігі аз болғандықтан, салбырау бағыттамасын үлкейтуге әкеліп, тіреудің биіктігінің үлкеюіне немесе аралық ұзындығының азаюына сәйкестеледі. Сондықтан таза алюминий сымды кернеуі 35кВ дейінгі жергілікті мәні бар желілерде пайдаланады, аралық ұзындығы 100…120метрден аспайды.

Болат сымдар мен арқансымдардың, электр өткізгіштілігі аз болады, химиялық әсерге шыдамдылығы аз болады, бірақ механикалық беріктілігі үлкен, сымдардағы үлкен емес токтарда жауапкершілігі төмен желілерде, ал сондай-ақ кең жыралармен, өзендермен, сайлармен және су қоймалармен қиылысқанда қолданады.

Сымдардың қиыстырмасы.

Қиыстырмасы бойынша сым бөлінеді: бірсымдық, 1 талсымнан тұрады және көпталсымдық, бірнеше талсымнан тұрады.

Бірталсымдық сым монометалдық (алюминийлік, болаттық, мыстық) және биметалдық (болатмыстық, болаталюминийлік) болады. Көпталсымдық сым, бұлда монометалдық және комбинирлік (болаталюминийлік, болатқолалық) болуы мүмкін.

А) бірталсымдық монометалдық;

ә) бірталсымдық биметалдық;

б) көпталсымдық монометалдық;

в) көпталсымдық комбинирлік.

Бірталсымдық сым биметалдық болат талсымнан жасалады, мыс немесе алюминий қабатымен жабылады. Көпталсымдық сым монометалдық (кәдімгі алюминий (Аl), сирек мыс (Сu) немесе алюминий (Аl) қоспаларынан) көбінесе, бір орталық талсымы болады және талсымның келесі орамы (қатары) бір материалдан және диаметрден болады. Орталық талсымның айналасына бірінші, 6 талсымнан орам, 2 12 талсымнан орам және тағы әрі қарай, яғни әрбір келесі орам, алдыңғысынан 6 талсымға көп болады. Сым айналып кетпеу үшін, әрбір келесі орам, алдыңғысына қарама-қарсы бағытта жасалады.

Көпталсымдық комбинирлік сымдардың, механикалық беріктігі үшін болат талсымдардан өзекшесі болады, оған өткізгіштілігі жақсы металдан талсым орамдарын жапсырады. Ең көп таралған, болат талсымнан және алюминиий талсымдардың бірнеше (әдетте 4 артық емес) орамдарынан 1 немесе көпталсымдық өзекше түрінде комбинирлік болаталюминиийлік сымдар көш басында тұр.

Сымның жұмыс ұзақтылығын көбейту үшін антикорозиялық қорғау электр тораптық майлаумен (АҚЭТМ) жабады, аязға шыдамдылығы -50°С дейін және жылуға шыдамдылығы +100°С дейін болады.

Сымдардың орналасуы.

1000В-ке дейінгі ӘЖ-де бір-, сондай-ақ көпталсымдық сымдар қолданылады. Механикалық беріктілік шарты бойынша сымдардың қимасы кем болмауы тиіс:

— алюминийлік маркасы А – 16 мм2;

— болаталюминийлік және биметалдық маркасы АС – 10 мм2;

— болат көпталсымдық – 25 мм2;

— болат бірталсымдық – 4 мм артық емес.

1000В-тен жоғары ӘЖ-де механикалық беріктілік шарты бойынша тек қана көпталсымдық сымдар мен арқансымдарды қолданады:

— минималь қимасы маркасы А – 35 мм2;

— минималь қимасы маркасы АС және болат – 25 мм2.

0,38кВ ӘЖ-ң тіреулерінде фазалық сымдардың қандайда-бір орналасуы рұқсат етіледі. Нөлдік сым, ережеге сай, фазадан төмен орналастырады. Бұл кезде ӘЖ-ң сымдарымен бірге тіреулерде тартылатын сыртқы жарықтандырудың сымдары, ӘЖ-ң сымдарынан төмен орналасуы тиіс.

Сымдарды маркілеу.

Сымдарды маркілеуге, олардың материалын және көлденең қимасының ауданын көрсететін әріптер мен сандар кіреді: А – алюминийлік; М – мыстық; ПС – болаттық (мысалы, А-35). Бірталсымдық болат сым ПСО (мырышталған) әріптерімен және олардың диаметрін мм-де көрсетілетін сандармен (ПСО-4) белгіленеді. Кәдімгі алюминийлік қоспалардан АВ-Е жасалған сымды АН әріптерімен белгілейді, ал термиядық беріктіленгеннен жасалған – АЖ.

Комбинирлік сымдардың белгісінде өзекшенің және алюминийлік орамдардың материалы мен қимасының ауданын көрсететін бірнеше әріптер мен сандар кіреді (мысалы, АС-70/11 – болаталюминийлік сым болат өзекшесімен S=11мм2 және алюминийлік орамдарымен S=70мм2). Алюминийлік және болаталюминийлік сымдар беріктілігі жоғартылған алюминийлік талсымдардан жасалған Ап және АпС белгілейді. Егер сымның талсым аралық кеңістігі нейтраль майлаумен қорғалған болса, онда белгіде КП әріптері қосылады (АСКП-120/19), ал егер тек қана болат өзекше майлаумен қорғалған болса, – КС әріптері қосылады (АСКС-150/19). Полиэтилентерифталаттық қабыршақтан жасалған ленталармен жабылған өзекшесімен сым АСК әріптерімен белгілейді.

1-кесте.

ӘЖ үшін қолданылатын оқшауланбаған сымдар

Сымның маркасы Сымның қиыстырмасы

А Маркасы АТ алюминийлік талсымдардан бұралған сым (қатты күйдірілмеген).

Ап Маркасы АТп алюминийлік талсымдардан бұралған сым – беріктілігі жоғартылған.

АКП Маркасы А сым, бірақ сымның талсымаралық кеңістігі нейтраль майлаумен толтырылған, жылу шыдамдылығы жоғартылған.

АпКП Бұл да, Ап сияқты, бірақ жылу шыдамдалығы жоғартылған майлаумен.

АС Болаталюминийлік сым, алюминийлік талсымдардан орамымен болат өзекше.

АСКС Маркасы АС сым, бірақ жылу шыдамдылығы жоғартылған нейтраль майлаумен қорғалған болат өзекше.

АН Маркасы АВ-Е термиялық өңделмеген алюминийлік қоспа талсымнан бұралған сым (иілімділігі жоғартылған және механикалық беріктілігі жоғартылған).

АЖ Маркасы АВ-Е термиялық өңделмеген алюминийлік қоспа талсымнан бұралған сым (иілімділігі жоғартылған және механикалық беріктілігі жоғартылған).

ПС Болат талсымдардан бұралған сым.

ПСО Болат бірталсымдық мырышталған сым.

М Мыс сымдар

БС Болат қолалық сымдар

АСУС Болаталюминийлік ерекше күшейтілген үлкен су кеңістіктері арқылы өтуге арналған.

ӘЖ-де найзағайдан қорғағыш арқансымдар ретінде болат арқандарды қолданады, С немесе СТ әріптерімен және олардың қимасының ауданын көрсететін сандарымен (С-35) белгілейді. Кейде арқансымдар ретінде қимасы үлкейтілген АС сымдары пайдаланылады.

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *