4.1. Электр тартылымның түрлері, оларды тарту тәсілдері.
4.2. Электр тартылымды жүргізетін элементтер.
4.3. Электр тартылымға қойылатын талаптар және оларды қолдану нұсқамалары.
4.4. Электр тартылымға арналған сымдар, кабельдер және шнурлар. Сымдардың қимасын таңдап алу.
1. Электр тартылымның түрлері (терминдер және анықтамалар)
Электр тартылым – бұл тартылған сымдар мен кабельдердің жиындығы, оларды бекітетін, ұстап тұратын және қорғайтын конструкциялар мен бөлшектер.
Электр тартылымға күштік, жарықтандыру және оқшауланған орнату сымдарының барлық қимасының қолданылуымен айнымалы және тұрақты токтың екінші реттік тораптары, сондай-ақ, фазалық тарам қимасы 16мм2 дейінгі металл, резина немесе пластмасса қабықшадағы резиналы немесе пластмассалы оқшауламасымен брондалмаған күштік кабельдер жатады.
Электр тартылым мынадай түрлерге бөлінеді: ашық, жабық және сыртқы.
Ашық – бұл қабырғалардың, төбелердің бетімен, ферма, сырық, колонна және үйжайдың басқа құрылыс элементтерінің бойымен тартылатын электр тартылым.
Жабық – үйжайлар мен ғимараттардың конструкциялық элементтерінің ішімен тартылатын электр тартылым.
Сыртқы – үйжайлар мен ғимараттардың сыртқы қабырғаларымен, бастырма астыларымен, сондай-ақ, көшелер мен жолдардан тыс (құрылыс алаңдарына, аулаларға, үй алдындағы бақшаларға және с.с.) үйжайлардың арасында бағаналарда (4 тартылымнан артық емес, әрқайсысының ұзындығы 25 м-ге дейін) электр тартылым.
Электр тартылымды жүргізудің мынадай тәсілдері қолданылады:
ашық – тікелей құрылыс негіздемесі мен конструкциясының бойымен қапсырмалардың, роликтердің, изоляторлардың көмегімен тартылатын; арқансымда (ішекте, темір табықшада, лентада); лотоктарда және қорапшаларда; пластмассалы және болат түтікшелерде, иілгіш металл рукаваларда; электр техникалық плинтустарда және маңдайшаларда; еркін ілмектерде тартылатын электр тартылым.
жабық – үйжайлардың құрылыс конструкция каналдарында (қабырғаларда, едендерде, іргетастарда, төбелерде), тікелей алынбалы еден астында, трубаларда, иілгіш металл рукаваларда тартылатын электр тартылым. Тұрғын және қосымша үйжайларда сылақ астында қабырға бойымен, сыланатын қарықтарда, оларды даярлау кезінде құрылыс конструкцияларындағы біртұтас қуыстарында тартуға рұқсат етіледі.
сыртқы электр тартымдарды көбінесе, ашық, кейде изоляторларда және болат трубаларда сымдармен, кейде үйжайлардың тікелей қабырғалар бойымен немесе арқансымдарда кабельдермен орындалады.
Кірме (электр берілістің әуе желісінен) – үйжайдың немесе ғимараттың сыртқы бетінде (қабырғада, шатырда) орнатылған изоляторлардан бастап, ішкі электр тартылымымен әуе желісінен, кірмелік құрылғының қышқыштарына дейінгі тармақты жалғайтын электр тартылым.
Сымдар мен кабельдерді тарту түрін және тәсілін таңдап алу, келтірілген шығындардың минимумы бойынша электр- және өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың есебімен жүзеге асырылғаны дұрыс.
2. Электр тартылымды жүргізетін элементтер
Ішек – болат талсым, оған сымдарды, кабельдерді немесе олардың байламдарын бекіту үшін қабырға, төбе немесе басқа конструкция бетіне тақалып керіліп тартылатын болат талсым.
Тілім – металл тескіленген тілім, оған сымдарды, кабельдерді немесе олардың байламдарын бекіту үшін қабырға, төбе және т.с.с. бетіне тақалып бекітілген металл тескіленген тілім.
Арқансым – болат талсым (немесе болат арқан), оған сымдарды, кабельдерді немесе олардың байламдарын ілу үшін ауада керіліп тартылатын болат талсым.
Қорап – сымдар мен кабельдерді тартуға арналған тікбұрышты немесе басқа қимадағы жабық қуыс конструкция, оның қызметі механикалық зақымдалудан қорғау. Не үйжайларда, не сыртқы тартылым үшін пайдаланылатын жабық немесе ашылатын жапқышы бар қораптардың болуы мүмкін.
Науа – сымдарды және кабельдерді тартуға арналған ашық конструкция, оларды механикалық зақымдалудан қорғамайды. Жанбайтын материалдардан жасалады, олар тұтастанған, тескіленген немесе торланған болуы мүмкін. Үйжайларда және сыртқы қондырғыларда қолданылады.
3. Электр тартылымға қойылатын талаптар және оларды қолдану нұсқамалары
Электр тартылымға қойылатын мынадай талаптар:
1) электр тартылымның механикалық және электрлік беріктігі ішкі тартылымды 10…12 жыл, кабельдік тартылымдарды – 25 жыл ғұмырлылығын қамтамасыз етуі тиіс.
2) электр тартылымның тартылуы үйжайды жаппауы, жабдықтың сыртқы түрін және үйжайдың интерьерін бұзбауы, сәулеттік ерекшелігіне сәйкес болуы тиіс.
3) электр тартылым конструкциясы сымдарды ауыстыру мүмкіндігін, қызмет көрсету және эксплуатациялау кезінде қауіпсіздікті, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
4) электр тартылым сымдар мен кабельдердің оқшауламасы қоршаған ортаның жағдайына – тораптың номиналь кернеуіне, ал қорғау қабықшалары — тартылым тәсіліне сәйкес болуы тиіс.
5) экономикалық талаптар есепке алынуы тиіс.
4. Электр тартылымға арналған сымдар, кабельдер және шнурлар
Электр сымдары, кабельдері және шнурлары электр энергияны беруге және электр қондырғылар мен электр жабдықтардың элементтерін жалғауға арналған.
Кабель – бір немесе бірнеше бірге өрілген оқшауланған тарамдар, металл немесе бейметалл қабықшада жабылған, электр тоғын өткізу үшін арналған.
Сым – бұл бір немесе бірнеше өрілген талсымдар немесе оқшауламаланған тарамдар, талшық материалдардан, талсымдардан немесе жұқа фальцеленген металлдан бетіне жабылған жеңіл қабықша (орама, қабық) болуы мүмкін.
Электрлік шнур – бұл иілгіштігі жоғартылған оқшауламаланған тарамдарымен сым. Оны жылжымалы құрылғылары бар (ерекше тұрмыстық, тұрмыстық электр аспаптарымен өте кеңінен қолданылады – өтек, плитка, стөл шамы және басқаларда) электр қондырғыларды және электр жабдықтарды жалғау үшін пайдаланылады.
Сымдар болады: оқшауланбаған (жалаңаш) және оқшауланған, ток жүретін тарамдары электр оқшауламалық материалдармен жабылған.
Оқшауланған сымдар бөлінеді: монтаждаушы, орнатушы және басқалар.
Монтаждаушы сымдар электрлік, радиотехникалық және с.с. құрылғылардағы электр сұлбаларын жалғау үшін пайдаланылады.
Орнатушы сымдар төменгі кернеулі тарату тораптарын, яғни электр тартылымдарды монтаждау үшін қолданылады. Олар болады: қорғалмағандар және қорғалғандар.
Қорғалған сымның электр оқшаулама бетінде, механикалық зақымдалудан қорғау үшін металл немесе басқа қабықша болады. Қабықша жұқа (0,3мм) болат мырышталған талсымнан, фальцеленген жұқа металл лентадан (0,25-0,3мм) тігілген және басқалардан жасалған қабық түрінде болуы мүмкін.
Қорғалмаған сымның мұндай қабықшасы болмайды, бірақ механикалық зақымдалудан сымдардың оқшауламасын қорғамайтын орама немесе иірген жіптен қабығы болуы мүмкін.
Сымдар бөлінеді: ток өткізетін тарам материалымен (Аl — алюминий, Cu — мыс), тарамдардың санымен (бір- және көптарамдылар), қиыстырмаларымен (бір- және көпталсымдық тарамдар) дөңгелек және жалпақ сымдар, тарамдардың оқшауламасымен (резеңке, полиэтилен, поливинилхлорид, найриттік), тарамдардың қимасымен (0,35…800 мм2 – мыс тарамдарымен, 2,5…800 мм2 – алюминий тарамдарымен).
Сымдарды әріптермен маркілейді, олардан кейін сандармен саны, тарам қимасының ауданы жазылады. Сымдардың маркісін белгілеу құрылымы мынадай: 1-ші әріп ток өткізетін тарамдардың материалын белгілейді (А-алюминий, А болмауы — мыс); 2-ші әріп (немесе екі) – аталуы және қиыстырмасы (П – дөңгелек сым, ПП – жалпақ сым); 3-ші әріп – оқшаулама тегі (Р – резеңке, В — поливинилхлорид, П — полиэтилен, Н — найрит). 4-ші орында, егер болса, қорғаушы жабықшалардың және қабықшалардың сипаттамалары қойылады (В — поливинилхлоридтік, Н – жанбайтын хлорпрендік қабықша, Л – мақтақағаздық иірген жіптен жасалған қабық, лакпен жабылған, Ф – фальцтелген қабықша) және басқалар.
Ток өткізгіш мыс иілгіш көпталсымдық тарамды белгілеу резеңкелік (Р) немесе поливинилхлоридтік (В) оқшауламасынан кейін (Г) әрпі қойылады.
Жалпақ сымдар жарыққа төзімді пластикаттан жасайды, бөлектеуші негіздемеден жабық төсемге арналған және С әрпімен белгіленеді, оны сым маркінің аяғында қояды.
Резеңкелік оқшауламасымен бір- және көптарамдық сымдар, қабықта, шірімділікке қарсы құрамы сіңірілген, жанбайтын құбырларда төсеу үшін арналған, сым маркісінің аяғында ТО қосымша әріптерімен белгілейді.
Қазіргі уақытта электр тартылымдар үшін алюминий тарамдары бар негізінде сымдар мен кабелдер қолданылады. Мыс тарамдарымен тек ЭҚЕ-де айтылған жағдайларда қолданылады, мысалы, қопарылысқа қауіпті үйжайларда, жауапты тізбектер үшін (лифттердің кабиналары мен шахталары) және басқалар.
Ауыл шаруашылығында негізінде алюминий тарамдарымен қорғалмаған орнату сымдары қолданылады. Ток өткізгіш тарамдардың көлденең қимасы мм2-та өлшенеді.
АППР – бөлгіш қабыршақпен жалпақ, резеңке оқшауламасымен, жануға таралмайтын, 2-, 3-, 4-тарамдық 2,5…10мм2 қимасымен ағаш негіздеме бойымен тікелей төсеу үшін. Мал шаруашылық үйжайларында қолданылады.
АПР – алюминийлік біртарамдық резеңкелік оқшауламасымен мақтақағаздық иірген жіптен жасалған қабықта, шірімділікке қарсы құрамы сіңірілген. Құрғақ және ылғалды үйжайларда оқшаулаушы тіреулерде (роликтерде, изоляторларда, клицаларда), құбырларда, астауларда және қораптарда төсеу үшін арналған.
АПРВ – резеңкелік оқшауламасымен поливинилхлоридтік қабықшада, 1- немесе 2-тарамдық 2,5…16 мм2. АПР сияқты, қолданлады.
АПРН – ол да, бірақ найриттік қабықшада (ерекше резеңке, жануға таралмайтын) жанбайтын және қиынжанатын негіздеме бойымен ашық төсеу үшін (1-тарамдық, 2,5…120 мм2 қимасымен).
АПРИ – резеңке оқшауламасымен, қорғаушы қасиеттерімен иеленген. 1-тарамдық, 2,5…120 мм2 қимасымен, дымқыл және құрғақ үйжайларда төсеу үшін.
АПРТО – резеңкелік оқшауламасымен, мақтақағаздық иірілген жіптен жасалған қабықта, шірімділікке қарсы құрамымен сіңірілген, жанбайтын құбырларда төсеу үшін, 1, 2, 3, 7, 10 және 14 тарамдардың санымен, 2,5…120 мм2 қимасымен.
АПП – өздігімен өшетін полиэтиленнен жасалған оқшауламасымен, 1-тарамды, 2,5…120мм2 қимасымен құбырларда, құрылыс қиыстырмаларының қуыстарында, астауларда, қораптарда, плинтустарда төсеуге арналған.
АППП – бұл да, АПП сияқты, бірақ жалпақ бөлгіш қабыршақпен, жанбайтын беттердің бойымен ашық тартуға арналған.
АПВ – поливинилхлоридтік оқшауламасымен, 1-тарамды, құбырларда, құрылыс қиыстырмаларының қуыстарында, астауларда, қораптарда, төсеуге арналған.
АПППС – бұл да, АППП сияқты, бірақ жабық электр тартылымға арналған.
АППВС – бұл да, АППВ сияқты, бірақ бөлгіш негіздемесіз жабық тартылымға арналған.
Барлық келтірілген сымдар (АППР басқасы) мыс тарамдарымен аналогтары бар, олар фермаларда өте шектелген түрде қолданылады. Қорғалмаған орнату сымдары қоршаған ортаның температурасы -40-тан +50ºС-ға дейін және салыстырмалы ылғалдылығы 95±3% болған кезде эксплуатациялау үшін арналған.
Қорғалған сымдар АПРФ және ПРФ алюминий және мыс тарамдарымен (1-3) резеңке оқшауламасымен жұқа металл фальцеленген қабықшада, ыстық үйжайларда қолданылады. Мыс сымдары ПРП, ПРРП резеңке оқшауламасымен (резеңке қабықшасымен) және болат мырышталған талсымдардан жасалған қабықпен, шеберханаларда пайдаланылады.
Арқансымдық электр тартылымдарды орындау үшін алыпжүруші арқансыммен сымдар шығарылады.
АРТ – резеңке оқшауламасымен алыпжүруші арқансымымен, 2- және 4-тарамды, 2,5…35мм2 қимасымен, үйжайдың ішінде тартуға арналған, жоғартылған механикалық беріктілігімен.
АВТ – поливинилхлоридтік оқшауламасымен, 2- және 4-тарамды, 2,5…16 мм2 қимасымен, арқансыммен сыртқы төсемге арналған (үйге кірмелерінде).
АВТВ – бұл да, АВТ сияқты, бірақ үйжайдың ішінде төсеуге арналған.
АВТУ – бұл да, бірақ күшейтілген арқансыммен.
АВТС – бұл да, АВТ сияқты, ауыл шаруашылығына арналған. Ауыл шаруашылық үйжайларында ішкі арқансымдық тартылымдар үшін және ауылдық жерлерде тұрғын үйлерге әуе кірмелері үшін қолданылады.
Жылжымалы және тасымалданатын электр машиналары үшін, тұрмысқа арналған жылжымайтын қондырғылар үшін баусымдар (шнурлар) қолданылады:
ШВВ, ШВП, ШРС және басқалар 2- немесе 3-тарамдарымен.
Ток өткізгіш тарамдар, мыс талсымдардан бұралған, 0,2…4мм2 қимасымен, поливинилхлоридтік оқшауламасымен (В) және қабықшасымен (В), жалпақ параллельді қойылған тарамдармен (П), резеңкелік оқшауламасымен және резеңкелік қабықшасымен (Р), бұралған тарамдарымен (С), иілгіштер.
ШВВ – поливинилхлоридтік оқшауламасымен және қабықшасымен баусым (шнур).
ШВП – поливинилхлоридтік оқшауламасымен, жалпақ параллельді қойылған тарамдармен (П) баусым (шнур).
ШРС – резеңкелік оқшауламасымен және резеңкелік қабықшасымен, бұралған тарамдарымен (С).
Сымдардың қимасын таңдап алу
Сымдардың қимасын рұқсат етілген кернеу шығыны бойынша, жүктеме тоғымен сымдардың рұқсат етілген қызуы бойынша және механикалық беріктілігінің жағдайы бойынша таңдап алынады.
Жарықтандыру тораптарында рұқсат етілген кернеу шығындары номиналь кернеуден 2,5%, ал 0,4кВ күштік тораптарда — 6% (7,5%) құрайды.
Рұқсат етілген ток тығыздығы сымның тарам материалына, оқшаулама түріне, төсеу тәсіліне, тарамның қимасына тәуелді. Алюминий тарамдар үшін ток тығыздығы 1,6..10А/мм2, мыс тарамдар үшін – 2…17А/мм2 құрайды. Ток тығыздығының үлкен мәндері сымдардың кіші қималары үшін – 1,5; 2,5; 4мм2 рұқсат етіледі.
Алюминий сымдар үшін механикалық беріктілік жағдайы бойынша ең кіші қима 2,5мм2 қабылданады; тұтынушыға кірмелері және электр санауышқа жеткізу үшін – 4мм2; изоляторлардағы сымдар үшін, бір-бірінен 6 м-ге дейін орналасқан – 4мм2; изоляторлар арасындағы қашықтық 12 м болған кезде – 10мм2; 25 м – 16мм2; тұрғын үйлердің қадаушаларындағы сымдар үшін – 6мм2.
Механикалық беріктілігінің жағдайы бойынша мыс сымдардың тарамының минималь қимасы тасымалдауыш ток қабылдағыштар үшін 0,75мм2 құрайды; тасымалдауыш шлангылық кабелдер – 1,5 мм2; жылжымалы электр қабылдағыштар үшін кабелдер – 2,5 мм2; үйжайдың ішінде стационар төсемдер үшін, жабық тартылым үшін сымдар – 1,0 мм2; роликтерде, клицаларда және изоляторларда – 1,5 мм2; роликтерде сыртқы қондырғыларда төсеу үшін – 1,5 мм2, изоляторларда – 2,5 мм2.
Рұқсат етілген кернеу шығыны бойынша сымдардың қимасы мына формула бойынша есептеледі:
S=ΣM/c·Δu,
мұнда ΣM – бірнеше жүктемелер болған кезде жүктеменің электр моменттерінің қосындысы.
M=P·l, кВт·м
где Δu% — рұқсат етілген кернеу шығыны %; с – тораптың сипаттық коэффициенті, тарамның материалына тәуелді, мысалы:
Энергияны тарату жүйесі Кернеудің мәні, B коэффициенттің мәні, c
мыс тарамдары үшін алюминий тарамдары үшін
3-ф. + 0 380/220 72 44
2-ф. + 0 380/220 32 19,5
1-ф. + 0 220 12 7,4