Электр жбдықтарды монтаждаудың жалпы сұрақтары

Қоршаған ортаның жағдайы бойынша, өрт қауіпі және қопарылыс туу дәрежесі бойынша, адамдар мен жануарлардың электр тоғымен зақымдалу қауіпі бойынша үйжайлардың жіктелуі;

2. Электр жабдықтың жіктелуі.

1. Үйжайлардың жіктелуі.

1) Қоршаған ортаның жағдайы бойынша мал шаруашылық кешендерінің үйжайлары мынадай категорияға жатады:

Құрғақ, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60%-дан аспайды. Мұндай үйжайларда «ыстық», «шаң-тозаңды» және «химиялық активті ортасы» бар үйжайлар үшін сипатталатын жағдайлар жоқ кезде оларды нормалды деп атайды. Құрғақ үйжайларға жатады: жылытылатын қоймалар, шеберханалардағы қосалқы үйжайлар, қосымша үйжайлар, тұрғын бөлмелер және с.с.

Ылғалды, булар мен конденсацияланбайтын ылғал тек қысқа уақытта, үлкен емес мөлшерлерде бөлінеді, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60…75%-ды құрайды. Бұл жылынбайтын қоймалар, баспалдақ алаңшалары, асхана залдары, тұрғын үйжайлардың көкнелері және басқалар.

Дымқыл, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы ұзақ мезгілде 75%-дан артады. Бұл- сиыр сауу залдары, сүт қоймасы, қоғамдық асханалардың көкнелері және басқалар, ал сондай-ақ, микрклимат қондырғылары бар кезде – сиыр қоралары, шошқа қоралары, бұзау қоралары, құс қоралары және басқалар.

Ерекше дымқыл, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100%-ға жуық (яғни төбе, қабырғалар, еден және үйжайда тұрған заттар ылғалмен жамылған). Бұларға жатады: ыдыс-аяқ жуылатын үйжайлар, ылғал жемдерді даярлауға арналған жем жасайтын цехтар, ал сондай-ақ бастырма астындағы сыртқы қондырғылар.

Ыстық, әртүрлі жылулық сәулелердің әсерімен тұрақты немесе мерзімімен (1 тәуліктен артық) температура +35°С-дан асады. Бұл жылыту қазандары, кептіргіштері бар үйжайлар, күйдіруге арналған пештері бар үйжайлар және басқалар.

Шаң-тозаңды, өндіріс жағдайы бойынша шаң-тозаң сондай мөлшерлерде бөлініп, ол сымдардың бетіне қонуы, машиналардың, агрегаттардың және с.с. ішіне кіруі мүмкін. Олар ток өткізетін және ток өткізбейтін шаң-тозаңды үйжайларға бөлінеді. Бұл диірмендер, құрғақ концентрациялық жемдерді, аралас жемдерді майдалауға арналған үйжайлар, цемент және басқа төгілмелі жанбайтын материалдардың қоймасы.

Химиялық активтігі немесе органикалық ортасы бар үйжайлар тұрақты немесе ұзақ уақыт ішінде агресисиялық булар, газдар, сұйықтар ұсталады, шөгінді немесе зеңнің тууы, оқшауламаны және электр жабдықтың ток жүретін бөлігін бұзады. Оларға жатады: сиыр қоралар, шошқа қоралар, бұзау қоралар, құс қоралар және басқа микроклиматты тудыратын қондырғысыз мал шаруашылығының үйжайлары.

2) қопарылыс пен өрт туу үйжайдың қатынасында бөлінеді:

Қопарылыс қауіпті үйжайлар немесе үйжайдағы аумақтар немесе сыртқы қондырғыда болады немесе қопарылыс қауіпі бар қоспалар тууы мүмкін. Қопарылыс қауіпі бар қоспа деп, ауаның жанатын газдармен, жеңіл тұтанатын сұйықтардың буларымен (ұшқындау температурасы 61°С-дан аспайтын), жанатын шаң-тозаңмен немесе тұтанылуы 65 г/м3-артық емес төменгі концентрациялық шегі бар талшықтармен, қопарылыс көзі туған кезде жарылыс болуы мүмкін. Қопарылыс қауіпіне, сондай-ақ, жанатын газдардың немесе жеңіл тұтанатын сұйықтардың булары оттегімен немесе басқа қышқылдармен, мысалы, хлормен қоспасы жатады, қопарылыс қауіпі бар қоспалар ЭҚЕ-не сәйкес әртүрлі факторларға байланысты сәйкестелген категориялар мен топтарға бөлінеді.

Өртке қауіпті – ішкі және үйжайдан тыс кеңістік, тұрақты немесе мерзімімен жанатын заттарға айналатын шектерде, олар нормалды технологиялық үрдісте немесе оның бұзылуында болуы мүмкін. Өртке қауіпті аймақтар сәйкес сипаттамаларымен 3 сыныпқа бөлінеді. (ЭҚЕ-не қараңыз).

Тұтанылу дәрежесі бойынша құрылыс материалдары және мал шаруашылығының кешендерінің қиыстырмалары мынадай топтарға бөлінеді:

— жанбайтын, оттың әсерімен немесе жоғары температурамен жанбайды, шоқтанбайды және көмірленбейді. Оларға барлық табиғи және жасанды органикалық емес материалдар жатады: туф, бут, кірпіш, бетон, темір-бетон және басқалар, құрылыста қолданылатын металлдар, ал сондай-ақ гипстық немесе гипсты-талшықтық плиталар (8%-ға дейін органикалық массаның ұсталымында), синтетикалық немесе битумдық байланыста минералдық плиталар, масса бойынша 6%-ға дейін оның ұсталымында.

— қиын жанатын, оттың әсерімен немесе жоғары температурамен қиын жанады, шоқтанады немесе көмірленеді және жануы жалғасады немесе от көзі болғанда ғана шоқтанады. От көзін алғаннан кейін жану және шоқтану тоқтайды. Оларға жанатын және жанбайтын құраушылардан тұратын материалдар жатады, мысалы, асфальттық бетон, органикалық толықтырғышы масса бойынша 8% және одан артық ұсталымында гипстық және бетондық материалдар, битумдық байланыста минералдық плиталар 7-дан 15%-ға дейін оның ұсталымында, тығыздығы 800кг/м3 кем топырақты-сабанды материалдар; топырақты ерітіндіге малытылған киіз; антипирендермен сіңірілген ағаштар; цементтік фибролит, кейбір полимерлік материалдар және басқалар.

— жанатын, оттың әсерімен немесе жоғары температурамен тұтанады немесе шоқтанады және жануы жалғасады немесе от көзін алғаннан кейін де шоқтанады. Оларға жанбайтын және қиын жанатын материалдарға қойылатын талаптарға жауап бермейтін барлық органикалық материалдар жатады.

3) адамдар мен жануарлардың электр тоғымен зақымдалу қауіпі бойынша үйжайлар бөлінеді:

— жоғары қауіпі жоқ үйжайлар, жоғары немесе ерекше қауіпті тудыратын жағдайлары жоқ (төменде қараңыз).

— жоғары қауіпі бар үйжайлар, жоғары қауіптілікті тудыратын оларда келесі жағдайлардың бірінің болуымен сипатталатын: дымқылдық немесе ток өткізетін шаң-тозаң; ток өткізетін едендер (металл, жертөле, темір-бетон, кірпіш және с.с.); жоғары температура (ыстық); үйжайдың металл қиыстырмасы, тхнологиялық аппараты, механизмі және с.с. жермен жалғануы бар бір жағына және басқа жағынан электр жабдықтың металл тұрқына адамның немесе жануардың біруақытта сүйену мүмкіндігі.

— ерекше қауіпті үйжайлар, активті немесе органикалық ортаның, біруақытта 2 немесе одан көп жоғары қауіпті жағдайлары бар екендігін сипаттайды (жоғарыға қараңыз). Ерекше қауіптіге сыртқы электр қондырғыларды орналастыру территориясы парапар келеді.

Іс жүзінде мал шаруашылығы кешендерінің барлық өндірістік және қосалқы үйжайлар ерекше қауіптіге немесе жоғары қауіптілікке және тек қосымша үйжайлардың бөлігі – қауіптілігі жоғары емеске жатады.

2. Электр жабдықтыңжіктелуі.

Кешендердің үйжайларында және ғимараттарында әдетте, электр үйжайлар деп аталатындар болады, оларда электр қондырғылар орналасқан, немесе үйжайдың бір бөлігі қоршалған (мысалы, торлармен), оған тек біліктілігі бар қызмет көрсетуші қызметші ғана кіре алады.

Электр қондырғы – бұл электр энергияны өндіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналардың, аппараттардың, желілердің және қосымша жабдықтың жиынтығы.

Электр қауіпсіздігінің жағдайы бойынша кернеудің әрекет етуші мәні бойынша электр қондырғылар бөлінеді: 1кВ дейінгі және 1кВ-тен жоғары қондырғыға.

Орындалуы бойынша электр қондырғылар болады жабық немесе ішкі (үйжайдың ішінде орналастырылады, оларды атмосфералық әсерлерден қорғайды), және ашық немесе сыртқы (атмосфералық әсерлерден үйжаймен қорғалмайды, тек қана бастырмалармен немесе торланған қоршамдармен қоршалады).

Электр жабдық – бұл электр қондырғылар мен электр техникалық бұйымдардың жиынтығы (сымдар, кабелдер, ажыратқыштар, розеткалар және т.б.). Ол жалпы арналымға және арнайы электр жабдыққа бөлінеді. Соңғысы спецификалық талаптардың есебімен белгілі бір арналым немесе эксплуатациялаудың белгілі бір жағдайлары үшін орындалады. Жалпы арналымды электр жабдыққа жалпы өнеркәсіптік, жалпы құрылыстық және с.с. нысандарда қондыру және эксплуатациялау үшін арналған электр жабдық жатады. Арнайы электр жабдық болып табылады, мысалы ауыл шаруашылығына арналған немесе орындалған электр жабдық.

Монтаждау кезінде қоршаған ортаның жағдайларына сәйкес электр қондырғыны дұрыс таңдап алу және қондыру өте маңызды нәрсе. Бұл үшін монтаждалатын электр жабдықтың орындалуы, арналымы, қорғау дәрежесі және с.с. туралы мәліметтер болуы қажет.

Электр жабдықтың ток жүретін және қозғалатын бөлігіне жанасудан қызметшіні, ал сондай-ақ оларға бөгде заттардың, сұйықтың және шаң-тозаңның түсуінен қорғау қатынасында келесі негізгі түрлерге бөлінеді (ГОСТ 18311-80):

ашық – оның қозғалатын және ток жүретін бөлігіне жанасудан және оның ішіне бөгде заттардың, сұйықтың және шаң-тозаңның түсуінен қорғалмаған;

қорғалған – ток жүретін бөліктерімен жанасудан және оның ішіне бөгде заттардың, сұйық пен шаң-тозаңның кездейсоқ түсуінен қорғау үшін қабықшамен жабдықталған;

судан қорғалған – былай орындалған, оны сумен сепкен кезде, жұмыс істеуін бұзуға әкелетін мөлшерлерде, оның ішіне түсуін болдырмайды;

шашыраудан қорғалған – былай орындалған, жұмыс істеуін бұзуға әкелетін мөлшерлерде, оның ішіне қандайда бір бағытта шашыраудың түсуін шектейді;

тамшыдан қорғалған – былай орындалған, оның жұмыс істеуін бұзуға әкелетін мөлшерлерде, вертикаль бойымен немесе вертикалдың 60°-тан артық емес бұрышпен құлаушы тамшылардың оның ішіне түсуін шектейді;

шаң-тозаңнан қорғалған – былай орындалған, оның жұмы істеуге әкелетін мөлшерде, оның ішіне шаң-тозаңның түсуін шектейді;

шаң-тозаң кірмейтін – былай орындалған, оның ішіне шаң-тозаңның түсуі толығымен жойылған;

жабық – былай орындалған, оның ішкі кеңістігі мен қоршаған ортаның аралығында қатынас мүмкіндігі іс жүзінде жойылған, тек қана электр жабдықтың бөлшектерінің аралығындағы жалғаулардың саңылауы арқылы орын алуы мүмкін;

герметикалық – былай орындалған, оның ішкі кеңістігі мен қоршаған ортаның аралығында қатынас мүмкіндігі іс жүзінде жойылған;

қопарылыстан қорғалған, қоршаған оны қопарылыс қаупі бар ортада тұтануды болдырмаушы немесе қиындатушы шаралар қарастырылған.

ГОСТ 14254-80 бойынша ток жүруші немесе қозғалушы бөліктерімен жанасудан, ал сондай-ақ онда құрылған жабдық қатты бөгде күштердің түсуінен электр жабдықты қорғау дәрежелерінің келесі белгілері орнатылған:

0 – қорғау жоқ;

1 – қабықша ішінде ток жүруші немесе қозғалушы бөліктерімен адам денесінің үлкен учаске беті кездейсоқ жанасудан қорғау. Бұл бөліктерге әдейі жіберуден қорғау болмайды. Диаметрі 52,5 мм-ден кем емес ірі қатты бөгде денелердің түсуінен жабдықты қорғау;

2 – қабықша ішінде ток жүруші немесе қозғалушы бөліктерімен адам саусақтарының жанасу мүмкіндігінен қорғау. Диаметрі 12,5 мм-ден кем емес орта өлшемді қатты бөгде денелердің түсуінен жабдықты қорғау;

3 – қабықша ішінде ток жүруші немесе қозғалушы бөліктерімен, қалыңдығы 2,5 мм-ден асатын, әбзелдің, талсымның және басқа қосалқы заттардың жанасуынан қорғау. Диаметрі 2,5 мм-ден кем емес ұсақ қатты денелердің түсуінен жабдықты қоғау;

4 – қабықша ішінде ток жүруші немесе қозғалушы бөліктерімен, қалыңдығы 1,0 мм-ден асатын, әбзелдің, талсымның және басқа қосалқы заттардың жанасуынан қорғау. Диаметрі 1,0 мм-ден кем емес ұсақ қатты денелердің түсуінен жабдықты қоғау;

5 – ток жүруші немесе қозғалушы бөліктерімен жанасудан қызметшіні толық қорғау. Зиянды шөгінді шаң-тозаңнан жабдықты қорғау;

6 – ток жүруші немесе қозғалушы бөліктерімен жанасудан қызметшіні толық қорғау және шаң-тозаңның түсуінен жабдықты толық қорғау.

Осы ГОСТ-та судың кіруінен электр жабдықты қорғау дәрежелерінің келесі сипаттамалары және белгілеулері орнатылған:

0 – қорғау жоқ;

1 – конденсацияланған судың тамшысынан қорғау. Қабықшаға тік түсетін тамшылар, жабдыққа зиянды әсер етпеуі тиіс;

2 – вертикалға 15°-тан артық емес бұрышпен қабықшаға түсетін судың тамшысынан қорғау;

3 – вертикалға 60°-тан артық емес бұрышпен қабықшаға түсетін жаңбырдан қорғау;

4 – қабықшаға түсетін қандайда бір бағытта судың шашыруынан қорғау;

5 – қандай да бір бағытта су ағындарынан қорғау;

6 – кеменің палубасы үшін сипатталатын әсерлерден қорғау. Теңіз толқыны толқыған кезде су қабықшаға кірмеуі тиіс;

7 – суға батқан кезде қорғау. ТУ-да немесе стандарттарда көрсетілген, қысымда және уақыт аралығында қабықшаға су кірмеу тиіс;

8 – электр жабдықтың бөлек түрлері стандартта немесе ТУ-да көрсетілген, қысымда суға шексіз ұзақ батырған кезде қорғау.

Судың жанасуынан және әсерінен қорғау дәрежесін толық шартты белгісі электр жабдықтың қабықшасына немесе төлқұжаттық мәліметтері бар маңдайтақтаға жазылып, ұсталуы тиіс:

а) белгілеудің халықаралық жүйесіне көрсететін шартты әріптер IP (International Protection);

б) жабдықтың ток жүруші мен қозғалушы бөліктерімен жанасуынан және қатты бөгде денелердің қабықша ішіне түсуінен қорғау дәрежесінің шартты сандық белгісі;

в) қабықшаның ішіне судың кіруінен жабдықты қорғау дәрежесінің шартты сандық белгісі.

Егер бұйым үшін қорғаудың түрлерінен біреуіне қажеттілік болмаса, берілген бұйымда талап етілмейтін, шартты белгіде қорғаудың сол түрімен бірге «X» әріпін қоюға рұқсат етіледі, мысалы IPX3 немесе IP2X.

ГОСТ 18311-80 электр жабдықтың және электр қондырғының бөлек түрлері үшін келесі қорғау дәрежелері аталған:

ашық – IP00;

қорғалған – барлық қорғау дәрежелері бар, IP00 басқа;

судан қорғалған — IP55, IP65, IP56, IP66;

шашыраудан қорғалған – IP34, IP44, IP54;

тамшыдан қорғалған – IP01, IP11, IP21, IP31, IP41, IP51, IP12, IP22, IP32, IP42, IP13, IP23, IP33, IP43;

шаң-тозаңнан қорғалған – IP50, IP51, IP54, IP55, IP65, IP56, IP66, IP67, IP68;

герметикалық – IP65, IP66, IP67, IP68.

Электр жабдықтың типінің немесе маркасының шартты белгілерінде барлық белгілеулерден кейін климаттық орындалу түрін және орналастыру категориясын белгілейтін қосымша әріптер мен сандар енгізіледі.

ГОСТ15150-69 және ГОСТ-15543-70 бойынша әр түрлі климаттық аудандарда эксплуатациялау үшін арналған электр жабдықтың келесі белгілері:

У(N) – қоңыржай, бірқалыпты климатымен, ауаның орташа абсолюттік минимал және максимал температураларымен +40°С…-45°С аудандар үшін;

УХЛ(NF) – қоңыржай, бірқалыпты және суық климатымен, ауаның орташа әржылдық минимал температурасымен -45°С аудандар үшін;

ТВ(TH) – ылғалды тропикалық климатымен, ауаның t°≥20°С температурасы мен φ≥80% салыстырмалы ылғалдылығы тіркесінде, жуықталғанда тәулігінде 12 сағаттар немесе одан артық сағаттарда, жылына 2-дан 12 айларға дейін байқалатын аудандар үшін;

ТС(TA) – құрғақ тропикалық климатымен, ауаның орташа абсолюттік максимал температурасы ≥40°С және ылғалдылығы жоғары емес аудандар үшін;

T(T) – құрғақ та, ылғалды да тропикалық климатымен (тропикалық орындалуы) аудандар үшін;

О(U) – құрғақтағы барлық аудандар үшін, өте суық климатымен аудандардан басқа (-60°С төмен) (жалпы климаттық орындалуы).

Эксплуатациялау кезінде орналастыру орнына байланысты, электр жабдық келесі орналастыру категориясына жасалады:

1 – ашық ауада эксплуатациялау үшін;

2 – бастырма астында немесе сыртқы ауа еркін кіре алатын үйжайларда (мысалы, шатырлар, шанақтар, тіркемелер) эксплуатациялау үшін;

3 – табиғи желдетуімен, жасанды реттелетін климаттық жағдайларсыз жабық үйжайларда (атмосфералық жауындардың, күннің, желдің, құмның әсерлері жоқ) эксплуатациялау үшін;

4 – жабық жылытылатын немесе салқындатылатын және желдетілетін өндірістік және басқаларда, жабық үйжайларда эксплуатациялау үшін;

5 – жоғартылған ылғалдылығымен үйжайларда (шахталар, төлелер, тоқыма мен гидрометаллургиялық цехтары, жылыжайлар және с.с.) эксплуатациялау үшін.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *