1. Пәннің мақсаты мен міндеттері
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының мекемелерінде электр жабдықтарын жинау, монтаждау және баптау жұмыстарын жүргізумен, ұйымдастырумен, дайындығымен байланысқан бір топ сұрақтар «Электр жабдықтарды монтаждау технологиясы» пәніне кіреді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын электр энергиясымен жабдықтау және электрлендіру саласына алдыңғы қатардағы монтаждау әдісін тәжірибелік машықтықпен меңгерген, қазіргі заманғы монтаждау технологиясы мен ұйымдастыру әдістерін, электр монтаждау жұмыстарын индустрияландыру мен механикаландыруды қолдану қабілеттілігімен және жұмыс сапасы мен жүрісін бақылай алатын жоғары білікті маманды дайындау міндеттелген.
Пәнді оқып үйрену негізінде болашақ маман алуы тиіс:
а) білім:
— электр монтаждау өндірісінде пайдаланылатын негізгі электр техникалық материалдардың, сымдардың және кабельдердің сипаттамалары;
— электр монтаждау жұмыстарының өндірісі кезінде қолданылатын құрылғылардың принциптері және электр жабдықтардың, әбзелдер мен құрал-саймандардың сипаттамалары;
— электр жабдықтарды монтаждауда жобалау-қиыстырушылық құжаттама құрамын, негіздік, жалғау және қосу сұлбаларын тұрғызу принциптері;
— ұйымдастыру мен монтаждау технологиясының негізі, электр монтаждау жұмыстарының сапасын бақылау мен басқару;
— негізгі электр монтаждау жұмыстарын орындауда техникалық шарттар және оларды орындаудың рационалды тәсілдері;
— электр жабдықтарды монтаждау сұрақтарына жанасатын «Электр қондырғыларын құру ережесі» (ЭҚЕ), «Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық эксплуатациялау ережесі» (ТЭҚТЭЕ) және «Тұтынушылардың электр қондырғыларын эксплуатациялауда қауіпсіздік техникасының ережесі» жағдайлары;
— электр монтаждау жұмыстарын жүргізуде еңбекті қорғаудың негізгі ережелері.
ә) біліктілік:
— электр жабдықтарды монтаждау бойынша технологиялық амалдардың мазмұнын және тізбектілігін тұжырымдау;
— ұйымдастыру сұрақтарын қою мен шешу, электр монтаждау жұмыстарының сапасын бақылау мен басқару;
— электр жабдықтарды монтаждау бойынша белгілеуді және қарапайым эскиздерді орындау;
— қарапайым негіздік электр сұлбаларды, жалғау мен қосудың сұлбаларын ойластырып жасау;
— электр жабдықтарды монтаждау бойынша жұмыс өндірісінде техникалық және жобалау-қиыстырушылық құжаттамасына бейімделу.
б) машықтық:
— электр жабдықтарды монтаждау кезінде әбзелмен, механизмдермен және құрал-саймандармен жұмыс істеу;
— өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өндірісінің нысаналарында электр жабдықты монтаждау
2) Электр монтаждау жұмыстарының түрлері.
Әртүрлі электр қондырғыларды монтаждау бойынша жұмыстарды электр монтаждау жұмыстары деп аталады. Олар үлкен санмен және жұмыс түрлерінің әртүрлігі мен бөлектелген амалдарымен сипатталады. Мысалы, біріңғай нормалар мен бағалардың (БНж/еБ) электр монтаждау жұмыстарында 6000-нан артық іріленген нормалар мен бағалаудан тұрады. Ал жабдықты монтаждауда жинақтағы бағаның саны (8 жинақ «Электртехникалық қондырғылар») 5 мың позициядан асады.
Электр монтаждау жұмыстары электр қондырғылардың мынадай түрлерін монтаждау бойынша жұмыстарға бөлінеді:
1) қосалқы стансалар мен тарату құрылғылары;
2) күштік электр жабдығы;
3) жарықтандыру электр жабдығы;
4) ішкі тартылымдар мен тораптар;
5) электр берілісінің әуе желілері;
6) сыртқы кабелдік тораптар мен ток өткізгіштер.
Содан басқа, монтаждық жұмыстардың негізгі түрлерінің құрамына кіре алатын арнайы монтаждау жұмыстардың қатары бар. Электр монтаждау жұмыстары бойынша оларға жатады: а) ірі электр машинасы; ә) екінші реттік коммутация; б) аккумуляторлық батареясы; в) конденсаторлардың батареясы; г) автоматика қодырғысы мен электронды-есептеу техникасы; д) ауыр шиналау; е) зертханалық қондырғы.
Атап өтілген электр қондырғылардың түрлеріне мынадай монтаждау нысаналары қосылады:
1) қосалқы стансалар мен тарату құрылғылары – әртүрлі кернеудегі ашық және жабық тарату құрылғылары, сынаптық-түрлендіргіш қосалқы стансалар, трансформаторлық қосалқы стансалар, ірі трансформаторлық синхронды компенсаторлар, аккумуляторлық батареялар; в) конденсаторлардың батареялары;
2) күштік электр жабдық – ірі электр машиналар мен агрегаттар, электр қозғалтқыштар, басқарудың магниттік стансалары, пульттер, қалқандар, жүргізу-реттеу аппаратурасы, өндірістік үрдістерді автоматтандыруға арналған аппаратура, крандық электр жабдық, троллейлер, электр қондырғыларды жерлендіру;
3) жарықтандыру жабдығы – жарықтандыру қондырғылары, жарықтандыру арматурасы, жарықтандыруды қоректендіру қондырғыларына арналған орнату бұйымдары, сымдар мен кабелдер;
4) ішкі тартылымдар мен тораптар – күштік және жарықтандыру қондырғыларына арналған кабелдермен, сымдармен немесе шина өткізгіштермен орындалатын ішкі электр тораптары;
5) электр берілістің әуе желілері (ЭБӘЖ) – кернеуі 3, 6, 10, 35, 110, 220кВ және жоғары ЭБӘЖ, сыртқы жарықтандыру тораптары және 1 кВ дейінгі әуе желілері, диспетчерлік байланыс желілері;
6) сыртқы кабелдік тораптар мен ток өткізгіштер – кернеуі 1, 6, 10 және 35кВ сыртқы кабелдік желілер, эстакадалардағы немесе тоннелдердегі әртүрлі кернеуде сыртқы шиналық ток өткізгіштер.
Өз ретіне қарай, электр монтаждау жұмыстарының негізгі түрлері бөлек монтаждық еңбек амалдарынан тұрады:
1. қосалқы стансалар мен тарату құрылғыларын монтаждау – такелаждық жұмыстар; белгілеу, тесік тесу және ұрғылау жұмыстары; электр қиыстырмалары мен жинақты электр құрылғыларын монтаждау; трансформаторларды, реакторларды, конденсаторлық батареяларды, жоғарывольттік және төменвольттік аппаратураларды, бірінші және екінші реттік коммутацияны монтаждау; электрмен жабдықтау нысаналарының төңірегінде сымдар мен кабелдерді төсеу; қышқылдық сілтілік аккумуляторлық батареяларды монтаждау; бояу-майлау, жазу мен маркілеу жұмыстары.
2. күштік электр жабдықты монтаждау – такелаждық жұмыстар; тесіктерді тесу мен дюбелдерді ату; электр қозғалтқыштарды монтаждау; ірі электр машиналарын орнату, тексеру мен ортаға дәлдеу; жүргізу-реттеуші аппаратураларды, блоктарды, басқару қалқандарын, пульттерді, кедергілерді, күштік шкаптарды орнату; екінші реттік коммутацияны, машиналық залдарды, троллейлерді, шина өткізгіштерді, крандық электр жабдықтарды шиналауды монтаждау; жерлендіруді монтаждау, сымдар мен кабелдерді ұштау және қосу, қара және түсті металлдарды дәнекерлеу жұмыстары; бояу-майлау, жазу және маркілеу жұмыстары.
3. жарықтандыру электр жабдығын монтаждау – белгілеу жұмыстары, тесіктерді, ұяшықтарды, арықшаларды тесу; тіреуіш және бекіткіш қиыстырмаларын орнату; қалқандарды, қалқаншаларды, жарықтандыру арматурасын және орнату бұйымдарын монтаждау; сымдар мен кабелдерді төсеу; сымдар мен кабелдерді ұштау, тармақтау және жалғау; маркілеу.
4. ішкі тартылымдар мен тораптарды монтаждау – сымдары мен кабелдері бар барабандарды және бухталарды цех ішінде тасымалдау; белгілеу және тесік тесу жұмыстары; тіреуіш қиыстырмаларды орнату және дюбелдерді ату; жабық тартылымдар үшін коммутацияларды монтаждау және жасау; сымдар мен кабелдерді төсеу; сымдар мен кабелдерді тармақтау мен жалғау; ашық және жабық шина өткізгіштерді монтаждау; бояу-майлау және маркілеу жұмыстары.
5. әуе ЭБЖ-ін монтаждау – трассаларды бөлу; орманның соқпағын кесу және тазарту; темір-бетон іргетастарды қондыру үшін өстерді бөлу; жер қазу жұмыстары; монолиттік темір-бетон іргетастарды жасау; тасымалдау және жиналмалы темір-бетон іргетастарды, бағана элементтерін және сымдар мен арқанымдарды жинауда бағананы такелаждау; пикеттерде бағана элементтерін жинау; бағананы бояу-майлау; сымдар мен арқансымдарды монтаждау және жалғау; бағаналар мен арқансымдарды жерлендіруді монтаждау; өткелдер мен қиылыстарды монтаждау.
6. сыртқы кабелдік тораптарды монтаждау – трассаларды бөлу; жер қазу жұмыстары, тосқауыл арқылы өтетін өткелдердің құрылғысы; кабелдік барабандарды тиеу, тасымалдау және түсіру; сынау және кабелді төсеу; төсеуден кейін кабелді сынау; жалғағыш және ақырғы кабелдік муфталарды монтаждау; сауытты бояу-майлау және монтаждалған кабелдер мен муфталарды маркілеу; қысқы жағдайларда кабелдерді төсеу кезіндегі қосымша жұмыстар.
Электр қондырғылардың және электр құрылғылардың әртүрлі түрлерін монтаждауда жұмысшылар мамандығы бойынша бөлінеді және біліктілігіне сәйкес аталуы болады, мысалы, жарықтандыру және күштік торапты, күштік электр жабдықты, қосалқы стансаны және тарату құрылғыларды монтаждауды, әуе электр желілерін монтаждауды және с.с. электр монтаждаушылар деп аталады.