Саяси процесс және саяси шешімдер

Саяси процесс ұғымы, мазмұны, жіктелуі

3. Саяси шешім ұғымы, даму кезеңдері.

Мақсаты: саяси өмірдің динамикалық сипаты ретінде саяси процестің мәнін ашу және саяси шешімдердің қабылдау жолдарын зерттеу.

1. Қазақстандық қоғамның саяси өмірі бүгінде азаматтардың саясатқа жоғары дәрежеде қатысуымен сипатталады. Адамдардың өз мүдделері үшін күресі жүруде. Біреулері қоғамның реформалануы мен жаңаруын жақтаса, енді бірі елдің жаңаруына, қоғамдық-саяси қатынастардың юарлық жүйесіне қарама-қарсы болып табылады. Осы мәселелерді жете түсіну үшін саяси процесс мәнін, құрылымын, сонымен қатар оны жүзеге асыру тәсілдерін білу қажет.

«Процесс» сөзі өз бағыты бар белгілі бір қозғалыс; жағдайлардың, кезеңдердің біртіндеп ауысуы; қандай-да бір нәтижеге қол жеткізу үшін жасалатын іс-әрекеттердің жиынтығы дегенді білдіреді. «Саяси процесс» ұғымы қоғамның саяси өмірінің даму динамикасын, оның жағдайының кеңістіктегі және уақыт аралығындағы өзгерісін білдіреді, яғни саяси жүйенің қалыптасу, өзгері, қайта құрылу және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы. Саяси институттар мен қозғалыстардың әдістерді, принциптерді және процедураларды қолдана отырып, белгілі бір қызметтерін жүзеге асыру барысында өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жетуге бағытталған құрылымын айтады. Саяси процестің қозғаушы күші қатысушылардың әлеуметтік-саяси күштерінің өзара ықпалдылығы барысында пайда болатын қарама-қайшылықтар.

Саяси процестердің мазмұны төмендегілер арқылы анықталады:

1. саяси билік механизмдерімен;

2. саяси билік субъектілерінің өздерінің рольдері мен саяси қызметтерін

    жүзеге асыру ерекшеліктерімен;

3. билік ресурстарының бөлінуімен

4. азаматтардың саяси мобилизациясының жүзеге асуымен;

5. шешім қабылдаушымен;

6. элитаға бақылау жасаумен;

7. бір мақсатқа біріккен топтар мен азаматтардың саяси белсенділігінің

     әртүрлі формаларымен.

Саяси процестің мәні — саяси шешімдерді қабылдау және орындау арқылы қоғамның саяси еріктерін жүзеге асырумен сипатталады.

Саяси процесс түрлері:

1) локальды-аймақтық және жаһандық.Саяси процестің мұндай принциптер бойынша бөлінуі аймақтық процестің әлемдік саясатқа ықпал ету мүмкіндігімен байланысты.

2) жүйеішілік және өтпелі. Жүйеішілік процестер саяси кеңістіктегі саяси нормалар – институттар, уақыт және ойын тәртіптерін бұзады. Өтпелі процестер биліктің толық түрде өзгеру кезеңін басынан өткізген елдерге тән.

3) Тұрақты және дағдарысты. Елде реформа немесе революцияның болуымен сипатталады.

4) Заңды және жасырын. Саяси мәдениеттің нормалары саяси ойынның тәртібін, заңды және заңсызды, ресми және бейресми процестерді анықтайды. Мысалы, көтереліс және қайта құру, террор және бүлік саяси тәртіптің кез келген түрінде конституциямен және саяси өмір нормаларымен тыйым салынады.

Саяси шешімдерді қабылдау –күрделі және көпқырлы процесс. Ол 4 кезеңнен тұрады:

1. шешімді қабылдау проблемасының тууы. Оның барысында әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыруды талап етушілер туралы шешімді қабылдау ортағына дабыл түседі.

2. шешілетін проблемаларды тұжырымдау. Проблемалы жағдайға талдау жасалып, шешімнің мақсаты, құралдары және тәсілдері анықталады.

3. шешімді қабылдау кезеңі. Проблемалы жағдайды шешу тәсілдерінің ақырғы нұсқасы және оның құқықтық институализациясы таңдалады.

4. саяси шешімді жүзеге асыру. Мүдделердің басымдықтарын, жалпы қарама-қайшылықтарын анықтайтын соңғы кезең.

Саяси шешімді жүзеге асыру кезеңінен кейін жаңа шешімді дайындау үшін нәтижелерге ортақ баға берілу қажет.

Саяси шешімдер қабылдаудағы ең әділ де негізгі формасы демократия болып табылады. Мұнда бұқараның саяси шешімдерге қатысады. Саясатта саяси шешімдер қабылдау ерекше маңызға ие. Саяси тәжірибеде саяси шешімдер қабылдаудың мынандай тәсілдері бар: компромисс, консенсус және гегемония.

Саяси шешімдер субъектісі – азаматтар, қоғамдық ұйымдар, саяси қайраткерлер болады. Саяси шешім қабылдауда алғашқылардың бірі болып өкіметтік органдар, партиялар, қоғамдық ұйымдар қатысады. Кейбір жағдайларда саяси шешімдер қабылдауға көп адамдар қатысады. (мысалы референдум, сайлау)

АҚШ-тың белгілі зерттеушісі У. Домхоффа әлеуметтік саяси шешімдер қабылдауды 5 түрге бөледі.

1. биліктің жоғарғы органдарының заңдары мен қаулылары

2. биліктің жергілікті органдарының шешімі

3. азаматтардың қатысуымен қабылданған шешімдер

4. жоғарғы органдар шешімі саяси партиялар менен қоғамдық қозғалыстардың қатысуымен қабылданған саяси шешімдер

5. жергілікті органдар қатысуымен қабылданған саяси шешімдер.

Бақылау сұрақтары:

1. Саяси процеске анықтама беріңіз

2. Саяси процестің негізгі түрлерін атаңыз

3. Саяси процестің кезеңдерін көрсетіңіз

4. Саяси шешім қабылдау кезеңдері қандай?

5. Саяси шешімнің қандай түрлері бар?

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *