Поэманы оқыту

Поэмаларды оқыту әдістері олардың жанрлық ерекшелі-гінен туындайды. Поэмалардың басым көпшілігі сюжет пен композиция, образдар жүйесінен түрып, күрделі, аукымды проблемаларды көтереді. Мүндай поэмаларға С.Сейфуллин-ыің «Көкшетауы», Ілияс Жансүгіровтің «Қүлагер», т. б. поэмалары жатады. Поэмалардың тағы бір түрі — лиро-эпикалык, лирикалык поэмалар. Сәкеннің «Альбатросы», С.Торайғыровтың «Кедейі», Ілиястың «Даласы» осындай поэмаларға жатады. Лиро-эпикалык поэмаларда шиеле-ніскен окигалар болмайды, дегенмен, поэманың басынан аяғына дейін өңгімеші рөлін атқаратын лирикальщ кейіпкер, оның сезімі. Лиро-эпикалык, поэмаларды оқытуда мәнерлеп окуды, поэма көтерген проблеманы меңгерту үшін, мәтіндік талдауды, автор ізімен талдауды қолдану тиімді. Мысалы, Ілиястың «Даласын» оқытудың жемісті жолы -алдымен мөтінді меңгерту. Ол үшін мәнерлеп оқи отырып, әр бөлімге аннотация беру керек. Аннотацияны окушылар үйден жазып келіп, сыныптағы талдау жүмыстарында пайдаланады. Поэманың күрделілігін ескере отырып, оның әр бөлімі бойынша төмендегідей мазмұндык жоспар жасап, іліп қоюға, керегінде пайдалануға болады.

1. «Арнау»

 2. «Ақтабан» Ақын толғауы. Қазақ даласының шапқыншылықка ұшырауы. Тарих шал әңгімесі

Ары қарай сұрақ-жауап арқылы поэмадағы лирикалық кейіпкер (ақын) әңгімеші — тарих шал туралы, поэманың идеялық проблематикасы жайында өңгіме козгалады. Тіл көркемдігі, өлең қүрылысындағы ерекшеліктерге де міндетті түрде талдау беру керек. Сюжетті поэмаларды образдық талдаумен де, мәтіндік талдаумен де оқытуға болады. Ең тиімдісі — аралас талдау. Төменде сюжетті поэмаларды қалай өтуге болады, соның бір үлгісі үсынылып отыр.

I. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы — өзінің көтерген проблемасы, тақырыбы, маңызы жағынан роман тектес шығарма. Поэмаға әдеби талдау алдында оның мазмүнын түгелдей окыту, меңгерту айналасында еңбек ету керек. Осы максатта мүғалім үйге алдын ала тапсырмалар береді.

Жалпы сыныптық тапсырма:

1. Поэманы түгелдей оқып, мазмүнымен танысу.

2. Әр бөлімге қысқаша аннотация жазу. Топтық

тапсырма топ санына, сыныптағы оқушылар санына

байланысты.

I т о п

Поэмадагы Көкше көріністерін С.Сейфуллиннің «Көкше-тау» поэмасындағы Көкше көріністерімен салыстыру (поэтикалық тілі, әр акынның өзіндік стилі, т.б.)-

П т о п

10-сынып әдебиеті бойынша Ақанның «Құлагер» өлеңін поэманың «Бай, бай, Құлагерім» бөлімі бойынша Ақанның Құлагерді жоктау өлеңімен салыстыру.

Мақсат: Ілияс өз поэмасында Ақанның «Құлагер» өлеңін қалай пайдаланғаны туралы іздендіру.

Ш т о п

Абайдың «Аттың сыны» әлеңін поэмадағы «Құлагер» сынымен салыстыру (Күреңбай сыншы берген сипаты).

Мақсат: Екі акынның ат сынын берудегі шеберлігі, яғни поэтикалық үндестік туралы іздену. Тапсырманы мына үлгіде орындауға болады:

Абай Ілияс Поэтикалық

үндестік

Тәует бас, камыс кұлақ қоян жақ Төует бас, қамыс кұлақ, қуарған жақ

Жеке тапсырмалар:

1. «Қүлагер поэмасы туралы ғалым-сыншылар, өдебиет-

шілер пікірі бойынша қысқаша хабарлама жасауға дайын-

далу.

Е с к е р т у: Материалдарды мұғалім ұсынуы керек, әрі осы жұмыста балаларға басшылык жасайды.

2. 10-сынып оқулығы бойынша Ақан сері туралы қысқаша хабарлама.

IV т о п

Поэма бөлімдері бойынша басты-басты оқиғаларын саралап, сюжеттік-композициялық жоспар жасау, оны сабакка пайдалану үшін, кестеге жазып қою («Ас» бөлімінен бастап алу).

Үлгі:

Бөлім Басты оқиғалар Аңанның іс-әрекеті

«Ас» 1. Сарынай асы, үш жүздің оған 1. Халылтың Ақанды

 «құйылуы» кұрметтеуі

«Құлагер» 1. Аканның Құласымен асқа 2. Атын көзінен таса

 келуі. етпеуі.

 2. Елдің Қүланы көруге жүгінуі. 3. Жаршыға айтқан

 3. Кұлагерге берген халык өтініші

 бағасы. 4. Ақаннын өткір

 4. Күреңбайдың сыны. тілмен Батырашты

 5. Батыраштың қызғанышы жерге қаратуы

Поэмалар жоғарыда айтылғандай, көлемі, ауқымы ұзак шығармалардың қатарына жатады. Бір-екі сағат ішінде оны тұтастай өзінің мөні, мағынасы, әдебиеттен алатын орнына карай барлық касиеттерімен оқушыға жеткізе білу үшін, мүғалім ең тиімді деген әдіс-тәсілдер, оку формалары, оқу

жабдьщтарын сұрыптап алуы керек. Өдебиетті оқытуда көрнекіліктің орны ерекше екені белгілі. Әсіресе, көлемді шығармаларды, оның ішінде поэмаларды окытуда оның маңызы зор. Мүмкіндігіне карай ол көрнекілік поэманың кетерген тақырыбы, кейіпкерлері, поэтикалык тілі, ақын стилін түтастай қамтитын, оқушы алдында жинақы түрде түжырымды етіп берілетін дәрежеде жасалуы керек. Кернекілік үлгісі (үзінді беріліп отыр).

«Құлагер» поэмасы. Сюжеті, композициясы,

поэтикалық компоненттері:

Бөлімдері Поэманың басты Ақынның көркемдік әдісі мен

 оқигалары тәсілі. Поэманың көркем

  компоненттері

«Толғану» Акын толғанысы Көтеріңкі леп, асқақ сезім. Баяндау,

  Поэтикалық тілі: метафоралар,

  теңеулер молдығы (бұлбұлым,

  дүлдүлімін, тұздай, кымыздай, т.сс.)

«Туган жер» Көкшетау туралы Суреттеу, өңгімелеу, мүсіндеу,

 толғанысы баяндау, шешендік сұрактар.

  Поэтикалық тілі: теңеу, эпитет,

  метафоралардың келісті келуі

  (сұлудың көзіндей, «бал бүлак»,

  бура тас)

«Акан» Ақан сері, оның Суреттеу, баяндау, әңгімелеу,

 басынан ©ткен мінөздеу, шешендік сұраулар.

 жағдайлары. Акан Лирикалық шегініс

 туралы хабар

«Ас« Сағынай асы, ас Баяндау, әңгімелеу, портреттеу,

 көрінісі, аска келу- суреттеу. Поэтикалык тілі: теңеу,

 шілердің сипаты метафора, эпитет

«Кұлагер» Аканның аска Өңгімелеу, мүсіндеу, диалог.

 келуі. Қүлагер Поэтикалық тілі: эпитет,

 туралы Күреңбай метафора, теңеу

 сыны

Поэманы өтудің әдіс-тәсілдерін мына кестеден көруге болады.

Сабақ жоспарының үлгісі:

Сабақтың негізгі Өдіс-тәсілдер, Оқу жабдығы.

мазмұны, элементі оқу формалары Қосымша

  материалдар

Алдын ала берілген а) Сұрак-жауап, пікірлесу. Кесте-талаптар

тапсырмалар бойынша ө) Топтык тапсырма-

әңгімелеу лар бойынша әңгіме

Жаңа такырып бо- а) Өңгіме-лекция. Кесте-плакат

йынша кіріспе бөлім ө) Сүрак-жауап.

 б) Оқушы хабарламасы

Поэманың көтерген а) Проблемалы баяндау. Портрет

басты мәселелері, ә) Проблемалык жардаят (Ілияс)

негізгі проблематикасы б) Проблемалық сипат-

 тағы сүрактар.

 в) Окушы хабарламалары

Поэмалары лирикалық а) Мәнерлеп оку кітап- Портрет (Акан).

қаһарман, оның «туған пен жүмыс. Үнтаспадан Акан

жер» туралы толғанысы ө) Түсіндірмелі өдіс. өндерін тыңдау.

 б) Сүрақ-жауап Инд-вка (шағьш).

Лирикалык каһарманның а) Сұрақ-жауап. Таспадан үзінді

Ақан туралы толғанысы ө) Кітаппен жүмыс. тыңдау

 б) Түсіндірмелі әдіс

Поэмадагы бас кейіпкер- а) Проблемалы баяндау.

лер. Ақан бейнесі ә) Окушы хабарламасы.

 б) Проблемалық сипат-

 тағы сүрақ-жауап

Батыраш бастаған сахара а) Рөлге бөліп, мөнерлеп Электроойна-

жауыздары оку. гыш (ТСО)

 ө) Проблемалык жағда-

 ят тудыру.

 б) Пікірлесу

Халық. Күреңбай сыншы а) Топтык жүмысты Кесте-плакат

 тыңдау .

 ә) Мөнерлеп оку, салыс-

 тыру жүмыстары

Күншілдік, бакталастык, а) Окушылар әңгімесі. Квкше көрініс-

рулык-патриархалдык ә) Мәнерлеп оку тері

тартыс кұрбаны — екі

палуан тағдыры

Әдет-салттардың сурет- а) Сүрак-жауап.

телінуі ө) Түсіндірмелі әдіс

Ақын серігі — Қүлагер а) Кітаппен жүмыс, мө-

тағдыры нерлеп оқу.

 ә) «Қүлагер» әнін тындау.

 б) Проблемалык сүрақтар.

 в) Мүгалім дәрісі

Поэманың көркемдік а) Топтык жүмыстар-

ерекшелігі, поэтикалык ды тыңдау.

тілі ә) Мәнерлеп оку-

 в) Окушы хабарламасы

 (ғылыми еңбектер)

Поэманы талдауда қойылатын сұрақтар жүйесі

1. Поэманың тарихи негізі туралы қандай дөлелді пікір

айтар едіңдер?

2. Поэмада Құлагерден гөрі, Ақан жайлы көп айтылған.

Солай бола түрса да, поэма неге «Қүлагер деп аталған?»

3. Поэма негізіндегі ақын ойы, поэманың негізгі

проблематикасы туралы не айтар едіңдер?

4. Поэманың ең басындағы «Толғану» бөлімінің поэма

проблематикасын ашуда маңызы бар ма?

5. Лирикалық шегініс арқылы Ақан тағдыры, Акан

тарихы туралы сыр шертудегі акын мақсатын калай

түсінер едің?

6. Поэмадағы палуандар күресі, сол күрес үстіндегі

трагедияның шығарма проблематикасына катысы бар

ма?

7. Батыраштар бейнесі аркылы ақын нені жырламақшы

болған?

8. Қалай ойлайсың, поэманың алтын қазығы ретінде неге

Қүлагер тағдыры алынған? Оның поэмадағы орны, маңызына тоқтал.

9. Лирикалық қаһарман туралы не айтар едің? Оның

поэмадағы орнын сарала.

10. Поэманың хальщтық рухы, халықтьщ сипаты туралы

қандай ой тастар едің?

11. Поэмадағы ақынның ең басты стилі, көркемдік тәсілі

неде деп ойлайсың?

12. Поэманың психологияльщ мәні туралы не айтар едің?

13. Ақынның идеялық-эстетикалық табысын немен

дөлелдер едің?

14. Өзіңе Абай сипаттаған ат пен Ңүлагер сипатының

қайсысы үнайды?

Поэманы талдау барысында үйге берілген топтьщ, жеке жүмыстарды, жалпы сыныптық жүмыстарды тиімді пайдаланып отыру керек.

Ең алдымен, кестеде көрсетілгендей, тақырыптың ең маңызды, дәнді түйінін бөліп алып, бар назарды соны талкылауға, соны түсіндіруге салған дүрыс. Бүл әдіс, әсіресе, роман, поэма сияқты көлемді шығармаларда ете тиімді болып келеді. Алдын ала берілген тапсырмаларды такырыптың осы дәнді элементтерін талқылау кезінде пайдалану дүрыс. Әсіресе, ғылыми материалдардан берілген

хабарлама немесе салыстыру жүмыстарын өз орнында пайдаланып отыру керек. Балалар жай тыңдаушы емес, мүғаліммен бірге еңбек етуші, білімді өз ынтасы, ізденісі, қатысымен алушы ретінде отырады. Сондай-ақ көрнекілікті пайдаланудың маңызы зор. Поэманы бастамас бүрын, «Қүлагер» өнін қойып, оқушылардың эмоциясына, сезіміне әсер ету сабакка қызығушылығын, белсенділігін арттырады. Жалпы поэма психологиялық тебіреніс сәттеріне күрылған. Ақанның әніне шалқымай, толқымай, өрлігіне сүйсінбей, тағдырына күйінбей, Қүлагер өлімін Ақанмен бірге жоқтамай сабақ тыңдау, сабак өту мүмкін емес болуы керек. Бүл мақсатта мәнерлеп оқудың, Ақан өндерін күйтабақтан тыңдаудың маңызы зор. Шағын әдеби айтыс үйымдастырып отырудың да тиімділігі бар. Мысалы, Абайдың аты мен Ілияс Қүлагерінің сипатын салыстыра талдатып: «Қай ақын жүйрік ат сипатын ерекше мүсіндей білген?» — деген такырып айналасында қызық өңгіме өткізуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *