Науалардағы және қораптардағы электр тартылымдар күштік пен жарықтандыру электр қабылдағыштарын қоректендіру үшін негізгі өндірістік үйжайларда қолданылады.
Науалар пісіріліп дәнекерленген және перфорацияланған болады. Пісіріліп дәнекрленегн Науа болат беттен жасалған 2 параллельді профильдерден, бір бірінен 250мм қашықтықта орналасқан өзара пісіріліп дәнекерленген перфорацияланған планкалардан тұрады. Перфорацияланған Науа иірілген бүйірлік бортиктері бар перфорацияланған болат бет екендігін білдіреді. Науалар ұзындығы 2м және ені 50…45см түзу секциялармен, ал сондай-ақ тармақтау және Науалық жоларнаны бұру үшін бұрыштық етіп жасалады.
Қорап ұзындығы 2 не 3м және қақпақшасымен қимасы 50×30-дан 400×200мм-ге дейін болат беттен жасалған П-тәріздес қиыстырма екендігін білдіреді. Қорап барлық жағынан тегіс қабырғалармен толық жабылуы немесе ашық (қақпақшалары бар) болуы мүмкін. Жоларнаны бұру және оны тармақтау үшін бұрыштық, үштік және крестітәріздес қораптар шығарылады; бір қимадан басқаға жоларнаны ауыстыру үшін – ауыстырмалы қораптар шығарылады.
Науаларда және ашық қораптарда электр тартылымдарды АПВ, АПРН сымдармен және АВВГ, АПВГ, АВРГ, АНРГ және басқа кабелдермен орындалады.
Науалар мен қораптар үйжайлардың барлық кластарында (қопарылысқа қауіптіден басқа) қондыру үшін арналған. Науаларда төселген сымдарға механикалық қорғау талап етілмеген кезде қолданылады; қораптар – осындай қорғау қажет болған кезде.
Науалар мен қораптардың тіреуіш қиыстырмаларын бекіту, олар бекітілетін негіздемеге байланысты жүзеге асырылады. Бетон мен кірпіштен жасалған тік негіздемеге қабырғалық қиыстырмаларды бекіту монтаждық пистолетпен атып жасалады; салмалы дюбелдер, болттар, штырлар, шпилькалар төбелік қиыстырмаларды қондыру үшін, ал сондай-ақ атуға не пісіріп дәнекерлеуге мүмкіндік болмағанда, 80мм-ге дейін негіздеме қалыңдығында қабырғалық қиыстырмаларды қондыру үшін пайдаланылады.
Негіздемеге Науалар мен қораптарды қондыру және бекіту үшін, ал сондай-ақ оларға сымдарды бекітуге полкалар мен кілттері бар кабелдік тіреуіштер, қыспалар, қапсырмалар, ілмектер және басқалар қолданылады.
Науалардағы төсеуді таза еден деңгейінен 2,5м-ден кем емес биіктікте (қызмет ету алаңшалары) жоғарғы қауіпті және >42В кернеуде ерекше қауіпті, ал басқа үйжайларда – 2м-ден кем емес биіктікте орындалғаны дұрыс.
Қораптарда сымдарды ашық төсеу биіктігі IР20 қорғау дәрежесімен еден деңгейінен нормаланбайды.
Науалар мен қораптарда резеңкелік және пластмассалық оқшауламаларымен барлық қималарымен сымдарды және жануды ұстап тұрмайтын қабықшасымен 16мм2-қа дейін қимасымен қоса брондалмаған кабелдерді төсеуге рұқсат етіледі.
Сымдар мен кабелдердің шекті саны механикалық беріктілік шартына сәйкес келуі тиіс, Науалардағы жүктеме 25…600Н/м-ден, қораптардағы – еніне байланысты 30…900Н/м-ден аспауы тиіс.
Сымдарды Науаларға 1 қатарға және бумалармен, бумадағы сымдардың саны 12-ден артық емес етіп орналастырады.
Кабелдер Науаларда 1 қатарда, бір біріне нығыздап бумалармен 2-3 қабатта төсеуге болады. Сымдар мен кабелдер бумасының сыртқы диаметрі 100мм-ден аспауы тиіс.
Сымдар мен кабелдерді қораптарда белгілі бір тәртіппен және өз еркімен өзара орналасуымен көпқабатты етіп төсеуге рұқсат етіледі. Бумалардың сыртқы диаметрі ашық қорап қимасының 40% -нан және толық жабылған қорап қимасының 35%-нан аспауы тиіс.
Науаларда бумалармен сымдар мен кабелдерді төсеген кезде, олар бандаждармен бекітілуі тиіс. Бандаждардың арасындағы қашықтық көлденең түзусызықтық участкелерде 4,5м-ден артық емес болуы тиіс, ал тік участкелерде – 1м-ден артық емес. Науаларды тік орналастырған кезде Науаға бекіту 1м-ден артық емес адыммен орындау керек.
Сымдар мен кабелдердің бұрылу не тармақталу орындарында бұрылысқа не тармаққа дейін және кейін 0,5м-ден артық емес қашықтықта бекітілуі дұрыс болады.
Қорапты көлденең орналастырған кезде (қақпақшасын жоғары қаратып) оған сымдар мен кабелдерді бекіту талап етілмейді, ал тік орналастырған кезде (қақпақшасы төмен не бүйір жағына қараса) – міндетті түрде, 1м адыммен.
Сымдар мен кабелдерді бекіту түймесі бар перфорацияланған лентамен, өрімі бар жолақшалармен, қамыттармен, қапсырмалармен және с.с. орындалады.
Жоларнада Науалар мен қораптарды орнатқаннан кейін магистралға жерлендіруді болттармен немесе пісіріп дәнекерлеумен кем дегенде 2 орындардан жалғайды.
Төселім аяқталған соң тармақтарды (егер олар ЭДШ-да жасалмаған болса) тармақтаушы қыспалардың көмегімен жалғайды, сымдар мен кабелдерді электр қондырғыға жалғап, тізбектерді тексереді.
Қораптар мен Науалардағы электр тартылымдар монтаждауда салыстырмалы арзан және эксплуатациялауда ыңғайлы. Бірақ олар көп металлды талап етеді, сондықтан олар тек қана сымдар мен кабелдерді тікелей қабырғаларға, арқансымдарға не құбырларға орналастыру қиын немесе техникалық не эстетикалық себеп бойынша мүмкін емес жағдайларда қолданылады.