Кабелдерді төсеу

Кабелдерді төсеу

2.1. ӘЖ-мен салыстырғанда кабелдік желілердің артықшылықтары:

— қызмет ету мерзімі үлкен;

— төсемнің жабықтылығы, осыған байланысты сыртқы әсерлердің жоқтығы (жел, көкмұз, найзағайлық асқын кернеулер);

— тіректің жоқтығы;

— эксплуатациялауда сенімділігі үлкен;

— апат кезінде адамдар мен жануарларды электр тоғымен соғу қауіпі аз.

Кемшіліктері:

— құны жоғары (ӘЖ-нен 2…2,5 есе қымбет);

— біліктілігі жоғары жұмысшы күшіне қажеттілігі;

— зақымды іздеуде қиындығы.

2.2. Кабелдерді төсеу тәсілдері

Кабелдерді әртүрлі ортада төсеуге болады: тікелей жерде (траншейлерде), суда, ауада (кабелдік ғимараттарда және өндірістік үйжайларда).

Кабелді төсеу үшін ең көп таралған орта жерлік траншей болып табылады. Ең көп қолайлы орта су болып табылады, себебі эксплуатациялау жағдайларында кабелді ең жақсы салқындатуды қамтамасыз етеді.

Кабелдік желі трасса бойымен төселеді, кабелдердің ең кіші шығынының шартынан бастап, механикалық зақымдалудан, коррозиядан олардың сақталуын ескере отырып, агрессиялық топырақтары бар ауландардан мүмкіндігі бойынша қаша отырып орындалады.

Кабелдік желінің трассасы деп, жерде, суда немесе жер асты ғимараттарындағы және өндірістік үйжайлардағы қиыстырмаларда оның жуықталған жағдайын атайды.

2.3. Кабелді төсеуге қойылатын негізгі талаптар

Кабелдерді төсеу кезінде ЭҚЕ және ҚНжәнеЕ талаптары сақталуы тиіс. Кабелдерді ұзындығы бойынша 1-3 %-ға қорымен төселгені дұрыс. Траншейлерде және үйлер мен ғимараттардың ішінде тегіс беттерде кабелді «иректеп» төсеу арқылы қорға қол жеткізеді, ал кабелдік қиыстырма бойымен бұл қор салбырау бағыттамасын тудыру үшін пайдаланады. Кабелдің қорын сақина түрінде (орамдар) төсеуге рұқсат етілмейді.

Трассаның бұрылыстарындағы кабелдің иілу радиустары оқшауламаның, қабықшаның материалына және тарамның қиыстырмасына байланысты оның ддиаметрінен 15…25 кем емес болуы тиіс.

Үйжайлардың ішінде және сыртында, механикалық зақымдалулары мүмкін жерде, жер немесе еден деңгейінен 2 метрден кем емес биіктікке дейін және жерде 0,3 метр тереңдікте кабелдер қорғалуы тиіс.

Өндірістік үйжайлардағы және кабелдік ғимараттардағы қабырғалар, аралық қабырғалар, жаппалар арқылы өтетін кабелдер металл емес трубалардың кесінділерінде (асбесттік, пластмассалық және с.с.) жүзеге асырылуы тиіс.

2.4. Тасымалдау

Кабелдермен барабандарды төсеу орнына дөңгелетіп немесе тиеу-түсіру лебедкалармен және кабелді тарқатуға арналған механизмдермен жабдықталған автомобилдерде тасымалдап жеткізіледі. Жақта барабанды орналастырып тасу кезінде тыйым салынады.

Автомашинаға барабандарды тиеу (түсіру) лебедкалардың, крандардың, 1:3 артық емес еңісімен көлбеу көпірше бойымен арнайы көтеру механизмдерінің көмегімен орындалады.

Жерге барабандарды лақтыруға мүлдем тыйым салынады.

2.5. Траншейлерді қазу және дайындау

Траншейлерді қазу мүмкіндігінше механикаландырылған тәсілмен орындайды, траншейлік экскаваторлар, пневматикалық бұзғыштар қолданылады, ал қала сыртында ауландарда жалғыз кабелдерді төсеу кезінде – кабел төсегіштер қолданылады, олардың пышағымен – сынасымен топырақ кесіледі және жылжытылады, және пайда болған саңылауға кабелді төсейді. Траншейлерді көму үшін бульдозер қолданылады. Вибрациялық нығыздаушы машинамен немесе катокпен топырақ нығыздалады.

10кВ-ке дейінгі кабелдерді төсеу үшін траншейдің тереңдігі 0,7м болуы тиіс; көшелерді, алаңдарды, шосселік және темір жолдарды қиып өткен кезде – 1м. (бұл кезде трассадағы жер егіс астында пайдаланылады).

10кВ-ке дейін күштік кабелдерді төсеу кезінде траншей түбінің ені болуы тиіс: 1,3м кем емес – 1-2 кабелдер үшін; 0,4м – 2-3 кабелдер үшін; 0,5м – 3-4 кабелдер үшін; 0,63м – 4-5 кабелдер үшін және 0,8м – 5-6 кабелдер үшін (кабелдердің өзара қызуына байланысты кіші болмайды). Жер қазатын механизммен траншейді қазу кезінде бір кабель үшін ені 0,15м кем емес болғанда рұқсат етіледі.

Кабелдік муфталарда кабелдерді жалғайтын орындарды жалғаулар ыңғайлы болу үшін траншейдің енін 1,5 метрге дейін 2 метр ұзындыққа (2 кабелді төсеу кезінде), ал кабелдердің саны көбейген кезде жалғау орындарының ығысуымен 2 метрден кем емес муфталарды орналастырады.

Кабелді төсер алдында траншейді тексерілуі, тастардан, тегіссіздіктен, қоқыстардан тазартылуы тиіс. Сонан соң траншейдің түбіне жұмсақ жер қабаты немесе 100мм қалыңдықпен құм төгіледі, оған кабель төселеді.

2.6. Траншейде кабелдерді төсеу.

Барабаннан кабелді тарқату арнайы мезанизмдердің және тарқатқыш роликтердің қолданылуымен орындалады.

Әдетте кабелдер траншейде 1 қатарда төселеді, және алдымен жұмсақ жер немесе құм ( 100 мм) қабатымен, ал сонан соң траншейден алынған топырақпен көміледі. Механикалық зақымдалулар болады-ау дейтін жерлерде (жиі қазылатын жерлер) кабелді 1 қабатта плиталармен немесе кірпіштермен жабылуымен қорғалады. Кабелдерді 1…1,2 м тереңдікте төсеген кезде механикалық зақымдалудан қорғамауға болады.

Қиылыстарда жоғарғы кернеулі кабелдердің үстімен төменгі кернеулі кабелдерді төсейді, себебі төменгівольттік кабелдердің зақымдалу ықтималдылығы жоғары.

Кабелдер басқа кабелдік желілермен қиылысқан кезде, олардың арасында 0,5м-ден кем емес топырақ қабаты болуы тиіс немесе бетондық плиталар, кірпіштер төселуі тиіс не кабел құбырда тартылады.

Кабелдерді үйдің маңында төсеген кезінде, үйдің іргетасынан қашықтық 0,6м-ден кем болмауы тиіс. Кабелдер мен мұнай- не газқұбырының арасындағы қашықтық – 0,5м-ден кем емес.

Қыста төменгі температуралар кезінде кабелдерді төсеу, әдетте алдын ала қыздырумен жүзеге асырылады. Әртүрлі қиыстырманың кабелдерін әртүрлі оқшаулама мен қабықша материалдарымен төсеу үшін қоршаған ортаның рұқсат етілген температурасы кестелерде келтіріледі.

Ауа температурасы -40оС төмен кезде кабелдерді төсеу мүлдем орындалмайды.

2.7. Үйдің ішінде кабелдерді төсеу ашық және жабық болуы мүмкін. 1кВ-ке дейін кабелдерді ашық төсеген кезде, оларды үйдің қабырға бойымен қапсырмалармен не қамыттармен немесе астауларда не қораптарда арнайы кабелдік қиыстырма бойымен бекітеді. Параллельді төселген кабелдер арасындағы қашықтық 35мм-ден кем болмауы тиіс, горизонталь бекітулер арасындағы қашықтық – 0,8 – 1м, тік бекітулер арасындағы қашықтық — 2м-ге дейін.

Кабелдерді жабық төсеу едендерде жасалған арықтарда, құбырларда, арнайы кабелдік ғимараттарда – туннелдерде, блоктарда, галереялерде шахталарда, қамбаларда.

Кабелді төсеу арқансымдарда да орындалады.

3. Кабелдерді жалғау және ұштау

Күштік кабелдерді жалғау және ұштау үшін, оларды электр жабдыққа жалғау үшін кабелдік муфталар және арнайы бекіткіштер қолданылады.

Муфталар мынадай типтерге бөлінеді: С – жалғау (соединительная); О – тармақтау (ответвительная); Ст – стопорлы; СтП – стопорлы-ауыспалық (стопорно-переходная); К – ақырғы (концевые); КН – сыртқа орнату (наружной установки); КМ – мачталық; КВ – ішке орнату (бекіткіштер).

Кабелдік муфталар жіктеледі:

а) тарам оқшауламасының түрі бойынша;

ә) тұрқының дайындалған материал тегі бойынша: Ч – шойын, С – қорғасын, Л – латунь, Э – эпоксидтік;

б) қиыстырмалық орындалуы бойынша (О – бірфазалық, белгілеусіз – үшфазалық);

в) муфтаның арналымын сипаттаушы типі бойынша (жалғау, ақырғы).

Кабелдік бекіткіштер жіктеледі:

а) тарам оқшауламасының түрі бойынша;

ә) бекіткіштің қиыстырмасына кіретін негізгі материал немесе бұйым бойынша (эпоксидтік, болат шұңқыларда, қорғасын қолғаптарда);

б) кабелдің қимасына және кернеуіне байланысты тип өлшемі бойынша.

1кВ-ке дейінгі күштік кабелдерді жалғау үшін қағаз оқшауламасымен герметикалық эпоксидтік жалғау муфталары маркасы СЭс (алмалы-салмалы пішінімен), қорғасын муфталар маркасы СС, шойын муфталар маркасы СЧ не СЧм (кішігабариттік).

6, 10кВ күштік кабелдерді жалғау үшін жоғарыда аталған муфталар маркалары СЭ, СС, ПСЭс, ПСсл, ал сондай-ақ вулкандатылған полиэтилен оқшауламасымен кабелдер үшін – муфталар маркасы ПВСсл және пластмассалық оқшауламасымен біртарамдық кабелдер үшін — муфталар маркасы ПСОсл қолданылады.

Стопорлы муфталар нормалды сіңірілген оқшауламасы бар кабелдерді секциялауға арналған 15м деңгейлердің айырмасында сіңіргіштердің орын ауысуын болдырмау мақсатымен қолданылады (муфталар Ст).

Мачталық муфталар (типі КМ) кабелдік желіні әуе желісіне ауыстырған кезде, кабелдік желінің ақырын ұштау үшін қолданылады. Мачталық муфталар шойыннан (КМЧ) не алюминийден (КМА) жасалған тұрқы, олардың ішінде фарфорлық изоляторлар орнатылған.

Үйжайдың ішінде кабелдерді ұштау үшін құрғақ ақырғы бекіткіштер (КВВ), ал сондай-ақ эпоксидтік компаунды бар бекіткіштер қолданылады, оларды монтаждау кезінде кабелдің тарамына найриттік түтікшелер кигізіледі.

Сыртқы қондырғылар үшін ақырғы эпоксидтік және металл муфталар типтері КНЭ (қағаз оқшауламасымен кабелдер үшін) және ПКНЭ (пластмассалық оқшауламасымен кабелдер үшін), КНА (алюминий тұрқысында), КНЧ (шойын тұрқысында.

6кВ дейінгі үш- және төрттарамдық кабелдерді муфтасыз ұштау үшін типі КВР (КВРз) найриттік резинадан қолғап қолданылады, ол кабелдің бөлектелген ұшына кигізіледі. Кабелдің әрбір тарамын резиналық түтікке кигізіп, қолғаптың саусақтарымен желімдеп, сонан соң талсымдық бандажбен не қамытпен бекітеді.

Шойын муфта типі СЧ екі жартылай муфталардан тұрады, болттармен жалғанады. Кабелді бөлшектеп, қорғаушы қабықшалардың қабатын ашады, ал ток жүретін тарамдарды престеумен, термиттік балқытып пісірумен не дәнекерлеумен жалғайды және оқшаулайды. Кабелдің ақырғы ұшын бөлшектеу ұзындығы муфтаның не бекіткіштің қиыстырмасына, кабелдің кернеуі мен оның тарам қимасына тәуелді. Бөлшектеудің барлық қажетті өлшемдері инструкцияларда берілген. Монтаждау аяқталғаннан кейін муфталардың болттарын тартып, ал тесік арқылы муфтаға жоғарғы жартысына қыздырылған битум массасын құяды.

Эпоксидтік муфталар типі (СЭ) 6-10кВ кернеуде екі құйма эпоксидтік жартылай муфталардан және толықтырғышы бар қоспада компаундтан жасалған комплекттен, қаттырғыштан және қажетті көмекші материалдың жиынтығынан тұрады. 1кВ-ке дейінгі кернеуде эпоксидтік муфталардың құйылған тұрқылары болмайды, ал алмалы-салмалы пішіндері болады, оларға монтаждау орынында компаундпен құяды.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *