Изоляторларды монтаждау

Штырлық изоляторлар 1кВ-ке дейінгі ӘЖ-де сымдар арасындағы тік қашықтықтар 400мм-ден кем емес, ал 30м-ге дейінгі аралықта горизонталь қашықтықтар – 200мм-ден кем емес, 30м-ден артық аралықта – 300мм. Көк мұз бойынша IV және ерекше аудандарда тік қашықтық 600мм, ал горизонталь – 400мм болуы тиіс.

6-10кВ ӘЖ-дегі штырлық изоляторлардағы сымдар арасындағы тік және горизонталь қашықтықтар 800мм-ден кем емес, ал 35кВ ӘЖ-дегі – 1000мм.

Штырлық изоляторларды штырларда не крюктерде тіреулерге немесе траверстерге тік бекітеді. Айналып өтетін сымды бекіту кезінде тікке 45º бұрышпен изоляторларды орнатады.

Ілмелік изоляторлар гирляндаға жинап, тіреудің траверстеріне, крюктер мен сырғаларына ілінеді. 35кВ ӘЖ-де сымдар арасындағы қашықтық, изоляторлардың ілмелерінде бекітілген, салбырау бағыттамасы 4м-ге дейін және кем кезде 2,5м, ал 110кВ ӘЖ-де – 3,25м. Тіреуде гирлянданы монтаждау әдетте телескопиялық мұнарамен орындайды. Блок арқылы иілген, траверске бекітілген, гирляндаларды арқансымның не арқанның көмегімен көтереді.

Сымдар мен арқансымдарды монтаждау

Сымдар мен арқансымдарды монтаждау мынадай кезеңдерден тұрады: сымдар мен арқансымдарды тарқату; сымдар мен арқансымдарды жалғау; гирлянданы жинау және оларды сымдарымен аралық тіреулерге көтеру; сымдар мен арқансымдарды керу және оларды анкерлік тіреулерге бекіту; сымдар мен арқансымдарды аралық тіреулерге бекіту.

а) сымдар мен арқансымдарды тарқату. ӘЖ-не жаңалаш сымдар ағаш барабандарда жеткізеледі. Барабандарды сымдарымен арнайы тарқату арбанына орналастырып, бір анкерлік тіреуден басқа тіреуге дейін бірмезгілде бірнеше сымдар мен барабандарды тарқату трактор не автомашина көмегімен орындайды. Темір және тас жолдар арқылы сымдарды тарқату кезінде, басқа ӘЖ қиып өткенде, қиып өтетін орындарда арнайы ағаш ашаларды немесе бір-бірінің арасына арқансым керілген тіреулер орнатылады, ол жол бойымен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және қиылысатын сымдарды тұйықталудан қорғайды;

ә) Сымдар мен арқансымдарды жалғау қыспалармен және балқытып пісірумен орындалады. Екі қатарлас аралықтардың сымдарын жалғау анкерлік тіреуде изоляторлардың екі керілген гирляндаларының арасындағы қуыста орындалған. Бірақ қашан мүмкіндік болғанда, анкерлік тіреудегі сымды кеспейді, ал келесі анкерлік аралыққа өткізіп жібереді, оны алдымен бір керу қыспасында бекітіп, ал анкерлік аралықта сым керілгеннен кейін – тіреудің басқа жағына қарай басқа керу қыспасында бекітеді. Осы екі қыспалардың арасында кесілмеген тұзақты қалдырады. Әрбір сымға не арқансымға аралықта бір жалғаудан артық жасауға ҚН және Е рұқсат етеді. Өз сымының не арқансымының жалғау орындарының механикалық беріктігі 90% -тен кем болмауы тиіс.

б) Сымдар мен арқансымдарды керу. 10кВ-ке дейін ӘЖ-ң сымдарын керу полиспасталардың не автомашинаның көмегімен лебедкамен орындайды, ал 35кВ және жоғары ӘЖ үлкен аралықтарымен – трактормен орындайды. Сымдар мен арқансымдарды керу анкерлік тіреулердің арасында сыналық монтаждау қыспаларының көмегімен орындайды.

Салбырау бағыттамасын әрбір желі үшін жобада көрсетеді және ол жобалықтан ±5% артық айырықшаланбауы тиіс.

1кВ дейін ӘЖ үшін сымнан жерге дейінгі қашықтық ≥6 м болуы тиіс.

1кВ-тен жоғары ӘЖ үшін бұл қашықтықтар кем болмауы тиіс:

тұрғын жерлерде – 7 м;

тұрғын емес жерлерде — 6 м;

қиын жететін жерлерде – 5 м.

г) Сымдар мен арқансымдарды бекіту. Сымды штырлық изоляторға арнайы қыспалармен не сым жасалған материалдан талсыммен бекітеді. Ілмелік изоляторлардың гирляндаларында сымды қыспаларды бекітеді. Аралық тіреулерде сымдарды ұстап тұратын қыспаларда бекітеді.

ӘЖ тұрғызу кезінде кешендік механикаландыруды қолдану жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізіп, ӘЖ монтаждау мерзімін қысқартады. Механикалық коланналар ӘЖ-110кВ тұрғызу кезінде монтаждау жылдамдығы 1км/сағ дейін жетеді.

ӘЖ тіреулерінде сымдарды әртүрлі тәсілдермен жайғастыруға болады ТМД елдерінде тіреулерде сымдарды жайғастыру қабылдаған:

а) біртізбекті желілер – ұшбұрышша не горизонталь;

ә) екітізбекті желілер – кері шыршалы не алтыбұрышша («бөшкелер» түрінде).

— сымдарды үшбұрышпен жайғастыру барлық біртізбекті желілерде 20кВ-ке дейінгі қоса кернеуімен және біртізбекті желілерде 35÷ 330кВ кернеуімен металл және темір-бетон тіреулерімен қолданылады.

— сымдарды горизонталь жайғастыру біртізбекті желілерде 35÷110кВ кернеуімен ағаш тіреулерімен қолданылады:

 Екі қорғау арқансым

— кері шыршалы жайғастыру монтаждау жағдайы бойынша ыңғайлы, бірақ екі арқансымдардың арқасында тіреудің салмағын көбейтеді.

   — кейде алтыбұрышпен де қолайлы. Екі тізбекті желілер 35÷300кВ кернеуімен.

Барлық аталған тәсілдер бір-бірінің қатынасы бойынша сымдарды симметриялық емес жайғастыруға әкеліп, олардың реактивті кедергілері мен өткізгіштіліктерін біркелкісіздікке бірдей еместікке жеткізеді. Сондықтан желінің бөлек фазаларында кернеудің түсуі, қатаң айтқанда, фазаның біркелкі жүктеуінде де бірдей емес болады.

Ол үшін, желі тізбегінің барлық үш фазаларында сыйымдылық пен индуктивтілікті бірдей етіп жасау, ұзын желілерде транспозициялық сымдар қолданылады, яғни желінің әртүрлі учаскелерінде бір-біріне қатынасы бойынша оларды әртүрлі етіп жайғастырады. Бұл кезде тізбектің фазасының әрбір сымы желінің үштен бір ұзындығын бір орынында, екіншісін – басқа орынында және үшіншісін – үшінші орынында кесіп өтеді. Бір осындай сымдардың үш рет орын ауыстыруы транспозиция циклы деп аталады.

Сымдардың транспозициясы мақсаты сондай-ақ, байланыстың көршілес сымдарына электрберіліс желісінің әсерін азайту.

Ұзақтылығы 100км-ден артық кернеуі 110кВ және жоғары желілерде қолданылады. Ұзақтылығы кіші желілерде бейсимметрия мардымсыз, бұл барлық кернеулердің желісінде сымдарды транспозициясыз жасауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *