Түйіншектелген бухталарда сымдарды нысанаға әкеледі. Оларды төсер алдында түзулейді. Әдетте, топтық қалқанға жақын қорапшаға төсей бастайды. Сымдардың соңғы ұштарында ұзындығы 75мм ағытқыш қабыршақты кесіп, сымның соңғы ұшын артығымен қорапшаға кіргізіп, одан бастап, оны жаймен тарта отырып түзусызық участке бойымен келесі қорапшаға немесе трасса бұрылысына дейін сымдарды төсейді. Сонан соң сымды басқа соңғы ұшын уақытша бекітіп, тағыда мұқият түзетіп, түпкілікті бекітеді.
Жанбайтын және қиын жанатын негіздеме бойымен оларға тікелей сымдар төселеді, ал жанатын боыйымен – сым астына қалыңдығы 3мм және ені сым енінен 20мм-ге үлкен (әрбір жағынан 10мм-ге) асбесттік бет (АППР сымынан басқасы). АППР сымын тікелей, асбестсіз төсейді.
Бөлуші қабықшасы бар жалпақ сымдар негіздемеге арнайы шегелермен бекітеді (ұзындығы 20…25мм, қалпақшаның диаметрі – 3мм), тарамдар арасындағы бөлуші қабықшаға тура шегені балғамен ұрады. Ылғалды жылытылмайтын, ал сондай-ақ дымқылды және химиялық активті ортасымен үйжайларда шегелердің қалпақшасының астына пластмассалық немесе эбониттік шайбаларды жайғастырып төсейді.
Жалпақ сымдар параллельді төселген кезде, олардың арасындағы саңылау 3…5мм қалдырылады. Сымдардың қиылысу орындарында төменгі сымға 3-4 қабат изолента немесе оқшауламалық (изоляциялық) түтікше төселеді. Жалпақ сымдарды бумалармен (пакеттермен) төсеуге тыйым салынады.
Жалпақ сымдарды 90° бұрышпен қабырғалап иілтеді, иілу орындарында 40…60мм ұзындықта бөлуші қабықшаны алып тастайды (суретке қара).
Электр тартылымның қабырға арқылы өтпелері оқшауламалық резеңкелік жартылай қатты және поливинилхлоридтік түтікшелерде орындалады. Бұл кезде өтпенің екі жағынан түтікшеге фарфорлық немесе пластмассалық втулка оқшаулама кигізіліп, түтікшенің шеңберіндегі тесіктер цементпен немесе алебастрлық ерітіндімен толтырылады және түтікшеге втулканы жылжытып, қабырға бетіне бортиктерді жатқызады. Оқшауламалық түтікше екі жағынан 5…10мм-де втулкадан шығып тұруы тиіс.
Құрғақ үйжайдан дымқыл үйжайға қабырғаны тесіп өткен кезде құрғақ үйжай жағынан втулка, ал дымқыл – воронка тесігі төмен қаратып қойылады. Сым төселгеннен кейін воронкаға оқшауламалық компаунд құйылады (мысалы, битумдық кабелдік масса).
Сымдарды қорапшаларда жалғаумен және оларды электр қабылдағыш пен тарату құрылғыларына жалғаумен монтаждау аяқталады. Бұл кезде сымдар, егер олар ЭДШ-да жалғанбаса және ұшталмаса, онда оларды алдымен жалғап, кәдімгі оралмамен жалғастырады, монтаждаудың дұрыс екендігін тексеріп, кернеу астында сынап, бұнан кейін сымдар престеумен, пісіріп дәнекерлеумен, механиклық тәсілмен түпкілікті жалғайды.
Дымқылды, ерекшк дымқылды және химиялық активті ортасы бар үйжайларда қолданылатын металл жалғаушы және тармақтаушы қорапшалар электр тартылымдарда жерлендіріледі.
Жалпақ сымдарымен ашық электр тартылымдар қарапайым және салыстырмалы арзан. Бірақ, олар сыртқы зақымдалудан қорғалмаған және эстетикалық емес, әсіресе тұрғын үйжайларда.
Дөңгелек сымдармен және кабелдермен электр тартылымды монтаждау жалпақ сымдармен монтаждаудан келесідегідей айырықшаланады: дөңгелек сымдар бір-бірлеп, бірнешеуі параллельде және бумада төселуі мүмкін. Бөлуші қабықшасыз жалпақ сымдар, сондай-ақ бір-бірлеп және бірнешеуі параллельді төселуі мүмкін. Бекітпе ретінде қолданылады: 2- және 1-табаншалы қапсырмалар, бауламасымен жолақшалар, брускамен және пряжкамен, шипасы бар жолақшалармен, заклепкасы бар бандаждық жолақшалар және басқалар. Тік төсеу кезінде аралық бекітулер 500…700мм адыммен жасалады; Соңғылар – электр қондыру бұйымдарынан 50…70мм қашықтықта. Иілу басынан жақын қапсырмаларға дейін қашықтық – 20мм-ден артық емес.