Етістіктің лексика-грамматикалық және грамматикалық категориялары
Жоспар
1. Салттылық және сабақтылық категориясы
2. Етіс түрлері, ол жөніндегі зерттелу мен оқулықтардағы ой-пікірлері
3. Етістіктің болымды-болымсыз категориясы
4. Қимылдың өту сипаты етістіктің дербес лексика-грамматикалық категориясы екендігі
5. Есімше, көсемше, тұйық етістік тұлғаларының етістіктің грамматикалық категориялары ішіндегі орны
6. Рай категориясы
7. Шақ категориясы
8. Етістіктің жіктелуі
9. Етістіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі
Тілдің грамматикалық жүйесінде сөз таптарының морфологиялық құрамына қарай түбір және әр түрлі грамматикалық түр-тұлғаларға бөлінуі етістікке де тән құбылыс. Етістік- қазіргі кезде түбір күйінде қолданылмайтын, түбір тұлға және неше түрлі грамматикалық мағынаның тұлғалық көрсеткіштері мен формалардың түрлену жүйесінің бірлігінен тұратын сөз табы.
Етістік — ең күрдел і сөз табы ретінде субьектінің іс-әрекетін ғана емес, табиғатта, қоғамда, жалпы өмірде ұшырасатын жайлардың және адамның ой-санасы арқылы туған түрлі амал-әрекет, іс-қимыл, жай-күй сияқты процестерді білдіретін сөз табы екендігі оның лексика-грамматикалық қасиеттері мен семантикалық ерекшеліктерінен, түбір тұлғасы мен грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан және олардың өзара арақатынасы мен грамматикапық категорияларының әртүрлілігінен, қолдану аясы мен сөйлемде атқаратын қызметінен айқын байқалады. Осы қасиеттеріне байланысты етістік категориялары, бір жағынан, лексика-грамматикалық, екінші жағынан, таза грамматикалық, үшінші жағынан, өзара жеке грамматикалық категория жасауға (шақ категориясын) негіз болатын формалары (есімше, көсемше) немесе бүтіндей басқа сөз табының грамматикалық сипатын ғана көрсететін айрықша түрі (тұйық етістік) тұрғысында қарастырылып, әр категориялары бір-бірінен грамматикалық және семантикалық сипаттары жағынан ажыратылады да, олар тұлғалану және түрлену ерекшеліктеріне орай және білдіретін мағыналарына қарай түр-түрге бөлінеді. Осыдан келіп етістіктің әр категориясы өзіндік сипатқа ие болады.
Сабақтылық-салттылық категориясы
Бүкіл етістікті қамтитын салттылық, сабақтылық мән әрі лексикаға, әрі грамматикаға қатысты категория ретінде түркологияда зерттелуі жағынан аса дами қоймаған мәселелердің бірі. Етістіктің салт етістік, сабақты етістік деп бөлінетін түрлері ертеден айтылғанмен, олар етістіктің салттылық-сабақтылық категориясы ретінде танылмаған. Категория ретінде салт, сабақты етістіктер арнайы зерттеудің тақырыбы болмаған. Сондықтан да ертеде шыққан түрколог ғалымдар еңбектерінде етістіктің салттылық, сабақтылық мағынасы мүлдем аталмайды. Кейінгі түрік тілдері грамматикаларының авторларының еңбектерінде етістіктің салт етістік, сабақты етістік түрлері аталады, бірақ оны етістіктің жеке категориясы ретінде танымайды. Олар етістіктің салттылық, сабақтылық мағынасын етіс категориясының ішінде атайды. Енді бір топ ғалым-түркологтар етістіктің салттылық, сабақтылық категориясын етіс категориясынан бөліп, оның жекелігін көрсөтеді. Бұл топтағы ғалымдар етістіктің салттылық, сабақтылығын жеке категория ретінде тани отырып, оның етіс категориясымен байланысы барына, салттылық, сабақтылыққа етіс жұрнақтарының әсері болатынына тоқталады. Сөйтіп, етіс көрсеткішінің етістіктің салттылық, сабақтылығын жасайтынын көрсетеді. Келесі топтағы ғалымдар етістіктің салт, сабақтылық мағынасын бөліп жеке қарағанмен, оны категория деп санамайды.
Етістік жалпы грамматикалық мағынасы жағынан нені білдірсе де және қандай тұлғада тұрса да, не сабақты, не салт мәнін білдіріп тұрады. Етістіктің бойындағы осы салттылық-сабақтылық қасиет оның әрі семантикалық сипаты, әрі етістікке ғана тән ерекшелік болып саналады. Етістікке тән салттылық пен сабақтылықты таныған ғалымдарда оны қандай категория деп атаумен байланысты әр түрлі пікір бар. Башқұрт тілінің ғалымдары сабақты, салт етістік категориясын лексика-грамматикалық категория санаса, кей грамматика авторлары оны лексика-семантикалық категория дегенге жақындатады. Бұдан жалпы салт және сабақты етістіктер туралы оқулықтарда белгілі дәрежеде мағлұмат беру ертеден келе жатқан дағдылы құбылыс екені байқапады. Ал қазақ тілінде алғаш жазылған Ахмет Байтұрсыновтың « «Тіл-құрал» атты оқулығында салт етістік пен сабақты етістіктер етістер құрамында аталып, «Сабақты етіс дейміз — еткен іске бір нәрсе сабақ хаулы болса,…»; «Салт етіс дейміз — өткен іске сабақталып, байланып тұрған еш нәрсе болмаса,…») -деген ережемен берілген. Яғни етіс ішінде қаралған.
Қазақ тіл білімінде сабақты етістік пен салт етістік етістіктің жеке семантика — синтаксистік категориясы -деп танылады.
Етістік проблемаларын қазақ тіл білімінде ең көп зерттеген ғалым -А.Қалыбаева (Хасенова), бұл ғалымның негізгі еңбектері етіс проблемасымен, етістіктің сөзжасамымен байланысты. Осы мәселелерді зерттеу үстінде ғалым сөз жоқ етістіктің салт-сабақтылық мағынасына да тоқталып отырған.
А.Қалыбаева «Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты» атты моногафиясында салт, сабақты етістіктер мәселесіне тоқтала келіп, бұл жөнінде автордың «Бүгінгі түркі тілдеріндегі сабақты және салт етістік категорияларын тек семантикалары тұрғысынан қарап қоймай, тілдің әр саласын жан-жақты қарауға тиісті лексика-грамматикалық қасиеттері тұрғысынан да қарап, оларды өзінше лексика-грамматикалық категория деп тұжырымға келу қажет болады» (55.208) — деп айтқан өз сөзінен оның сабақты және салт етістіктерді лексика-грамматикалық категория қатарына жатқызғаны көрінеді. Осы еңбекте ғалым сабақты және салт етістіктерді лексика-семантикалықжәне грамматикалық тұтастықта алып қарауды да ұсынады. «Сабақты, салт етістіктердің обьектіні керек ету, етпеуі етістіктердің лексика-семантикалық мәнімен ұштасады, ал олардың түбір тұлғада тұруы, сөйтіп тұрлаусыз мүшелерді меңгеруі грамматика саласынан танылады. Бұл сабақты, салт етістіктерді семантика мен грамматика тұтастығы тұрғысынан баяндауға мүмкіндік береді — деп есептейді. Салт етістік пен сабақты етістік ғылыми грамматикаларда «табыс септеудегі тура толықтауышқа мағынасы сабақталып тұратын етістікті сабақты етістік, ал, керісінше, табыс септеудегі тура толықтауышқа мағынасы сабақталмай, жадағай істің өзін халді білдіретін етістіктерді салт етістік дейміз» ) — деген анықтама беріліп, салт, сабақтылық категориясы түбір сөзге қатысты екені және бұлардың етіс жұрнақтары арқылы бір-біріне ауысатыны айтылған.
1967 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты шығарған «Қазақ тілінің грамматикасы» ғылыми оқулығында жоғарыда айтылған салт етістік пен сабақты етістіктерге берілген сипаттамаларға қоса, аздаған толықтырулар бар. Мұнда етіс жұрнақтарының ішінде ортақ етіс жұрнағының салттылық, сабақтылыққа әсер ететіні, етістік жұрнақтарының көбі етістіктің сабақты және салт мәнін беруге бейтарап болып келетіні айтылған. Сонымен бірге-ра/-ре, -сыра/-сіре, -мсыраАмсіре, -ңра/-ңре, -ура /-уре, -ай /-ей, -ырай /-ірей, -ал /-ел /-л, -ғы / -гі т.б. жұрнақтары салт етістік көрсеткіші есепті өз алдына бөліп қарау керек деп санаған да, ал -қыла / -кіле жұрнағы (шапқыла етістігінен басқа жағдайда) сабақты етістік жасайтыны айтылған. 1974 және 1991 жылдары шыққан «Қазіргі қазақ тілі» (морфология) оқулықтарында салт және сабақты етістіктерге қысқаша түсінік беріле келе, екі нәрсеге көңіл белу керектігі, бірі — бір етістіктің әрі салт, әрі сабақты болып келуіне, екіншісі -салт, сабақтылық қасиеттің жалаң түбір етістіктермен қоса күрделі етістіктерге де қатысы бар екеніне назар аударылған. Ә. Төлеуовтың «Сөз таптары» деп аталатын филология факультеті студенттеріне арналған оқу құралында етістік ішкі лексика-еемантикалық мәнінің сапалық белгісіне қарай ажыратылып, ол қимыл обьектілерінің түріне қарай сабақты, салт етістік болып бөлінетіні, сөйтіп етістік болмыстағы іс не әрекеттің белгілі бір обьектіге сабақталып, не сабақталмай жалаң қолданылуы арқылы өздері меңгеретін сөздерінің белгілі формада тұруын талап ететіні, сабақты етістік пен салт етістіктің қазақ тілінде формалануы жағынан (қосымша қосылуы) бір-бірінен пәлендей айырма жоқ, бірақ олардың бір-бірінен мағынасы және қызметі жағынан айырмасы барлығы айтылады . Бұл пікір алалығы түркологияда етістіктің салттылық, сабақтылық мәселесінің аз зерттелгенін көрсетсе керек.
Жалпы лингвистикада салт, сабақты етістіктерді объектілі, объектісіз қимыл деп атау қалыптасқан. Етістіктің салт, сабақтылығы тілдің грамматикалық құрылысында кең орын алатын грамматиканың теориясын дамытуда маңызы зор өзекті мәселелердің бірі екені ақиқат.
Салт, сабақгы етістік категориясының кейбір жеке тілде ғана болмаса жалпы түркологияда, соның ішінде қазақ тіл білімінде де зерттелмей келе жатқаны, осы қысқа шолудан анық көрінеді. Бұл түркі тілдерінде сапт, сабақты етістік категориясына байланысты теорияның дамымағанын көрсетеді. Соңғы кездері жеке тілдерде, соның ішінде қазақ тілінде салт етістік пен сабақты етістіктердің ішкі сыры басқа мәселелермен қатысты құрамы мен мағынасының аумағы, сөз тіркесін жасаудағы қабілеті, олардың есім сөздерді меңгеруіне байланысты қарастырылып жүр.
Етістіктің салттылық, сабақтылық мәнінің өзіндік айырмашылығы бар категория. Ол негізінен қимылдың жасалуына байланысты мағына. Шындық өмірде қимыл, іс-әрекет субъекті арқылы іске асатыны, қимылды субъекті жасайтыны ешбір күмән туғызбайтын басы ашық мәселе. Ал субъект жасайтын қимылдың қай затқа бағытталуын етістік өзінің лексикалық мағынасымен бірге көрсетеді және сонымен бірге қимылдың субъектіге бағытталғанын да білдіреді. Ол салт етістіктерге тән мән-мағына. Мысалы, Кейде күн шықпай, Біжікен зиратының басына барып, күн бата қайтады (Ғ.Мүсрепов) сөйлеміндегі «күн шықпай» дегенде, шықпаған күн, «зиратының басына барып» дегенде барған — ол, «күн бата» дегенде, батқан — күн, «қайтады»дегенде, қайтатын-ол. Бұлардыңбәріндеде қимыл-субъектінің қимылы. Осы етістіктер білдіретін қимыл субъектіге бағытталады дегенді қимыл жасаушы — субъекті деп түсінбей, қимылға түсетін де субьектінің өзі деп түсіну керек. Өйткені мұнда қимылдыңжасалуына қатысты субъектіден басқа зат — объекті жоқ. Осы пікірді аңғару үшін сабақты етістікке мына мысалды келтірейік. Жақып Құнанбай отырған бөлменің есігін ашты (М.Әуезов); Мен біразын көзбен көріп, дәмін таттым (С.Бегапин) деген сөйлемдерде «ашу, тату» етістіктері сабақты етістіктергежатады. Осындағы етістікті білдіретін қимыл да субьекті арқылы жасалады. Бөлменің есігін ашқан — Жақып, біразын көрген, дәмін татқан — мен. Бұл етістікгер білдіретін қимылдардың әрқайсысын жасаған қимыл иесі — субъектісі бар екені анық. Бірақ мұнда қимыл субъеюіге емес, обьектіге бағытталған. Анығырақ айтсақ, мұндағы қимыл обьектігежасалған. «Ашу» қимылына түскен объекті -есік, «көру» қимылына түскен обьекті — дәм. Бұдан сабақты етістікте қимыл субъектіден басқа затқа жасалатыны, яғни қимылды субъекті басқа затқа жасайтыны көрінеді. Міне, сондықган да ғылыми еңбектерде салт етістіктер білдіретін қимыл субьектіге, ал сабақгы етістіктер білдіретін қимыл объекгіге бағытталады деп саналады. Салт етістіктегі қимыл субьеюгіге бағытталады дегенді субъекті жасайтын қимыл деп түсінуге де болады. Ал субъектіжасайтын қимылдың бәрі салт етістікке жата бермейтіні белгілі. Өйткені сабақты етістікбілдіретін қимылды да субъекті жасайды.
Салт, сабақгы етістіктерді тануда ғылыми әдебиеттерде айтылып жүрген қимылдың субъектіге не объекгіге бағытталуына байланысты болады деген жалпылама анықгама жеткіліксіз сондықтан, олардың бір-бірінен ерекшелігін ажырату қажет. Олар:
1. Салт етістікте қимылды субьекті жасайды, бірақ ол қимылға түсетін, қимыл жасалатын субъектіден басқа зат болмайды. Ал сабақты етістікте қимылды басқа зат жасайды, яғни сабақты етістікте қимылға түсетін объекті затболады.
2.Сал тетістік тек субъеістіге қатысты қимылды білдіретін болғандықган, салт етістіктегі қимыл бір затқа ғана қатысты болады. Ал сабақты етістіктер субъектінің объектігежасапатын қимылын білдіреді. Сондыі^ган да ол кемі екі затқа байланысты қимыл болады. Оның бірі-субъекті, екіншісі объекті. Сабақты етістік үшін сөйлемде субъектінің аталуынан гөрі қимылға түсетін, қимыл жасайтын обьектінің аталуы өте маңызды.
3. Салт етістіктер тек субьектіге қатысты қимылды білдіретін объектісіз етістіктер болса, сабақты етістіктер қимылдың белгілі бір обьектіде өтуін қажет ететін обьектілі етістік .
Сөйлемде қандай сөйлем мүшесінің қолданылуы, етістікке байланысты болады. Өйткені сөйлемнің ұйтқысы-етістік. Етістік сөйлемді ұйымдастырушы болса, оның ұйымдастырушылық қызметі обективті өмірде сол қимылдың жасалуын білдіретін ұғымдардың мәні салт, сабақты етістіктердің сол сөйлемде қолданылу ерекшелігіне байланысты болады. Әйткені қимыл объективті өмірде өзінен-өзі жасала қалмайды. Қимылды жасаушы болады, қимылға түсетін зат болады, қимылды жасау мезгілі, жасалатын орны, т.б. болады. Қимылдың мәнін ашатын, оған қатысты ұғымдар, жағдайлар болады. Қимылды жан-жақты, анық түсіндіру үшін, олардың бәрі де қажет. Сөйлемде етістік өзінің мәнін ашатын осындай ұғымдардың аталуын қажет етеді. Мысалы: «Ол қазір диванда газетті жайлап оқып жатыр» — деген сөйлемді алып, сөйлемдегі сөздерге талдау жасайық. Біріншіден бұл сөйлемдегі «оқып жатыр» деген етістіктің мағынасы кімнің оқығанын айтуды қажет етеді, өйткені қимылдың субьектісі аталу керек, сондықтан сөйлемге «ол» деген субьекті сөз кірген. Екіншіден, ол етістіктің мағынасы қимылға түскен обьектінің атауын керек етеді,сондықтан сөйлемде қимылдың объектісі «газет» сөзі айтылган. Үшіншіден, осы етістіктің мағынасы қимылдың қайда жасалуын атауды тілейді, сондықтан сөйлемге «диванда» деген сөз кірген, ол қимылдың болған орнын көрсетіп тұр. Төртіншіден, аталған етістік мағынасы қимылдың қалай жасалғанын анықтауды керек етеді, сондықтан сөйлемде «жайлап» деген көсемше тұлғалы сөз қолданылған. Бесіншіден, бұл етістіктің мағынасы толық ашылу үшін қимылдың жасалу мезгілін білдіру қажет, сондықтан да сөйлемге «қазір» деген үстеу сөз кірген. Осы мысал етістік тек лексикалық мағынаны білдіріп қана қоймай, ол өз бойында келешек сөйлемнің қаңқасы үшін қажет болатын сөздердің кіруін шеше алатынының дәлелі. Бұдан сөйлемде белгілі мүшелердің қолданылу, қолданылмауы етістіктің салттылық, сабақтылық мағынасына байланысты болатыны көрінеді. Етістіктің осы мағынасына байланысты объектілік, субьектілік қатыстағы сөздер үшін сөйлемде бос орындар болады, сөйлемдегі осы бос орындар сондай қызметтегі сөздер арқылы толықтырылып отырылады. Ал салт, сабақты етістіктерді ажыратудың өзі сөйлемде осы тура объектінің болу болмауына, етістіктің оны қажет ету етпеуіне байланысты анықталады. Салт етістік баяндауыш болған сөйлемде тура объектіге арналған бос орын болмайды, сондықтан ол — тура обектісіз етістік, яғни обьекті жөнінен салт етістік ноль валентті. Ал сабақгы етістікте тура обьектіге арналған бос орын болады, оны сондай мәндегі, қызметтегі сөздермен толықтыру қажет етіледі. Етістік сөйлемде қолданылғанда табыс септіктегі сөзді — тура толықтауышты керек етіп, сабақталуды тілеп тұрады, оған сөйлемде қалдырылған бос орын да болады. Осындай тура толықтауышты керек ететін мағынасы бар сабақты етістіктер — тура обьектілі етістіктерге жатады. Олар тура толықтауышпен тығыз лексика-семантикалық байланыста келеді.Ал тура толықтауыш сөйлемдегі ойды анықтайтын, нақтылайтын негізгі етістіктің серігі болып табылады.
Етістік — сөйлемнің және сөз тіркесінің негізгі тұтқасы, тірегі. Ол іс-әрекет пен обьекті арасындағы грамматикалық байланысты шешеді. Сондықтан етістіктің сөйлем жасауда негізгі ұйтқы болуы тегін емес. Өйткені кез келген сөйлем есім сөздердің етістікпен қосыла, бірге қолданылуы арқылы етістіктің төңірегінде (салттылық не сабақтылық мәннің бірін білдіретін) құрылады. Сабақты етістіктің мағынасы нақтылы, анық болуы үшін сөйлемде табыс септіктегі сөздің қолданылуы міндетті. Сабақты етістік өзінің лексикалық және грамматикалық мағыналарының күші арқылы тіркесетін сөзден белгілі бір септікті талап етеді. Табыс септіктегі обьекті сөзсіз сабақты етістіктің мәні ашылмайды. Салт етістіктің мәні анық, нақтылы болу үшін, қимылды кім жасағаны, яғни атау септіктегі сөз айтылуы тиіс. Бірақ ол сөйлемде үнемі айтыла бермеуі де мүмкін. Оның айтылмауы салт етістіктердің мағына толымсыздығын туғызбайды. Өйткені салт етістіктен болған баяндауышта қимылды кім жасағанын көрсетіп тұратын жақтық жалғау тұрады. Сондықтан қимыл иесі сөйлемде айтылмаса да, оның кім екенін баяндауыш болған салт етістік көрсете алады. Сонда сабақты етістікте, салт етістікте сөйлемде табыс септіктегі және атау септіктегі субьекті сөзді міндетті түрде керек етіп тұрады. Ал сабақты, салт етістіктер басқа септіктегі сөздердің сөйлемде айтылу, айтылмауына бейтарап қарайды, бұл жерде міндетті түрде болу керек деген міндеттілік жоқ. Бірақ басқа септіктегі есім сөзбен сабақты етістік те, салт етістік те тіркесе береді. Басқа септік тұлғадағы есім сөзбен тіркесу жағынан сабақты, салт етістіктерде көзге түсетін айырма жоқ. Обьектіге жасалатын қимылдың да, субьектіге жасалатын қимылдың да жасалатын мерзімін, орнын белгілі септікте көрсетуге болады. Ол септіктердің бәрі жанама обьектіге жатады. Жанама обьектілер қимыл атаулының бәріне қатысты. Сондықтан етістік жанама қимылға қатысты мағыналық топқа бөлінбейді. Түркі тілдерінде етістік мағынасының ең үлкен топтары салт және сабақты етістіктер тілдегі бүкіл етістіктерді қамтиды. Тілдегі мағыналы етістік атаулының бәрі осы екі мағыналы топтың біріне жатады. Етістіктің салт, сабақты болып бөлінуі олардың қалайда болмасын тұлғалық ерекшеліктеріне емес, негізінде лексикалық мағыналарына байланысты болып келеді. Өйткені салттылық, сабақтылық мән оның жалпы грамматикалық мағынасының басты мәнді көрсеткіші емес, соның негізінде ғана пайда болған екінші семантикалық сипаты. Салт етістікті де, сабақты етістікті де тудыратын грамматикалық формасының жоқтығы оның жалпы грамматикалық мағыналарына байланысты болып келеді. Қазақ тілі етістіктерінің грамматикалық семантикасымен байланысты қалыптасқан салттылық пен сабақтылық категориясының сырттай білініп тұратын, өзіне тән арнаулы қосымшасы болмаса да, субъекті мен обьектінің грамматикалық катынасын өзгертіп тұратын ішкі семантикалық мазмұны болады. Ол мазмұн етістік түбіріне табыс септікті қалау, қаламау қабілетін түпкілікті семантика-синтаксистік қасиеттің бірі етіп таққан . Етістік бойындағы салттылық, сабақтылық мағына етістік түбірінің тұрақты қасиеті болғандықтан да, ол табыс септіктегі объектіні меңгеру не меңгермеу шеңберінде ғана қалып қоймайды, сонымен бірге басқа септіктерді де меңгереді. Ендеше етістіктің салттылық, сабақтылық категориясы етістіктің семантика-синтаксис саласындағы өзгешеліктерімен танылған лексика-грамматикалық категория. Етістік мағынасының сабақтылық және салттылық ерекшелігі семантикалық категория шеңберінде ғана қалып қоймайды, сонымен бірге грамматикалық қызмет те атқарады. Өйткені етістіктің салттылық-сабақтылық мәні оның жалпы грамматикалық мағынасының негізінде пайда болған екінші семантикалық сипаты. Сондықтан етістіктің салттылық-сабақтылық категориясы етістіктің семантика-синтаксис саласындағы өзгешеліктерімен танылған лексика-грамматикалық категория саналады.
Етіс категориясы
Етіс категориясы тілдің грамматикалық жүйесінде көрнекті орын алатын қимыл, іс-әрекеттің, субьекті мен обьекті арасындағы әртүрлі қатынасын білдіретін, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістіктің лексика-грамматикалық категорияларының бірі. Етіс категориясы субьекті мен обьектінің өзара әр түрлі қатынаста болуынан, яғни бастауыш пен толықтауыштың сөйлемдегі қатынасынан пайда болатын категория. Әрі етіс етістіктің салт, сабақты мағынада жұмсалуымен де байланысты, өйткені етіс түбір етістіктерге қосымшалардың қосылу арқылы жасалады. Етіс категориясы қимылдың субьекті мен обьектіге әр түрлі қатынасын көрсететін жұрнақтар қосылу арқылы, түбір сөздің бастапқы грамматикалық мағынасын өзгертіп, сөйлем мүшелерін синтаксистік байланысқа түсіреді.
Етіс туралы алғашқы пікір ХІХ ғасырдың басында түрік тілдерін зерттей бастаған тіл мамандарының еңбектерінде бар. Онда етістіктің рай, шақ, жіктік жалғау категориялары қатарында етіс категориясының бары да айтылған. Кейінгі шыққан грамматикаларда бұрынғы айтылғандарға қосқан айтарлықтай жаңалық болмағанымен, етістік категорияларын жеке-жеке атап, әрқайсысына тоқталып, солардың ішінде етіске де анықтама беріп, жасалу жолдарының көрсетілуі етіс туралы зерттеудің де кеңи бастағанын көрсетсе керек.
Қазақ тілінде жазылған еңбектердің ішінде етіс туралы алғаш айтылған пікірді Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл-құрал» оқулығынан табамыз. А.Байтұрсынов етістіктің етіс түріне ереже бермей, бірден «Етістікте он түрлі етіс бар»,-дей келе, оның сабақты етіс, салт етіс, ортақ етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, беделді етіс, ырықсыз етіс, шығыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс — деген түрлері барын келтіреді. Етіс түрлері ішінде салт етіс пен сабақты етісті етістің түрлері қатарында атайды. Салт етістік пен сабақты етістікті етіс категориясымен бірге қарау, бұдан кейінгі жылдары шыққан мектепке арналған оқулықтар мен жоғары оқу орнына арналған грамматикаларда да орын алып келді.
Етіс категориясын ғылыми тұрғыда лексика-грамматикалық сипаты жағынан арнайы зерттеген ғалым профессор А.Қалыбаева (Хасенова). Ғалым Аққал Қалыбаева етіске берген сипаттамасында етіс категориясының етістікке қатысы жайында және сабақты етістік пен салт етістіктердің етіс категориясы мен байланысы жөнінде, етістің түрлері, олардың жасалу жолдары, етіс категориясының мағынасы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ғылыми талдау жасап, «Етіс мәселесін дұрыс шешу үшін, сөйлем мүшесі (баяндауыш) мен сөз табының (етістік) ерекшеліктерін байланыстыра салыстырып, бірінен бірін бөлмей тұтас қарау қажет» — деген құнды тұжырым жасайды.
Ғалым басқа сөз таптарының грамматикалық категориялары сияқты етістікгің етіс категориясының қалыптасуы сөйлем мүшелері мен сөз таптарының дамуымен байланысты екенін дұрыс бағдарлайды.
Өзінің қалыптасу дәуірінде түрлі заңдылықтарды басынан өткізген етіс категориясының синтаксистік қызметіне сай беретін мағынасы, өзіне тән тұлғалық ерекшеліктері, ол тұлғаларды жасайтын қосымшалары бар. Етіс жасайтын қосымшалар етістіктің сабақты түріне де, салт түріне де жалғанып, етістіктің етіс тұлғасын жасайды. Салт етістіктерден қимыл мен қимыл иесі арасындағы қатынастан туып, субьектінің ішкі мәнін түрлендіретін өзгелік, ортақ етіс түрлері жасалса, сабақты етістіктерден етіс қосымшалары қосылу арқылы барлық етіс түрі жасала береді.
Қазақ тіліндегі етіс қосымшаларының осындай бір-бірінен мағыналық ерекшеліктерімен қатар, етістіктің басқа қосымшаларынан ажырататын өзіндік тағы бір ерекшелігі бар. Ол-етіс тудыратын жұрнақтардың етістіктің түбіріне тікелей жалғанатын болымсыз -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарынан бұрын жалғанатындығы. Мысалы: кел-тір-меді, кел-тір-іл-меді, кел-тір-т-кіз-беген, ойла-н-бады, ойла-т-пады, ойлан-дыр-т-қыз-бады, әкел-ін-беді, әкел-т-тір-меді, өкел-іс-педі т.б. Бұл мысалдардан етіс қосымшаларының тағы бір ерекшелігі етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне тікелей жеке де, және бірінен соң бірі үсті-үстіне жалғана беретін қасиеті бары көрінеді. Етістік етіс қосымшаларынан соң өзінің басқа категорияларының қосымшалары ретімен қабылдайды. Яғни, етіс қосымшаларынан кейін түбірге етістіктің басқа категорияларының есімше не көсемше, рай, шақ, жақ тұлғаларынның көрсеткіштері қосылады. Осындай етістіктің ерекше мағыналық құбылуынан, тұлғалық түрленуінен етістің жасалуы, немесе субьекті мен обьектінің өзара қатынасына сай семантикалық және модальдық құбылуынан етіс категориясы туады. Сөйтіп, етіс жұрнағы жалғанған етістік сөз етістіктің грамматикалық категорияларын кезегімен қабылдау арқылы түрлене келе, сөйлемнің белгілі мүшесі баяндауыштың қызметін атқарады.
Етіс категориясының семантикалық сипаты, етіс қосымшаларының қызметі жайында бірізді пікір көпке дейін қалыптаспады. Ол 1967 жылы шыққан академиялық грамматиканың өзінде «етіс аффикстері қосылған сөздер аффикстердің санына қарамай, туынды түбір етістіктер құрамына кіретін журнақ» қатарында келтіріп, етістік негізден етістік тудыратын жұрнақ ретінде танылғанынан көрінеді. Бұл пікірді морфология оқулығының авторы профессор Ахмеди Ысқақов та қолдаған. Оған «Етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі, әдетте, етістер я етіс категориясы деп аталады. Етістерді етістіктің өзге категорияларынан ерекшелендіріп тұратын сипаттары мынадай: Ол одан жөн сұрады; Олар бір-бірінен жөн сұрасты; Ол онан жөн сұратты; Одан жөн сұралды; Ол өзі сұранды деген сөйлемдердегі етістік (сұрады, сұрасты, сұратты, сұралды, сұранды) формалардың соңындағы өткен шақгың қосымшасын (-ды, -ты) алып тастағаннан кейінгі сұра, сұрас, сұрат, сұрал, сұран етістіктерін бір-бірінен салыстырғанда, олар бір түбірден өрбіген түбірлес негіздер екені айқындалады. …Етіс формаларының бұл ерекшелігінен, біріншіден, басқа жұрнақтар сияқты, туынды етістік жасайтын қабілеті барлығы (айырмасы тек етістіктен етістік тудыратындығы) және сол етіс жұрнақгары арқылы туған формалар етістік негіздері есебінде қызмет ететіні айқындалады. Ендеше, бұл жағынан қарағанда етіс жұрнақтары сөзден сөз тудыратын жұрнақтармен сәйкес келеді де, лексикалық категорияға жатады. Екіншіден, етіс категориясының формаларында субьекті мен обьектінің амалға қатысын, керісінше, амалдың (өрекеттің) субьекті мен обьектіге қатысын білдіретін грамматикалық сипаты күшті. Демек, етіс формалары сөйлемнің грамматикалық құрылысына өзгеріс енгізіп отырады» — дегені дәлел. Бұл пікірден автордың етіс қосымшаларын әрі сөзжасам, әрі грамматикалық мағына беретін қосымша тұрғысында танығаны анық көрінеді. Ал, И.Маманов етіс категориясын түбір етістіктен туатын грамматикалық форма ретінде таныған . Бұл пікірді профессор С. Исаев қолдап, етіс қосымшаларын форма тудырушы тұлға қатарына қосады. Ғалым «етістіктерде етіс жұрнақтары жаңа сөз тудырмайды, етістік түбір білдіретін семантикасын өзгертіп жібермей, лексикалық және жалпы грамматикалық мағынасы сақталып қалады, тек сабақтылық- салттылық өзгеріп, сөйлемде субьект пен обьекті арасындағы қатынасы ауысуы мүмкін» -дейді.
Етістік түбірге етіс қосымшалары жалғанғанда, етістіктің түбірінің жалпы грамматикалық мағынасы өзгермей, тек түбірдегі салттылық-сабақтылық мән ғана өзгеретін болса, етіс жұрнақтары тек салт етістікті сабақты етістікке, сабақты етістікті салт етістікке айналдыру қызметін ғана атқара алады. Ендеше ол (етіс қосымшалары) сөзжасам қосымшаларына жатпайды, сөз түрлендіруші қосымшалары қатарына қосылады. Етіс қосымшалары етістік тубірге жалғанғанда түбірдің грамматикалық сипатын өзгертпейді. Ол етіс тұлғалы етістіктің түбір етістіктер сияқты ерекшелігі екенін көрсетеді. Яғни етіс тұлғалы етістіктер түбір етістікгер сияқгы тек сырттай бұйрық райдың 2-жақ жекеше, анайы түрімен сәйкес келгенімен тікелей жіктік жалғауларын қабылдамайды, сонымен бірге сөйлемде етістік етіс тұлғасында қолданылмайды.
Етіс жұрнақтары түбір етістіктерге де, арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған туынды етістіктерге де, күрделі етістіктердің түр-түрлеріне де жалғана береді. Оқулықтарда етіс — негізгі етіс, ортақ етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, өздік етіс, — деген бес түрге бөлініп, негізгі етіске мынадай түсінік берілген: «Негізгі етістің арнаулы көрсеткіші болмайды. Оған әрбір түбір я туынды етістіктердің де, күрделі етістікгердің де негіздері жатады. Әдетте етістік негізінің субьекті мен обьектіге қатысы я субьекті мен обьектінің етістік негізіне (амалына) қатысы сол негіздің бастапқы лексикалық семантикасына қарай анықталатындықтан, оның семантикалық ерекшелігі, грамматикалық (синтаксистік) қызметі туралы да арнайы сипаттама беру қажет болмайды». Бұл түсініктің өзінен анық көрінетіндей, негізгі етіс деп аталатын етіс түрінің етістік түбірі деген ұғымнан, мейлі негізгі түбір, мейлі туынды түбір болсын, не семантикалық жағынан, не формалық жағынан, не синтаксистік қызметі басқа сөздермен қарым-қатынасы жағынан ешбір айырмашылығы жоқ және грамматикалық я лексикалық категория (түрлеріне) негіз болатын тұлға, яғни негізгі етіс деп аталған, дұрысында етістік түбірі деген тұлға ол категорияның бір түрі бола алмайды, категория шеңберіне енбейді, сол категория түрлеріне негіз ғана болады. Сондықтан негізгі етіс деген етіс категориясының түрі жоқ, етіс категориясына, түрлеріне негіз болатын негізгі, туынды, күрделі етістік түбір деген ұғым ғана бар» — деген пікір негізгі етіс етістіктің етіс түрінің бірі бола алмайтынын көрсетеді. Сол себептен де етіс түрлері төрт түрге бөлінеді, яғни етіс категориясының өздік етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс, ырықсыз етіс түрлері ғана бар.
Олар сөйлемде атқаратын қызметі мен беретін мағынасына қарай тұлғалық ерекшеліктері бар қалыптасқан грамматикалық категорияға жатады.
1. Өздік етіс. Өздік етісте субьектінің қимылы басқа обьектіге емес, субьектінің өзіне қарай жұмсалады. Яғни субьекті өз-өзіне обьекті болады да, баяндауыш қызмет атқарып тұрған етістік өздік етіс тұлғасында тұрады. Өздік етіс баяндауыш болып тұрған сөйлемнің бастауышында әрі субьектілік, әрі обьектілік мағына сақталатындықтан, ол сөйлемде тура толықтауыш болмайды. Осылай өздік етісті сөйлемде тура толықтауыш болмай, етістік мағынасы жағынан салт етістікке айналып кететіндіктен, сөйлем құрылысы жағынан объектісіз сөйлем болады.
Өздік етіс қимыл, іс-әрекеттің субьектісіне қарай бағытталып, сабақты етістікке-ын,-ін,-н қосымшасы қосылу арқылы жасалады. Бірақ барлық сабақты етістіктерден өздік етіс жасала бермейді. Өздік етіс жұрнағы тек қимыл, іс-әрекет субьектінің өзіне қарай бағыттала алатын сабақты етістіктерге жалғану арқылы жасалады және сол сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Етіс қосымшасы -ын, -ін, -н негізінде өздік етіске тән қосымша ретінде өзі жалғанған сабақты етістікті салт етістікке айналдырып қана қоймайды, ол жалғанған етістік сөйлемдегі бастауыштың әрі субьектісі, әрі обьектісі екенінде білдіреді. Өздік етістің бастауышы қимыл иесінің қызметін өзі атқаратындықтан, оның қимылы тікелей өзіне жұмсалатыны көрініп тұрады.
2. Ырықсыз етіс. Ырықсыз етіс іс істеуші арнайы айтылмай, ол іспен байланысты зат өздігінен амалға ие бола алмайтындығын көрсететін етістіктің түрін айтады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктерден -ыл, -іл, -л қосымшасы (түбір құрамында «л» дыбысы болса, -ын, -ін, -н) арқылы жасалып, қимыл, іс-әрекеттің өздігінен орындалатын мән үстеп, қимыл, іс-әрекеттің тура обьектісі оның грамматикалық бастауышы болу қызметін атқарып тұрады да, ырықсыз етіс жұрнағы жалғанған сабақты етістіктер салт етістікке айналады. Кейде қимылды атқарушы субьект жалпы сөйлемнің мазмұнынан сезіліп тұрады немесе грамматикалық жанама обьекті тұлғаларында тұрып та жұмсалады. Профессор С.Исаев өздік етіс пен ырықсыз етістің ұқсас та, өзгешелік те жерлері барын былай көрсетеді: «¥қсастығы: 1)қосымшалардың кейде бірдей болып келетіні, кейде өздік я ырықсыз етіс екені контекстен ғана байқалады, сөйтіп бір-бірімен омоформа жасайды: Ол дәрігерге көрінді және алыстан бір қара көрінді; 2) екеуі де сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Негізгі айырмашылығы: олардың білдіретін семантикасында: өздік етісте логикалық (іс иесі) субьект — грамматикалық субьекг (бастауыш) болады да, ал ырықсыз етісте грамматикалық бастауыш логикалық объект болады».
3. Өзгелік етіс. Өзгелік етіске қазақ тілінің грамматикаларында «істің басқа біреу арқылы істелетінін көрсететін етістіктің етіс түрі өзгелік етіс» -деген ереже берілген. Бұл айтылғаннан, яғни істі басқа біреу істегенімен, оны істеуші субьектінің бар екенін, оның алатын орнын, ол субьектінің негізгі түрі екенін айтпай кетуге болмайды. Өйткені, өзгелік етіс қимыл, іс-әрекеттің тікелей субьектінің өзі арқылы емес, екінші бір субьекті арқылы істелетінін, іске асыратынын білдіріп, етістікке арнайы -дыр, -дір, -тыр, -тір, -қыз, -кіз, -ғыз,-гіз қосымшаларының бірі жалғану арқылы сабақты етістік жасалатын етістіктің етіс категориясының бір түрі болып табылады. Демек, өзгелік етісте қимылды, әрекетті іске асырушы субьекті бір емес, екеу болады; бірі -іс-әрекетті, қимылды орындатушы иесі, қимылды жалпы іске асырушы субьект, бірақ ол өзі тікелей қимылды орындамайды, ол атау тұлғада тұрып сөйлемде грамматикалық бастауыш қызметінде болады, яғни бұл әрі логикалық субьекті, әрі грамматикалық субьекті болады, екінші, іс-әрекетті, қимылды тікелей орындаушы субьект — агенс деп аталатын іске асырушы болады, ол грамматикалық тұлғасы жағынан бастауыш емес, сейлемде берілмеуі де мүмкін, берілсе ол сөз сөйлемде барыс, шығыс, көмектес септіктерінде, кейде шылаумен тіркесіп келіп жанама толықтауыш қызметін атқарады. Оспан баласына хат жаз-дыр-ды дегенде Оспан-субьекті, бірақ іс-әрекетті (жазу) тікелей өзі атқарған жоқ, оны атқарған — баласы
Сабақты еттістікке өзгелік етіс қосымшасы үстелгенде, ол баяндауыш болып тұрған сөйлемде тек іс-әрекет, қимылды тікелей атқарушы барыс септікгегі екінші субьект (агенс) ғана пайда болады, яғни баяндауыш сабақты етістікті сөйлемде іс-әрекетті орындатушы субьекті мен обьект өзгелік етіс қосымшасы қосылмай тұрғанның өзінде де түбірде ол мән бар болады (хат жазды, хат жаз-дырды). Өзгелік етіс жұрнағы салт етістікке жалғанғанда, салт етістіктен бірден өзгелік етіс тудырмайды, тек салт етістік сабақты етістікке айналады. Мысалы: Бала шамды сөн-дір-ді дегенде сөндіру қимылының субьектісі де, тікелей сол қимылды іске асырушы да біреу-ақ, ол — «бала». Бұл жерде етістіктің салт етістік күйіндегі грамматикалық субьектісі — «шам» (шам сөнді), ол бұл жерде обьектіге айналған: шамды сөндірді, бірақ шам өз-өзінен сөнген жоқ. Мұнда өзгелік етіс қосымшасы салт етістікке жалғанғанда, тек салт етістікті сабақты етістікке айналдырған. Енді осы сабақты етістікке екінші рет етіс қосымшасы жалғанған соң ғана өзгелік етіс жасалады. Мысалы, Бала інісіне шамды сөн-дір-т-ті. Бұл сөйлемде «бала»-қимылдың иесі, субьекті, бірақ оны (қимылды) тікелей өзі атқарып отырған жоқ, екінші субьект-агенс арқылы іске асырып отыр, яғни сөндіру қимылын тікелей орындаушы субьект агенс — інісі, сөйлемде ол (інісі) барыс септік тұлғасында тұрып грамматикалық жанама обьекті (толықтауыш) синтаксистік қызметін (қатынасты) атқарып тұр, ал тура обьекті шамды өзгерген жоқ .
Өзгелік етіс субьектінің қимылы обьектіге тікелей емес, екінші біреу арқылы бағытталатынын білдіретін сабақты етістіктің грамматикалық формасы болып табылады.
4. Ортақ етіс. Етістің ортақ етіс түрі етістіктің салт етістік, сабақты етістік тұлғаларынан арнайы -ыс,-іс,-с қосымшаларының жалғануы арқылы жасалып, қимыл іс-әрекеттің бір емес, бірнеше субьекті арқылы іске асатынын білдіреді. Басқа етіс түрлерінен ортақ етіс жасап тұрған етістің мағынасы мен қосымшасының ерекшелігі — етістіктің салттылық- сабақтылығына бейтарап болумен қатар, кей ортақ етіс формалы етістіктің қимыл атауын білдіруге бейімділігі негізінде заттық ұғымды білдіріп зат есімге айналып кететін кездері болады. Мысалы: Арқан тарт-ыс-ты. Тартыс басталды. Асыққа тала-с-ты. Талас күшейді дегенде ортақ етіс жұрнағы жалғанған «тартысты, таласты» етістіктерінің бірі -сабақты, бірі -салт етістік болса, «тартыс, талас» атау тұлғадағы зат есімдер «тарт, тала» етістіктерінен -ыс жұрнағы арқылы жасалған туынды түбір тұлға. Яғни бұл сөздердің тұлғалық ұқсастығы болмаса, бұлардың құрамындағы қосымша екі түрлі категориялы сөз тудыратын морфема.
Етістің ортақ етіс және өзгелік етіс түрлері қимылдың, іс-әрекеттің бір субьекті емес, бірнеше субьектінің қатысуы арқылы жасалатын мағынасы жағынан бір-біріне ұқсас келеді. Солай дегенмен де бұлардың арасында оларды ажырататын белгі де жоқ емес. Ол белгі -олардың бірінде агенстің болу- болмауы. Сөйлемде өзгелік етіс тек сабақты етістіктен жасалып, онда екінші субъект — агенс міндетті түрде болуға тиіс болса, ал ол — қимыл, іс-әрекетті тікелей орындаушы ортақ етісте болмайды .
Етіс жұрнақтарының семантикалық сипаты сөзжасам қосымшаларына жақын болғанымен (етістіктен етістік тудырғанымен), өзі жалғанған етістік түбірінің мағынасын, лексикалық мәнін өзгертпейді, тек сабақтылық-салттылық мәнін ғана өзгертеді.
Етіс жұрнақтары бірінің үстіне-бірі жалғанғанда, мына тәртіппен орналасады: 1) өздік етіс + өзгелік етіс: ойла+н+дыр, түй+ін+дір; 2) өздік етіс + ортақ етіс: бүл+ін, бүл+ін+іс; 3) ортақ етіс + өзгелік етіс: бөл+іс, бөл+іс+ кіз(-тір); 4) өзгелік етіс + өзгелік етіс: бақ+тыр+т, тура+т+қыз т.б.
Болымды-болымсыздық категориясы
Етістік түбір күйінде де, әр түрлі грамматикалық (лексика-грамма-тикалық) тұлғаларында да қимылдың, іс-әрекеттің, амал-процестің болуын (болғанын, болып жатқанын, болатынын, болу сипатының әр түрлі реңін) білдіреді. Сонымен бірге қимылдың, іс-әрекеттің болуы да өмірде болатын құбылыс. Міне, қимыл, іс-әрекеттің, яғни етістік білдіретін мағынаның іске аспауы, болмауы арнайы грамматикалық амал-тәсілдер арқылы беріледі. Сейтіп, етістікбілдіретін қимыл, іс-әрекеттіңқарама-қайшы мәні, ол мағынаның болмауы етістік түбірлеріне (негізгі, туынды, күрделі), етістіктің лексика-грамматикалық категориялары (етіс, күшейтпелі етіс) тұлғаларына -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасы қосылу арқылы жасалады да, тек етістіктің болымсыздық түрін жасап қоймайды, болымдылық мәнге қарама-қайшы етістікгің болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясын да жасайды.
Болымсыздық категориясының бірден-бір тұлғалық көрсеткіші -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе болымсыздық тұлғасы. Әрине, етістіктің болымсыздық мәнін беретін басқа да аналитикалықжолдары бар. Атап айтқанда, есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен тұлғасы етістікке жоқ модаль сөзі, есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -етін, -йтын, -йтін, -ар, -ер, -р, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пац, -пектұлғалы негізгі етістіктерге емес (кейде емен) көмекші етістігі тіркесіп жасалады. Бірақ бұлар болымсыздық категориясына жатпайды, оның грамматикалық сипаты (түбірмен 2-жақ бұйрық рай тұлғасымен сәйкес келуі, тікелей жіктеле алмауы, етістіктің таза грамматикалық тұлғаларына негіз болуы) сәйкес емес. Болымсыздық категориясы етістіктің лексика-грамма-тикалық категориясы болып табылады. Себебі, біріншіден, бұл категорияның қосымшасы етістіктүбірге жалғанғанда, түбір семантикасына аздап болса Да әсер етіп, өзгеріс енгізеді, яғни түбір беретін мағынаның болмайтынын б|лдіреді, екіншіден, етіс категориясы сияқгы түбірдің грамматикалық сипатын сақтап қалады: 1) бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы тұлғасымен сәйкес келіп, онымен омоформа жасайды; 2) тікелей жіктелмейді; 3) сол күйінде қолданылмайды, етістіктің таза грамматикалық категорияларын жасауға негіз болады; рай, шақ, (есімше, көсемше және тұйық етістік тұлғалары тек болымсыз етістік) тұлғасының үстіне ғана жалғана алады, керісінше болмай-ды. Сондықтан Т.Маманов «болымсыздық қосымшалар -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе негізгі етістіктер (етістіктүбірлер мен модификациялы етістіктер), яғни етістіктің лексика-грамматикалық категориясы (И.С.) мен функциялық етістіктердің, яғни етістіктіңтаза грамматикалық категорияларының (И.С.) шекарасын көрсетіп тұратын белгі ретіндежұмсалады», — деп көрсетеді .
Күрделі етістікте болымсыз форма бірде негізгі етістікке жалғанса, бірде көмекші етістікке жалғанады: айт-па-й жұр, сөй-ле-ме-й қалды, бер-ме-п еді және айтып жүр-ме, сөйлеп қой-ма, беріп жібер-мет.б. Әрине, бұлар қимыл, іс-әрекеттіңболымсыздық мәнін білдірумен бірге негізгі немесе көмекші етістікке жалғануда белгілі стильдік мән беріледі, стильдік жүк атқарады, егер болымсыздық форма екі етістікке (әрі негізгі, әрі көмекші) де жалғанса, онда ол болымдылық мән білдіреді, онда ол әдеттегі болымдылықтан өзгеше ерекше стильдік бояу болады: айтпа-й қойма-ды, жаз-ба-й отыр-ма-ды, сұра-ма-й кет-пе-ді т.б.
Қимылдың өту сипаты категориясы
Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
Етістік заттың амалын, іс-әрекетін білдіреді, түбір етістіктер қимылды білдіргенімен, ол қимылдың қалай, қандай тәсілдер арқылы жүзеге асатынын білдіре алмайды.
Сөйлемде етістік қолданылғанда, тек қимылды ғана білдіру жеткіліксіз. Өйткені объективті өмірде қимылдың жасалуы түрліше. Соған орай ол қимылдыңжасалуыңцағы әр қилы ерекшеліктерді білдіретін әдіс-тәсілдер, түрлі көрсеткіштер бар. Мысалы, Олжас Алматыда оқып жүр. («Жалын»). Жастар тегіс жазып жатыр (Х.Есенжанов). Бұл сөйлемдегі оқу, жазу қимылдарының осы қолданыста ұзаққа созылған қимыл екені білдірілген. Оқу, жазу етістіктерінің лексикалық мағынасына қосылған қимылдың созылыңқылығын мұнда-ып жүр, -ыпжатыр деген аналитикалық форманттар білдіріп тұр. Сонан кейін столға отырып жаза бастады (Х.Есенжанов). Жұрттың көбі бостандықты енді өз еркімен, өзінше түсіне бастады (С.Сейфуллин) Мұндағы сөйлемдерде жазу, түсіну қимылдарының лексикапық мағынасына ол қимылдардыңбасталу мағынасы қосылған.
Қимылдың жасалуындағы әр алуан ерекшеліктерді білдіретін, тілде арнайы категория бары белгілі. Ол — қимылдың өту сипаты категориясы.
Қимылдың өтусипаты категориясының жалпы мағынасы қимылдың қалай жасалғандығын суреттеу және қимылдың қандай сатыда екенін көрсету болыптабылады.
Қимылдың түрліше жасалу ерекшеліктерін білдіретін өзінің арнаулы көрсеткіштері бар лексика-граматикалық категория қимылдың өту силаты категориясы деп аталады.
Қазақ тіл білімінде қимылдың өту силаты категориясымен байланысты семантикалық ерекшеліктер ертерек аңғарылған,
Қимылдың өту сипатын нақты атамаса да көмекші етістіктердің қимылдыңжасалуын анықгайтынын байқап, ол славян тілдеріндегі вид емес деген пікірді алғаш рет 1936 жылы профессор Қ.Жұбанов айтқан болатын. Қ.Жұбанов көмекші етістіктер қимылдың жүзеге асуында болатын түрлі мағыналық реңктерді білдіреді деп түсіндіреді. Ғылымда көп уақытқа дейін көрініс категориясы бар деп танылды. Көрініс категориясы үнемі талас туғызып келді, оны дәлелдеушілер пікірлері біріне-бірі қарама-қарсы болды. Ол пікір қайшылықтарының негізгілері мынадай:
— Етістіктің түбірінде көрініс мағынасы бар деген пікірлер болды. Мәселен, қырғыз тілінің маманы И.А.Батманов юретістігін аяқгалған көрініске, оқы етістігін аяқталмаған көрініске жатқызған. Бірақ А.И.Батмановтың өзі кір, оқы деген түбір етістіктерді белгілі бір көрініс мағынасына телгенімен, оның контексте өзгеретін інде айтады.
— Бір етістіктің контекске қарай бірде аяқталған, бірде аяқгалмаған қимылды білдіруінің өзі тілде көрініс категориясының жоқгығын дәлелдейді.
— Қазақ тіліндегі етістіктерді орысшаға аударғанда әрі аяқгалған, әрі аяқгалмаған көріністеекі түрлі сөзбен аударылады (жүгіру-бегать, бежать).
— Ғалымдардың біразы керініс категориясы көбінесе аналиіикалық тәсілмен жасалады десе, біразы синтетикалық және аналитикалық тәсілмен беріледі деп санайды. Демек оның берілу жолы туралы да пікірлер әр түрлі.
Сөйтіп, түркітануда көрініске қатысты зерттеулер біріне-бірі қайшы келіп жатты.
Түркітануда қимылдың өту сипаты категориясыныңғылымда танылуына негіз болған-көрініс категориясы. Түркі тілдерінде көрініс категориясы бар деген пікір 1956 жылы Алматыда өткен көрініс категориясы мен сабақтас сөйлем проблемаларына арналған кеңестен соң саябырлады. Бұл кеңесте көрініс категориясы туралы бірізді пікір болмады.
Түркологиялық кеңесте Б.А.Серебренников, С.Аманжолов, М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Х.Махмұговтар қимылдыңтүрліше жасалуын көрсететін категорияның көрініс деп танылып жүргенін, оның көріністен басқа құбылыс екенін дәлелдеді.
Осы кеңестен кейін қимылдың өту сипаты категориясы ғылыми еңбектерден орын ала бастады, ал керісінше көрініс категориясы қалып қойды. Кейінгі уақыттарда осы мәселе жөніндегі зертеуші мамандардың кезқарасы өзгерді. Көрініс категориясын танушы ғалымдар, шындығында, Қимылдыңөту симпаты категориясын таныды.
Қимылдың жасалуындағы алуан түрлі ерекшелікгерді білдіретін қазақ тілінде арнайы категория барын профессор Н.Оралбаева дәлелдеген. Бұл категорияны ол қимылдың өту сипаты категориясы деп атаса, А.Ысқақов амалдың өту сипаты деп атаған.
Профессор Н.Оралбаева қимылдың өту сипаты категориясына былай деп анықтама береді: «Бұл грамматикалық категория қимылдың жасалуына байланысты түрлі мағыналарды қимылдың қалай жасалғанын және сөйлеуші хабарлап отырған қимылдың қандай сатыда, дәрежеде екенін білдіреді. Ғалым Н.Оралбаева қимылдың өту сипаты категориясының ерекшеліктермен байланысты оны қимыл тәсілі және қимылдың даму сатысы деп екіге бөліп қарастырады.
Н.Оралбаева қимылдың жасалуына байланысты төмендегідей мағыналарды көрсетеді: қимылдың жасандылығы, жетімсіздігі, ерекше ынтамен жасалуы, немқұрайды жасалуы, күтпеген жерден жасалуы, ерекше қарқынмен жасалуы, қысқа, батыл жасалуы, қимылға шек қойылу, қимылдың асығыссыздығы, жасалуға бейімділігі. Бұдан басқа қимылдың жасалу фазалары да (сатысы) тілде берілетіндігін айтқан.
Н.Оралбаева: «Қимылдың даму сатысы деп оныңбасталуынан аяқталуына дейінгі қалпы саналады. Қимылдың басталуы қандай заңды болса, қимылдың аяқталуы да сондай заңды болуға тиіс. Басталған қимыл өзінің аяқталу сатысына жетпесе, онда қимыл жасалу үстінде болады. Қимылдың дамуына байланысты бұл ерөкшеліктер қимылдың бірінші, екінші, үшінші сатысы аталады» -деп көрсетеді.
Ғалым қимылдың дамуының бірінші сатысы қимылдың басталуын білдіреді дейді. Оған мынадай мысалдар келтіреді: Дауыс шыға бастады (З.Ш.). Зәреміз енді қатты ұша бастады (С.М.). Дәмелінің жүрегі айни жөнелді (І.Е.).
Қимылдың екінші сатысы қимылдың жасалу үстінде екендігін білдіреді деп түсіндіреді. Мысалы, Әне көзінің астынан қулана қарап қояды, сынап отыр (З.Ш.).
Қимылдың үшінші сатысы қимылдың аяқталу кезін білдіреді деп, мынадай мысалдар келтіреді: Анау кемпірдің өзіне де зекіп бітеді (Ә.С.). Сол түні кабинетінде түнеп шықты (К.И.). Ол жүдеп бітті (С.М.).
Профессор А.Ысқақов 1974 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілі» атты оқулықта етістіктің аналитикалық форманттарын кіргізген болатын. Онда амалдың өту сипаты категориясы да енгізілген.
Қимылдың өту сипаты категориясы А.Ысқақовтың 1991 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында «Амалдың өту сипаты» деген тақырыппен берілген дедік. Онда амалдың жүзеге асқандығын білдіретін арнаулы грамматикалық формалардың болатындығын, ол формалардың бір саласы аналитикалық форманттар және олардың тілімізде аса көп екендігі айтылады. Профессор А.Ысқақов: «Аналитикалық форманттар сан жағынан қаншалықты мол әр қилы болса, олардың мағыналары да, сол форманттардың ерекшелігіне қарай, соншалықты бай және әр алуан болады»-деп қорытады .
Профессор М.Оразов қимылдың өту сипаты категориясына қатысты ойларын кең түрде «Етістік» деген атпен жарық көрген еңбегінде баяндайды. М.Оразов амалдың (қимылдың) өту фазасын 4 түрге бөліп қарайды, ал қимылдың тәсілдерін 17топқа бөледі.
Қимылдың өту сипаты категориясының жекелеген мәселелері зерттеліп келеді. Осы ретте профессор З.К.Ахметжанова қимылдың өту сипаты катего-риясын екі тілде салыстырмалы түрде қарастырғандығын айта кетуге болады.
Сол сияқты қимылдың созылыңқы тәсілі жайындағы С.Маралбаеваның, қимылдың бірінші сатысы (қимылдың басталу сатысы) туралы А.Шарапиденованың, қимылдың тездігі турасындағы Қ.Мұхамадидің, қимылдың аяқталу кезеңі (сатысы) жайындағы Қ.Бибековтың кандидаттық диссертациялары жоғарыдағы сөзіміздің айғағы. Алайда қимылдың өту сипаты категориясын теориялықтұрғыда толық зерттелді деуге болмайды. Бұл семантикалық ерекшелікке бай, күрделі категорияны зерттеу — тілтаным ғылымының алдында түрған мәселелердің бірі.
Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
Қазақ тіліндегі басқа категорияларға қарағанда, қимылдың өту сипаты категориясы-мағынаға бай категория. Ол қимылдың жасалуындағы әртүрлі ерекшеліктерді білдіреді. Бірақ бұл оның жалпы мағынасы жоқ, түрлі мағыналардан тұрады деген сөз емес. Біріне — бірі байланыспайтын, әр түрлі мағыналарды білдірсе, оны бір категория деп тануға болмайды. Бұл категорияның жалпы мағынасы бар, ол мағына- қимылдың жасалуының сипаттамасы. Ал оның ішкі мағыналарының бәрі де қимылдың қалай жасалғанын және қимылдың қандай дәрежеде екенін көрсетеді. Сондықган да қимылдың өту сипаты категориясы іштей екіге бөлінеді:
1) қимылдың тәсілі;
2) қимылдың даму сатысы (кезеңі).
Қимылдың тәсілі бірнеше мағыналық топтардан тұрады. Олардың ең негізгілері ретінде мыналарды атауға болады:
1. Жетімсіз қимыл тәсілі (қимылдың жартылай жасалып, аяғына жетпей тоқталуы).Мысалы, Құдды итарқасы қияннан сарғаятосқан қонақтары үзілтіп жеткендей: -Ал, ал төрлетіңцер! — деп Қурмаш қауқылдап ұшып кете жаздады (Ш.Жиенқұлова).
2. Қимылдың немқұрайды жасалуы тәсілі. Мысалы, Шынашақтай құтыны алдық та әуелі Күләш, одан мен басымыздан төмен құя салдық (ШЖиенқұлова),
3. Қимылдың кенеттен, күтпеген жерден жасалу тәсілі. Мысалы, әлгі ілмиген сары жігіт тағы ұшыраса кетті (С.Сейфуллин). Коридор бойымен бұрыштағы өз бөлмесіне өтіп бара жатқанда, қарсы алдынан кенет Нұрғайша жопыға кетті (Р.Тоқтаров).
4. Қимылдың тездік тәсілі. Мысалы, Өзі жер таянып әрең тұрды да, солқылдап жылап қоя берді (К.Тоқмырзин). Аздан соң үйге шешесі кірігі еді, оған өткір көзін жарқ еткізіп аударып, қабақ қатпастан қатып қалды (Қ.Исабаев). Кет жөніңмен… -деп мені отырған орнымнан жұлып ала желкемнен итеріп-итеріп жіберді (Ш.Құмарова). Тімсініп жүріп біріне қол созған бір шеті көріктің шоғында жатқан қызған темірді ұстап алғандай баж етіп тартып ала қойды (А.Мекебаев).
5. Созылыңқы қимыл тәсілі. Мысалы, Шыда, шыда.
Шыдай түс шыда тағы! Шыдымдыны мына өмір ұнатады Үм ітгің құл ан иек қүла таңы Әйтеуір бір атады, бір атады.
(М.Мақатаев)
6. Жайбарақат қимыл тәсілі (қимылдың асығыссыздығы), Мысалы, «Мақұл, келісе жатармыз дегендей, басын сәл изеді де, әңгіме төркінін басқаға бұрды (Ш.Жиенқу/юва).
7. Қимылдың батыл жасалу тәсілі. Мысалы, «Соңымнан қаласыңба, жоқпысың!» -деп қамшысымен бастан тартып жіберд і(М.Әуезов). Бар естігенін жұрт көзінше айтып салды (Қ.Исабаев).
8. Қимылдың жасалуға бейімділігі. Мысалы, Жұргелі отыр, барғалы отыр, кеткелі жатыр, білгелі жүр, сұрағалы тұр, көргелі жүр т.б.
9. Қимылдың бір қалыптан екінші бір турақты қалыпқа көшуі. Мысалы, Күләш ойланып қалды (Ш.Жиенқұлова).
10. Қимылдың жасандылығы. Мысалы, Көрседе көрмеген болып жүре береді (Т.Ахтанов).
Қимылдың даму сатысы, кезеңі үшке бөлінеді. Олар:
1. Қимылдың басталу кезеңі. Мысалы, Баласәл уақыт екеумізге апма кезек қарап, үнсіз тұрды да, шешесін жұлқылай бастады (Б.Мұқаев). Қалтырауы басылған жүрек бұрынғыдан да бетер тітіреп сала берді (Б.Майлин).
2. Қимылдың жалғасу кезеңі. Мысалы, Жұмағұл, Ерболдар үй ішіне түгел жететін қалжың, әзіл айтпай, текөзді-өз қасындағы қыздармен ғана ақырын, сыпайы түрде тіл қатысып отыр (М.Әуезов). Екінді әметінде, Тасыбай шоқысынан асып, өзендегі елге бет алып үш салт атты келе жатты (Б.Майлин). Адырдан шұбап түсіп сиыр келе жатыр: жер қайыстырып жайылған мыңдаған қой жатыр, тай-құлыны еркелеген балаша ойнақтап, ауылдың үстін шаңмен бүркеп, жауға аттанған қалың әскердің қосынындай болып, өзеннен су ішіп шыққан жылқы, үйір-үйір болып топтанып қабаққа қарай беттеп жайылып барады (Б.Майлин).
3. Қимылдың аяқталу кезөңі. Мысалы, Не керек, Құрекең со жолы атаммен бірге келесі поезды күтіп қалып қойды, мен емшекгегі баламмен вагонға кірсем — аяқ басар жер жоқ (Ш.Жиенқу/юва).
Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
Қимылдың өту сипаты категориясының көрсеткіштері етістік құрамында екінші орында тұратын формалар ретінде қаралып жүр. Түбір етістікке алдымен етіс жұрнағы жалғанатыны белгілі, сондықтан етістік қүрамында етісжу.рнақтарынан кейін қимылдың өту сипаты категориясының көрсеткіштері тұрады. Бұл категория көрсеткіштері түбір етістікке етіс жұрнағынан соң тіркесіп, қимылдың өту сипаты категориясының мағынасы сөзге етіс мағынасының үстіне жамалады. Сөйтіп ең алдымен, түбір етістіктегі негізгі қимылдың объекті мен субъектіге қатысы көрсетіледі, содан соңол қимылдың жасалу сипаты білдіріледі. Мәселен, жинатқыза сал, айттыра бер т.б.
Қимылдың өту сипаты категориясының мағынасы тек сөйлем ішінде көрінеді. Сондықтан да ол категория көрсеткіштері түбір етістікке де, сол сияқты сөз болып отырған етіс көрсеткіштерінен кейін де тіркесе береді. Мәселен, Қамбарбек астыңғы ернін жымыра тістеп, ойлана қалды (С.Бақбергенов). Олар қаланың солтүстік жақ шетіндегі көпірге жете беріп тоқтап, аттың басын кері бұрды да тырнаша тізіле қалды (Д.Әбілов). Бұл мысал үшін алынған сөйлемдегі ойлау, тізу қимылдарының субъектінің өзіне бағытталу мағынасы және оның үстіне ол қимылдарды тез, шұғыл.кенеттен жасағандық мағынасы жамалған.
— Мінекиіңіз, алыңыз, көке, — десіп шулап жүріп, қасықты ұетата қойдым (ҚЖаркөнов). Бұл мысалдағы ұстау қимылын біреуге жасату мағынасы және оған ол қимылды тез, шапшаң жасау мағынасы үстелген. Яғни, бұл сөйлемдегі етістікте екі категориясының көрсеткіші қатар қолданылып тұр. Олардың біріншісі — етіс (өзгелік етіс), соңғысы — қимылдың өту сипаты {қимылдың тездік тәсілі).
Қимылдың өту сипаты көрсеткіштерінің етісті ктүбіріне тікелейж алғануы тілдегі негізгі заңдылыққа жатады.
Қимылдың өту сипаты категориясының мағынасы сөйлемде көрінеді, бірақ сөйлемде қимылдың объекті мен субъектіге қатысын үнемі білдіру міндетті емес. Сондықтан түбір етістікке етіс жұрнағы жалғанбаған кезде түбірге қимылдың өту сипаты категориясының көрсеткіштері тікелей жалғанады. Ол түбір негізгі де, туынды да, күрделі де бола береді. Мысалы, отыра қалды, отыра бер, айта түс, тазалай сал, оқып бітті, айтып тастады т.б.
Қимылдың өту сипаты категориясына сөз аяқтапмайды, ол өзінен кейін басқа грамматикалық формаларды қажет етеді. Сондықтан сөйлемде бұл категория формасындағы етістіктен соң етістіктің рай, есімше, көсемше тұйық етістік формаларыныңбірі тіркесуі тиіс. Мысалы, -п қоя бер тұлғасындағы етістік қалау және шартты райларда да жұмсала береді: Өзі жер таянып әреңтұрды да, солқылдап жылап қоя бергісі келді (Қ.Тоқмырзин). Бірақ қақ шекесінен қан саулап қоя берсе де, бұл қорқау тың екен (М.Әуезов). Барабан тарсылдап қоя берсе екен (М.Имажанов).
-п кет тұлғасындағы етістік өткен шақта көбірек жұмсалады. Мәселен, Бақи ісмерлігімен Айқыз ақжарқын мінезімен Ғарабша шаруашылығын, әйел, бала-шағасын тез меңгеріп кетті (Қ.Исабаев). Машинкаға басымды сүйеп жылап отырып, мызғып кетіппін (Ш.Жиенқұлова).
Қимылдың өту сипаты категориясының бірнеше берілу жолдары бар:
I. Синтетикалық тәсіл арқылы берілуі.
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалатын көрсеткіштерге мына төмендегідей жұрнақтар жатады:
1. -ла (-ле,-да, -де, -та,-те) жұрнағы өзі жапғанған етістіктің лексикалық мағынасына қимылдың үстемелене бірнеше мәрте қайталануын, жиілеуін білдіретін реңк қосылады. Мысалы, саба-ла, төпе-ле, түйре-ле, үйке-лет.б.
2. -мала (-меле, -бала, -беле, -пала, -пеле) жұрнағы өзі жалғанған негізгі етістіктің лексикалық мағынасына қимылдың қайталану мәнін жамайды. Мысалы, үсте-мепе, жұл-мала, қаз-бала, сау-мала, итер-меле т.б.
3. -қыла (-кіле, -ғыла, -гіле) жұрнағы жалғанған етістік негізінің лексикапық мағынасына қимылдың жиі-жиі қайталану мағынасын үстейді. Мысалы, теп-кіле, соқ-қыла, соз-ғыла, ұр-ғыла, ат-қыла, жұл-қыла, кес-кіле, түрт-кілет.б.
4. -ғышта (-қышта, -кішге, -гіште) жұрнағы өзі жапғанған негізгі етістіктің лексикалық мағынасына қимылдың қайталану мағынасын қосады. Мысалы, бар-ғышта, кел-гіште, ал-ғышта, айт-қыштат.б.
5. -ыңқыра (-іңкіре, -ңқыра, -ңкіре) жұрнағы өзі жалғанған етістік негізінің лексикалық мағынасына қимылдың үдей түсуін білдіретін рең үстейді. Мысалы, ал-ыңқыра, бар-ыңқыра, көр-іңкіре, оқы-ңқыра, байқа-ңқыра, айт-ыңқыра, бер-іңкірет.б.
6. -ымсыра (-імсіре, -мсыра, -мсіре) жұрнағы өзі жалғанған етістік негізініңлексикалық мағынасына сол қимылдыңжетімсіз, толымсыз екенін білдіретін мән жамайды. Мысалы, жыла-мсыра, күл-імсірет.б.
7. -сы (-сі) жұрнағы өзі жалғанған етістік негізінің лексикалық мағынасына қимылдың жасандылық мағынасын жамайды. Мысалы, оқығансы, білгенсі, сұрағансы, көргенсі, айтқансы т.б.
II. Қимылдың өту сипаты категориясының аналитикалық тәсіл арқылы берілуі.
Қимылдың өту сипаты категориясының анапитикалық тәсілі арқылы берілуі аналитикалықформантгар арқылы іске асады. Ондай аналитикалық форманттар тілімізде өте көп.
Жетімсіз қимыл тәсілін білдіретін аналитикалық формант.
— а жазда аналитикалық форманты қимылдың жасалуға жақындап барып, тіпті жартылай жасалып, аяғына дейін жетпей тоқтауын, жасалмауын білдіреді, яғни а-жазда форманты жетімсіз қимыл тәсілінің көрсеткіші болып табылады. Мысалы, айта жаздады, сұрай жаздады, ұра жаздады, құлай жаздады, өлтіре жаздады, кетіп қала жаздады, жырта жаздады, бере жаздады т.б.
Қимылдың немқұрайды жасалу тәсілінін білдіретін аналитикалық форманттар.
-а сал, -а отыр, -е жүр анапитикалық форманттары субъектінің қалай болса солай, немқұрайды, жол-жөнекей жасалуын білдіреді. Мысалы, бере сал, жаба сал, айта сал, сұрай сал, сүрте сал, кие сал, оқи сал, сөйлей отыр, оқи отыр, көре отыр, ақылдаса отыр, біле жүр, сұрай жүр, көре жүр, іздей жүр, сөйлесе жүр.
Қимылдың тездік тәсілін білдіретін аналитикалық форманттар.
Қимылдыңтездігін білдіретін аналитикалықформанттар саны көп.
-а қап, -п қал, -а қой, -а кет, -п кет, -п жібер, -а жөнел,
-п таста, -п түс, -а сала, -п сал, -а түс, -п кеп қал, -п кеп жібер, -п кеп кет, -п ала қой, -п кеп ал, -п кеп түс аналитикалық форманттары жалпы қимылдың тез, шұғыл, жедел жасалуын білдіреді. Атап айтсақ, қимылдың күтпеген жерден кенеттен, тосыннан жасалуы, қимылдың батыл жасалуы, қимылдың қарқынмен жасалуы, қимылдың жеңіл жасалуы, қимылдың бір рет қана жасалуы, қимылдың қысқа қайталануы, қимылдың тез басталуы, қимылдың тез аяқталуы т.б. мағыналары бар. Мысалы, тоқтай қалды, келе қалды, тұра қалды, жата қалды, отыра кетті, сұлай кетті, құлай кетті, ұрып жіберді, періп жіберді, тартып жіберді, зекіп тастады, айтып салды, періп кеп жіберді, ұрып кеп жіберді, тіліп түсті, қағып қалды, басып қалды, қысып қалды, ұрып-ұрып жіберді, осып-осып жіберді, түйіп-түйіп қалды т.б.
Созылыңқы қимыл тәсілін білдіретін аналитикалық форманттар.
-а бер және-е түс аналитикалық форманттары қимылдың жасалуының ұзаққа созылуын білдіреді. Мысалы, мазалай берді, айта берді, елестей берді, келе берді, ойлана түсті, көбейе түсті, отыра түсті т.б.
Қимылдың жайбарақат жасалу тәсілін білдіретін аналитикалық формант.
-а жатыр форманты қимылдың жасалуының кейіндетілуін, асығыссыздығын білдіреді. Мәселен, айта жатар, көре жатар, біле жатар, шақыра жатар, сұрай жатар, бере жатар, үйрене жатар.
Қимылдың жасалуға бейімділігін білдіретін аналитикалық форманттар.
-ғалы отыр, -ғалы жатыр, -ғалы жүр, -ғалы тұр форманттары қимылдың келешекте жасалуға тиіс екенін білдіреді. Мысалы, айтқалы отыр, бергелі жүр, келгелі жатыр, өскелі тұр т.б.
Қимылдың бір қалыптан екінші бір тұрақгы қалыпқа көшуін білдіретін аналитикалық формант.
-п қал аналитикалықформанты. Мысалы, ойланып қалды, тұрып қалды.
Есімше
Етістіктің функциялық формаларының бірі — есімше. Есімше мағынасы жағынан етістіктерше болымды және болымсыз, салт-сабақты болып бөлініп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартады. Бірақ түрленгенде есімдерше көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Осы ерекшелігіне байланысты сөйлемде атрибуттық және предикаттық мағынаға ие болады да, әрі етістік, әрі сын есім орнына жүре береді.
Есімше -ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р, -с, -атын, -етін, -йтын, -йтін, -ушы, -уші, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жүрнақтарының негізгі және туынды түбір етістікке, етістіктің болымды және болымсыз формаларына, етіс категориясының барлық түрлеріне жалғану арқылы жасалады. Ал қалау рай, бұйрық рай, шартты рай формаларына есімше жүрнақтары жалғанбайды.
Есімше жұрнақтарының қызметі — өзі жалғанған етістіктің аңғартатын мағынасын өзгертпей, заттың қимыл-әрекет арқылы білдірегін белгісін жасау.
Есімше жіктеледі, бірақ етістіктерше емес, есімдерше жіктеліп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.
Есімшенің есімдерге жақындығы мен өзгешеліктері:
а) есімше формалары сын есім сияқгы заттың белгісін аңғартып, сөйлемде қандай? деген сұраққа жауап береді, анықтауыш қызметін атқарады. Бұп жағынан есімшенің сын есімнен айырмашылығы байқалмайды. Бірақ сын есім мен есімшенің заттың белгісін білдіруі анықтап аңғарған кісіге бірдей емес,
ә) Есімшелер сын есім сияқгы көптеліп, тәуепденіп, септеліп заттанады. Сөйлемде бастауыш, толықтауыш қызметін атқарады. Жіктеліп баяндауыш қызметін атқарады.
б) Етістіктің болымсыз формасына есімше жұрнағы жалғанғанда да есімшенің болымсыз мағынасы аңғарылады. Бірақ есім сөздер сияқты есімшелерде жоқ, емес сөздері арқылы болымсыз форма жасайды. Есімшелер болымсыздық форманы етістіктерше синтетикалық жолмен де, есімдерше аналитикалық формамен де жасайды.
Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
а) Есімшенің етістіктің бір түрі болып есептелуіне оның септік жалғауларындағы сөзді салт және сабақты етістік ретінде меңгеруі себеп болады.
ә) Есімшелердің шақтық мағынаны беруде қызметі ерекше. -ған қосымшалы есімше жіктеліп, өткен шақмағынасын берумен қатар атрибуттық қызметте тұрып та сол еткен шақгық мағынаны сақтайды.
б) Есімшенің етістікке тән басты белгісі — қимыл-қозғалысқа байланысты мағынадан алыстамайды. Сондықтан да есімше етістіктерше болымды және болымсыз, салт және сабақты болып бөлінеді.
Аталған үш белгісі есімшені етістіктің бір түрі, оның ішінде функционалды етістік формасы деп есептеуге мүмкіндік береді.
Есімшенің түрлері
Есімше жасайтын қосымшалар жоғарыда аталды. Осы қосымшалардың әрқайсысы қолданылу аясымен де, жалғанған етістіктерге үстейтін грамматикалық мағынасымен де айрықшаланып, есімше түрлерін жасайды.
Қазіргі қазақ тілінде есімше түрлері жұрнақтарының мағыналарына сәйкес шақ категориясымен бөлінеді.
Бұрынғы өткен шақ есімше. Есімшенің бұл түрі -ған, -ген, -қан, -кен жұрнағымен жүзеге асады. Бұл жұрнақ арқылы жасалған есімше формалары мейлі атрибуттық, мейлі предикаттық қолданыста болсын өте жиі әрі кеңінен қолданылады. -ған, -ген, -қан, -кен қосымшапы формалар қимыл-әрекеттің бұрын болып еткенін білдіретіндікген өткен шақ есімше деп аталады. Есімшенің бұл түрінің бұрынғы өткен шақ мағынасын тұрақты аңғартуы жіктеліп, предикаттық мағынада қолданылуына байланысты.
Өткен шақ есімше жұрнағы отыр, тұр, жүр, жатыр қалып етістіктеріне жалғанғанда да өткен шақ мағынасын береді.
Дағдылы өткен шақ есімше -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнағы арқылы жасалады. Есімшенің бұл түрі сөйлемде жіктеліп, бұрын болған әрекеттің бірнеше қайталанып, дағдылы қалыпта орындалып тұрғанын білдіреді. Сондықтан болар, есімшенің бұл түрі ауыспалы өткен шақ деп те аталады.
Ал дағдылы өткен шақ деп аталуы есімшенің бұл түрінің жіктеліп, баяндауыш қызметін атқаруына байланысты.
Болжалды келер шақ есімше. Есімшенің бұл түрі -ар, -ер, -р, -с жұрнақтары арқылы жасалады.-ар, -ер, -р болымды етістіктерге жалғанса, -с жұрнағы болымсыз етістіктерге жалғанады. Болжалды есімше де атрибуттық және жіктеліп предикаттық мағынада қолданылады.
Есімшенің бұл түрі басқаларындай тәуелденіп, септеліп қолданылғанымен көптік жалғауды қабылдамайды. Бұл есімшенің осы түрінің өзіндік ерекшелігін білдіреді. Дегенмен өткен шақ есімшелерге қарағанда -ар, -ер, -р, -с, тұлғалы есімшесирек тәуелденіп, сирек септеледі.
Есімшенің бұл түрінен конверсия жолымен зат есімдер қалыптасқан. Мысалы: ат байлар, шаш сипар, алтыатар. Бұл есімшенің болымды, болымсыз түрі қосарланып, әрі қарай түрлі септік жалғауы арқылы қолданылады да болымшы, шұғыл әрекетті аңғартады.
Мақсат мәнді келер шақ есімше. Есімшенің бұл түрі -мақ, -мек, -, -пек, -бақ, -бек жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Бірақ-мақ, -мек жалғанған сөздің барлығынан мақсат мәнді келер шақ есімше жасала бермейді. Есімшенің бұл түрі есімшенің барлық түрінен де өзгеше. Мәселен, атрибуттық мағынада қолданылмайды. Осы жағынан келіп не көптік, не септік, не тәуелдік жалғауын қабылдамайды. Тек жіктеліп барып баяндауыш қызметін атқарады. Бұл ерекшелігі-бұл форманың есімшеге қатысын да жоққа шығаратын сияқты -мақ формалы есімшеге қолданылыс барысында-шы, -ші қосымшасы қосылып та айтылады. Бірақ бұл қосымша морфема емес, өйткені есімшеге жалғанғанмен не лексикалық мағына үстемейді. Сондықтан да -мақ формалы есімше мен -мақшы формалы есімше бір мағынада жарыса қолданыла береді,
Көсемше
Көсемше атауын қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы енгізген. Бұл сөздің мағынасы көсем сияқты үнемі алдыда тұрады дегенді білдіреді.
Көсемшелер тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да тиянақсыз болғандықтан, қысқа қайырылып, өзінен кейін тиянақтаушы етістікті қажет етіп тұрады да, кем дегенде екі сыңардан құралып, жаңа мағына түзетін күрделі етістіктердің көптеген түрін жасауға негіз болады.
Қазіргі қазақ тілінде көсемшелердің бұдан өзгедесан алуан қызметгері бар. Көсемшелер сөйлемде етістік арқылы айтылған іс-әрекеттің сынын-тәсілін, мекенін, мезгілін білдіріп, пысықтауыштық та қызмет атқарады. Есімдердің түрлену жүйесіне түспейтін (көптелу, тәуелдену, септелу) көсемшелердің етістіктің басқа да туынды тұлғаларынан негізгі айырмасы да осы қызметтен көрінеді. Олар сөйлемде көбінесе пысықтауыштық қызмет атқаратын үстеулерге грамматикапық сипаты жағынан өте жақын. Көсемшелер мен үстеулердің қызметі жағынан да, мағыналық жағынан да бір-біріне өте ұқсас келуі, олардың екеуінің де пысықтауыштық қызметте қолданылуында деуге болады. Бірақ көсемшелердің тілдегі қызметі мен мағыналары үстеулерге қарағанда әлдеқайда кең. Мәселен, олар жоғарыда айтылған күрделі етістік жасау мен пысықтауыш болудан өзге тілімізде айтушының ойды ықшамды айту мақсатын жүзеге асырып бірыңғай баяндауыш болады, сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының баяндауышы бола тұра екі жай сөйлемді еш дөнекерсіз байланыстырып тұрады және баяндауыш қызметінде жіктеле келіп, шақты білдіріп тұр.
Көсемшелер етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, күрделі негіздерге тікелей де, қажетінше етіс жұрнақтарынан соң да немесе амалдың өту сипатын білдіріп, рең жамайтын жұрнақтардан кейін жалғану арқылы жасалады.
Қазақ тілінд ежіктелудің төрт түрі бар. Бірдей үлгіде жіктелетін сөздердің лексика-грамматикалық сипаты бірдей емес, яғни қазақ тіліндегі жіктелу үлгілері тек тұлғалық өзгешеліктеріне қарай бөлінеді. Көсемшелер бірдей үлгіде жіктеледі:
I. Мен бара-мын барып-пын
II. Сен бара-сың барып-сың
Сіз бара-сыз барып-сыз
III. Ол бара-ды барып-ты
біз бара-мыз
барып-пыз
сендер бара-сыңцар
барып-сыңдар
сіздер бара-сыздар
барып-сыздар
олар бзра-ды
барып-ты
Көсемшелер бірдей үлгіде жіктелмегенімен олардың беретін шақтық мағынасы әркелкі болып келеді. Мәселен, -ып, -іп, -п жұрнақтары арқылы жасалған көсемшелер жіктелгенде бұрынғы өткен шақты білдірсе, -а, -е, -й жұрнақгары арқылы жасалған көсемшелер жіктеліп ауыспалы осы шақты білдіреді.
Көсемшелердің бұлардан өзге жұрнақтары жіктелмейді. Осы қызметіне қарап оларды қазақ тіл білімінде жіктелетін және жіктелмейтін көсемшелер деп бөлу қалыптасқан.
Көсемшенің жіктелетін -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғаларының жіктелмей өзге тұпғаларға қарағанда елеулі айырмашылықтары бар. Біріншіден, олардың тілдегі жұмсалу жиілігі соңғыларына қарағанда әлдеқайда басым. Мәселен, жіктелетін көсемшелер арқылы күрделі етістіктің, пысықтауыштардың және сабақтас сөйлемдердің бірнешеуі жасалады. Екіншіден, жіктелетін көсемшелердің қолданылу өрісі кең. Мәселен, олар сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңарларының да, басыңқы сыңарларының да баяндауыштары бола алады. Ал жіктелмейтін көсемшелер тек бағыныңқы сыңардың баяндауышы бола алады.
Жіктелетін көсемшелердің қолданылу аясы мен жиілігі де біркелкі емес. Айталық, пысықтауыш бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын жасауда көсемшенің -ып, -іп, -п тұлғалары өте жиі жұмсалса, жіктеліп келіп шақты білдіруде ауыспалы осы шақ көсемше (-а, -е, -й) тұлғалары жиі қолданылады. Оны бұрынғы өткен шақ көсемшелердің белгілі бір шектеулі стильдік қолданыстарда ғана жұмсалуымен түсіндіруге болады.
Көсемшелер жеке-дара сөз есебінде қолданылмайды, есімдердің морфологиялық түрлену жүйесіне түспейді, демек оларға көптік, тәуелдік, септік жалғаулары қосылмайды. Кесемшелердің жалпы грамматикалық қьізметі етістік айналасына байлаулы, ал мағынасы етістікке қатысты белгімен байланысты болады да, өзі тек етістік негіздерімен және олардан өрбіген тұлғалардан туындайды. Осы себептен де көсемшелер етістіктің ерекше бір түрі болып саналады.
1 жіктелетіндер -а; -п -а; -п -п -а; -п
а; -п -а; -п
2 жіктелмейтіндер -ғалы -ғалы -ғалы
-ғалы
-ғанша -ғанша
-ғанша -мастан -мастан
-мастан -ысымен -ысымен
-ысымен -ысымен
майынша -майынша -майынша
Морфологиялық жігі айқын құранды жұрнақтарды көсемшелер қатарында қарастыруға олардың жоғарыдағы кестеде көрсетілген көсемшелерге тән қызметтерде жұмсалуын және етістікке бағыныңқылығын негіз етіп алу керек.
Тұйық етістік
Тұйық етістік (кейде қимыл есімі, кимыл атауы) етістіктің мағына жағынан да, түрлену жүйесімен де ерекшеленетін функциялық формаларының бір түрі.
Барлық етістік формалары жіктеліп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартса, қимыл есімінде ондай белгі жоқ. Керісінше, есімдерше көптеліп, тәуелденіп, септеліп қолданылады.
Қимыл есімінің етістіктің бір түрі бола тұрып муңцай ерекшелікке ие болуы қимыл әрекеттің өзін емес, сол әрекеттің атауы ретінде қолданылуына байланысты.
Тұйық етістік түбір етістікпен туынды түбір етістікке-у, (-ұу, -үу), ыс(-іс), -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) журнаідары жалғану арқылы жасалады.
Қимыл есімінің жұрнағы жалғанбайтын бірде-бір туынды етістік жоқ. Демек, барлық қимыл-әрекеттің атауы болады екен.
Түбір не туынды етістікке қимыл есімдерінің жұрнағы жалғанғанда қимылдың атауы ретінде қолданылғанымен салт және сабақтылық мағынасы толық сақталады. Сондықтан түбір етістік пен туынды түбір етістіктің септік формадағы сөзді меңгеруі қимыл есіміне айналғанда да сол қалпын сақтайды. Қимыл есімін қимылдың өзіне емес, атауын білдіреді десек те, оның етістік шеңберінен шығып кетпейтінін, (конверсиялануды есептемегенде) етістіктің функционалдықформасы болып қалатынын аңғарамыз.
Қимыл есімі үш түрлі жұрнақ арқылы жасалғанымен мағыналарында айырмашылық болмайды. Бәрі де қай қимыл-әрекетті білдіретін етістікке жалғануына қарай сол қимыл-әрекеттің атауын ғана білдіреді. Дегенмен, қазақ тілінде бұл үш жұрнақтың етістікке жалғануы, қолданыс аясы бірдей емес. Сондықтан қимыл есімдерін жасайтын жұрнақтарға жеке-жеке тоқталуға тура келеді.
-у жұрнағы арқылы жасалған қимыл есімі формасы-тілімізде ең жиі қолданылатын форма. Қимыл есімінің бұл түрі анықтайтын сөзінен белініп тәуелдену, септелу арқылы затганып та қолданыла береді.
-у қосымшалы қимыл есіміиің осылайша атау септігінде қолданылу үрдісімен зат есім ретінде қолданылатын сөздер пайда болған.
Қимыл есімінің бұл түрі барлық септікте түрленеді. Дегенмен қимыл есімінің септелуінде басқа сөз таптарына қарағанда өзгешелік басым. Мәселен, септік жалғаулары зат есімге тән болғандықт-ан септелген сын есім, сан есім, есімше т.б. заттанып қолданылатыны белгілі.
Қимыл есімнің септік формада қолданылуындағы өзгешелік грамматикалық мағынасына да әсер етіп, зат есімнің септік формаларының грамматикалық мағынасынан айырықшаланады.
-ыс, (-іс, -с) жұрнағы арқылы жасалған қимыл есімі -сиректеу қолданылатын форма. Қимыл есімінің бұл түрінің жұрнағы ортақ етіс жұрнағымен омонимдес болғандықтан, қазақ тілі грамматикасында бұл екі форманы шатастыру, -ыс формалы етістіктің бәрін ортақ етіске жатқызу байқалады.
Шындығында, бұл етістіктен ортақ етіс те, қимыл есімі де -ыс, -іс жұрнағы арқылы жасалатындықтан жеке тұрғанда дербес мағынасы аңғарылмайды. Оны тек контексте ажырату мүмкін.
Сондықтан қимыл есімі мен ортақ етіс формасының өзгешеліктеріне тоқтала кету орынды болмақ.
1. Ортақ етістің грамматикалық мағынасы әрқашан іс иесі екі не одан да көп екенін білдіреді. Ал қимыл есімінде іс иесінің санына қатысты мағына болмайды.
2. Ортақ етіс формасы рай, көсемше, есімше формасында қолданылады, Қимыл есімі тек есімдерше тәуелденіп, септеліп қолданылады.
3. Ортақ етіс формасында қолданылып тұрған сөзді -у қосымшалы қимыл есімімен ауыстыруға болмайды. Ал қимыл есімдерінің жұрнағы өзара алмаса береді.
4. Ортақ етіс формасына қимыл есімінің -у, -мақ жұрнағы жалғана береді, ал -ыс жұрнақты қимыл есіміне бұл жұрнақтар үстемеленіп жалғанбайды.
-ыс(-іс) жұрнағы арқылы жасалған қимыл есімдері сирек те болса көптеліп, тәуелденіп, септеліп қолданылады.
-мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) жұрнағы арқылы жасалған қимыл есімдері де бар. -мақ формалы қимыл есімінің қазақ тіліндегі қолданылу аясы тарылып -у жұрнақты қимыл есімінің қолданылу жиілігі артып келеді. Сондықтан мақ формалы мен -у формалы қимыл есімі жарыса қолданыла береді.
Қимыл есімінің бұл түрінің тәуелдік, септік формаларында қолданылуы мақал-мәтелдерде, көне шығармаларда жиі кездеседі.
Есімшенің бұл турі болымсыз етістікке жалғанбайды, сондықтан -мақ формалы қимыл есімінің болымсыз формасы кездеспейді. Тілімізде бірлі-жарым кездесетін бармақ емеспін, бармақ емессің, бармақ емес түрінде айтылатын болымсыз етістік қимыл есіміне жатпайды, есімшеге жатады.
Сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетке көзқарасын, қимылдың, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен түратын етістіктің грамматикалық категориясы рай категориясы деп аталады.
Белгілі қимыл, іс-әрекеттіңбелгілі субъеюі тарапынан іске асу-аспауы, қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмауына сөйлеушінің көзқарасы, пікірі, бағасы, анықтығы, ақиқаттығы, күдіктілігі, күмәнділігі, болжамдылығы, жорамалдылығы, орындалу ниеттілігі, шарттылығы т.б. тілек, қалау, бұйрьщ мәндері т.б. қатар көрініп отырады. Рай категориясы етістіктің модальдылық мәнінің бірден-бір грамматикалық категориялық көрсеткіші бола тұрса да, етістіктің барша модальдылық мәнін толық қамти алмайды. Оның үстіне сөйлем модальдығы тағы бар. Ол да рай категориясымен байланысты болғанымен, етістіктің рай категориясының шеңберіне сыя бермейді.
Негізінен алғанда, рай категориясыныңашықрай, бұйрықрай, шартты рай, қалау рай сияқты төрт түрі көрсетіліп жүр.
Ашық рай -қимыл, іс-әрекет үш шақтың (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) бірін білдіретін рай түрі. Демек, ашық райдың басты семантикалық ерекшелігі — қимыл іс-әрекеттің объективті шындыққа қатысты болу-болмауының сөйлеп тұрған сәтпен (шақпен) байланысты өтіп кеткенін, өтіп жатқанын, әлі өтпегенін, бірақөтетін сипатын білдіру, сөйтіп, ашықрай, бір жағынан, етіетіктің рай категориясыныңбір түрі болса, екінші жағынан, бір өзі етістіктің шақ категориясын құрайды. Осыған байланысты райдыңбасқа түрлерінен айырмашылығы тікелей ашық рай жасайтын арнайы қосымшалары жоқ болып келеді. Демек, шақ категориясы дегеніміз, екінші жағынан, ашық рай категориясы мен оныңтүрлері шеңберінде қарастырылады.
Бұйрық рай сөйлеушінің тыңдаушыға немесе тыңдаушы арқылы бөгде біреуге (3-жаққа) қаратылып, буйрықсұрай айтылатын, езіне (1-жаққа) байланысты қимылға, іс-әрекетке қозғау салу, ниет мәнін білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы берілетін рай түрі болып табылады. Бұйрық райдың басты мәні — бұйрықтық мағына. Бұйрықтық мағына негізінен алғанда 2-жаққа байланысты болып отырады.
Ал 3-жақта бұйрықтық мағына солғындап, тілек (бұйрық пен тілек), өтініш (бұйрық пен өтініш) мәні байқалып отырады.
І-жақта бұйрықтық мағынадан гөрі ниет, тілек мәні басым болады, өйт-кені сөйлеуші өзіне өзі бұйырмайды, бұйрық бермейді. Соған қарап І-жақты, кейде тіпті 3-жақты да, бұйрық рай шеңберінен деген де пікір жоқ емес.
Бұйрық райдың құрамында бұйрықтық мағынадан гөрі ниет, тілек мәнді білдіретін бірінші және үшінші жақ пен олардың керсеткіштері болуы бұйрық райдың түрлену парадигмасына, тұлғалық жүйесіне байланысты. Мағыналарында бұйрықтылықты білдіруде өзгешелік болса да, бұйрық райдың жіктелу жүйесі, яғни 1-2-3 жақта және жекеше-көпше түрлену бір парадигмалық жүйенің көрсеткіші болып табылады. Жіктелу үлгісі:
Мен бар-айын, кел-ейін, сөйле-йін. Біз бар-айық, кел-ейік, сөйле-йік.
Сен бар-, кел-, сөйле-. Сендер бар-ыңдар, кел-іңдер, сөйле-ңдер.
Сіз бар-ыңыз, кел-іңіз, сөйле-іңіз. Сіздер бар-ыңыздар, кел-іңіздер, сөйле-ңіздер.
Ол бар-сын, кел-сін, сөйле-сін. Оларбар-сын, кел-сін, сөйле-сін.
Жіктелу үлгісінен көрінетіндей, бұйрық райдың І-жағында жекеше -айын, -ейін, -йын, -йін, көпше -айық, -ейік, -йық, -йік жалғауы жалғанса, 2-жақ жекеше анайы түрінде арнайы қосымшасы жоқ, бірақ бұл — етістіктің түбір тұлғасы емес, нөлдік форма, өйткені түбір болса, сол сөз табының түрленуіне негіз болатын бастапқы тұлғасы да, бұйрық райдың 2-жағы жекеше, анайы түрі — грамматикалық тұлға, сол түбірге жалғанатын тұлға, демек, бұйрық райдың2-жағы жекеше, анайы түрі мен түбір тұлға омоформа болып табылады. Бұйрық рай формасының екінші жақ жекеше түріне ертеде -ың, -ің, -ң қосымшасы жалғанып айтылатын болған. Мұны бұйрық райдың екінші жақ сыпайы түріндегі және екінші жақ көпше түрінің құрамындағы -ың, -ің, -ң қосымшасы (ал -ың-дар, ал-ың-ыз) дәлелдей алады. Сондай-ақ бұйрық рай формасының үш жағына да -шы, -ші жұрнағы жалғанып, сөйлеушінің бір істі орындау туралы өзіне, тыңдаушыға және бөгде адамға незатқа қаратып, сыпайы тілектүріндеайтуын білдіреді. Олардың мағынасы сөздердің айтылу сазына, интонациясына да байланысты.
Шартты рай қимыл, іс-әрекеттіңболу-болмау, орындалу мүмкіндігін, шартын білдіріп, етістік түбіріне, лексика-грамматикалық категориялар тұлғаларына -са, -се қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Шартты райлы етістік ықшамдалған тұлғада жедел өткен шақ тұлғасы сияқты жіктеледі, сөйлемде негізінен алғанда тиянақсыз түлға болып қолданылады, сондықган көбіне-көп шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалады.
Жекеше Көпше
Мен айт-са-м, сөйле-се-м Біз айт-са-қ, сөйле-се-к
Сен айт-са-ң, сөйле-се-ң Сендер айт-са-ң-дар, сөйле-се-ң-дер
Сіз айт-са-ңыз, сейле-се-ңіз Сіздер айт-са-ңыздар, сөйле-се-ңіздер
Ол айт-са, сөйле-се Олар айт-са, сөйле-се
Қазақ тілінде шартты рай түлғасындағы етістік әр уақытта шарттылық мәнде қолданыла бермейді. Кейде ол шартты рай тұлғалы етістік мезгіл бағыныңқы сөйлемнің немесе да, де шылауымен тіркесіп, қарсылықты бағыныңқы сөйлемніңбаяндауышы қызметіндеде жұмсалады.
Сондай-ақ шартты райлы етістік тілек, арман, мақсат сияқты модальдылық мәнді білдіріп, тиянақты мәнінде сөйлемнің баяндауышы қызметін де атқарады. Бұнымен бірге шартты райлы етістік жіктеліп келіп, ғой, еді, екен, етгі, ма, ме сұраулық шылау сияқты көмекші сөздермен тіркесіп, сөйлемді аяқтап тұрады да, сөйлеушінің тілек-арманын, өтініш-екінішін, болжам ниетін т.б. білдіреді.
Сондай-ақ-са, -се тұлғасына-шы, -ші қосымшасы үстеліп, 3-жақта жіктеліп, тиянақты тұлға ретінде қолданылады, екінші жақта кейде -ң жіктік жалғауының орнына-й тұлғасы айтылады, Мұндайд аетістік таза шарттылық мәннен гөрі ниет, тілек шартты мәнді білдіреді.
Шартты райлы етістік игі еді сөздерімен тіркесіп, қалау рай да жасайды: кел-се игі еді. Болжамды сияқты модальды реңкгі білдіріп, шартты райлы етістік керек сөзімен де тіркесіп қолданылады: айт-са керек.
Бұлардың барлығында да шартты райлы етістік жіктеліп келеді де, көмекші сөз сөйлем баяндауышын тиянақты етіп отырады.
Қалау рай – сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетті орындауға я орындамауға қалау, тілек, ниет, ынтасын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын рай категориясының бір түрі. Қалау рай бірнеше жолмен жасалады. Негізгі етістіктерге -ғы, -гі, -қы, -кі қосымшалары жалғанып, тәуелденіп барып тәуелдік жалғауы арқылы жіктеліп, яғни жақгық, жекешелік-көгпгік мән үстеліп, оған кел, келді, келеді кемекші етістігі тіркесіп жасалады.
Жікгелуі:
Меніңоқы-ғы-м келді, келеді. Біздіңоқы-ғы-мыз келді, келеді
Сеніңоқы-ғы-ңкелді, келеді. Сендердің оқы-ғы-ларың келді, келеді
Сіздің оқы-ғы-ңыз келді, келеді. Сіздердің оқы-ғы-ларыңыз келді, келеді
Оның оқы-ғы-сы келді, келеді. Олардың оқы-ғы-сы келді, келеді.
Сөйтіп, бұл тұлғалы қалау рай етістік синтаксистік сипаты жағынан жақсызсөйлемніңбаяндауышы қызметін атқарады.
Сондай-ақетістіктүбіріне -ғай, -гей, -қай, -кей қосымшасының үстелуі арқылы және осы тұлғаға еді көмекші етістігі тіркесу арқылы немесе шартты рай тұлғалы етістікке игі екен сөздерінің тіркесуі арқылы да тілек мәнді қалау рай жасалады.
Шақ категориясы
Қимыл, іс-әрекеттіңсөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін, бірақ болатынын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын етістіктің грамматикалық категориясы шақ категориясы деп аталады.
Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың мезгілі, шақтық мағынасы мынадай болады:
1) үнемі кайталанып, дағдыға айналған іс-қимыл, сөйлеп тұрған кезде болып жатқан кимыл, іс-әрекет.
2) сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен қимыл, іс-әрекет.
3) сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған, бірақ кейін болуға тиісті қимыл іс-әрекеттер.
Сонымен, сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу мезгілі үш түрлі. Соған сәйкес етістіктің шақ түрі де — үшеу. Сөйлеп тұрған сәтке байланысты, яғни сол сәтте болып жатқан қимылды осы шақ, әлі болмаған, бірақ кейін болатын қимылды келер шақ, сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып өткен қимылды өткен шақбілдіреді.
Шақтық мағынаны білдіретін етістік көбінесе жіктеліп келеді де, сол арқылы жақтық мағына беріпеді. Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен (есімше, көсемше, және арнайы шақ жұрнақтарына) кейін жалғанады.
Қазірп қазақ тілінде шақкатегориясы морфологиялық белгісіне, шақтық мағынасына қарай өткен шақ, осы шак, келөр шак болып үшке бөлінеді.
Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеу кезінен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіретін етістіктің грамматикалық формасы.
Қазіргі қазақ тіліндегі өткен шақ грамматикалық формасы мен мағыналықерекшеліктеріне қарай жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді.
Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне-ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып, жіктеліп қоданылады.
Жедел өткен шақ жұрнағы етістіктің тұлғаларына тікелей жалғанады. Әнші үш қайырмасын аптып тоқтайын деп еді, Базаралы тоқтаттырмады.
Жедел еткен шақтың болымсыз түрі етістіктің -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
Жедел өткен шақгың жіктелуі:
жақ
жекеше көпше
-м -к, -қ
-ң /анайы түрі ңыз/-іңіз/сыпайы -ндар, -ндер/анайы түрі/ -ңыздар, түрі ңіздер/сыпайы түрі
нөлдік трға
Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда, әлдеқашан бұрын болғандығын білдіреді.
Бурынғы еткен шақ екі түрлі жолмен жасалады.
а) Бұрынғы өткен шақ-ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшеніңжіктеліп келуінен жасалады.
ә) Бұрынғы өткен шақетістікке көсемшенің-ып, -іп, -п жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
-пыз/-піз — сьщдар/-сіңдер
Бұрынғы өткен шакпың күрделі түрі -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшеге немесе -ып, -іп, -п тұлғапы көсемшеге (еді) көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Есімше түрінде е көмекші етістігі екен түрінде де тіркеседі. Бұрынғы өткен шақтың мұндай күрделі түрінде е, (еді, өкен) көмекші етістігі ғана жі ктеледі.
Бұрынғы өткен шақ күрделі түрінің жіктелу үлгісі
жақ жекеше
I Оқыған едім (екенмін) Оқып едім
II Оқыған едің (екенсің) Оқыған едіңіз Оқып едің
Окып едіңіз
III Оқыған еді /екен/ Окып еді
көпше
Оқыған едік (екенбіз)
Оқып едік
Окыған едіңдер/ екенсіңдер
Оқыған едіңіздер
Оқып едіңдер
Оқьш едіңіздер
Оқыған еді /екен/
Окып еді
Бұрынғы еткен шақгың болымсыз түрі былай жасалады. Есімше формалы бұрынғы өткен шақ:
1. -ма/ -ме, -ба/ -бе, -па/ -пе қосымшалары арқылы.
2. Жоқ, емес сөздері арқылы жасалады.
-ып, -іп, -п формалы көсемшенің болымсыз түрі тек қана -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасы арқылы жасалады.
б) Ауыспалы өткен шақ. Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын/ -етін, йтын/ -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақтық, бірде келер шақтық мағынада қолданылады.
Ауыспалы өткен шақ жіктеліп те, еді көмекші етістігімен тіркесіп келіп те (онда еді етістігі жіктеледі) жұмсалады.
Ауыспалы өткен шақтың болымсыз түрі етістікке -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
Ал ауыспалы келер шақ тікелей жіктелмейді, текеді көмекші етістігімен тіркесіп қолданылады.
Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, өтіп жатқанын білдіреді.
Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері:
1) Сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді.
2) Әр дайым қайталанып тұратын дағдылы іс-әрекетті көрсетеді. Басқа шақ түрлеріне қарағанда осы шақтың жасалуында кейбір ерекшелік бар. Ол қалып етістіктерінің отыр, тұр, жатыр, жүр негізгі етістік мәнінде немесе негізгі етістіктің көсемше (-а, -е, -й, -ып, -іп, -п) тұлғасына қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесіп тікелей жіктеліп барып жасалуында, бұлар грамматикаларда нақ осы шақ деп беріледі. Осыдан
1 жак жекеше
I білетінмін
айтатынмын
айтатып едім
ІІ білетінсің
айтатыпсың
айтатып едің
білетінсіз
айтатыпсыз
айтатын едіңіз
ш білетін, айтатын, айтатын еді
анық көірінетіндей, осы шақтың бұл түрі қазіргі кезде арнайы грамматикалық тұлғалар арқылы жасалмай, қалып етістіктерінің негізінде немесе көмекші етістік мәнінде жіктеліп келуінен жасалады.
Осы шақтың түрлері. Осы шақ мағынасы мен түрлеріне қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып екі түрге бөлінеді.
Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттіңсөйлеп тұрған сәтте істеліп, болып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді.
а) Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің жіктелуі арқылы жасалады.
Нақ осы шақтың жіктелуі:
жақ жекеше
I Отыр-мын, тұр-мын, жатыр-мын, жүр-мін
II Отыр-сың, тұр-сың Отыр-сыз, тұр-сыз
III Отыр, тұр, жатыр, жүр
көпше
Отыр-мыз, тұр-мыз, жатыр-мыз, жүр-міз Отыр-сыңдар, тұр-сыңдар Отыр-сыздар, тұр-сыздар Нөлдік тұлға
ә) Нақ осы шақтың күрделі түрі етістіктіңа, -е, -й, -ып, -іп, -п тұлғалы көсемше түрімен отыр, тұр, жатыр, жүр деген қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесінен жасалады.
Күрделі нақ осы шақтың жіктелу үлгісі:
жақ жекеше көшне
I Тыңдап тұрмын Тыңдап отырмыз
II Тыңдап отырсыздар Тыңдап отырсыңдар
Тыңдап отырсыз Тыңдап отырсыздар
III Тыңдап отыр Нөлдік тұлға
Ауыспалы осы шақ қимыл іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады.
Ауыспалы осы шақтың болымсыз түрі етістікке -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
Ауыспалы осы шақтың жіктелу үлгісі
жақ
жекеше көпше
Айтамын Айтамыз
Айтасың Айтасыңдар
Айтасыз Айтасыздар
Айтады
Келер шақ қимыл, іс-әрекетгің әрі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін іске асатынын білдіреді. Келер шақтың түрлері мағыналық ерекшеліктеріне қарай келер шақ үшке бөлінеді:
1. болжалды келер шақ
2. мақсатты келер шақ
3. ауыспалы келер шақ
Болжалды келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай ғана айтылуын білдіреді.
Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің -ар, -ер, -р болымсыз етістіктен кейін-с жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауының үстелуі арқылы жасалады.
Болжалды келер шақ -с жұрнағы арқылы жасалған болымсыз етістікген жасалғанда, қимыл, іс-әрекеттің болмауын болжай, күмән келтіре айтудан, білдіруден гөрі, жігерлі, үзілді-кесілді мән беругебейім болады.
Болжалды келер шақтыңжіктелуі:
жақ жекеше
I Бар-ар-мын, бар-ма-с-пын
П Бар-ар-сың, бар-ма-с-сың
Ш Бар-ар, бар-ма-с (нөлдік тұлға)
көпше
Бар-ар-мыз, бар-ма-с-пыз Бар-ар-сың-дар, бар-ма-с-сың-дар Бар-ар-сыз-дар, бар-ма-с-сыз-дар
Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. Мақсатты келер шақ етістіктің түбірінен -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының жалғанып, одан кейін жіктік жалғауларының үстелуі арқылы жасалады.
Етістіктің -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының үстіне -шьі, -ші жұрнағы жалғанып, жіктелуі арқылы да жасалады.
Мақсатты келер шақтың болымсыз түрі -мақ, -мек, -бак, -бек, -пақ, -пек -шы, -ші тұлғалы етістікке емесдеген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Ондайда жіктік жалғау емес көмекші етістігіне жалғанады.
Мақсатты келер шақтыңжікгелу үлгісі:
жак жекеше көпше
I Бармақ-пын Бармақ-пыз
II Бармақ-сың Бармақ-сыңдар
Бармақ-сыз Бармақ-сыз-дар
III Бармақ (нөлдік тұлға)
Ауыспалы келер шақта ауыспалы осы шақ сияқгы -а, -е, -й жұрнақты көсемшенің жіктеліп келуі арқылы жасалады.
Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақ бір-бірімен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады. Ауыспалы келер шақтың болымсыз түрі етістікгің ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
Ауыспалы келер шақтың ауыспалы осы шақтан айырмашылығы сөйлемде мезгіл мәнді басқа сөздерден де байқалып отырады.
Жақ категориясы
Әрине, жақ пен жіктелу ұғымы бір-біріне толық балама емес. Әдетте мектеп оқулықтары мен грамматикаларда жақ ұғымы таза морфологиялық тұрғыдан жіктік жалғау я жіктелудеген парадигмалық жүйенің шеңберінде көрсетіліп келді. Бірақ одан жіктік жалғаудың табиғаты толық ашыла алмайды, әсіресе оның жақтық сипаты мен сөйлеу процесіндегі қызметі айқындалмай қалады.
Рас, оқулықтар мен грамматикаларда беріліп жүрген жіктік жалғау жұйесінде оған жақтық сипат та берілген. Морфологиялық көрсеткіш ретіндегі жіктік жалғау үш жақтың әр жағында бөлек-бөлек болып түрленіп сол арқылы, бір жағынан, тұтас біртектес грамматикалық(жіктік) мағынаны біпдіріп, екінші жағынан, әржақты (жекеше-көпшеде) әртүрлі грамматикалық формалар арқылы бір-біріне қайшы грамматикалық мағына білдіріп, морфологиялық түрлену жүйесінің, яғни парадигмалық жүйенің жиынтығын құрау арқылы грамматикалық (морфологиялық) категория болып танылады.
Сөздердің жіктелу жүйесі, бір жағынан, морфологиялық түрлену тұлғаларының жүйесі, екінші жағынан, сол арқылы берілетін грамматикалық мағыналар жиынтығы арқылы грамматикалық категория болып танылатыны рас. Сонымен бірге осыған негіз болып отырған жіктік жалғаулардың синтаксистік қызметі мен сөйлем құраудағы сипаты ерекше екенін естен шығаруға болмайды. Әрине, барлық жалғаулардың да (септік, тәуелдік, жіктік), кейде көптік жалғаудың сөз байланыстырудағы қызметі ерекше екені белгілі. Сондықтан да олар басқа қосымша түрлерінен бөлініп, жалғау деп аталады. Ал жіктік жалғаудың сонымен бірге сөйлем құрауға сөйлемді тиянақтап, ой білдіруге тікелей қатысы бар, өйткені сөйлемнің діңгегі, ойдың көрінісі, негізі болып есептелетін сөйлемнің баяндауышы жіктік жалғау арқылы, біржағынан ойдың қазығы, қимыл, іс-әрекеттің иесі бастауыш пен (субъекгімен) қиыса байланысып тұрса, екінші жағынан, ойды түжырымдап, тиянақтап, сөйлемді аяқтап тұрады. Сондықтан да түркологияда жіктік жалғауын баяндауыш (предикат) қосымшасы немесе баяндауыш категориясының тұлғасы деп атайды.
Қазақ тіл білімінде жіктелуді, жіктік жалғауды бірде тек жақтық мағынамен байланысты қарап, оны, жақтық мағынаны, предикативті мәнімен барабардеп түсінушіліктебар. «Жіктік жалғауы өзінің жалғанған сөзіне тек қана жақтық мағына үстейді, яғни предикативтік реңк береді»(М.И. ҚҚТ.85). Бірақ сол арқылы грамматикалық жүйе ретінде жіктік жалғау тек жақтық мағынамен ғана шектеліп қалмайды, онда жіктік жалғаудың тәуелдік жалғаудан бөлек грамматикалық категория боларлықтай ерекшеліктері, айырмашылықтары болмас та еді. Жақтық мән жіктік жалғауда да, тәуелдік жалғауда да бар. Оның үстіне жақтық мағынаны тек предикативтік реңк деп түсінугеде болмайды. Бұлар, жақгық мағына, предикативтік реңк дұрысында қатынас я қызмет), бір жағынан, бір-бірінен бөлек, екінші жағынан, әр тілдік қабаттың жүйесінен шығатын әр түрлі ұғымдар, сөйтіп, олар бірінің орнына екіншісі жүрмейді, бір тілдік құбылыстың шеңберінде бір-бірін әр жақтан (бірі морфологиялық, сөздің бір құрамды бөлшегі және оның білдіретін грамма-тикалық мағынасы ретінде, екіншісі басқа бір сөз бен қатынасты негізіндө) толықгырып отырады.
Төрт жалғаудың үшеуі (көптік, тәуелдік, септікжалғаулар), әдетте, сөз табы жағынан зат есімге тән, зат есімнің түрлену жүйесі деп анықталады да, жіктік жалғау көбіне етістікпен байланысты сипатталады. Бірақ жіктелетін тек етістік ғана емес. Әдетте жіктік жалғауы етістіктің түбіріне тікелей жалғанбайды, белгілі бір формаларының үстіне ғана жалғанады, соған байланысты жіктік жалғаулардың тұлғалары да біркелкі болып келмейді, ал есім сөздерге жіктік жалғау тікелей түбірге және бір қалыппен жалғана береді. Бұның сыры неде? Ең алдымен, бұл — жіктік жалғаудың ауқымы өте кең екенін көрсетеді. Екіншіден, ол жікті кжалғаудың тек семантикалық мәнінен ғана емес, функциялық сипатының, синтаксистік қызметінің ерекшелігінен туындаса керек. Яғни жіктік жалғаудың предикаттық мәні сөйлемді тиянақтап, аяқтап тұру қасиетінде жатса керек. Ал предикат қызметін тек етістіктер ғана емес, есімдер де атқара алады.
Рас, қазақ тілінде адамға байланысты есім сөздер тікелей жікгеледі де, жіктік жалғау тікелей сол түбірге жалғана алады. Ал етістік түбіріне тікелей жіктік жалғау жалғана алмайды. Тек «функциялық етістік» деп аталатын ерекше грамматикалық формалары ғана жіктеле алады, яғни осы формалардың үстіне ғана жіктік жалғаулар үстеле алады. Екіншіден, қазақтілінде қалып етістігі деп аталып жүрген отыр, тұр, жатыр, жұр деген терт етістік тетікелей жіктеледі.
Үшіншіден, етістіктің жіктелетін тұлғаларының өзіне жіктік жалғау біркелкі жалғанбайды. Әрине, бұлай болуы тегін емес. Бір жағынан, жеке сөз табы ретінде етістіктің өзі сан-салалы, күрделі екенін көрсетсе, екінші жағынан, жіктік жалғаудың грамматикалық мағынасы, әр жаққа байланысты түрленужүйесі, сөйлемдеатқаратын қызметі, синтаксистік қатынасты білдіруі бір кезде, бір түрлі, бір ыңғайда қалыптаса қоймағанын көрсетеді. Жікгік жалғаудың осындай әр жақтылық сипатының себебін бір сөзбен дәлелді түсіндіру өте қиын. Етістіктің қай түрін жіктесекте, яғни жіктелу үлгісінің қай түрін сөз етсек те, жіктік жалғауының сөзге жалғануы жағынан да, сыртқы тұлғасы жағынан да, басқа сөзбен байланысы жағынан да, бірінші және екінші жақ бір түрлі, ал үшінші жақ өзінше бөлек екені байқалып тұрады. Бұл -тек 1,2-жақтың сөйлеуші мен тыңцаушы, ал 3-жақтың бөгде болуымен ғана емес, сонымен бірге шығу, қалыптасу тарихымен, қолданылу ерекшелікгерімен де байланысты.
Сөйтіп, кейбір етістік тұлғаларының баяндауыш қызметінің өзінде жіктелмей қолданылуының сондай ерекшеліктері бар екен. Жіктік жалғауы есім сөз таптарынан гөрі етістікке тән десек те, оның мынадай ерекшелікгерін көрсетпеуге болмайды. Біріншіден, жоғарыда көрсетілгендей, етістік түбір тұлғасында тікелей жіктелмейді, ал есім сөздер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктің кейбір түрлері) тікелей түбір тұлғада жіктеледі және 1-2-жақтарда тек адамға байланысты есімдер ғана жіктеледі. Екіншіден, етістіктің жіктелетін тұлғаларының езі бірдей, біркелкі жүйемен жіктелмейді. Атап айтқанда, қазақ тілінде етістік 5 түрлі жіктеледі, 4 түрлі жіктік жалғауы жалғанады.
1) Етістіктің есімше тұлғалы түрі (-ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -етін, -птын,-йтін, -ар, -ер, -р болымсыз түрі-с, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) және отыр, тұр, жүр, жатыр деген 4 қалып етістігі -уда, -уде, тұлғалық тұйықетістікесім сөздерше жіктеледі: 1-жақ жекеше-мь/н, -мін, -пын, -пін, көпше -мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз; 2-жақанайы,жекеше-сь/ң, -сің, көпше -сыңдар, -сіңдер, сыпайы жекеше -сыз, -сіз, көпше -сыздар, -сіздер; 3-жақга арнайы жалғау жоқ.
2) Етістіктің көсемше тұлғалы түрі (-а, -е, -йжәне -ып, -іп, -п) 1-және 2-жақтарда есімдерше жіктеледі де, 3-жақта арнайы -ды, -ді,-ты, -ті деген жалғау болады. Жіктелудің (жіктік жалғауларының көсемше тұлғасына жалғанудың) нәтижесінде көсемшенің осы тиянақсыз тұлғасы тиянақтылық сипатқа, аяқталғандық мәнге ие болады.
Етістіктің көсемше тұлғасы ма, ме сұраулық шылаумен тіркескенде, 3-жақта жіктік жалғаусыз қолданылады. Сондай-ақ сөйлеу тілде 1-жақта -мын, -мін жалғау тек -м түрінде де кездеседі: барамын — барам.
1) Етістіктің шартты райы (-са, -се) және жедел еткен шақ (-ды, -ді, -ты, -ті) тұлғалы түрлері шағындалған қосымшалар жалғану арқылы жіктеледі: 1-жақ жекеше -м, көпше -қ, -к; 2-жақ анайы жекеше -ң, көпше -ңдар, -ңдер, сыпайы -ңыз, -ңіз көпше -ңыздар, -ңіздер; 3-жақта арнайы жалғау жоқ.
Сөйлеу тілінде-а, -е, -ы тұлғалы көсемшеге жалғанатын 1-жақ жекеше жіктік жалғау (-мын, -мін) -м болып, 3-жақ жіктік жалғауы -ды, -ді, болып, -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшеге жалғанатын 1-жақ жекеше жіктік жалғауы (-мын, -мін) –м болып та айтылады: бара-мын, келе-мін, сөплей-мін деудің орнына бара-м, келе-м, сөйлей-м болып айтыла береді. Әрине, соңғы нұсқа толық әдеби форма болып саналмайды.
Сонымен бірге і-жақ жекеше мәнде тілімізде -ман, -мен, -бан, -бен, -пан, -пен тұлғалы етістіктер де жиі қолданылады. Зерттеушілер -ман, -мен, -бан, -бен, -пан, -пен формасын ауыспалы осы (келер) шақтық (ма-й-мын, ме-й-мін, ба-й-мын, бе-п-мін, па-й-мын, пе-й-мін) болымсыз тұлғасының 1-жақ түрінің қысқарған нұсқасы деп анықтайды. Және әдеттегідей салыстырғанда бұл тұлғаның семантикасында үзілді-кесілді реңк бары, ол тұлғаның өлең сөзде көбірек ұшырасуы стильдік мән үстеп, өлеңге батылдық, жігерлілік сипат беретіні де көрсетіледі.
4) Етістіктің бұйрық рай түлғасы ерекше жіктеледі, ол етістік тұлғасының жіктелуінің төртінші түрі болып саналады. Ол ерекшелік, біріншіден, бұйрық райда жіктік жалғаудың бүтіндей өзгеше болуында болса, екіншіден, етістіктің түбір тұлғасы мен бұйрық рай тұлғаларының сырттай ұқсас, бірақ екеуі бір емес екендігін де, яғни түбір сез формаларына негіз болатын сөздің статикалық күйіндегі тұлғасы да, бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы тұлғасы -түбірден бөлек сөз формасы, грамматикалық түрлену парадигмасының бір көрінісі болып табылады. Сондықтан да етістіктің түбірі мен бұйрық райдың 2-жақ жекеше, анайы түрі омоним формалар болады. Сөйтіп, бұйрық райдың жіктелуінде 1-жақ жекеше -айын, -епін, -пын, -йін, көпше -айық, -ейік, -йық, -йік 2-жақтық анайы жекеше арнайы тұлғасы жоқ нөлдік форма көпше -ыңдар, -іңдер, -ңдар, сыпайы жекеше -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз, көпше -ыңыздар, -іңіздер, -ңыздар, -ңіздер, 3-жақта -сын, -сін жалғаулары жалғанады.
Бұйрық рай тұлғасының жіктелуіндегі тағы бір ерекшелік — бұйрық рай формасының 3 жағына да -шы, -ші жұрнағы жалғанып та қолданылады. Ондайда етістікге таза бұйрық мәнінен гері тілек, ниет мәні басым байқалады.
5) Етістіктің ерекше жіктелетін түрі — қалау рай тұлғасы. Қалау рай тұлғасын (негізгі етістік -ғы, -гі, -қы, -кі тұлғасына тәуелдік жалғауы жалғанып келеді немесе келді көмекші етістікпен тіркескен күрделі етістік) тәуелдік жалғау арқылы жаққа жіктеледі, қимыл, іс-әрекет иесі, жақ иесі атау тұлғада емес, ілік септігінде тұрады.
Бұл түрленудің ерекшелігі сол қалау рай тұлғалы күрделі етістік негізгі тәуелдік жапғау тұлғасында тұрады да, көмекші етістік кел жедел өткен шақ немесе ауыспалы келер осы шақ келеді тұлғасында келіп, жіктік жалғаудың 3-жағында айтылады: келді дегенде нөлдік форма, келеді дегенде -ді жалғауы 3-жақ жіктік жалғауы.
Сондай-ақ -у тұлғалы тұйық етістікке тәуелдік жалғауы үстеліп, керек, қажет, мүмкін, тиіс сияқты модаль сөздердің тіркесуінен жасалған баяндауыштар да осы тәріздес түрде жіктеледі.
1. Етістіктің салт және сабақты түрлері
2. Етістіктің етіс категориясы
3. Қимылдың өту сипаты категориясы
4. Тұйық етістік
5. Етістіктің рай категориясы
6. Етістіктің шақ категориясы
7. Етістіктің жақ атегориясы
8. Болымды және болымсыздық категория
Әдебиеттер:
1. Қалыбаева А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы. Алматы, 1957.
2. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің категориялары. Алматы, 1980.
3. Қасабек Қ. Бір буынды негізгі түбір салт етістіктер. Алматы, 1999.
4. Оразов М. Қазақ тіліндегі қалып етістіктері. Алматы, 1980. 176 б.
5. Ерғалиев Т. Қазақ тіліндегі есімше категориясы. Алматы, 1958.
6. Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық, болымсыздық категориясы. Алматы, 1953.
7. Жұмағұлова О. Көсемшенің қызметтері туралы. Жинақ. Алматы, 1998, 23-25 б.
8. Омарова А. Осы шақтың Қ. Жұбановқа дейінгі грамматикалардағы көрінісі. Алматы, 1998, 48-51 б.