Есімдік

Жоспар

1. Есімдік сан жағынан үлкен сөз табына жатпайтыны, бірақ тілдегі қолданысы жағынан ірі сөз таптарынан кем емес екені

2. Есімдіктердің түрленуі

3. Есімдікке тән ортақ негізгі мағыналық ерекшелік жалпы мағыа болғанымен, оның іштей түрлі өзіндік ерекшелігі бары, соған есімдіктің мағыналық топтары бары: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау есімдіктері

4. Есімдіктің синтаксистік қызметі

Қазақ тілінде есімдік дербес сөз табы ретінде қарастырылып жүр. Ал орыс тілінде бұл мәселеде екі түрлі көзқарас болды. Ғалымдардың біразы есімдікті есім сөздермен бірге қарау керек десе, кейбір ғалымдар есімдік өз алдына жеке сөз табы болу керек деп санайды. Есімдіктерді есім сөз таптарымен бірлікте қарау керек дейтін пікір ұстанушы ғапымдардан А. Шахматов, А.М.Пешковский, А.Н.Гвоздевті атауға болады. Ал есімдікті жеке сөз табы деген көзқарасты дәлелдеушілер: В.В.Виноградов, Е.Н.Сидоренко т.б.

Қазақ тіл білімінде есімдіктер мәселесі А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, А.Ибатов, А.Төлеуов еңбектерінен орын алған. Аталған ғалымдардың қай-қайсы да есімдіктерді орынбасар сөздер ретінде қарастырады. Мәселен, А.Байтұрсынов есімдікке былайша анықтама береді: «Есімдік дегеніміз — есімдердің, яғни зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің орнына жүретін сөздер». Ғалым есімдікке осылайша анықтама бере отырып, есімдікті мағыналық жағынан бес топқа бөледі. Олар: 1) жіктеу есімдігі, 2) сілтеу есімдігі, 3) сұрау есімдігі, 4) жіктеу есімдігі, 5) танықтық есімдігі. Көріп отырғанымыздай, есімдіктердің саны да, атауы да қазіргіден басқаша. Сондай-ақ ғалым «жіктеу есімдігі» деген атауды екі рет қолданып, біріншісіне қазіргі мен, сен, (сіз), ол деген жіктеу есімдіктерін жатқызса, екіншісіне бәрі, барша деген қазір жалпылау есімдіктері аталып жүрген есімдіктер тобын кіргізеді.

Профессор Қ.Жұбанов есімдікке: «Орынбасар есім (есімдік) деп түбірдің де, қосалқы шылаулардың да орындарында жүре беретін түбірлерді айтамыз» — деген анықтама береді . Қ.Жұбанов есімдікке мынадай сөздерді жатқызады: мен, сен, ол (зат есім орнына), бұл, сол, ол (зат пен сын орнына), мұндай, сондай (сын есім орнына), сонша, мұнша (бұ да), олай, бұлай (бұ да), өйтіп, сөйтеді (етістік орнына), өйткені, онда (жалғауыш орнына), т.т. Ғалым есімдік деп таныған сөздердің ішінде есімдіктер де, есімдіктен басқа сөз таптарына қатысты сөздер де араласып жүр.

А.Ысқақовесімдіктер: «заттың белгісін білдіретін сөздердің орынбасарлары» -деп сипаттайды .

Ғалым Ә.Төлеуов: «Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктері өзінен бұрын айтылған есім сөздердің орынбасары болып саналады» — деп, орынбасарлық қызметті есімдіктің белгілі бір топтарына ғана жатқызады.

Есімдіктерді арнайы зерттеген — ғалым А.Ибатов. Ғалым А.Ибатов есімдіктердің сөз табы ретіндегі тұлғасын, олардың мағыналық топтарын жеке-жеке сөз етеді. Ғалым: «Қазақ тіліндегі есімдіктер өзге де сөз таптары сияқты сөздерді таптастырудың белгілі жүйеге түсіп қалыптасқан негізгі үш принципіне сай лексика-семантикалық мағынасына, морфологиялық белгілеріне және синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз табы болып бөлінеді» -деп, « …оларға 1) мағыналары тым жалпы, 2) контексте қолданылу мақсатына қарай әр қилы нақтылы мағыналарға ие болып отыратын сөз табы, 3) әрқашан субъективті қатынаста қолданылатын сөздер» — деген түсінік береді .

Есімдіктердің өзіндік тарихи дамуы бар, өйткені есімдіктер көне сөздер сапынан орын алады. Бұл туралы А. Ибатов: «Есімдіктердің өте ерте заманда пайда болуы, ең алдымен, олардың мағыналарының тым жалпылама түрде келуінен көрінсе, олардың түбір сөздері мен қосымшаларында кездесетін өте көне формалардың сақталып қалуынан да айқын көрінеді» — дейді.

Сұрау есімдіктерін зерттеген Б.Омарова. Ол сұрау есімдіктерін арнайы зерттеу нысаны етіп, жалпы сұрау қоюдың заңдылықтар мен ерекшеліктерін, сұрау есімдіктерінің грамматикалық сипатын анықтаған. Б.Омарова есімдіктердің нақты мағынасы болмайтыны туралы қағиданы шартты деп түсіну керектігін айта келіп, былай дейді: «Олай дейтін себебіміз есімдіктердің семантикалық тұлғасын контекске ғана қатысты деп кесіп айтудың қисыны жоқ. Өйткені есімдіктер тілімізде жеке дара сөз табы болғандықтан, ол жеке дара тұлғада да өзіне тән мағыналық бөлшектерді танытады деп білеміз. Мысалы, мен, ол, кім, не, әлдекім есімдіктері заттық ұғымды көрсетсе, қандай, әлдеқандай, әрқашан есімдіктерінде сапалық мән бой керсетеді» . Шынында, есімдіктердің жалпылама, абстракт мағынасы контекст ыңғайында нақтылана түседі, алайда сөз табы ретіндегі «жеке дара тұлғада да өзіне тән мағыналық бөлшектерді» білдіретіндігі де шындыққа жақын.

Есімдіктер зерттелген сөз таптарының қатарына жатады. Дегенмен есімдіктердің әр мағыналық тобының жеке зерттеуді қажет ететін тұстары баршылық.

Есім сөз таптарының бірі — есімдік. Есімдік — өзінің аты айтып тұрғандай, басқа есім сөздердің зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздер. Мысалы, Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген (Ж.Молдағалиев). Қайткен күнде де бұл сый өте-мөте орайласа кетті: «Сарыарқа» әні «Жалбырдың» мінездемесіне өте дөп келді. (Е.Брусиловский). Кейбіреулерге таяғым, Тиіп те кетті сартылдап (Абай). Қаншама рет қуанып бардың дағы, қанша адамның алдынан жылап кеттің (М.Мақатаев) деген мысалдардағы мен, бұл, кейбіреулерге, қаншама, қанша сөздері-есімдіктер. Бұлардың ішінде мен, кейбіреулерге — зат есімнің; бұл — сын есімнің; қаншама, қанша?-сан есімнің орнына жұмсалып тұр. Қазақ тілінде есімдіктердің саны онша көп емес, бар болғаны 60-70 ғана сөз, бірақ олардың тілде қолданылу жиілігі мен атқаратын қызметі күшті.

Есімдіктерді жеке сөз табы деп танудың негізгі белгісі — лексика-семантикалық сипаты. Лексика-семантикалық сипаты жағынан есімдіктер жалпы мағыналы сөздер болып келеді. Мәсөлен, кез көлген адамды мен, сен, ол деп, кез келген затты сол, мынау, анау деп айта береміз.

Есімдіктер қай сөз табының орнына жұмсалса сол сөз табы сияқты түрленеді, сол сөз табы сияқты сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Есімдіктердің өздеріне тән түрленетін морфологиялық көрсеткіштері жоқ, дегенмен олар бәрібір түрленетін сөздер тобына жатады. Қай сөз табының орнында қолданылса, сол сөз табы сияқты түрленіп, сол сөз табының синтаксистік қызметін атқарады. Мысалы, Абай шешесіне риза боп қуанып кеп, бұрынғы бір кішкентай күніндегі еркелігіне басты (М.Әуезов) — деудің орнына Ол шешесіне риза боп қуанып кеп, бұрынғы бір кішкентай күніндегі еркелігіне басты, -деп айта беруге болады. Ол жіктеу есімдігі «Абай» деген зат есімнің орнына жұмсалып сөйлемде бастауыш болып тұр.

Сөздерді таптастырудың негізгі үш принципіне (ұстанымына) сай, есімдіктер де лексика-семантикалық сипаты, морфологиялық белгісі және синтактистік қызметтеріне байланысты өз алдына жеке сөз табы болып бөлінеді. Сондықтан есімдіктерді мынадай үш блокқа бөліп қарастыруға болады: 1. Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты; 2. Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері; 3. Есімдіктің синтаксистік қызметі;

Есімдіктерді жеке сөз табы деп тануда лексика-семантикалық ұстаным негізге алынады. Себебі есімдіктердің өзіндік мағыналық ерекшеліктері бар.

Есімдіктердің — мағынасы тым жалпы. Есімдіктердің дәл, нақты мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлем ыңғайына қарай білінеді. Мысалы, Біреудің қатесі — біреуге сабақ (Дж. Рей). Тамырымды соқ, қаным –ойларымның толғағы, Жүректегі отты әнім сен өлмесең болғаны (Н.Оразалин). Берілген сөйлемдердегі есімдіктердің қайсысын алсақта мағынасы нақты емес. Алғашқы сөйлемдегі біреу деген сөзден тек бір адамның қатесінің екінші бір адамға сабақ болатынын аңғаратынымыз болмаса, ол адам кім? -Асан ба, әлде Асқар ма? ол жағы белгісіз. Ал соңғы сөйлемдегі сән дегеннің де мағынасы нақты емес, бірақ оның мағынасын сөйлемнің ыңғайынан байқауға болады. Мұндағы сен деген сөздің дәл не екенін бірінші сөйлемдегі әнін деген сөзден білеміз. Демек, есімдіктердің нақты мағынасын бұрын айтылған сөйлем ыңғайынан аңғаруға болады. Есімдіктер жалпы мағыналы сөздер болғанымен, олардың бірнеше топтарға жіктелуі оның мағыналық қырларын аша түседі. Есімдіктердің бірнеше топқа бөлінуіне де лексика-семантикалық ұстаным негіз болады. Есімдіктер мағыналарына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Жіктеу есімдіктері

2. Сілтеу есімдіктері

3. Сұрау есімдіктері

4. Өздік есімдіктері

5. Белгісіздік есімдіктері

6. Болымсыздықесімдіктері

7. Жалпылау есімдіктері

1. Жіктеу есімдіктері

Жіктеу есімдіктерінің саны аз, бірақ олардың қызметі мен қолданылу аясы өте жоғары. Жіктеу есімдіктеріне белгілі бір жақты білдіру үшін қолданылатын сөздер жатады. Жіктеу есімдіктері не бары 8 сөз. Олар: мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктері жақтық мәнде қолданылытындықтан, үнемі адаммен, яғни сөйлеуші (мен), тыңдаушы (сен) және бөгде адам (ол) деген ұғымдармен байланысты қолданылады. Мысалы, Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (Абай). … сен кітап оқуға арналған уақытыңды ешнәрсеге айырбастама! (Д.Әлімжанов). Ол мені алғашында таныған жоқ (Ғ.Мұстафин).

Жікгеу есімдіктерінің адам атауларының орнына қолданылуы оның зат есімнің сөз түрлендіруші қосымшаларымен түрленуіне мүмкіндік жасайды.

Жіктеу есімдіктерінің бәрі де септік жалғауларын қабылдайды. Бірақ олардың септелу жүйесінде ерекшеліктер де жоқ емес. Жіктеу есімдіктерінің септелу жүйесі төмендегідей болып келеді:

  Жекеше түрі

Атау мен сен сіз оп

Ілік менің сенің сіздің оның

Барыс маған саған сізге оған

Табыс мені сені сізді оны

Жатыс менде сенде сізде онда

Шығыс менен сенен сізден онан(одан)

Кемектес менімен сенімен сізбен онымен

Бұл үлгіде сіз деген есімдіктен басқаларының септелуінде ерекшелік бар. Ал сіз есімдігі басқа да есім сөздер сияқты бірізді септеледі. Жіктеу есімдіктерінің көпше түрлері де септелу жағынан басқа есімдерге ұқсас болып келеді: Мысалы:

Көпше түрі

біз(дер) сендер сіздер олар

біз(дер)дің сендердің сіздердің олардың

біз(дер)ге сендерге сіздерге оларға

біз(дер)ді сендерді сіздерді оларды

Жатыс біз(дер)де Шығыс біз(дер)ден Көмектес біз(дер)мен

сендерде сіздерде оларда сендерден сіздерден олардан сендермен сіздермен олармен

Бұл септелу үлгісіндегі біз(дер), сендер, сіздер, олар сөздері басқа да есім сөздер сияқты өзгеріссіз септелсе, мен, сен, ол сөздерінің септелуінде біраз өзгешеліктер бар. Мұнда н дыбысы ілік, барыс, табыс, шығыс септік жалғауларында түсіп қалады.

Жіктеу есімдігінің септеу үлгісіндегі тағы бір ерекшелік — барыс септігінен көрінеді. Барыс септігінде н дыбысы пайда болады. Мұны көпшілік ғалымдар барыс септік жалғауы ең алғаш -ғару болған, кейіннен -гар формасына көшкен, ең соңында -ган түріне ауысқан дейді. Бұл жоғарыда айтылған ерекшелік туралы пікірлер ғылымда өте кең тараған. Бұдан басқа да пікірлер бар. Ол туралы А.Ибатов былай дейді: «2) Барыс септік жалғауының соңғы н дыбысын ингредиент деп тану бұл негізінде огар > ога > оган дегенге тура келеді. 3) Шапғай метотезис арқылы н және г дыбыстарының орын алмасуы, яғни онга > оган боп қалыптасу» . Ал ғылымда бұл пікірге қарсы пікірлер де жоқ емес. Кейбір ғалымдар -ган мен -гар формаларын жеке формалар деп танып, бұл формалардан тараған басқа да қысқарған формалардың бар екенін айтады. Мысалы, -ғар >-ңар >-ңа //-ңө / /-ңе және -ған >-ға //-га //-гә //-ге формалары болып қалыптасқан.

Септеудегі үшінші ерекшелік- көмектес септігінде -і/, ы дыбыстарының пайда болуы туралы. Мысалы, менімен деген сөз тұлғалық құрамы жағынан ме-ні-мен деген бөлшектерден тұрады. Сондағы ме деген түбір морфема, -ні деген нәң «вещ» деген толық мағыналы сөзден шыққан -нің морфемасының дыбыстық өзгеріске түсіп ықшамдалуының көрінісі деп, ал соңғы -мен формасын көмектес септік жалғауы дейтін пікірлер бар.

Тұлғалық жағынан алғанда мен (< ме-н), сен (< се-н), ол (< о-л) жіктеу есімдіктерінің ме-, се-, о-және-н дыбысынан құрылғаны белгілі.

Ал біз, сіз жіктеу есімдіктерінің тұлғалық құрамы туралы пікірлер көп. Біз, сіз жіктеу есімдіктері туралы ғалым А.Ибатов: «… біз, сіз сөздері бі-сі және сі-сі сияқты болып біріккен (I және II жақтық) жеке сөздердің құрамындағы екінші сыңарларының фонетикалық өзгерістерге түсуі негізінде пайда болған -з морфемасы мен I жақтық бі және II жақтық сі сөздерінен құралады. Екіншіден, осы бірігудің негізінде біз, сіз сөздері екі жақтық адамды көрсету қалпына түсіп, жұптық-көпше мағынаға ие болады. Үшіншіден, біз сөзі бертін келе мағыналық шеңбері кеңейе түсу нәтижесінде, тек екі адамды ғана емес, сонымен қатар көптеген адамдарды да көрсете алу дәрежесіне жетеді»-дейді.

Ал керісінше сіз есімдігі тілде өзінің алғашқы жұптық немесе көпше мағынасынан ажырап, жекеше сыпайылық мәнде жұмсалады.

Жіктеу есімдігінің 3-жағы ол сілтеу есімдігімен ортақ болып келеді-Себебі ол есімдігі адамды да, заттар мен құбылыстарды да, қимыл мен сапаны да көрсете алатын әр жақты сөз болып саналады. Сонымен байланысты ол есімдігі бірде жіктеу есімдігі, бірде сілтеу есімдігі болып жұмсалады. Егер де ол сөзі адамды көрсететін болса, жіктеу есімдігі болады. Мысалы, Ол киініп, жуынып, тамақтанып Итбайға барса, оның номерінде Құдайберген мен Сайым отыр екен (С.Мұқанов).

Заттар мен құбылыстарды, сапаны т.б. көрсететін болса, сілтеу есімдігі болады. Мысалы, Ол кеңестерге құлағы қанған Амантай, қазіретті бір көруге құмар да (С.Мұқанов).

Жіктеу есімдіктеріне тәуелдік жалғауының — нікі, — дікі формалары жалғанады. Мысалы, менікі, сенікі, сіздікі, біздікі т.б.

Есімдік қай жақта қолданылса, оған сол жақтың жіктік жалғауы жалғанады. Мысалы,

I жақ. менмін, бізбіз

II жақ. сенсің, сізсіз, сендерсің, сіздерсіз

III жақ. ол, олар

2. Сілтеу есімдіктері

Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, анау, мынау, сол, сонау, осынау, ана, мына, әне, міне деген сөздер жатады.

Сілтеу есімдіктерінің негізгі мағынасы — аралық қатынасты білдіру. Демек, сілтеу есімдіктері тілде сөйлеушіге алыс я жақын маңдағы заттарды, құбылыстарды сілтеу, нұсқау, көрсету үшін қолданылады.

Мысал ы, -Анау бір тұрғандар да аттар мен шаналар ма? — деді Асқар, қораның басқа бір түкпірінде шоғырланған бірдемелерді нұсқап (С.Мұқанов). Сол үйдің өзінің иесі де болыс деген сөзді естідім (Бұл да). Бұл сұрау Байболға ауыр соқты (Б.Майлин).

Сілтеу есімдіктерінің барлығы бірдей септеле бермейді. Септелетін сілтеу есімдікгеріне мына сөздер жатады: бұл, сол, ол, осы, мына, ана.

Міне, әне, сонау есімдіктері септелмейді. Ал анау мынау, осынау сияқты түрлері тәуелденіп барып септеледі.

Ка сілтеу есімдіктерінің бәрі бірдей көптік жалғауын қабылдай бермейді. Ілік жалғаулары бұл, ол, мына, ана, осы, сол сияқты есімдіктерге ғана

бұл сол ол осы мына ана

бұның соның оның осының мынаның ананың

бұған соған оған осыған мынаған анаған

бұны соны оны осыны мынаны ананы

бұнда сонда онда осында мынада анада

бұдан содан онан осыдан мынадан анадан

бұнымен сонымен онымен осымен мынамен анамен

жалғанады. Мысалы, Бұлар елдің ойлауынша, Әжігерей қайда болса, сонда болуы керек (Б.Майлин). Олар ойын басталмай жатып қылжиып ұйықтап қалады,-деді Шормақ (Б.Мұқаев).

Сілтеу есімдіктерінің барлығының мағыналары бірдей бола бермейді. Олардың мағына жағынан бір-бірінен ерекшелігі бар. Бұл, міне, мына, осы сияқты сілтеу есімдіктері жақындағы затты нұсқап көрсетсе, сона, сонау, сол, ол деген қашығырақгағы, алысырақтағы затты сілтегендікті білдіреді.

Сілтеу есімдіктерінің мағынасын профессор А.Ысқақов екіге бөліп қарастырады: «Біріншіден, сілтеу есімдіктерінің мағыналарын кеңістік аралықты я топографиялық кеңістікті білдіру тұрғысынан қарау, екіншіден, олардың мағыналарын, уақыт аралығын я хронологиялық мерзімді білдіру түрғысынан қарау қажет» . Ғалым топографиялық кеңістікті білдіретін есімдіктерді алыстағы затты я құбылысты нұсқау үшін қолданылатын және жақындағы затты я құбылысты нұсқау үшін қолданылатын деп екіге бөліп қарайды. Ал хронологиялық мерзімді білдіретін есімдіктерге нұсқай айтылатын заттар мен құбылыстарды сөйлеу кезінен бурын ескертілген сол арқылы сөйлеуші мен тыңдаушыға белгілі болған кезде қолданылатын кейде өзінен кейінгі сөздермен түсіндірілетін мәнде қолданылатын есімдіктерді жатқызады. Өзім бұл кісіні сыйлаймын, ап ән салғанда тіптен жақсы көріп кетем. (Ш.Жиенқұлова). Сонда ол үйде үй иелері осы кісілерді оңашалап әлденені менен құпиялап айтқандарын сезіп қалдым (Сонда). Ол кісінің ең жақыны да менмін (Б.Мұқаев). Алынған сөйлемдердегі бұл, осы деген есімдіктер жақындағы кісіні нұсқағандықты білдірсе, ол деген есімдік қашығырақтағы, алысырақтағы кісіге сілтегендікті білдіреді. Дегенмен алғашқы екі сөйлемдегі бұл, осы есімдіктерінің мағыналары да бірдей емес, олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, осы дегеннің мағынасы нақтылау, конкреггі болса, бұл дегеннің мағынасы одан гөрі жалпылау болып келеді. Ал ол есімдігінің мағынасы одан да жалпы болады. Демек, сілтеу есімдіктерінің мағыналық жағынан ерекшеліктері болатыны байқалады.

3. Сұрау есімдіктері

Сұрау есімдіктеріне кім? не? қай? қайсы? қандай? қалап? қайда? қайдан? неше? нешінші? қашан? қанша? қаншасы? сөздері жатады. Мысалы, Қасың қандай, қарақат көзің қандай, күлкің қандай, шарапат сезім қандай! Қуанатын балаша кезің қандай, өзің қандай, жаныма сөзің балдай (Ш.Сариев). Өмірдің сәні не сен болмасаң, Әнім боп шырқайсың сен қашан? (Е.Ибраьим). Ай нұрын бізге шашқандай, Жанарың қайда қадалған (Қ.Қазыбеков). Бұл сұрау есімдіктерінің ішіндегі заттың, нәрсенің атына қатысты қойылатын кім? не? сұрау есімдіктері субстантивтік есімдіктер болып, ал заттың, нәрсенің әр түрлі белгісіне, сипатына қатысты қай? қандай? қанша? неше? нешінші? қайсы? қалай? қайда? қайдан? қашан? сұрау есімдіктері атрибутивтік есімдіктер деп бөлінеді.

Есімдік сұрауларын мынадай тұрғыда жіктеп беруге болады: 1) жіктеу есімдіктеріне кім? сұрауының септелген, көптелген түрлері; 2) сілтеу есімдіктерінің сұрауларына — қай? қайсы? сұраулары, септелген кім? және тәуелді тұлғалы не? сұраулары; 3) өздік есімдік сұрауларына — кім? кімдер? және оның септелген нұсқалары; 4) жалпылау есімдіктерінің сұраулары -кім? кімдер? сөздерінің септелген тұлғалары мен қай? қандай? сұраулары; 5) белгісіздік есімдіктерінің сұраулары — кім? не? сұрауларының септелген, тәуелденген түрлері, қашан? қалай? қандай? қайда? неше? сұраулары; 6) болымсыздық есімдіктерінің сұраулары белгісіздік есімдіктерінің сұрауларымен бірдей.

Сұрау есімдіктеріның кейбір түрлері көптеледі, септеледі, жіктеледі және тәуелденеді. Әсіресе олардың ішінен кім? не? қайсы? нешеу? деген сұрау есімдіктері септеліп те, тәуелденіп те, көптеліп те, жіктеліп те қолданыла береді.

Сұрау есімдіктерінің ішінде кім? не? немене? қайсы? есімдіктері көптеледі. Мәселен, Олар кім<дер?(С.Бақбергенов).

Сұрау есімдіктерінің біразы тәуелденіп те қолданылады. Тәуелденетін сұрау есімдіктерінің қатарын кім? не? немене? неше? қайсы? қанша? қандай? қайда? қайтті? есімдіктері құрайды. Мысалы, Әйел деп бөлектей беретіндері несі екен? (Б.Майлин).

Сұрау есімдіктерінің тәуелдену үлгісі:

жекеше:

I жақ Кімім?

көпше:

Кіміміз?

жекеше:

Нем?

II жақ Кімің? Кімдерің? Нең? ________Кіміңіз? Кімдеріңіз?______Неңіз?

көпше:

Неміз?

Недерің? Недеріңіз?

III жақ Кімі?

Кімдері?

Несі?

Нелері?

жекеше:

көпше:

I жақ Қайсым? Қайсымыз?

Нешеуім? Нешеуіміз?

II жақ Қайсың? Қайсыларың? Нешеуің? Нешеулерің?

Кайсыңыз? Қайсыларыңыз? Нешеуіңіз? Нешеулеріңіз?

III жақ Қайсысы? Қайсысы? Нешеуі? Нешеуі?

Қайсылары?

Жіктелетін сұрау есімдіктеріне кім? не? қандай? қалай? қанша? нешінші? қайсы? қайтеді? қайда? Есімдіктері жатады. Мысалы, -Ой, Злиха Аеймін, қайдасың? (Б.Майлин). «Апырау, қайтем? Қалай құтқарам?!»-деп, Шермек тістеніп, бұлдырлаған ойын бір жерге жиып қорыта алмай бірсыпыра уақыт жатты (Бұл да). Қайтесің, қатын, біттік!-деп, Сейпен солқылдап жылап жіберді (Бұл да).

Кім? не? қайсы? неше? нешеу? қанша? немене? қалай? қандай? қайтеді? есімдіктері септеледі. Мәселен, -Шаражан, не деп кетті ағаң? Атаң неге ренжіді?-деді (Ш.Жиенқұлова). Мен неден аздым? (Б.Майлин). -Қайным-ау, нені жаздыр дейсіңдер? -Бұл қашанғы суреті?-деп сұрасаң: -Бұл Бекберген отағасының суреті ғой-дейді (Б.Майлин). Алынған сөйлемдегі есімдіктер ілік, барыс, табыс, шығыс септіктерінің қосымшасын қабылдап тұр.

4. Өздік есімдіктері

Қазақ тілінде өздік есімдіктеріне тәуелдік жалғауларынсыз қолданылмайтын өз түбірінен тараған сөздер жатады. Олар мына сөздер: өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріміз, өздеріңіз, өздері. Мысалы, Өзімнің өмір жолыма өкінбесем де, халық сенген, партия аманат еткен қызмет мінсіз болды дей алмаймын (Д.Қонаев). Өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге жамандық қылма (мақал). Шариғатта: жақсылық жасағанда да өзіне жасайды, жамандық жасағанда да өзіне жасайды дейтін қағида бар (Д.Қонаев). Берілген мысалдардағы өзімнің есімдігі сөйлеушіні, өзіңе еесімдігі тыңдаушыны, өзіне есімдігі бөгде кісіні сөйлемдегі басқа құбылыстардан бөліп тұр.

2002 жылы шыққан «Қазақ грамматикасында» өздік есімдіктерге былайша анықтама берілген: «Өздік есімдіктері сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып көрсетуші сөздер» .

Өздік есімдіктері тәуелдеулі түрде қолданылатындықтан, тәуелдіктің -нікі, -дікі формасында да жұмсала береді. Өздік есімдіктеріне жалғанған тәуелдік жалғаулары кейде түсіп қалып та, толық сақталып та қолданылады. Мысалы, Оқытып, өз қолымнан тәрбиелеп жүрген қаншама балаларым бар, оларды қалай тастап кетпекпін? (Б.Майлин). Жылдар бойы сен өз ағайын туғандарың үшін қорқыныш болып өмір сүрдің (Б.Мұқаев). Өз теңіне қосылған адамның арманы бар ма екен?-деп жылайды (Б.Майлин). Бұл сөйлемдердегі өз сөздері «өзімнің», «өзіңнің», «өзінің» деген толық түрінде тұрған жоқ.

Көбінесе өз сөзі өзінен кейін тіркесетін ілік септік қосымшаларын толық сақтап қолданылады. Мысалы, Өзінің бүлдіріп жатқанымен жұмысы да жоқ (Б.Майлин). 1965-1966 жылдары мен өзімнің соңғы шет елдік гастрольдік сапарымды аяқтадым (Ш.Жиенқұлова). Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қарекеттің дертімен былғанудан сақтауы керек (М.Әуезов).

5. Белгісіздік есімдіктері

Белгісіздік есімдіктері деп заттар мен қубылыстарды анық ашып айтпай, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз. Мысалы, Біреутойып секіреді, Біреу тоңып секіреді (мақал). Бүгінде ғой кейбіреудің кінәмшіл, кекшіл, «шыбық тимес шыңқ етер» болып, үлкен сөйлесе де, кіші сөйлесе де бастарына қаны тепшіп шыға келетіні (Ш.Жиенқұлова).

Белгісіздік есімдіктері көбінесе бір, әр, әлде сөздерінің басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Белгісіздік есімдіктеріне біреу, көйбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, әркім, әрқайсы, әрқалай, әлдекім, әлдеқайдан, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдене т.б.

Белгісіздік есімдіктерінің ездеріне тән морфологиялық түрлену жүйесі жоқ. Сол сияқты олардың өздеріне ғана тән синтаксистік қызметтері де жоқ. Олардың шығу тегі жағынан қандай сөздер екеніне, қандай сөз табымен тіркесуіне, қолданылуына орай әр түрлі сөз таптарына бейім келеді. Сондықтан олардың морфологиялық түрлену жүйесі мен сөйлемдегі қызметтері де соларға сәйкес болып отырады. Мысалы, Біреулер жайраңдап кіріп, жабыңқы, біреулер жабыңқы кіріп, жайраңдап шығып жатыр (Ғ.Мұстафин). Алынған сөйлемде біреулер есімдігі зат есімнің орнына қолданылған, сондықтан ол зат есім сияқтты көптеліп, сөйлемде бастауыш қызметінде жұмсалып тұр. Белгісіздік есімдіктері жіктік жалғауларын қабылдамайды. Белгісіздік есімдіктерінің бәрі бірдей көптелмейді. Көптік жалғаулары тек біреу, бірнәрсе, бірдеңе, әлдене, әлдекім, өркім, кейбіреу сияқты есімдіктерге ғана жалғанады. Мысалы, Көзіме әлденелер елестеді (Б.Майлин). Атырау мен Алтай, Қаратау мен Қостанай даласына дейін созылып жатқан ұлан – байтақ жерді жылына бір рет аралап шығу, әлдекімдер айтып жүргендей, бой жазып, сейіл құру емес (Д.Қонаев). Мен ешнәрсе істей алмаймын дегенді әлдекімдер жиі айта береді. Бұл мүлдем қате (С.М.Киров). Шамам келгенінше ешкіммен ренжіспеуге тырысатынмын, бірақ мені кейбіреулер, аяқтан шалды, өсек-аяң таратты (Ш.Жиенқұлова).

Тәуелдік жалғауы белгісіздік есімдіктерінің бәріне бірдей жалғана бермейді. Мәселен, әлде, әр, әлдекім, әлдеқай, әлдеқашан, әлдеқалай, әркім деген есімдіктерге тәуелдік жалғау жалғанбайды.

Белгісіздік есімдіктерінің басқа түрлері оңаша және ортақ тәуелдік жалғауларын қабылдай береді. Мысалы, біреуім, біреуің, кейбіреуің т.б.

Белгісіздік есімдіктері — тілде бертін пайда болған сөздер.

Бір есімдігі бір сан есімінен пайда болса, біреу сөзі бір сөзі мен -еу қосымшасынан жасалған.

Әлде сөзі араб тілінен ауысқан дейтін пікірлер бар. Есімдікгер тарихы туралы еңбек жазған А.Ибатов әлде есімдігінің шығу тегі жөнінде былай дейді: «Әлде есімдігі араб тіліндегі әллә сөзінің алғы і дыбысының ә дыбысына және екінші л дыбысының д дыбысына алмасып қолданылуы негізінде пайда болған. Әлде араб тілінде «если не, исключая, кроме» деген мағыналарда қолданылады» .

6. Болымсыздық есімдіктері

Бұл топқа жататын есімдіктер болымсыздық мағынада қолданылады. Болымсыздық есімдіктері көбінесе еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің тіркесуі негізінде жасалады. Яғни, еш сөзі басқа болымсыздық есімдігін жасауға негіз болады. Ал еш сөзінің өзі жеке қолданылмайды, тек өте сирек жағдайда ғана қолданылады. Мәселен, Ештен кеш жақсы (мақал).

Болымсыздық есімдіктеріне еш, ешкім, ештеңе (ештеме), ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайсы т.б. бұлардан басқа бір де бір, дәнеңе, түк, д ы м деген сөздер жатады.

Көптік жалғауы тәуелдік жалғауларымен бірге жүреді. Мысалы, ештемелері, дәнеңелері, ешқайсылары, түктері.

Тәуелдік жалғаулары болымсыздық есімдіктерінің бәріне жалғана бермейді. Жекеше түрдегі ешкім, ештеңе, ешнәрсе, дәнеңе, түк есімдіктері тәуелденеді. Мысалы, — Балам-ау, мен гастрольде жүрген кісімін, жүк затымнан басқа ұстап жүрген дәнемем жоқ, ұшарымды жел, қонарымды сай білетін менен осыншама адамды риза етерлік не қауқар талап етесің? (Ш.Жиенқұлова).

Субстантивтік ешкім, ештеңе, ешнәрсе, дәнеңе есімдіктері жекеше түрде тұрғанда ғана септеледі, көптік жалғауы жалғанғанда септелмейді. Ал тәуелденіп барып жекеше, көпше түрде де септеледі.

Болымсыздық есімдіктері тікелей жіктелмейді.

Болымсыздық есімдіктері үш түрлі тәсіл арқылы жасалады:

1. Лексика-семантикалық тәсіл

2. Морфологиялық тәсіл

3. Синтаксистік тәсіл.

Лексикалық тәсіл арқылы жасалған болымсыздықесімдіктеріне түк, дым есімдіктері мен парсы тілінен енген еш сөзі жатады.

Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған болымсыздық есімдіктерге есімдіктердің басқа түрлерімен еш қосымшасының бірігуі арқылы жасалған ешкім, ештеңе, ешнәрсе, ешқайсысы, ешқашан, ешбір есімдіктері болып табылады.

Синтаксистік тәсіл арқылы жасапған болымсыздық есімдіктеріне «бір» сөзі мен «де» шылауының тіркесінен жасалған бір де, бір дебір есімдіктері жатады.

7. Жалпылау есімдіктері

Жалпылау есімдіктері деп көп заттар мен құбылыстарды жинақтап айту мағынасында қолданылатын сөздерді айтамыз. Бұл топтағы есімдіктерге бәрі, барлық, барша, күллі, түгел, бүкіл деген есімдіктер жатады. Жалпылау есімдіктері екі не одан да көп заттардың жиынтығын жалпылай көрсететін сөздер болып келеді. Мәселен, «Правдада» барша артистер ойнына талдау жасалынып, қатты мақталынып, ал актер Жандарбеков күлкісі «Бекежандай дала тағысының психологиясын аша түсуге кілт болды» — деп жазыпты (Ш.Жиенқұлова). Бір қызық нәрсе, үкімет наградаларын алған біздердің қуанышымызға бүкіл Қазақстан қуанып, Мсюкваға жер-жерден телеграммалар жаудырыпты (Бул да). Құдай-ау, саяжай дейсіз бе, самолет, машина дейсіз бе, тіпті үстіңізден шыбын ұшырмауға бар күзет дейсіз бе —бәрі бар (Д.Қонаев).

Жалпылау есімдіктерінің тарихы туралы А.Ибатов: «Жалпылау есімдіктері — түгел дерлік бертін пайда болған сөздер. Дәлірек айтқанда, жалпылау есімдіктері — түгелдей өзге сөз таптарына тән сөздерден, яғни жеке сөздердің өзіне тән лексикалық мағыналарынан алшақтай келе, белгілі бір заттар мен құбылыстарды топтай, жинақтай көрсету дәрежесіне түсу нәтижесінде келіп пайда болған сөздер»-дейді .

Жалпылау есімдіктерінің барлығына бірдей тәуелдік жалғауы қосыла бермейді. Бұл топтағы есімдіктердің ішінен бар, барлық, барша, түгел есімдіктері ғана тәуелденеді. Мысалы, — Кешегі Қазақстан К(б)П Өлкелік комитетінің қаулысын баршаңыз оқып құлақтанған шығарсыздар (ШЖиенқұлова). Ал бүкіл, күллі, тамам есімдіктері тәуелденбейді. Жалпылау есімдіктері сустантивтенгенде тәуелденіп барып септеледі. Мысалы, Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын дегендегі баршаңызды сөзі тәуелденіп барып септеліп тұр.

Жіктік жалғаулары жалпылау есімдіктеріне жалғанбайды.

Бүкіл, күллі, тамам есімдіктері тек қана атрибутивтік мәнде жұмсалады.

Кейбір жалпылау есімдіктерінің жасалу жолдары туралы қысқаша мына жайларды айтуға болады:

1. Бәрі деген жалпылау есімдігі бар есімдігіне III жақтәуелдік жалғауын (- і) қосу арқылы жасалған. Қазақ тілінің үндестік заңына сай бұл бары болу керек еді, бірақ олай емес бәрі болып кездеседі. Мүмкін ерте кезде бары түрінде қолданылуы да ықтимал.

2. Барлық есімдігі бар сөзі мен -лық қосымшасының қосылуы арқылы жасалған.

3. Барша есімдігі бар сөзі мен -ша қосымшысының жалғануы арқылы жасалған.

4. Күллі, тамам есімдіктері араб тілінен ауысқан дейтін пікірлер бар. Мәселен, күллі есімдігі күллүн араб сөзінен ауысса, тамам сөзі тамамун сөзінен пайда болған.

    Есімдіктер жалпы мағыналы сөздер болғанымен, ол мағыналар зат және заттық белгі деген ұғымдармен байланысты. Дәлірек айтсақ, есімдіктер зат пен заттық белгіні білдіріп, солардың жалпылама түрдегі атауы болып саналады. Сондықтан есімдіктер, алдымен, заттық ұғымдағы сөздер -субстантивтік есімдіктер, екіншіден, заттық белгісі ұғымындағы сөздер -атрибутивтік есімдіктер болып екіге бөлінеді. Осылай екі салаға бөлінуі есімдіктердің түрленуінде де негізгі қызмет атқарады.

Есімдіктер түрленетін сөздердің тобына жатады. Субстантивтік есімдіктер зат есімдер сияқты көптеліп те, септеліп те, тәуелденіп те, жіктеліп те жұмсала береді. Ал атрибутивтік есімдіктер өз мағынасында жұмсалғанда грамматикалық жағынан түрленбейді.

Сондықтан есімдіктердің бөріне бірдей ортақ деп танитындай өзіндік морфологиял ық түрлену ерекшеліктері жоқ.

Есімдіктің синтаксистік қызметі

Есімдіктер басқа да свз таптарының орнына жүретіндіктен, ол сөйлемнің барлық мүшелері ретінде қызмет атқарады.

Есімдіктің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Есімдіктердің барлығына жуығы бастауыш қызметін атқара алады.. Мәселен, Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жанары жаны жаздай жайраңдаган (И.Сапарбаев). Өзге емес, өзім айтам өз жайымды… (Қ. Аманжолов). Қарағым-ай, еліктер осылай жосады екен, Жолыңнан сені кім тосады екен (Ш.Сариев). Сен сияқты мені ешкім еркелетіп, сен сияқты мені ешкім түсінбеген (М.Шаханов).

Есімдіктің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Көбінесе жіктеу есімдіктер сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Есімдіктердің кейбір түрлері дара, күрделі бастауыш қызметінде жұмсалады. Сондай-ақ бұл қызметте сілтеу, сұрау есімдіктері де кездеседі. Мысалы, Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі — осы (М.Әуезов). Сіз халықтың кімі едіңіз? (Бұл да).

Есімдіктің толықтауыш кызметінде жұмсалуы. Есімдіктердің бәрі сөйлемде толықтауыш мүше қызметін атқара береді. Есімдіктер қимыл-әрекеттің тура және жанама объектісін білдіріп, тура және жанама толықтауыш болады. Мысалы, Өзін сыйлай білмеу — бақытсыздық, өзіне шексіз риза болу — ақымақтық (Г.Мопоссан). Соның қайсысын хикмет көресің (Абай).

Есімдікгің анықтауыш қызметінде жұмсалуы. Анықтауыш болатын есімдіктерге сілтеу, сұрау, жіктеу, жалпылау есімдіктері жатады. Мәселен, Мына қыз мені сүріндірді, енді айтпасыңа болмас-деді (Ә.Сәрсенбаев). Сіңілім, мына қағазды ал да, біздің үйге бар (Ә.Әбішов).

Есімдіктің пысықтауыш қызметінде жумсалуы. Пысықтауыш қызметін осы, сол деген сілтеу есімдіктері, қашан? қалай? нелікгпен? сұрау есімдіктері атқара алады. Мысалы, Сендермен қашаннан аға-інілі болғанмын (Жамбыл). Бұл жақта жерден астық алу алтын алудан қиын (Ғ.Мұстафин).

1. Есімдіктің мағыналық топтары

2. Жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау есімдіктері

3. Есімдіктердің түрленуі

4. Есімдіктің синтаксистік қызметі

5. Есімдіктің зерттелу тарихы

Әдебиеттер:

1. Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер. Алматы, 1961.

2. Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер тарихынан. Алматы, 1966.

3. Ахметов Ә., Жүнісбекова К., Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар. Морфология. Алматы, Республикалық баспа кабинеті, 1998.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *