Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігі:
Әдебиеттің басқа жанрына қарағанда драмалық шығармаларды окытудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол ерекшелік драмалық туындылардың жанрлық табиғатына тікелей байланысты. «Пьеса-драма, комедия — әдебиеттің ең қиын формасы», — дейді М.Горький. Себебі, әдебиеттің проза, лирика жанрларында айтатын ой, кейіпкерлер іс-әрекеті, көрініс, сахна бірінші кезекте болады. Орыс жазушысы Гоголь: «Пьеса тек сахнада ғана емір сүреді» деуі осыған дөлел. Авторлық ой, максат, көзқарас бүл шығармаларда көмескі. Ол әр кейіпкер сөзі, іс-әрекетінде өмір сүреді де, оқырман, көрерменнен ерекше ықылас қойып, мүқият тыңдауды, көруді, ойлауды талап етеді. Драмалық шығармаларда оқиғалар окырман көз алдында жаңа өтіп жаткандай әсер калдыруы керек. Күшті сюжет, ең бастысы, өткір, шиеленісті тартыс,Гбмірдегі қарама-карсылықтар — ‘драманың езегі, негізгі арнасы. Әсіресе, драмалық кейіпкерлердің өзіндік ерекшелігі бүл жанрдың өзіндік табиғатын дәл даралап береді. Орыс сыншысы Белинский драма кейіпкерін: «Өзіне ғана тән ерекшелік сипаты бар жеке адам>> десе, үлы Дидроның: «Драмада адам өмірін-дегі ең маңызды, өнегелі дейтін, жүртқа қызықты жағдай ғана бейнеленуі керек», — деуі осыдан туса керек.
Драмада каһарман белгілі бір мақсат үшін күреседі, сол себепті оның күші зорайып, іс-әрекет қимыл арқылы көрінеді. Драмадағы тағы бір ерекшелік, қаһармандар іс-әрекеті әр жакка шашырамай, бөрі бір жүйе, бір желі, бір арнада өрбіп, дамиды.
ә) Драмалық шығармаларды талдау әдістемелері: 1. Талдауды бастамас бүрын, балаларға өтілгелі отырған драмалық шығармаларды алдын ала оқыту керек. Балаларға оку барысында акыл-кеңес, бағыт-бағдар беру міндетті^гүрде жүзеге асырылады. Әсіресе, ең негізгі, басты тартыстар, шиеленістерді көрсететін акт, суреттерге ерекше көңіл бөлінуге тиіс. Оны мүғалім үлестірме-нүсқау аркылы да жүргізеді. Мысалы, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш — Баян сүлу» трагедиясын оқу барысында мынадай нүсқау үсынуға болады:
— Трагедиядағы басты тартыстар, оқиғалар, соған назар аудар:
а) Қарабайлар өлімі, ескі өдет-салт, оған қарсы жастар
сезімі, махаббаты.
ә) Аяр, сүм Жантьщ әлемі. Оның ішкі есебі. Қарабайға да, Қодар, Қозы — Баянға да қүрған зүлым торы.
б) Қара жүрек Қодар. Оның ак махаббат алдындағы
кешірілмес күнәсы. Малдың, топастықтың, аяр
азғырудың күрбаны болуы.
в) Қозы мен Баян, олардың ак сезімі, махаббаты және
дала жауыздығы.
г) Күнікей мен Мақпал. Олардьщ бойындағы гуманизм,
дала тағдырларына карсы айбынды үнО
д) Трагедияның зұлымдық пен жауыздык, сараңдық,
аярлыкка карсы каһарлы үні мен өлмес, өшпес
махаббатты дәріптейтін өр, асқақ, салтанатты, қасиетті
үні.
Осындай үлестірме тапсырмаларды үсына отырып, окушыларды ойландыратын, іздендіретін сүрақтар беру де тиімді, дүрыс болмак-
1. Қалай ойлайсыңдар, Қодардың Қозыны өлтіруінде тек
өзі кінәлы ма, әлде Жантық кінәсы одан асып түсіп жатыр ма?
2. Трагедияда өзіңе, әсіресе, не үнады, не үнамады?
Ойыңды, пікіріңді дөлелді айтуға тырыс, т.б…
Талдау алдында окушыларға әдеби-теориялық үғьш берудін маңызы зор. Жалпы, әдеби-теориялық үғьш тәжірибеде туынды оқылып болған соң беріледі. Бүл дүрыс емес. Үғым екі кезеңнен түруы керек. Бірінші кезең көркем туындыны бастау алдында беріледі, екінші кезең көркем туынды талданып біткен соң, беріледі. Бірінші кезеңде кіріспе үғымы беріледі. Мысалы, осы драманы талдау алдында драмалық шығармалар, оның түрлері (трагедия, комедия, пьеса, акт, көрініс$перде, сурет, ремарка, монолог, диалог, тартыс) туралы алғашқы үғым беріледі. Талдау барысында, соңында нақты мысалдар арқылы бүл теориялық үғым тереңдете берілуі керек. Мысалы, монолог туралы кіріспе үғымда ол кейіпкер сөзі екені, драмалык туындыларда монологке ерекше мөн берілетіні айтылса, екінші кезеңде осы монологтердің драмада атқарып түрған маңызы, орны ашылуы керек. Мәселен, актідегі Жантық монологі бүкіл трагедиядағы Жантыктың кім екендігін оқырманға да, көрерменге де айқын ашып тастайды. Жантықтың небір аяр істерін, оның себебін осы монолог дәлелдейді. Қарабай қойнына зәр жыландай кіріп алған Жантық ең алдымен сол Қарабайдың өзін шағады. Қодар мен Қозы бірін-бірі өлтірсе, каукарсыз Қарабайды Жантық өзі бір жайлы етпей ме, сөйтіп, Баян да, қыруар мал да Жантекеңдікі болып қалмай ма? Әлсін-әлсін Қарабайды жану, Қодарды қылмысқа(«йтермелеу мақсаты, тіпті шығарманың ең негізгі шиеленісі де сол Жантекеңнің іс-әрекетінде жатыр ғой.
3. Талдауды драмалық шығармаларды күйтабақтан
талдау, немесе, содан керініс көрсетуден бастаудың маңызы
зор. Сондай-ақ оқушылар кызығушылығын арттыру
максатында драманың жазылу тарихы, оны ойнаған
артистер туралы әңгімелеу, туынды туралы өдебиетшілер,
сыншылар пікірі жазылған көрнекіліктерді пайдалану
тиімді болмақ.
4. Талдауда мәтінге сүйену, үнемі соған арқа сүйеу,
әсіресе, драмалық шығармаларды окытудың алтын аркауы
болып табылады. Мүғалім ең негізгі көрініс, актілерді,
монолог, диалогтерді беліп ала отырып, сол бойынша жүмыс
істеуі керек.
5. Мәнерлеп оку, түсіндірмелі оқу, релге беліп оқуға
ерекше назар аударылады. Мәтінді осылай оқи отырып,
сүрақ-жауап, проблемалык. жағдаят тудыру, оны шешу, т.б.
әдіс-тәсілдер арқылы талдау ары кдрай жүргізіледі.
Талдау барысында жиі-жиі оқушыларды козғау салып,
олардың қиялы, ойына ерік беріп отыру да драмалык шығармаларды окытудың тиімді жолдарының бірі. Мысалы, «Қозы Көрпештегі» ең соңғы көріністі талдай отырып: «Көне, балалар, осы оқиганы сахнадан көргендей айтып беріндерші» немесе «Осы көрініс сахнада жүріп жатыр дейік, көз алдыңа қалай келтірер едің?» деген сүрақтармен окушылардың қабілетіне, шығармашылық ойына да жол ашып отыру керек. Оның басты себебі, драмалық шығармаларды оқыта отырып, мүғалім театр көрерменін тәрбиелейтінін де ұмытпағаны дүрыс. Немесе, мына актіге, не окиғаға қандай көрініс берер едің, қандай декорация жасар едің? дегендей де сүрақтар жоғарыдағы мақсаттан тумақ. Кейіпкерлер монологі, диалогін үнтаспадан (мәнерлеп оқылған) тыңдау, қабілетті оқушыларды алдын ала әзірлеп, жатқа айтқызудың да өзіндік орны бар.
Драмалық шығармаларды оқытудың басты мақсатының бірі, жоғарыда айтып кеттік, оның табиғатын, әдебиеттің басқа жанрларынан өзіндік ерекшелігін таныту. Осы мақсатта, мысалы, «Қозы Көрпеш» лиро-эпикалық жырын (трагедия негізі осы жырдан алынған) «Қозы Көрпеш — Баян £~үлумен» салыстырудың маңызы зор. Трагедияны талдау барысында мынадай сүрақтар коюға болады:
1. Жырда қандай кейіпкерлер бар? Олар трагедияда
сақталған ба?
2. Қандай кейіпкерлер трагедиядағы жырда жсж?
3. Қандай оқиғалар жырда алынған? Қайсысын автор
қосқан?
4. Кейіпкердің жырдағы сөйлеу тілін автор траге-
диясында пайдаланған ба?
5. Жырдағы негізгі тартыстар трагедияда пайдаланылған
ба?
Салыстыру сүрақтарын алдын ала үйге беріп, оқушылар-дың ойлауына жағдай жасаған дүрыс. Салыстыру жү-мыстары арқылы жыр мен драманың айырмашылығын ажырату, аңдату жүзеге асырылады. Қорытынды сүрак ретінде (6-сүрақ): «Балалар, қалай ойлайсыңдар, жыр мен драманың айырмашылықтары неде?» деген сүрақ қоюға болады.
Драмалық шығармаларды оқытудың жолдары көп. Ол -әр мүғалімнің ізденісі, шеберліғіне де байланысты шығар-машыльщ жүмыс. Дегенмен, оның өзіне тән оқыту әдістері, сабак түрлері болады. Концерт-сабақтар, композициялық
сабақтар түрі — драманы өтудегі тиімді сабақ түрлеріне жатады. Төменде драмалық шығармаларды оқытудың барысын көрсететін сабақ үлгісі беріледі.