Арқансым тартылымдарын монтаждау технологиясы. Түтіктерде электр тартылымды монтаждау технологиясы.

Сабақ мақсаты. Электр сымдарының арқансыммен монтаждайтын сым құрылғыларымен танысу. Сымды арқансыммен қамтамасыз етудегі ұныныстар мен техникалық құжаттарды дайындауды үйрену. Электр сымдарының арқансыммен монтаждау түрлерінің бір түрін жасау арқылы тәжірибелік дағды алу.

Сабақ орындау тәртібі. 1. Электр сымдарын арқансыммен монтаждау үшін материалдар мен құрал-жабдықтардың үлгілерін, типтік жобасын оқып үйрену.

2. Стендтердегі жарықтардырғыштар мен шамдардың дұрыстығын тексеру. Газразрядтық жарықтандырғыштарға арналған жүргізуші-реттеуші аппаратурсын (ЖРА) тексеру.

3. Арқансымдық тартылымды жинау, жарықтандырғыштарды жалғау, арқансымды нөлдендіру, сымдардың оқшаулама кедергісін өлшеу және нөлденген сымның үзіліссіздігін тексеру.

4. Оқытушының жетекшілігімен арқансымдық тартылымдарды торапқа қосу және жарық эффектісіне тексеру.

Сабақтың мазмұны мен оның орындау әдістемесі. Арқансымдық тартылымдар деп, оларда сымдар немесе кабелдер керілген алып жүруші болат арқансымға бекітілген электр тартылымдарды айтады.

Ауыл шаруашылығында арқансымдық электр тартылымдар өндірістік үйжайлардың барлық түрлерінде, мал шаруашылығының және шаруашылықтың ғимараттарында, жарықтардыру тораптары үшін де, күштік тораптар үшін де сыртқы қондырғыларда қолданылады.

Өзіндік арқансымнан тұратын сымдар (11, а — сурет) арнайы арқансыммен қамтамасыздандырылған APT, АВТ-1; АВТС-1 және басқа маркалы сымдардан, құрамында көпсымды, жан жағы өткізгіштігі 2…4 изоляциямен қапталған тростан тұрады. Сымдарды изоляциялауды монтаждау кезінде бірдей сымды сызық түрінде көрсетілген өзгешелік маркасына уқсас ажыратуға болады.

Сымдардың керілуі кабельдер мен сымдарға бекітілген түрлері (11 б сурет) АПВ, АПРВ, ПВ немесе басқа маркалы қауіпсіздендірілмеген сымдар және де АВРГ, АВВГ, ВРГ және басқа кабельдермен орындалады. Мұндай сымдардың түрлілігі ішекті электр сымдарында (11, в сурет). Арқансымның (ішектің) диаметрі 2…4 мм темір сымдардан жасайды. Оны құрылыс негізіне, мысалға қосымша бөліктерге ерітіп бекіту немесе атып бекіту арқылы бекітеді.

Арқансымдарды темірбетонды жарларда, балкаларда және басқа құрылыста, яғни сымды бекіту қиын жерлерде сымдарды монтаждауда қолданылады.

11-сурет. Сым түрлері: а – арқансымдық; б – кабельдік; 1 – анкерлік бекіту; 2 – керу муфтасы; 3 – арқансым қысқышы; 4 – тармақтаушы қорап; 5 – ішектік ілме; 6 – жарықтандырғыш; 7 – АРТ сымы; 8 – арқансым; 9 – алып жүруші арқансым; 10 – кабель; 11 – кабельді арқансымға бекіту; в – ішектік; 1 – ішек; 2 — сым

Арқансымдарды дайындау әдістері. Үлкен көлемді сымдарды арқансыммен монтаждау орталықтандырылған технологиялық сымды дайындаумен іске асады.

Арқансымдарды дайындау, яғни маркасын, кабелдер немесе сымдардың саны мен көлденең қимасының ауданын; әрбір сым аймақтарының ортақ өлшемі мен ұзындығын; керілетін трос диаметрі мен маркасын; сымдарды тросқа бекіту әдістерін; түпкі анкерлік болт типтері мен басқа да мағлұматтарды көрсететін өлшегіш нұсқаларды құрайды (12сурет).

Электрлік монтаждау шарты бойынша арқансымдарды дайындау арнайы құралдармен жабдықталған және осы жұмысқа қабілеті бар шеберханада іске асады.

Арқансымның бөлшегі немесе бөлігін тартқанда қарама қарсы жардың ортасына 1,2…1,5 м биіктікте керіледі. Верстакта кесу, тазарту механизмі мен сымды тұйықтандыру және өлшегіш нұсқама арқылы сым мен кабель бөлшектерін кесіп дайындайды. Алдын ала дайындалған сымдар мен материалдарды трос астында орналасқан жылжымалы монтождайтын столға қояды.

Электр монтаждаушы арқансымның бір шетінен екінші шетіне стөлмен орын ауыстыру арқылы сәйкес келетін нұсқамаларды жинайды. Дайын болған кезде сымды барабанға орап сол күйінде белгіленген жеріне жеткізеді.

Арнайыланған электрлік монтаждау орындарында өндіру жағынан жақсы қамтамасыздандырылған механизмдер арқылы үлкен көлемді сымдарды дайындау үшін технологиялық сымдарды дайындайды.

Сымды монтаждау технологиясы. Сымды арқансыммен монтаждау екі әдіспен жасайды.

Бірінші әдіс бойынша нақты өлшем белгіленген аймақта өлшегіш нұсқамаларды құрайды және сымдарды дайындауға тапсырма береді. Сымды монтаждаудың шарты мен құрылысына байланысты тармақталған қорап пен шамды (шамсыз) немесе шамдардың секциялары немесе оларсыз орнатуды жасайды.

12 сурет. Жарықтандырылған электр сымдарын арқансыммен өлшеу нұсқамаларын құрастыруға мысал

Керілетін трос ретінде диаметрі 3…6,5 мм болатын көпсымды цинкталған тросты ұсынылады. Тек ғана цинкталған сымды және тағы поливинилхлорид қабаттарымен престелген немесе басқа да даттанбайтын қорғаныс қабатымен қапталған диаметрі 5…8 мм болатын катанка қолдануға рұқсат етілген. Қолданылатын тростың материалы мен диаметрін жобаға байланысты тандайды.

 Тростың түпкі бекітілуін құрылыс негізі бойынша анкерлі деп атайды, оның тросты кергенде үлесі зор. Анкерлік болт құрастырылуы бойынша ерекшеленеді: ілгіші бар болтты анкер; дюбельді бекіту немесе еріту арқылы бекіту анкерлері; метал фермаларға және басқаларға бекітілетін анкер. Анкер түрін құрылыс негізіне байланысты тандайды.

 Трос пен анкерді керу үшін және тростың салмағын реттеуге арналған муфта арқылы жалғайды. Керетін муфта ретінде резбасы ұзын болтты анкер қолдануға болады.

 Тросты муфтаның ілгішіне бекітеді немесе болтты қысқышы бар анкерге коуш арқылы бекітеді, ал сымды темір обоймамен немесе орау арқылы. Тростың немесе сымның соңына нөлдік қорғаныс сымына жалғау үшін жерлендіретін ұштық қондырады(13 сурет).

 Тросқа сымды және кабельді бекіту сызықты тоқылған темір мен немесе пластмассалы лентамен іске асады(14 сурет). Бекітілген жерлердің арасы 500 мм кем болмау керек. Тростағы кабельдер мен сымдар және олардың тростан үй құрылысына орын ауыстыру орындарында механикалық үлес қосады.

13сурет. Анкер мен тросты бекіту технологиясы: 1-шпилька; 2-КЗОО анкері; 3 — К-679 маркалы керу муфтасы; 4-коуш; 5-трос қысқышы; 6-жерлендіруге арналған трос соңы; 7-трос; 8-сым; 9-жинақ; 10-жерлендіру үшін ұштық

14 сурет.Сым мен қораптың тросқа бекіту технологиясы. 1-трос; 2-монтаждау сызығы; 3-тармақты қорап; 4-тога; 5-сым; 6-трос ұстағыш; 7-пластмас лента; 8-кнопка.

Тамақты қорап шамдарды сымдарға және кабельге жалғап тросқа ілінетін монтаждау сызығына немесе пластинаға бекіту үшін арналған. Қорапты скоб арқылы тросқа бекітуге болады. Трос сымдарды тармақтандыру үшін арнайы У-245 типті трос қораптары орнатылады. Қораптағы сымдарды тармақтандыру тек сымды кесусіз тармақтарды қысу арқылы іске асады. Шамдарды пластиналарға немесе ілулі қорапқа іледі. Шамды сымдарға ілуге болмайды.

Монтаждаудың екінші әдіс бойынша шеберханада дайындалған сымдар секциясын белгіленген орынға әкеледі де, шамдардың орналасатын сызық қасындағы жерге жаяды және шамдарды қосу үшін, сымның түзуленуі мен тексеруі үшін 1,2… 1,5 м биіктікте уақытша іліп қояды. Дайын болған сымды көтеріп, бір жағын анкерге қолмен немесе полиспастпен бекітеді және келесі шегін қарсы жағындағы анкерге жалғайды.

Терең жерленген нейтральды жүйеден өтіп жатқан тросты сымның екі соңғы нүктесіне трос пен нөлдік сымды иілгіш жалғауышпен қосу арқылы жерлендіреді.

Соңара арқансымды полиспастпен немесе лебедкамен кереді. Тростың салмағын динамометр немесе тікелей өлшеумен бақылайды.

Ақырында полиспастпен немесе арқансыммен керіледі. Жебе динамометрмен өлшеніп, оның шегін 1/40 ден 1/60 ұзындықта болуын бақылайды. Жебені керілмелі муфтамен бақылайды.

Монтаждауды болғаннан кейін шамдарды орнатпай тұрып электр сымдарының кедергісінің изоляциясын өлшейді (нормасы 0,5 МОм). Содан кейін шамның элементтерін стенды тексереді (15 сурет, а, б). Электр сымдарының сақтық әйнегі мен шамдарды қондырғаннан кейін кернеу арқылы тексеріледі.

 Есеп беру мазмұны. 1.Берілген тапсырманың нұсқасына (6 табл.) байланысты тросты сымның принципиальды сызбасы мен монтаждаудың техникалық талаптарын құру (11, 12суретті қараңыз).

 2.Берілген тапсырмаға байланыста сымды монтаждауға қажет құралдар мен материалдарға тапсырыс жасау.

 3.Шам мен сымдардың изоляция кедергісін тексеруден өткізгендегі нәтижесін жазу.

 4.Қосып реттеу құрылғысының (ҚРҚ) тексеруден өткізгендегі нәтижесін жазу.

 5.Люминесцентты лампаны, ҚРҚ, қыздыру лампасы мен стартерлерді тексеру үшін монтаждау сызбасын сызу.

 15 сурет. Стендтің электрлік сызбасы: а-қыздыру лампалары мен ҚРҚ тексеру үшін; EL-люминесцентті лампа; HL – қыздыру лампасы; SB — кнопка; б — стартер мен қыздыру лампасын тексеру үшін; SA — стартер; HL- қыздыру лампасы.

6 таблица

Топтағы студенттің реттік нөмірі Сымды жасаудың әдісі Сымның (кабельдің) маркасы мен көлденең қимасының ауданы Сымның ұзындығы, м мен шам тобының саны Сымдағы шам саны, дана Қабықша нөмірі

 (ТП 4.407-36/70)

1 Тростағы кабель Кабель АНРГ(3×25 мм2) 80 (2 гр.) 18 16.10

16.21

2 Тросты сым Сым АВТС(3×4 мм2) 64 (2 гр.) 16 16.20

16.21

3 Сымдар Сым АПВ (6 мм2) 50 (2 гр.) 13 16.10

16.21

4 Клицтағы сымдар Сым АПР (4 мм2) 70 (2 гр.) 15 16.30

16.31

 Бақытау сұрақтары мен тапсырмалар. 1.Тросты электр сымдарын дайындау әдістерін айтыңыз. 2.Ондағы сымның өлшеу нұсқамалары мен мағлұматтарын құру тәртібі. 3.шеберханадағы тросты сымды жасау әдістерін айт. 4.Керілетін тростың нөлге бекіткендегі талаптары. 5.Тросты электр сымдарының изоляция кедергісін қалай өлшейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *