Арқансымдық электр тартылымдар алып жүруші арқансымда (талсым, арқан) бекітілген сымдармен (кабелдермен) немесе алып жүруші арқансымы бар арнайы арқансымдық сымдармен орындалады. Олар ашық электр тартылымға жатады және негізінен төбесі жоқ (шатырлық бастырма) үйжайларда немесе жарықтандыру мен күштік электр қабылдағыштарды қоректендіру үшін биік төбесі бар үйжайларда, ал сондай-ақ сыртқы тартылымдар үшін қолданылады.
Арқансымдық тартылымдар монтаждауда ең көп қарапайымды және ыңғайлы. Арқансымдық сымдар АВТ, АРТ, АВТУ, АВТС, ал сондай-ақ қорғалмаған АРРН, АПВ және басқалар барлық, химиялық активті ортадан басқа үйжайларда төсеу үшін, және кабелдер АВВГ, АПВГ, АВРГ, АНРГ – алып тастаусыз барлық үйжайларда қолданылады.
Арқансым ретінде диаметрі 3…6,5 мм өрілген болат мырышталған талсымдардан жасалған арқаншалар, ал сондай-ақ кәдімгі болат мырышталған талсым немесе ыстықтай өрілген талсым (катанка) 5…8 мм диаметрімен, лакпен боялған немесе поливинилхлоридті жабықшасы бар қолданылады.
Арқансымдық тартылымдар әдетте үйжайдың бойымен тартылады. Арқансымды керіп, 2,5 м-ден кем емес биіктікте ұштарынан қабырғаға бекітіледі және ілінеді немесе 6-12 м арқылы фермаға немесе арқалыққа құрылыс аралықтардың ұзындығына байланысты, ал сондай-ақ жарықтандырғыштарды орналастыру жиілігіне және олардың массасына байланысты қатаң етіп бекітіледі.
Арқансымды аралық бекіту диаметрі 1,5 — 2 мм болат мырышталған талсымнан жасалған ішектерде орындалады. Жарықтандырғыштарды ілу орындарында ілмектер орнатылады, ол жерде әдетте тармақтаушы қораптар қойылады немесе тікелей арқансымға бекітеді. Арқансымдар керіліп тартылып, аралықтардағы бекітулер арасындағы салбырау жебесі аралық ұзындығы 1/40-1/60 шектерінде (100…150 және 200…250 мм) болуы тиіс.
Арқансымдар бүйір қабырғаға анкерлерге немесе өтпелі типте немесе бекітілетін өткізілмелі болттармен, штырлармен, дюбелдермен бекітеді.
1 – шпилька; 2 – арқансымдық анкер; 3 – керу муфтасы; 4 — коуш; 5 – арқансымдық қыспа; 6 – арқансымның аяқ ұшы (жерлендіру жоларнасына жалғау үшін; 7 – арқансым (арқан).
Арқансымның аяқ ұшына тұзақ жасап, арқансымдық қыспаны және керу муфтасын орнатады, ол арқансымның керілуін реттеуге мұқсат береді. Арқансымдық сымдармен электр тартылымға арналған арнайы тармақтаушы қорапшалар шығарылады, олар арқансымдық сымды және жарықтандырғыштарды ілу үшін біруақытта пайдаланылады. Қорапшаның ішінде арқансымды бекітуге арналған құрылғы бар.
Арқансымдық тартылымның тетіктері зауыттарда немесе ЭДШ-да дайындалып, монтаждау орынына контейнерлерде жеткізіледі.
Қорғалмаған оқшауланған сымдар пластмассалық клицалармен ілмектің көмегімен арқансымға бекітеді. 2 және 4 сымға аралық бекіту үшін және масасы 5 кг-ға дейін жарықтандырғыштарды ілу үшін бумасымен ілмектер шығарылады. Арқансымның ұзындығы бойымен 1,5м қашықтықта ілмектер орнатылады. Пластмассалық қожухпен қыспалардың көмегімен сымдардан тармақ орындалады.
Құрғақ және ылғалды үйжайлар үшін қорғалмаған оқшауланған сымдарды тікелей арқансымға түймелер немесе өрулері бар поливинилхлоридті перфорцияланған лентаның көмегімен бекітуге рұқсат етіледі, 0,5м қашықтықта орнатылады.
Арқансымдық сымдардың арқансымын жерлендіру және нөлдендіру металл тармақтаушы қорапшаларда нөлдік немесе жерлендіруші өткізгішпен жалғаумен орындалады. Алып жүруші арқансымдарды (катанкаларды) жерлендіру (нөлдендіру) желінің аяғында (2 нүктелерден кем емес) нөлдік сымға немесе жерлендіруші өткізгішке арқансымды жалғаумен орындалады.
Ішектердегі электр тартылымдар (жолақшаларда, ленталарда) – арқансымдық тартылымдардың әртүрлігі. Оларды орындау үшін болат ыстықтай оралған мырышталған 2…4мм диаметрімен талсым немесе поливинилхлоридпен (полиэтиленмен) престелген катанка қолданылады. Алып жүруші жолақшалар мен ленталар ретінде ені 16мм, қалыңдығы 0,8мм монтаждық перфорцияланған жолақшалар мен ленталар, ені 20…30мм, қалыңдығы 0,8…1,5мм болат беттен жасалған жолақшалар пайдаланылады.
Ішектерде, жолақшаларда және ленталарда электр тартылымды монтаждау бойынша негізгі жұмыстар былай орындалады: ішектерді қабырғаға (негіздемеге) тақап төсейді, керіп тартады және дюбель-шегелермен, винттермен және басқалармен атып, ақырғы бекітпелермен бекітеді. Ішектің ақырғы бекітпелер арасындағы аралықта 3…4м адыммен қабырғаға қапсырмалармен бекітеді. Жолақшалар мен ленталар қабырғаға осылайша бекітіледі, 1м-ден артық емес бекіту адымымен (жолақшаның (лентаның) аяғына дейін 700мм-ден артық емес аяқтарында). Сымдар немесе сымдардың бумалары ішекке, жолақшаға, лентаға түймесі бар К226 лентаның көмегімен бекітеді. Жолақшалармен-өрімдермен өрімдердің көмегімен «құлыпта» бекітуге рұқсат етіледі. Бұл кезде бекіту адымы – 500мм-ден артық емес. Сымдар солай жоларнаның иілу орынынан 10…15мм қашықтықта және электр қондыру бұйымдарында кірмеден 100мм қашықтықта бекітіледі.
Алып жүруші ішектер, жолақшалар, ленталар осылайша арқансыммен жерлендіріледі (нөлдендіріледі). Арқансымдық (ішектерде, жолақшаларда, ленталарда) электр тартылымдардың негізгі артықшылығы – қарапайымдылығы, қажетті биіктігі және электр монтаждау жұмыстарының индустрияландырылуы.
3. Астауларда (лотоктарда) және қораптарда электр тартылымдарды монтаждау
Астаулардағы және қораптардағы электр тартылымдар күштік пен жарықтандыру электр қабылдағыштарын қоректендіру үшін негізгі өндірістік үйжайларда қолданылады.
Астаулар пісіріліп дәнекерленген және перфорацияланған болады. Пісіріліп дәнекрленегн астау болат беттен жасалған 2 параллельді профильдерден, бір бірінен 250мм қашықтықта орналасқан өзара пісіріліп дәнекерленген перфорацияланған планкалардан тұрады. Перфорацияланған астау иірілген бүйірлік бортиктері бар перфорацияланған болат бет екендігін білдіреді. Астаулар ұзындығы 2м және ені 50…45см түзу секциялармен, ал сондай-ақ тармақтау және астаулық жоларнаны бұру үшін бұрыштық етіп жасалады.
Қорап ұзындығы 2 не 3м және қақпақшасымен қимасы 50×30-дан 400×200мм-ге дейін болат беттен жасалған П-тәріздес қиыстырма екендігін білдіреді. Қорап барлық жағынан тегіс қабырғалармен толық жабылуы немесе ашық (қақпақшалары бар) болуы мүмкін. Жоларнаны бұру және оны тармақтау үшін бұрыштық, үштік және крестітәріздес қораптар шығарылады; бір қимадан басқаға жоларнаны ауыстыру үшін – ауыстырмалы қораптар шығарылады.
Астауларда және ашық қораптарда электр тартылымдарды АПВ, АПРН сымдармен және АВВГ, АПВГ, АВРГ, АНРГ және басқа кабелдермен орындалады.
Астаулар мен қораптар үйжайлардың барлық кластарында (қопарылысқа қауіптіден басқа) қондыру үшін арналған. Астауларда төселген сымдарға механикалық қорғау талап етілмеген кезде қолданылады; қораптар – осындай қорғау қажет болған кезде.
Астаулар мен қораптардың тіреуіш қиыстырмаларын бекіту, олар бекітілетін негіздемеге байланысты жүзеге асырылады. Бетон мен кірпіштен жасалған тік негіздемеге қабырғалық қиыстырмаларды бекіту монтаждық пистолетпен атып жасалады; салмалы дюбелдер, болттар, штырлар, шпилькалар төбелік қиыстырмаларды қондыру үшін, ал сондай-ақ атуға не пісіріп дәнекерлеуге мүмкіндік болмағанда, 80мм-ге дейін негіздеме қалыңдығында қабырғалық қиыстырмаларды қондыру үшін пайдаланылады.
Негіздемеге астаулар мен қораптарды қондыру және бекіту үшін, ал сондай-ақ оларға сымдарды бекітуге полкалар мен кілттері бар кабелдік тіреуіштер, қыспалар, қапсырмалар, ілмектер және басқалар қолданылады.
Астаулардағы төсеуді таза еден деңгейінен 2,5м-ден кем емес биіктікте (қызмет ету алаңшалары) жоғарғы қауіпті және >42В кернеуде ерекше қауіпті, ал басқа үйжайларда – 2м-ден кем емес биіктікте орындалғаны дұрыс.
Қораптарда сымдарды ашық төсеу биіктігі IР20 қорғау дәрежесімен еден деңгейінен нормаланбайды.
Астаулар мен қораптарда резеңкелік және пластмассалық оқшауламаларымен барлық қималарымен сымдарды және жануды ұстап тұрмайтын қабықшасымен 16мм2-қа дейін қимасымен қоса брондалмаған кабелдерді төсеуге рұқсат етіледі.
Сымдар мен кабелдердің шекті саны механикалық беріктілік шартына сәйкес келуі тиіс, астаулардағы жүктеме 25…600Н/м-ден, қораптардағы – еніне байланысты 30…900Н/м-ден аспауы тиіс.
Сымдарды астауларға 1 қатарға және бумалармен, бумадағы сымдардың саны 12-ден артық емес етіп орналастырады.
Кабелдер астауларда 1 қатарда, бір біріне нығыздап бумалармен 2-3 қабатта төсеуге болады. Сымдар мен кабелдер бумасының сыртқы диаметрі 100мм-ден аспауы тиіс.
Сымдар мен кабелдерді қораптарда белгілі бір тәртіппен және өз еркімен өзара орналасуымен көпқабатты етіп төсеуге рұқсат етіледі. Бумалардың сыртқы диаметрі ашық қорап қимасының 40% -нан және толық жабылған қорап қимасының 35%-нан аспауы тиіс.
Астауларда бумалармен сымдар мен кабелдерді төсеген кезде, олар бандаждармен бекітілуі тиіс. Бандаждардың арасындағы қашықтық көлденең түзусызықтық участкелерде 4,5м-ден артық емес болуы тиіс, ал тік участкелерде – 1м-ден артық емес. Астауларды тік орналастырған кезде астауға бекіту 1м-ден артық емес адыммен орындау керек.
Сымдар мен кабелдердің бұрылу не тармақталу орындарында бұрылысқа не тармаққа дейін және кейін 0,5м-ден артық емес қашықтықта бекітілуі дұрыс болады.
Қорапты көлденең орналастырған кезде (қақпақшасын жоғары қаратып) оған сымдар мен кабелдерді бекіту талап етілмейді, ал тік орналастырған кезде (қақпақшасы төмен не бүйір жағына қараса) – міндетті түрде, 1м адыммен.
Сымдар мен кабелдерді бекіту түймесі бар перфорацияланған лентамен, өрімі бар жолақшалармен, қамыттармен, қапсырмалармен және с.с. орындалады.
Жоларнада астаулар мен қораптарды орнатқаннан кейін магистралға жерлендіруді болттармен немесе пісіріп дәнекерлеумен кем дегенде 2 орындардан жалғайды.
Төселім аяқталған соң тармақтарды (егер олар ЭДШ-да жасалмаған болса) тармақтаушы қыспалардың көмегімен жалғайды, сымдар мен кабелдерді электр қондырғыға жалғап, тізбектерді тексереді.
Қораптар мен астаулардағы электр тартылымдар монтаждауда салыстырмалы арзан және эксплуатациялауда ыңғайлы. Бірақ олар көп металлды талап етеді, сондықтан олар тек қана сымдар мен кабелдерді тікелей қабырғаларға, арқансымдарға не құбырларға орналастыру қиын немесе техникалық не эстетикалық себеп бойынша мүмкін емес жағдайларда қолданылады.