20 ғасырдағы саяси iлiм

19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында капиталистiк елдерде орасан зор өзгерiстер болды. Мемлекеттiк-монополистiк капитализм монополиялар мен мемлекттiң күшін бiрiктiрдi. Бұл системада байлық пен билік тоғысып, ат төбелiндей байлардың кұдiретiн одан әрі арттыра түстi. Буржуазиялық — мемлекеттiк, әскери-өндірістік кешеннiң ықпалы күшейдi. Әлеуметтік қарым-қатынастарды зерттеуде социологиялық тәсiлге ерекше көңiл бөлiнді

20 ғасырдың бiрiншi жартысында Батыс елдерiнде солидаризм iлiмi кең өрic алды.

 Бұл iлiмнiн негізін салушы француз ғалымы Л.Дюгидің пікірінше әрбір тап өмірде өз міндетін атқаруы, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесушілігін қамтамасыз етуі қажет. Ол еңбектің қоғамдық бөлуіне байланысты таптардың бірлесіп жұмыс істеуіне тура келеді. Бұл жағдай капитализмнің қолайсыз жақтарын революциясыз, бейбітшілік жолымен жеңуге мүмкіндік жасайды деп санады. Адамдарды әлеуметтік ынтымақтастығын нығайтуға, оған зиян келтірерлік ештеңе жасамауға шақырды.

Біздің ғасырымызда кең жайылған аристокритиялық теорияның бірі — элитаризм. Элита деген сөз француз тілінде ең жақсы, іріктелген, сұрыптаған, таңдаулы деген мағынаны білдіреді. Бұл теория бұрыннан белгілі болатын. Бірақ жаңа жағдайда оны жаңғыртып толықтырып жетесіне жеткізгендер итальяндық саясатшылар Г.Моска мен В.Парето болды. Олардың ойынша, халық өзін-өзі басқара алмайды,оған қабілеті, бейімі жетпейді.

 Г.Моска (1856-1941) «Саяси ілімнің негіздері» деген кітабында саясат қарама-қарсы екі таптың — үстемдік жүргізуші аңшылықтың және оған бағынышты көпшіліктің -күресінің айналасында болатын жағдай деп түсіндіреді. Ол демократияға қарсы шықты. Демократияны көпіре сөйлеушілердің диктатураға жету жолында саясаттан хабары шамалы көпшілікті өз қулықтарына пайдаланатын утопия, сағым деп санады

В.Парето (1848-1923) «Жалпы социология жөніндегі трактат» деген еңбегінде элита деген атауды саяси ілімге бірінші боп енгізеді. Оның ойынша саяси өмір дегеннің өзі тандаулылар арасындағы күрес пен олардың орын алмасуы. Қоғамды саясат, экономика және ойшылдық саласында тамаша табысқа жеткен таңдаулылар билейді. Бірақ олар билікті алған соң ерте ме, кеш пе қол жеткен табыстарымен шектеліп, тынышталады. Өздерінің алғашқы сапасын, ізденімпаздығын шығармашылық жігерін жоғалтады. Осындай кезде қоғамда билікке ұмтылған күш қуаты жеткілікті жаңа элита пайда болды. Бірақ билеуші элита оңайлықпен берісе қоймады. Сондықтан таңдаулылардың алмасуы күш, төңкеріс және революция арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Жалпы алғанда, бұл қоғам үшін пайдалы деп санады Парето. Олар қалай болғанда да қоғамның дамуы элиталардың алмасуы арқылы жүзеге асады деп қорытады.

20 ғасырда саяси ілімінде өзіндік із қалдырған немістің көрнекті саясаттанушысы, фәлсафашы, тарихшы, әлеуметтанушы М.Вебер (1864-1920) болды. Ол өзінің зерттеу қызметінің принципі ретінде плюрализм идеясын негіздеді. Оның іздеген басты мәселелері-қоғамның шаруашылық өмірінің, әр түрлі әлеуметтік топтардың материалдық және идеологиялық мүшелері мен діни сананың арасында қандай байланыстары бар, соларды ашуға тырысты. Дінді капитализмді тудыратын белсенді күш ретінде санады.

Империалистік буржуазияның мүддесін көздейтін реакцияшыл саяси бағытқа фашизм жатады. Оның негізгі белгілері-еңбекшілерді басып-жаншуда зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдалану, қоғам және адам өмірің қатаң қадағалау және т.б. Сыртқы саясатта фашизм басқа елдердің жерін басып алуға бағытталады. Бұл мақсатты іске асыру үшін ол геосаясат деген теорияны ойлап шығарды (ол негізін салушы Ф.РАТЦЕЛЬ). Бұл теория бойынша мемлекеттің өмірі қауіпсіз, сенімді болу үшін оған жеткілікті географиялық кеңістік, жер қажет. Ал ол болмаса сондай жерді қарудың күшімен қамтамасыз ету керек. Бұл реакцияшыл теорияны кезінде италия, неміс фашистері басшылыққа алса, қазір Израиль іске асырып отыр. Кейбір жерлерде жаңа фашистік (неофашистік) идеялар етек алуда.

      XX ғасырда, әсіресе, біздің елімізге көп қайғы-қасірет әкелген тоталитаризм теориясы дамыды. Ол — мемлекет тарапынан қоғамның және әр адамзаттың өмірін қатаң бақылауға алатын мемлекеттік-саяси құрылыс. Тоталитарлық мемлекет қоғаммен тұтасып келеді. Бір партия, бір идеология үстемдік етеді. Ол адамның жеке басының құндылығын бағалайды, оны мемлекеттің құралы ретінде пайдаланады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *