Саяси әлеуметтенудің түсінігі мен мәні

Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді, толықтырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде қалып,соңғы ұрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі-өнегесінен үйреніп отырады. Мұндай процесті ғылым тілінде саяси әлеуметтену дейді.

«Әлеуметтену» деген ұғымды XIX ғ. аяғында Америка әлеументтанушысы Ф.Гидденс және француз әлеументтанушысы және психологі Г.Тар ғылыми айналымға енгізді. Олар әлеументтену деп тұлғаның әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасуын айтты. ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында осы ұғым негізінде Америка әлеументтанушылары және саясаттанушылары «саяси әлеуметтену» деген ұғымды ойлап шығарған. Г.Алмонд, С.Верба, Д.Истон еңбектерінде бұл ұғым кеңінен пайдаланылды. Олар бұл ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы саяси құндылықтарды, қалыптарды, ережелерді өз бойларына сіңіріп, іс-әрекетінде басшылыққа алуын жатқызды.

Ресей саясаттанушысы Е.Б.Шестопал саяси әлеументтену деп тұлғаның саяси санасы мен іс-әрекетінің қалыптасу, саяси рөлдерді қабылдау және орындау, саяси белсенділік таныту процесінің барлық жиынтығын айтады.

Саяси әлеументтану мәселесі ХХ ғасырдың 50 жылдары кеңінен көтерілді. Оған себеп болған Батыс саяси жүйесінің дәстүрлі инститтутарының дағдарысқа түсуі еді. Бұл кезде сыбайластық жемқорлық көбейді, нәсілдік кемсітушілік әлі жойыла қоймаған, саяси билік адамдардың қажеттілікттерін қанағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік көбейеді, саяси абсинтеизм (саясатқа селқос қарау), билікке жаппай қарсы шығу және т.б көейді. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында Батыс елдерін негірлер, соғысқа қарсы, экологиялық, феминистік қозғалыстар дүр сілкіндірді. Бұрынғы дәстүрлі материалдық құндылықтарға (жеке табыс, байлыққа тырысу) қарсы шыққан субмәдентет пайда болды. Мысалыға ХХ ғ. 60 жылдары дамыған хиппилер қозғалысын алайық. Оған жеке адамның өзін-өзі толық көрсетуіне жағдай жасалмағандығы, адамдар арасында теңсіздіктің, алалаушылықтар бар екндігіне сол кездегі қоғамдық тәртіпті кінәлады. Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қарсы шықты. Мысалы, дәстүрлі мәдениетте адам өзін-өзі ұстауы, шектеуі керек, бүтін, таза киіну, сақал-шашын алуы, мәдениетті сөйлеуі, нашақорлықпен айналыспауы керек болса, олар, керсінше, шаштарын жалбыратып өсіріп жіберді, жыртық-тесік киім киді, өз диалектерінде сөйледі, нашақорлықпен айналысты және т.б. қоғамда үстемдік еткен адамгершілік қалыптарына қарсы шықты. Мұның бәрі америка қоғамын қатты толғантты. Ғалымдар бұл құбылыстың себептері мен сырын ашу үшін зерттеулер жүргізді. Сөйтіп саяси әлеуметтену мәселесі бұл кезде күн тәртібіне қатты қойылды.

Саяси әлеументтану процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады;

-қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;

-қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;

-саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту.

Адамның саяси әлеуметтенуі үздіксіз өмір бойы жалғасады.

Әлеуметтік-саяси тәжірибе жинақтауына қарай оның саяси белсенділігінің түрі әрқашан өзгеріп немесе бекіп отырады.

Сонымен саяси әлеументтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, оларды өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайындалу процесін айтады. Саяси әлеументтену барысында адам қоғамның толыққанды мүшесі боларлық саяси ережелерді, салт-дәстүрлерді, білімді меңгереді.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *