Элита» термині француздың “еlіtе” деген сөзінен шыккан, аталған, тандалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX ғ. бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.
Конфуций (б.з.б. 551-479) адамдарды асьл азаматтарға (билеуші элитаға) және төменгі (қарапайым) адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде ХХ ғ. басында италия ғалымдары Г. Моска, В. Парето, неміс Р. Михельс және т.б. қалыптастырды.
“Элита” терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923). “Жалпыға бірдей социология трактатында” (1916) ол “элиталардың айналу” теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардын энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әркашан болмақ. Яғни, дейді олар, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады.
Роберт Михельс (1876—1936) “Саяси партиялар, Демократияның олигархиялық үрдістері туралы очерк” (1911) деген еңбегінде “олигархияның темірдей заңын” шығарды. Оның ойынша, бұқара халыктың өзін-өзі ұйымдастыруға және басқаруға қабілеті жетпейді. Парламенттік демократия жағдайында кейбіреулер жұртшылыктың қолдауына ие болды. Сөйтіп кәсіби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Ол көпшіліктен біртіндеп алшақтайды, коғамның қарапайым мүшелеріне өздерін карсы кояды. Соның нәтижесінде билікті өз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға-тұйық дөңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбеліндей байлар саяси және экономикалық билікке ие болады. Халыктың егемеңдігі, билігі дегеннің бәрі бос қиял. “Олигархияның темірдей заңы” осы дейді Р. Михельс.
Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі
Саяси элиталарды калыптастырудың, жоғары лауазымды кызметке іріктеп алудың 2 түрі бар: антрепренерлык және гильдия жүйесі. Антрепренерлык түрде баскарушы кызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу кабілеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына, кәсібіне, біліміне, мамандығына, т.с.с. онша мән берілмейді. Ол ең алдымен өзінің тапкырлығын, жасампаздығын, белсеңділігін көрсетебілуі кажет. Мысалы, АҚШ-та актер болған Рональд Рейган да президенттікке сайланды. Элитаны калыптастырудың бұл түрі өзінің ашықтығымен, демократиялығымен, үміткерге койылатын шектеулердің аздығымен сипатталады. Сондыктан тұракты демократиялык елдерде бұл түр кең тараған
Саяси элиталарға сұрыптаудың мұндай түрінің кемшілігі — саясатқа сырттай жағымды көрінгенімен шын мәнінде кездейсок, принципсіз, ұрыншақ, авантюрист адамдардың билік басына келуі. Ондай адамдардың іс-әрекетін болжап, пішіп болмайды. Сондықтан қоғам өмірінде дау-жанжалдар, саяси шиеленістердің мүмкіңдігі көбейеді.
Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар койылады. Оған кандидаттык білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Талапкерлер белгілі бір таптың, топ- тың, тектің, партияның мүшелерінің арасынан шығуы керек. Сондықтан билік басына тандаудың бұл түрі жабык болып саналады.
Гильдия жүйесі бәсекелестікке жол бермейді, билеушіні тұйық қоғамдык топтан іріктеп алатын, кертартпа тұр. Оның артықшылығы — саясаткердің болашақ іс-әрекетін алдын ала болжауға, соған орай шара қолдануға болады. Билеуші элитаның арасында дау-жанжалдың мүмкіндігін кемітеді.