Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Олар бұл мәселеге әр жақтан қарайды, әр түрлі өлшемді пайдаланады.Мысалы, марксизм формациялық көзқарасты басшылыққа алып (өндіріс тәсілінің және қоғамның таптық құрлымның өзгешеліктеріне қарай) оны құлдық, феодалдық, капиталистік және коммунистік саяси жүйе деп бөлінеді.
Ал У. Ростоу және т.б. “экономикалық өсу сатысы” деген тұжырымдаманы алға тартады. Олардың ойынша, адамзаттың даму тарихы мынадай бес сатыдан тұрады: 1) дәстүрлі қоғам; 2) өтпелі қоғам; 3) алға басу қоғамы; 4) индустриалдық және; 5) индустрияланғаннан кейінгі (постиндустриялдық) қоғам. Бірінші сатыға алғашқы қауымдық, рулық және федолдық қоғамның бір бөлігін, екінші сатыға өндірістік революцияны, үшіншісіне 70-80 жылдарындағы капитализмді, төртіншісіне 2000жылға дейінгі капитализімді жатқызады. Бұлайша сатыға бөлудің өлшемі ретінде техникалық даму деңгейін алады. Марксизімнің басшылыққа алатын өндірістік қатынастармен олар санаспайды.
Саяси жүйені оның саяси тәртібіне (режиміне) қарай тоталитарлық, авторитарлық, демократикалық деп бөледі. Мұндай топтастырудың негізінде билік, тұлға және қоғам арасындағы өзара іс-әрекеттің сипаты мен тәсілі негізге алынады. Тоталитарлық саяси жүйеде жеке адам мен қоғам толығымен билікке бағынады. Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық саласын өзінің бақылауына алады. Авторитарлық саяси жүйеде билік басындағы жеке адам немесе адамдар тобы шексіз билікке ие болады. Парламент, оппозициялық партиялар болғанымен олардың ықпалы шамалы келеді. Мемлекттік сайланбалы органдары, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктері шектеледі. Демократиялық тәртіпте тұлға құқығы биік тұрады, билік жұмысын қоғам бақылауға алады. Онда биліктің өкілдік органдарын жалпыға бірдей сайлау арқылы халық сайлайды, азаматтарға саяси құқықтары мен еркіндіктер беріледі, елде заңдылық билейді.
Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады; 2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең бөлуге бағдар ұстайды; 3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді; 4) дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады; 5) авторттарлық-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.
Батыс саясаттанушыларының арасында саяси мәдениеттің жағдайына қарай, құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені жіктеудің төмендегідей 4 түрі кең тараған: ағылшын-америкалық, құрылықтық-еуропалық, индустрияланбаған немесе жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық.
Саяси жүйенің ағылшын –америкалық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлығымен, біртектілігімен сипатталады. Бұл елдерде мемлекеттің алдына қойған саяси мақсат-мұратын және оған жетудің жолдарымен әдіс-тәсілдерін халықтың бәрі қолдайды. Ол мәдениет еркіндік, қауіпсіздік, тиімді есепқорлық, пысықтық ұқыптылықсияқты либералдық құндылықтарға негізделеді.
Құрылықтық ( континенталдық)-еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениетті ұстанатын құндылықтар әр түрлі келеді. Онда ескі мәдениеттің жұрнақтарымен жаңа мәдениет астарласып жатады.
Индустрияланбаған немесе жарым-жартылай индустрияланган жүйеге аралас мәдениет тән. Онда батыстың құндылықтары, этникалық салт-дәстүрлер, діни әдет –ғұрыптар шоғырланған. Құрылықтық-еуропалық саяси жүйемен салыстырғанда онда ортақ негіз жоқ. Олар бірінің бірі араласа береді. Бұл елдерде авторитарлық тәртіп, күшке сүйену бой алған. Бұған Азия, Африка, Латын Америкасының көптеген елдері жатады.
Тоталитарлық жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар. Сырттай қарағанда ол біртектес сияқты. Оның құндылықтарын қоғамның барлық мүшелері мойындайды. Бірақ оны еріксіз жасайды. Билеуші партия саяси жүйенің барлық элементерінің іс-әркетіне бақылау жасайды.