Саяси жетекшілік туралы ұғым

Саяси іс-әрекетті жүзге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер), серкелердің орны ерекше. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекттің көлемінде адамдардың күш-жүгерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Өйткені саяси топ бастаушыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді аты шыққан адамды да жатқызып жүр.

   Саяси жетекшіліктің, топ бастарлықтың (лидерліктің) табиғатын, сыр-сипатын ғалымдар ерте заманан-ақ білгілері келген. Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н.Макиавеллидің “Патша” деген еңбегіндегі тиімді басшылық. Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады: 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауына сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан не күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін-соны білулері керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлық қайрат-жігері, қабілеті болуға тиіс; 4) басқарушы өз жақтастарына даналық пен әділетіліктің үлгісі болуы керек.

    Кейін келе топ бастаушылықтың табиғаты әр түрлі түсіндірілді. Қазіргі саяси топ бастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.

         Саяси топ бастаушылар, әдетте, мынадай қызметтерді атқарады: қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделелерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың қажеттіліктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт — бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйымдар, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін — өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің, заңдылықтың, тәртіптің кепілі болу.

       Саяси топ бастаушы (көсем) болудың 2 жолы бар:1) көпшілік халықтың мақсат -мүддесін кездейсоқ деп басып, ойынан шығу; 2) ол мүдделерді мақсатты түрде талмай зерттеу тәтижесінде.

        Саяси жетекшіге қарама-қарсы ұғым — саяси бастаушы, көсемсымақ. Ол ұғым XIX ғасырда пайда болды. Оның негізгі ерекшеліктері: көпшіліктің тап қазіргі қарапайым талаптарын желеу етіп құптау; өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген (араздыққа, қастыққа, қорқынышқа, үрейге, өшпенділікке негізделген ) жағдайын пайдалану; көпшілікке жалпақтап, жағымпаздану, тобыр тіліндегі сөздерді, тіркестерді қолдану; асыра сілтеп уәде беру; халықтың сауаты аз бөлігіне шағыну және т.б.Б иліктен айырылып қалмау үшін ол тобырдың талабын қанағаттандыруға тырысады. Ол қоғамдық пікірдің алдына шықпай, ығында жүреді.

       Саяси бастаушы, көсемсымақ көбіне бүлдірушілік идеяларды пайдаланып өзінің атын шығарады, мансап құрады. Өйткені көпшілік, әдетте, жасампаздықтан гөрі қиратып, бүлдіру идеяларын оңай және жылдам қабылдайды.

Саяси топ бастаушыларды топтастыруға алғаш қадам жасаған немістің әлеуметтанушысы М.Вебер болды. Ол саяси серкелерді бедел ұғымына негіздеп былай жіктеді:

1. Билік әкеден балаға мирас ретінде қалатын әдет ғұрып жетекшілі

2. Ерекше қадір қасиеті, қабілетіне байланысты билік басына келген харизматикалық топ бастаушы

3. Конституция негізінде сайлау арқылы басшылық орынға келген саяси серке

Қазіргі кезде саяси жетекшілерді жіктеудің кең тараған түрін американдық профессор Дж.Херман ұсынды. Ол саяси топ бастаушыларды бейнесі бойынша былай жіктеді:

1. Ту көтерер саяси жетекші. Оның өмірге деген көзқарасы, болашаққа болжамы бар және оған жету жолдарын біледі.

2. Қызмет етуші топ бастар. Ол өзінің жолын қуушылардың мүддесін дәлме дәл білдіре білудің арқасында құрметке бөленеді.

3. Саудагер топ бастар. Оның ерекшелігі алдына қойған жоспарды іске асыруға соңына ергендердің бәрін жұмылдырып, сендіре білу қабілетінде

4. Өрт сөндіруші топ бастар. Ол уақыттың талабына сай өз жақтастарының жинақтап қойған сауалына, қысылтаяң жағдайларда шапшаң шешім тауып, жол көрсете алады.

Түріне қарай жетекшілікті формальды және формальсыз деп бөлеміз. Формальды жетекші белгіленген ережелер арқылы басшылық орынға тағайындалады. Формальсыз жетекшіні қатысушылар өздері тағайындайды.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *