Саяси даму мен бейімделудің мәні

Қоғам әркашан өзгеріп, дамып, жылжып отыратындығы белгілі. Соған орай саяси жүйелер де өзгеріп, бір жәй-күйден екінші қалыпқа келіп, жетіліп жатады. Саяси даму деп саяси іс қимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады. Соның нәтижесінде саяси жүйе әлеуметтік максат-мүдделердің жаңа үлгілеріне бейімделеді және жаңа жағдайларға икемделген институттар пайда болады.

Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар. Эволюциялықта қоғамдық-саяси өмір біртіндеп, баяу дамиды. Көбіне күнделікті өмірге тығыз байланысты болғандықтан, олар сырт көзге онша байқала бермейді. Революцияда қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды. Ол карулы және бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін. Сонымен катар революцияға қоғамдағы үлкен бетбұрысты да жатқызады.

Әлеуметтану біздің заманымыздағы коғам дамуын дәстүрлік және қазіргі етіп екі түрге бөледі. Дәстүрлік дегенде әдетте рулық, феодалдық қоғамдарды айтады. Оның экономикасы жалпы алғанда әлсіз. Негізінен, аграрлық шаруашылықпен айналысады. Өндірісте қазба байлықтарын өндіріп, оларды алғашқы өндеуден өткізеді. Әлеуметтік құрылымында отбасылық, рулық, тайпалық байланыстар қатты дамыған. Халықтың көпшілігі сауатсыз немесе шала сауатты, жол қатынасының, сауда-саттықтың дәстүрлі түрі кең тараған.

Бұл қоғамның саяси жүйесі де ескіше. Қандық, діни, әдет-ғұрыпқа негізделген рулық, тайпалық билік түрі басым. Саяси институттар қызметтерінің ара жігі онша ажыратылмаған. Олар діни, мәдени, билік құрылымдарымен жымдасып жатады. Онда жеке адамның саяси мақсат-мүддесі онша дамымаған. Адам өзін ру, тайпамен біртұтас санады, олардың мүддесін өз мүддесіндей көрді. Орталық билік болса да оған жөнді мән берілмеді. Бұл қоғам ата-бабадан қалған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді басшылыққа алып, соларға сүйенгендіктен өте баяу, сылбыр дамыды.

Қазіргі қоғам индустриалды, жогары индустриалды (постиндустриалды) қоғам болып есептеледі. Ол рационализмге, ақыл-парасатқа, баяңдылыққа негізделеді. Бүгінгі адам өзінің іс-әрекетінде аддына саналы мақсат қойып, соған жетер жолды, әдіс-тәсілдерді тандап, табанды түрде оларды іске асыруға тырысады. Бұрынғы дәстүрлік қоғамда адамның әлеуметтік, саяси іс-қимылына заңдық, идеологиялық, діни шектеулер қойылатын. Қазір ондай жоқ. Бұрынғы адамдардың іс-қимылдарын олардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты бағалайтын. Қазір өркениетті елдерде қызметтің, жұмыстың нақтылы нәтижесіне карай бағаланады.

Саяси даму тұжырымдамасында басты рөлді саяси бейімделу (модернизация) теориясы атқарады. Ол осы ғасырдың 50 жылдарында пайда болған. Батыс елдері алғашында бұл ұғымды отарлық езгіден құтылып, азаттық алған елдердің одан кейінгі жерде қалай дамуына байланысты пайдаланған.

Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің, соған бейімделудің әр түрлі қыры бар.

1) Құрылымдық бейімделу. Ол қазіргі коғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және баска институттар жүйесінің қалыптасуын қамтиды. Оған индустриализацияландыру, қазіргі нарықтық капитализмнің қалыптасуы, адамдардың сауаттылығы, жұмыс бастылық құрылымның түбегейлі өзгеруі, білікті мамандар, орта және әкімшілік қызметкерлер үлесінің көбеюі, коғамның әлеуметтік жіктелу құрылымының өзгеруі және т. б. жатады.

2) Азаматтық. Жаңғыру барысында дәстүрлік қоғамның саяси жүйесі де құрылымдық өзгерістерге ұшырайды. Солардың ішінде елеулі саяси көрінісі — азаматтылық, азаматтық құқықтар. Бұл принцип барлық ересек адамдарды мемлекет басқару ісіне тартып, қатынастыруға бағытталған. Мұндай тәжірибе бұрын да тарихта кездескен.

3) Саяси қатынасу. Жоғарыда көрсетілген азаматтық принциптің негізінде азаматтарға коғамның саяси өміріне белсене қатынасуына кең жол ашылады. Солардың ішінде ең маңыздыларының бірі — сайлау жасына келген азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы. Көпшілік саяси партиялар қалыптасады. Олар халыктың саяси.өмірге қатынасуына көмектесіп, тәртіптеп, іс-қимылына бағыт-бағдар береді.

4) Қазіргі адам. Мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын жаңа адам қалыптасады. Ол бұрынғыдай қандық бірлікке негізделген ру-ру, тайпа-тайпаның шеңберінде ғана іс-әрекет етпейді. Мемлекеттік, ұлттық көлемде солардың мүшесі ретінде міндеттерді атқарып, өз құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алады. Бүгінгі таңда ұйымдар мен мекемелерде қызмет атқару үшін құжаттарда көрсетілген талаптарға сай істеу керек. Бұрынғыдай әдет-ғұрып, салт-дәстүрді, діни кағидаларды басшылыққа алмайды, өмірдің өркениетті талабына сай, іскерлік көрсетіп, білімді қорытындылар жасап, іс істеуге тура келеді.

Бұл мәселемен көптен айналысатын американың белгілі зерттеушісі А. Инкельс казіргі адамды сипаттай келіп, мынадай ерекшеліктерін атайды:

а) қазіргі адам жаңа өмір тәжірибесінің барлық саласына ашық. Ол қандай жаңа идеялар болсын қабылдауға, қарсы алуға іштей дайын. Дүниені, айналадағы ортаны танып-біле алады және соған орай іс-әрекет те жасай алады;

ә) қазіргі адам айналасындағы өзгерістерге байланысты үрейленіп қорықпайды, психологиялык жайсыздыққа онша бас ұрмайды. Жалпы қоғам түбегейлі өзгерістерге ұшырап жатқанда сол әлеуметтік, мәдени жағдайда өмір сүруге дайын;

б) қазіргі адам кандай мәселе болмасын оған әр түрлі қарауға болатынын, соншалықты пікір тууы мүмкіндігін біледі;

в) казіргі адам қоғамдық өмірді түсініп, ұғынғанда өткенге, бұрынғыға бағдар ұстамайды, қазіргі мен болашақты ойлайды;

г) қазіргі адам индустриалды технологияның қисынын біледі, белгілі бір мағлұматы бар.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *