Саяси билік пен мемлекеттік билік. Биліктің лигитимдігі

Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді.

            Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу апараттарына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Бұдан біз саяси биліктің мағынасының мемлекеттік биліктен кем екендігін байқаймыз.

            Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимдігінен білінеді. Легитимділік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.

            Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсетті. Ең бірінші әдет ғұрыптық легитимдік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сінген, әбден бойлары үйреніп дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенеді. Сондықтан кейбір елдерде қазірде хан, сұлтан, патша, шах, әмір т.б. билігін халық дұрыс, заңды деп түсінді. Билік әкеден балаға мирас болып қалып келді, оны жұрт ата-салтымыз деп мойындады.

Екінші түріне харизматикалық лигитимдік жатады. Мұнда өзінің ерекше батырлығымен немесе басқа қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап соның соңына ерді. Халық тек сол көсемге берліп соған ғана сенді. Мысалы Мұхаммед пайғамбар, Ганди және т.б. Ол адамдар жеке басқа табыну дәрежесіне жетті. Харизма деген сөздің өзі көсемге, мемлекеттік басқарушының жеке басына табыну деген мағынаны білдіреді.

   Үшінші түріне Вебер ақыл-парасаттың, құқықтың лигитимдігін жатқызады. Онда саси билік салт-дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.

  Лигитимділік алдыңғы екі түрі құлдық және федолдық қоғамдарға тән болса, үшінші түрі қазіргі дамыған елдерге тән.

Биліктің түрлері

Биліктің жүзеге асырылу тәсіліне және құрылысына қарай басқару түрі және мемлекеттік құрылысы болып бөлінеді.

Басқару түрі жоғары өкімет билігі кімнің қолында екендігін корсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді.

Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін.

Монархия өз кезінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрлысты айтады. Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі.

Қазір конституциялық монархиялық құрылыс Голландия, Сауд Аравиясы, Непал, Дания және т.б. елдерде сақталған.

Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.

          Республика президенттік, парламенттік және аралас немесе жартылай президенттік болып үшке бөлінеді. Президенттік басқаруда, әдетте мемлекеттің де үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлау мүмкін. Егер президентті парламент немесе соның негізінде құрылған коллегия сайласа, оны «парламенттік президент» дейді. Конституция бойынша оған белгілі бір құқықтар беріледі. Бірақ ол құқықтарды жүзеге асыру үшін тиісті құжатқа премьер министр немесе министрлердің біреуінің қойылған қолы керек. Онсыз күші болмайды. Басқа сөзбен айтқанда, ондай президенттің билігі шамалы болады. Мысалы Үндістан Италияда солай .

Ал егер президентті жалпыға бірдей, тікелей сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Ондай президенттік билігі зор. Мысалы АҚШ, Франция т.б. елдерде. Мұнда Президент үкіметті өзі тағайындап, өзі басқарады. Мұндай билік алғаш рет АҚШ та орнады.

          Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Онда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, сауданы реттейді, халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, соғыс аша алады, әскерді қамтамасыз етеді және т.б.

        Парламент бірпартиялық және екіпартиялық болуы мүмкін. Бірпартиялық парламент, әдетте кішкентай елдерде кездеседі. Мысалы Финляндияда, ірі және дамыған елдерде екіпартиялық парламент болып келеді. Мысалы АҚШ та Англияда, Германияда, Францияда және т.б. елдерде.

Республиканың үшінші аралас түрінде президенттік те, Парламенттік те түрлердің белгілері кездеседі. Үкіметке екі жақты жауапкершілік жүктеледі. Мысалы Австрия, Ирландия.

           Билік басқару түрімен қатар құрылысына қарайда ерекшеленеді. Ол унитарлық федеративтік және конфедеративтік болып үш түрге бөлінеді.

Унитарлық (латынның біртұтас, біріккен деген сөзінен шыққан) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрлымға жол берілмейді. Оның жері, конституциясы бір болады. Мысалы Греция , Италия, Қазақстан т.б. жатады.

Федерация деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтың жаңа бір мемлекетті құруын айтады.Мыс АҚШ, Ресей

Конфедрация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Конфедерация өмірде сирек кездеседі. Мысалы ол 1848 жылға дейін Швейцарияда, 1778-1787 жылдарда Солтүстік Америка штаттарында болды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *