Саясаттанудың негізгі парадигмалары

 

     Парадигма (гректің paradeiqma-теория,үлгі)-зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория. Саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгілі бір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. Соған орай ол деректі жинап, талайды түсіндіреді, мағлұматтарды жинақтайды, жүйелейді.

   «Парадигма» ұғымын XX ғасырдың 20 жылдарында ғылыми әдебиетке алғаш енгізген америка философы және қоғам тарихын зерттеушісі -Г.Кун. Кейін бұл ұғым ғылымның барлық саласында, соның ішінде саясаттануда кеңінен пайдалануда. Кунның ойынша, парадигма саясатты зерттеуге бағыт береді. Сол бағыт бойынша зерттеуші белгілі бір дәстүрге, саяси идеялар мен теорияларға сүйене отырып нақты мәселені шешеді. Ол саясаттың барлық тарихын бір парадигманың екінші парадигманы үнемі ауыстырып отыруымен түсіндірді. Олар үшін қоғамда қалыптасқан парадигмаларға өмірдің даму барысында қайшылықтар шығады, олар ұлғая келіп жаңа жүйелі парадигманы тудырады.

    Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді-сыни деп жүйелеуге болады. Енді қысқаша соларға тоқталайық.

   Теологиялық парадигма. Ол саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндірді. Бұл парадигма саяси ғылымың алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінді.

Натуралистік парадигма. Ол саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді.

   Географиялық ортаның саясатқа ықпал етуі туралы ертедегі ойшылдар Гиппократ , Платон, Аристоиельдер атап айтқан болатын. Алайда оны теориялық түрде негіздеген француз ойшылы Ж.Боден (1529-1596) болды. Оның идеясын одан әрі дамытқан сол елдің философы Ш.Монтескье (1689-1755). Оның ойынша, географиялық орта, әсіресе климат халықтың рухын, мемлекттік құрылыс түрін, қоғамдық құрлыстың сыр — сипатын айқындап саясатында шешуші рөл атқарады. Ал Оксфорд университетінің профессоры Маккиндер XX ғасырдың басында теңізге шығар жолы жоқ мемлекеттер даму жағынан артта қалады деді . Ол дүниені құрлықтық және теңіздік күштер деп екіге бөлді. Қалай болса да, бүгінгі таңда елдің географиялық жағдайы оның сыртқы саясатын қалыптастыруға әсер ететіндігі даусыз.

Саясатты биологиялық себептермен түсіндірушілер (неміс ғалымы П.Майер, австриялық К.Лоренц) саяси процесті адамның туа біткен физиологиялық қасиеттерімен байланыстыры. Бұларға адамдардың саяси саладағы іс-әрекеттерін зерттеуді алға тартатын бихевиористерді де жатқызуға болады (американдық ғалымдар Ч.Мерриам, Г. Лассуэлл)

    Натуралистік парадигмаға психологиялық бағытта жатады. Ол саяси даму процесін адамның психологиялық қасиеттерімен түсіндіреді . Бұл бағыттың негізін қалғандар Г. Тард, Г. Лебон, Э. Дюркгейм, Б. Рассел және т.б. Мысалы, Б. Рассел биліктің мәнін білу үшін адам өміріндегі қорқыныш, үрей, торығу, қамығу, ұжымдық долылық (ашу-ыза)сияқты психологиялық құбылыстарды зерттеп білу қажет дейді. Өйткені,оның ойынша, саяси лидердерлерге өздерін диктатор еткізетін осы қасиеттер ұтымды пайдаланады. Сондықтан, дейді ол, диктаторлық тәртіпті болдырмаудың әдісі — ел ішінде жоғарыда аталған құбылыстарды тудырмайтындай жағдай жасау.

    Әлеуметтік парадигма. саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Мысалы, марксизм саясаттың мәнін экономикалық қатынастардан шығарды. Ол қоғамның әрбір экономикалық базисі (құрылысы) қажетті түрде өзіне сәйкес қондырма тудырады деді. Яғни белгілі бір экономикалық базис негізінде саяси, құқықтық, философиялық, діни, этникалық, эстетикалық, т.с.с. көзқарастар мен идеялар пайда болып дамиды.

   Батыс саясаттануында кең тараған тағы бір тұжырымдамаға «құқық үстемдігі»теориясын жатқызуға болады. Оның негізін салушылар Р. Моор, Дж. Гудмен, Г. Макдональд және т.б.саясатты құқық тудырады деп санайды. Олардың ойынша бір заңның орнына жаңа өмір талабына сай келетін екінші заң келеді. Сөйтіп заңдардың бірін — бірі алмастыруы қоғамды жетілдіреді, алға жылжытады. Яғни заңдардың алмасуы қоғамның қозғаушы күшіне жатады дейді.

   Тиімді (рационалды)-сыни парадигма. Ол саясаттың табығаттын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Оны жанжалдық және мәмілеге келу парадигмалары деп екіге бөлуге болады.

Жанжалдық парадигма XIX ғасырда пайда болды. Оның негізін қалғандар К.Маркс, А.Бентли, Земмель, Козер және т.б.Олар саяси өмірге дау-жанжал, шиеленістер шешуші рөл атқарады дейді. Қазір бұл теорияны қолдаушылар Р.Дарендорф, Дж. Бертон, К. Ледерер және т.б.жатады. Мәмілеге келу парадигмасының өкілдеріне М.Вебер, Дьюи, Э Дюркгейм, Т.Парсонстар жатады. Олар саяси өмірдегі дау-жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармады. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды. Халықтың арман — аңсарының, негізгі әлеуметтік және мәдени құндылықтарының , бағдарларының бірлігі адамдар арасында туатын қайшылықтарды саналы түрде реттеп, шешуге, қоғамда тұрақтылық пен ынтымақтастықты орнатуға көмектеседі. Олар саяси мәселелерді шешуге күш қолдануға , қоғамның революциялық жолымен дамуына қарсы.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *