Петрарка

Франческо Петрарка (1304-1374) – көрнекті ақын, ойшыл, ғалым. Оның творчествосында Италиядағы қайта өркендеу дәуірінің ерекшеліктері айқын сезіледі.

 Петрарка Ареццо қаласында нотариустың семьясында дүниеге келді. Оның әкесі Петракко Дантенің досы болды. 1312 ж. Петракко семьясымен Авиньонға көшіп барады. Петрарка жас кезінен Рим әдебиетін оқиды. Әкесінің айтуы бойынша ол әуелі Монпельеде, соңынан Болонья университетінде юриспруденциямен айналысады. 1326 ж. Петрарка әке-шешесінен айырылып, юриспруденциядан бас тартады. Авиньонда ол дін қызметкері болып тағайындалып, Папаның сарайына жақындайды. Мұндағы асқан байлық пен екіжүзділікті Петрарка бірнеше шығармаларында әшкерелеген.

 1327 ж. ол шіркеуде жас сұлу әйелмен кездеседі. Сол әйел көп жылдар бойы Петрарканың өлеңдерінде Лаура деген атпен шығады. 1330 ж. өлеңдерінің арқасында Петрарка Джованни Колонна деген меценатқа қызмет етеді. Колоннаның үйінде Петрарка антик жазушыларының творчествосын зерттейді. 1933 ж. ол Парижге барады. Соңынан Франция, Германия елдерін аралайды. Ондағы мақсаты: көне тарихи ескерткіштерді көру, ежелгі қолжазбалармен танысу және дүние жүзіндегі ғалымдармен байланысу. Ол армандаған Римді де көреді.

 Үйіне оралған Петрарка Авиньонда тұра алмай, Воклюза деген тыныш жерге қашады. Онда ол 4 жылдай тұрады (1337-1341). Воклюзада Петрарка көптеген шығармаларын жазды, соның ішінде латын тілінде жазылған, ақын даңқын шығарған эпопея «Африка». Өмірінің соңғы 20 жылын Петрарка әуелі Миланда, кейін Венеция және Падуяда өткізді. Петрарка көп саяхаттады. Оған барлық жерде үлкен құрмет көрсетілді.

 Данте сияқты Петрарка патриот болды. Ол Италияның бірлігі үшін көптеген жерлерде сөз сөйлеп жүрді. 1374 ж. 18-шілдеде Петрарка көз жұмды.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *