1. Аумаќтық (территориялық) бөліну. Алғашқы қауымдық қоғамда халық қандас туысқандығы жағынан ұйымдасып, ру-ру, тайпа-тайпа болып тұратын. Жоғарғы үкімет халық жиналысының қолында болған, яғни ол не шешсе, сол орындалатын. Ер – азаматтар қаруы қасында сақтаған, тосыннан жау шапса , дер кезінде тойтарыс беру керек болған. Сондықтан халықтан оқшау қарулы күштер болмаған.
Қоғам таптарға бөлінгеннен кейін жағдай өзгерген. өндірістің өркендеуі, еңбектің бөлінуі, сауданың өсуі, халықтың көбеюі ру мен тайпаның бұрынғы бірлігін бұзды. Түрлі рулар мен тайпалардың мүшелері кәсіптеріне қарай қоныстана бастайды. Соның арқасында олар бір-бірімен араласады. Қолөнер мен сауда өркендеген соң қалалар пайда болады. Бұларға басқа ру,тайпалардан көптеген келімсек халық келіп қосылады. Ру жағынан бөлінудің орнына халық аумағы бойынша бөліне бастайды. Штаттар, губерниялар, болыстар пайда болады. Мемлекттің заңдары мен өкілеттілігі сол аумақта тұратын адамдардың бәріне де қатысты.
2. Ерекше өкімет аппараты (жария билік). Құлдық дәуірінде құл иеленушілер мен құлдардың арасында тап күресі күшейді. Аз ғана құл иеленушілерге мыңдаған құлдарды бағындырып , дегенін істету үшін бұқара халықтан бөлек, оның үстінен қарайтын айрықша үкімет аппараты керек болды. Ол өзінің үстемділігін қарулы әскер, шенеуіктік аппарат, полиция, сот, барлау,шіркеу, баспаөз және т.б. құралдары арқылы жүзеге асырды. Алғашқы қауымдық қоғамда олар болмаған.
3. Мемлекеттің егемендігі. Ол – ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі. Сондықтан ол бүкіл ќқоғам атынан ресми істі жүргізе алады. Өзінің аумағындағы барлық адамдарға, ұйымдар мен мекемелерге міндетті заңдар мен ережелерді шығаруға мемлекеттің ғана құқығы бар.
4.Ашық күш қолдану, зорлық пен еріксіз көндіру. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады. Оны орындауға жоғарыда екінші белгісінде көрсетілген құралдары бар.
5. Салық салу. Орасан үлкен мемлекеттік аппараты ұстау үшін халықтан салық алынады. Бертін келе қазынаның тапшылығын толтыру үшін заем шығарып жаздыртады. Салық пен заем рулық құрылысқа жат құбылыс болатын.
6. Мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы. Жалпы мемлекет болу үшін оның өз аумағында (жерінде) тұратын халқы боу керек. Ол халық бірұлтты немесе көпўұтты болуы мүмкін. Халықсыз мемлекет болмайтыны белгілі. Алайда мемлекетсіз халық болуы мүмкін. Мысалы, 1948 жылға дейін еврейлердің мемлекеті болмады. Ал курд халқының әлі күнге дйін өз мемлекеті жоқ.
Мемлекетте тұратын адамдар сол елдің азаматы болуы керек. Мысалы, партияға, кәсіподаққа, т.т. кірсең де, кірмесеңде өз еркінде. Ал мемлекеттің аумағында тұрған соң, сол елде туған соң, сол елдің азаматы боласыѕ. Азаматтыєы жоќ адам (апатридизм) ќўќыќтыќ жағынан қорғансыз келеді. Ал азамат болсаң сол елдің заңын орындауға мәжбүрсің. Орындамасаң мемлекеттің күштеу органдары жауапқа тартады.
Осы көрсетілген белгілер мемлекетті басқа ұйым, мекеме, бірлестіктерден ерекшелендіреді.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндетті қызметтері (функциялары) болады.
Ішкі қызметтеріне мыналар жатады:
а) экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді. Экономиканы нарықпен қатар мемлекет те реттейді. Оны мемлекеттік тапсырыс, салық, несие, экономикалық бағдарлама және т.б. арқылы жасайды. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағы байланыстарды реттеуге, экономикалық интеграцияны өрістеуге, ғылыми – техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге т.с.с. қатысады;
ә) әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтың әл-ауқатын, өмір деѕгейін кґтеру, денсаулыќты саќтау ісін жаксарту, тўрмыс ќажетін ґтеуді жетілдірумен т.б. айналысады;
б) заѕдылыќты ќамтамасыз етеді. Ел ішінде ќарапайым тјртіпті сақтауға, қылмысқа қарсы күресті өрістеуге, әкімшілік зорлыққа жол бермеуге т.с.с. басшылық етеді;
в) мәдени – тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу – ағарту ісін, ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту жөніндегі қамқорлық жасайды.
Сонымен қатар мемлекет бір топтың, таптың негізінде басқарыушы күшті қалыптастыруға қатысады, бюджет саясатын жүзеге асырады, қарулы кұштерді құрып, ұстап пайдаланады.
Мемлекеттің сыртқы міндеттеріне жататындар: а) мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау; өзін-өзі билеу, егемендгін сақтау, басқа елдермен тиімді қарым-қатынасты орнату, олармен бірге алынған міндеттердің екі жаққа бірдейлігін қамтамасыз ету; өз елінің саяси мүддесінің ықпалдылығына, ұтымдылығына, өтімділігіне, тиімділігіне жағдай жасау, басқа елдердегі жаңалықтар туралы өз еліне дер кезінде мәліметтер беру жјне т.б.