Көне түркі (V-VІІІ ғғ.) жазба ескерткіштерінің тілі

Көне түркі (V-VІІІ ғғ.) жазба ескерткіштерінің тілі

1. Көне түркі жазба мұраларының қазіргі қазақ тіліне қатысы.

2. Көне түркі тілінің фонетикалық ерекшеліктері.

3. Көне түркі тілінің грамматикалық құрылысы

Дәріс мақсаты: көне түркі ескерткіштері тілі сипатына тоқталу, ондағы тілдік деректердің лингвистикалық табиғатына қатысты ақпарат беру.

 1. Қазақ әдеби тілінің, оның дыбыстық-фонетикалық жүйесіндегі, сөздік құрамындағы, грамматикалық құрылысы мен сөз тудыру, сөз түрлендіру жүйесіндегі негізгі заңдылықтар мен нормалардың көпшілігі көне түркі тілінен мирас болып қалған. Алайда, олардың сипаттары, жүйелілігі біркелкі емес. Оларды айқынырақ байқау үшін әр кезеңдегі көне түркі жазба ескерткіштерінің тілін қазіргі қазақ тілімен салыстыра қараған жөн.

 Бұл кезең – түркі тілдері тарихының жазба мұралары сақталған ең көне кезеңі. Көне кезеңнің тілдік ерекшеліктерін айғақтайтын мұралар көпшілік әдебиетте Орхон-Енисей-Талас жазба ескерткіштері деп аталып жүр. Ол ескерткіштер көлемі жағынан әр қилы: кейбіреулері бірлі-жарым сөз тіркестері мен сөйлемдерден тұрса (Енисей, Талас), кейбірі үлкен көлемді мәтіндер (Орхон) болып келеді.

2. Көне түркі тілінің фонетикалық ерекшеліктері

 Көне түркі тілінің дыбыстық жүйесіне байланысты дыбыстардың саны, артикуляциялық ерекшеліктері әлі де толық айқындалды деуге болмайды. Соған қарамастан бұл салада қазақ тілі мен көне түркі тілінің кейбір сәйкестіктерін көрсетуге болады.

Дыбыстар жүйесінде:

ч~ш (Қач – қаш)

ш~с (таш – тас)

й~ж (йақшы – жақсы, йашыл ~ жасыл)

д~т (демір – темір)

ғ~у,й (тағ – тау, бағла – байла)

з~й (сөзле – сөйлеу, азақ – айақ)

б~м (бен – мен, бініп – мініп)

и~е (ил – ел)

Протеза, эпентеза, эпитеза құбылыстары:

суб~су, тіріг~тірі (салыстырыңыз: өлүг~өлі); сарығ ~ сары;

R ~ z ротацизм құбылысы: көр ~ көз, семір ~ семіз т.б.

3. Көне түркі тілінің грамматикалық құрылысы

септік жалғауы мысалы аудармасы

Ілік -ң, -ың, -ің, -ның, -нің Табғач қағаның бедізчіг ыты.

Байырқұның ақ адғырығ бініп. Табғач ханының суретшілерін жіберді.

Байырқұның ақ айғырын мініп.

Барыс -қа, -ке

-ға, -ге; жіктеу есімдіктері, тәуелдік жалғауларынан кейін -а, -е Түрк білгэ-қаған бу өдкэ олуртум.

Шантун йазықа тэгі сүлэдім.

Маңа көрүр анча будун көп ітдім. Түрк білімді (білгір) ханы бұл орынға отырдым.

Шантун жазығына (жеріне) дейін соғыстым.

Маған қарайтын осынша халықты көп етті.

Табыс -ғ, -г, -ығ, -іг;

-ны, -ні;

-ын, -ін, -н Ол сабығ эсідіп. Ол сөзді естіп.

Жатыс -да, -де, -та, -те;

Тәуелдік жалғауы 3-жағынан кейін

-нда, -нта Тэңрі тэг тэңрідэ болмыш.

Көзде йаш кэлсэр.

Тоңа тігін йоғынта. Тәңрі текті, тәңіріде болған.

Көзде жас келер.

Тоңа тегін азасында (жоқтауында).

Шығыс (көне түркі тілінде сирек кездеседі) -тан, -тен Йарықлығ қантан кэліп йақа элтді?

 Жарақтылар қайдан келіп жарып өтті?

Глоссарий: көне түркі тілі, көне түркі тілінің дыбыстық-фонетикалық, грамматикалық жүйесі, жазба мұралар, Орхон-Енисей-Талас жазба ескерткіштері.

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *