Демократия туралы ұғым және оның белгілері

Демократия деген сөз гректің демос-халық және кратос-билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.

Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1) мемлекеттің тұрпаты мен жалпы саяси жүйесі. 2) мушелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыс пен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастыру түрі. 3) қоғамдық құрылымның мұраты және соған сәйкес көзқарастар. Демократияның көпшілік таныған біріңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи және т.б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан олардың ортақ белгілерге төмендегілер жатады.

1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғары органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінші призденті А.Линкольн демократияға халық сайлаған халық билігін жатқызды.

  2. Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б.з.б- 5 ғасырда өмір сүрген гректің атақты тарихшысы Герадот сол кездің өзінде демократия деп теңдікке негізделген мемлекетті айтады деген болатын. Теңдік барлық салада — халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т.б болуға тиіс.

 3. Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени т.с.с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар әр түрлі болды. Солардың бәрін қалай теңдестіруге болады Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Заң және құқық-жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтың негізі және қорғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттер ережелерін орнатады. Қажетті деген іс-әрекеттерге рұқсат етеді. Ол тәртіптерге қайшы келген іс-әрекеттерге тыйым салады, оларды бұзғандарды жазалайды. Бірақ қоғам біреулерге басымдық беріп, басқаларға қысым көрсетуі мүмкін. Билік иелері күштілер, байлар, ақсүйектер заң мен құқықты өз мақсаттарында пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтық теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады

4. Оның кепілі-әділеттілік. Әділеттіліктің де біріңғай ұғымы жоқ. Ол жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда қарт, ауру адамдарды өлтіру әділеттілікке жатты. Инквизацияны жақтаушылар үшін діннен безгендерді тірідей отқа жағу-әділетті іс. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысында қазақ халқынын жартысына жуығы қырылып, біразы босып кетті. 1986 жылы желтоқсанда жастарды қырғынға ұшырату біреулерге әділетті көрінді. Әйтпесе, сол жазалаушылар жазасын алулары керек емеспе? Сайып келгенде, әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетінің дәрежесімен айқындалады.

5. Ал қазақ жастары болса желтоқсан көтерілісінде бостандық, еркіндік үшін алаңға шыққан болатын. Бұл-демократияның бесінші белгісі. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін ғасырлар боиы күрессе, адамзат қоғамына демократияны шектейтін, теңдік пен әділдікті бұзатын, қанаудың, тәуелділіктің барлық түрлерінен азат етілу үшін мыңдаған жылдар бойы күресуіне, реформалар, ревалюциялар, өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуге, жеңіске жетуге тура келді. Теңдікке, әділеттілікке, еркіндікке, демократияға олардың принциптеріне сәйкес өмір сүруге уйрету және үйрену керек. Құқық пен адамды күйзелу, қорқыныш, заңсыздықтан құтқаруға міндетті. Сайып келгенде, осының бәрі еркіндік, бостандыққа байланысты.

Сонымен біз халықтың мемлекеттік билікті жүргізуге қатысу керектігі, құқық, теңдік, еркіндік жөнінде әңгіме еттік. Осы принциптердің бәрі түгел болғанда ғана әділдік болады. Бұл-әділдіктің демократиялық түсінігі. Ол,өкінішке орай, адамзаттың басқа да арман-мұраттары сияқты бірден толық орындала бермейді

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *