Кесу аймағында бөлінетін жылудың кейбір бөлігі өңделіп жатқан бұйымға өтеді, ол өз кезегінде оның өлшемдерінің өзгеруіне және өңдеу қателіктерінің пайда болуына әкеледі. Бұйымды бірқалыпты қыздыру кезінде өлшемдердің қателігі, ал өңделетін бұйымның жеке учаскелерін жергілікті қыздыру кезінде – пішін қателігінің қалыптасуны әкелетін, шалыстық пайда болады.
Өңделетін бұйымның қызуы кесу режимдеріне байланысты болады. Токарлы өңдеу кезінде кесу жылдамдығын және берілісті көбейтумен, яғни өңделетін бұйымға жылулық әрекеттің ұзақтылығын азайтумен, оның температурасы төмендейді. Кесу тереңдігін көбейткен жағдайда өңделетін дайындаманың температурасы өседі.
Жұққа қабырғалы бөлшектер жасағанда өңделетін дайындамаларды қыздырудың маңызы зор. Массалы дайындамаларды өңдеу кезінде олардың қыздырылуы өңдеу дәлдігіне көп әсер етпейді.
Молымен салқындатып отыру дайындамалардың қызып кету қаупін айтарлықтай азайтады және олардың өңделу қателігін қысқартады.