Шлицті қосылыстар машина жасауда кеңінен таралған, оларды үлкен бұраушы моментті беру үшін қолданылады. Шлицтің формасы тікбұрышты, эвольвентті, үшбұрышты және трапециялы болып келеді. Шлицті өңдегенде дәлдік центрлегіш элемент бойымен 8-7-ші квалитетке жетеді.
Түзукеспекті шлицті жіктеу үшін сыртқы, ішкі және бүйір беттерімен центрлеу жүргізілуі мүмкін екені белгілі.
Біліктегі шлицті бетті өңдеу әр түрлі тәсілдермен жүргізіледі, олардың арасындағы кеңінен таралғаны көлденең–фрезалы станокта дискті фасонды фрезамен фрезерлеу, шлицтіфрезалы немесе қалыпты тістіфрезалы станокта шлицті бұрамалы фрезамен өңдеу.
Біліктегі шлицті фрезерлеу тәсілдері
27 суретте – Біліктегі шлицті фрезерлеу тәсілдері:
а – шлицті дискті фрезамен; б – екі фрезамен; в – екі дискті арнайы фрезамен; г – шлицті бұрамалы фрезамен
Бейімдеу әдісімен фрезерлеу толығырақ және дәлірек әдіс болып табылады. Шлицті бейімдеу әдісімен соңғы өңдеу таза фрезерлеумен жоғары дәлдік классты бұрамалы шлицті фрезалармен жүргізіледі.
Контурлы шлицті сүргілеу (Ra = 2,5-1 мкм) және шлицті тарту (Ra = 1,6-0,8 мкм) ілгерлемелі жоғары өнімді шлицтердің қалыптастыру процесінде пайда болады. Илеу роликтермен, рейкалармен және көпроликті профильді бастармен өндіріледі. Дайындама илеуге ұшырайды (қаттылығы 220 HB артық емес). Илеудің нақтылығы өте жоғары, бетінің бұдырлық параметрі Ra=1,0-0,8 мкм.
Шлицті беттердің таза өңдеуі ажарлаумен жүзеге асырылады. Сыртқы диаметрлерінің ажарлауы қарапайым дөңгелекажарлағыш станоктарында орындалады. Ажарлаудың нақтылығы 7-ші деңгеймен сәйкес келеді, бетінің бұдырлық параметрі Ra=1,25-0,4 мкм.
Шлицті илеу роликтермен, рейкалармен және көпроликті профильді бастармен өндіріледі. Дайындама илеуге ұшырайды (қаттылығы 220 HB артық емес). Илеудің нақтылығы өте жоғары, бетінің бұдырлық параметрі Ra=1,0-0,8 мкм.
Шлицті илеу бөлшектерді жылутысыз шлицтің көлденең қима формасына сәйкес профильге ие роликтермен жүзеге асырылады. Осьте айналатын роликтер (диаметрі 100 мм) әр шлицке бір-бірден илегіш басымен массивті корпус 1 сегментте 4 радиалды орналасқан (4.3 суретте).
28 суретте – Шлицтіилейтін станок үшін илегіш басының сүлбесі:
1 – корпус; 2 – илегіш ролик; 3 – өңделетін бұйым; 4 – сегмент
29 – Шлицті илеу кезіндегі өңделмелі бұйымның, қысқыш патронның және илегіш басының сүлбесі:
1 – илегіш басы; 2 және 5 – біліктер; 3 – өңделмелі бұйым; 4 – гидравликалық қысқыш патрон
Басының деталь 3 бойымен қозғалысында еркін айналатын роликтер 2 біліктің бетіне қысылады, шлицтің бетінде роликтің формасына сәйкес форма пайда болады.
Шлицті илеу үшін (4.4 суретте) арнайы станоктарда илегіш басы 1 жылжымалы бөлшекке орналасады, оларға бағыттауыш ретінде екі массивті бағаналарды қосатын біліктер 2 және 5 қызмет етеді. Жылжымалы бөлшек артқы бағанда орналасқан гидроцилиндрдің жетегімен қозғалады. Алдыңғы бағанда гидравликалық қысқыш патрон 4 орналасады, онда өңделмелі бұйым 3 орнығады. Әр ролик қажетті биіктікке өзгереді. Станоктан жеке түйін ретінде роликтің орналасуын өзгертпей басы шешіледі.
Мұндай станоктарда илеуіш шлицтердің көп саны 18 жетеді, кеи дегенде 6-8 (біліктегі диаметрі 16 мм) құрайды. Шлицтің қадаммен алынған нақтылығы 0,04 мм, сәйкессіздік 100 мм ұзындыққа сәйкес 0,04 мм-ден аспайды.
Біліктегі шлицті салқын илеу 2.5-ке дейінгі модуль болуы мүмкін.
Профильді роликтермен илегенде өңделмелі бұйымға пластикалық деформациялар үлкен тереңдікке енеді, сондықтан илеу процесінде оны алып тастайды, ығыстырылған металл ішінара бұйымның сыртқы бетіне де орналасады, сондықтан ол сыртқы ажарлауға түсуі тиіс. Илеу кезінде ұзару болатындықтан, бұл әдіс біліктің ұшындағы шлицті алу үшін жарайды.
Илеу процесі жоғары өнімді, себебі барлық шлицтер аз уақытта жоғары нақтылықта біркелкі ширатылады.
Тарту және сүргілеу. Шлицтің құрылуында жоғарыөнімді озық процесс контурлы шлицті сүргілеу (Ra = 2,5-1 мкм) және шлицті тарту (Ra = 1,6-0,8 мкм) болып табылады.
Шлицті тарту біліктің бетінде немесе сол сияқты бұйымдарды көлденең жалғанған станоктарда арнайы құралдың қолдануымен өндіреді.
Өтпелі шлицті тарту үшін кескіштері бар кескішшлицтің формасына сәйкес арнайы тартпа қолданылады.
Әр шлиц бөлгіш құрал арқылы кезекпен тартылады.
Біліктегі шлицті сүрлеу арқылы жасау процесі тісті ұңғылау процесіне ұқсайды. Бұл жағдайда барлық шлицтер профильді резецтердің алынуы бірмезгілде өндіріледі, олардың саны шлицті өңделмелі біліктің ойыстардың санына сәйкес.
Шлицті сүргілеу процесі жоғары өнімді және өте көп бірдей бұйымдар шығарғанда ірі серия мен жаппай өндірісте қолданылуы мүмкін, себебі әр шлицтің санына сәйкес арнайы резецтердің жинақтама дайындалуы тиіс.
Шлицті беттерінің таза өңделуі ажарлаумен жүргізіледі. Сыртқы диамерлерін ажарлау қарапайым дөңгелекажарлау cтаноктарында орындалады. Ажарлаудың нақтылығы 7-ші деңгеймен сәйкес келеді, бетінің бұдырлық параметрі Ra=1,25-0,4 мкм.
Бұйымдарды шлицтермен жасағанда орналасуды таңдау және өңдеу тәсілі бойынша техника-экономикалық есеп өткізу қажет. Бұйымның міндетіне байланысты олардың көлеміне, таңдалған материалына, нақтылық класы мен кедір-бұдырлығына сәйкес құрал-жабдық пен аспап таңдау және кесу режимі тағайындау керек.