Білдектердің және олардың жеке бөліктерінің негізгі қызу себептері болып білдектердің қозғалмалы механиздеріндегі, гидрожетектеріндегі және электроқондырғыларындағы, қондырылған элекрмоторындағы үйкеліске кететін шығындар, сонымен қатар жылуды кесу аймағынан әкететін, салқындатушы сұйықтықтан бөлінетін жылуберілісі және сыртқы көздерден келетін қызу табылады.
Өңдеу дәлдігіне шпиндель басшасының жылып қызуы көп әсер етеді. Білдек жұмыс істеп тұрғанда бірте-бірте шпиндель басшасының қызуы және олардың вертикалды және горизонталды бағыттарда жылжуы жүреді.
Сонымен бірге басша тұрқысының әр түрлі нүктелерінде температура 10 нан 50 0С дейін өзгереді. Неғұрлым үлкен қызу температурасы шпиндель подшипниктерінің және жылдам жүрісті біліктер подшипниктерінің орналасқан жерлерінде байқалады, олардың температурасы өздері орналасқан, тұрқылы бөлшектердің орташа температурасынан 30-40% жоғары.
Білдек жұмысының бірінші кезеңінде оны қосқаннан кейін қызу шпиндельдің жұмыс жағына ығысуына әкеледі, ол өңделетін дайындамалар өлшемдері мен пішіндерінің өзгеруіне әкеп соғады, яғни айнымалы жүйелік қателіктің пайда болуына. Демек, айнымалы жүйелік қателік алдыңғы тұғыр осінің екі еселенген горизонтальды ығысуына тең болады. Центрлердегі жұмысқа қарағанда, қысқыда өңдеу кезінде горизонтальды ығысу үлкенірек және ол 17 мкм жетеді.
Білдектің жылулық деформацияларымен байланысты өңдеу қателіктерін жою үшін білдекті 2-3 сағат бойы бос жаттықтырып алдың-ала қыздырады. Дайындамаларды ары қарай өңдегенде білдекті тоқтатып демалтудың қажеті жоқ.