2.4. Көліктік логистикадағы логистикалық ақпараттық жүйелерді негізгі функциялармен басқару

2.4. Көліктік логистикадағы логистикалық ақпараттық жүйелерді негізгі функциялармен басқару

Логистикалық ақпараттық жүйелердің функцияларын басқару транспортты логистиканың ақпараттық ресурстарының маңызды бөліктерін құрайды. Бұл сұрақтарды жиі транспортты логистикалық тіркестің жедел қызметіне жатқызады.

5-сурет. Тапсырыстарды құрайтын ортақ логистикалық циклдар

Логистиканың функциональдық циклы арқылы жедел қызмет тапсырыстарды қабылдау және әзірлеу, жүкті жөнелту, тұтынушыға жүкті жеткізіп беру, сатып алуға тапсырыстардың үйлестірілуі сияқты үрдістердің ақпараттық қолдауына ие болады. ЛАЖ негізгі функциялары:

— тапсырыстарды басқару;

— тапсырыстарды өңдеу;

— бөлу;

— тасымалдау және өңдеу;

— жабдықтау.

Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша тапсырыстардың логистикалық циклы 5 суретте бейнеленген сызба түрінде қарастырылады.

Тапсырыс менеджментінің интеграцияланған әрекеті тапсырыс циклын құрайтын келесі талаптарды қояды:

— тапсырыстарды қабылдау және алдын ала өңдеу;

— кескiндеу;

ТЛАҚ (ИОТЛ) өндірушілердің (эспорттаушы/ импорттаушы) тасымалдаушылар мен транспорттық-экспедиторлық кәсіпорындар арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз етеді. Жеткізушілер мен тасымалдаушыларда, бәсекелестік күресінің артуы, тасымалдау барысында есепке алынуымен қатар, олар тек бағалармен тарифтердің төмендеуімен ғана айналыспай және де олардың тұтынушыларға қол жетімділігін де қамтуы керек. Тауарлардың тұтыну орнына уақытылы және сақталған күйде, төменгі транспорттық шығын көлемінде жеткізілуі ЛАЖ негізгі функцияларының есебімен жүзеге асады.Тасымалдау мен шешім қабылдауды басқарқарудың бұл байланысы көпжағдайда КТЛ (ТЛП) сапалы ақпаратпен қамтамасыз етілуіне байланысты.

Логистикалық циклдардың функцияларымен басқару.

    6-сурет. Кәсіпорындардың техникалық логистикасының (КТЛ) электрондық басқарылуы

ТЛАҚ (ИОТЛ) интеграцияланған жүрісі жабдықтау үрдісін (жабдықтау мен өткізуді басқару) тасымалдау үрдісімен өзара әрекеттесетін үрдіс ретінде қарауға мүмкіндік береді (6-сурет).

ЛАЖ-де қолданылатын функциональдық логистикалық цикл, келесі негізгі функцияларды қосады:

— логистикалық циклдардың инициализациясы;

— тасымалданатын жүктiң бiрлiктерiмен басқару (ТЖБ);

— тасымалдау сұлбаларын таңдау;

— жүктiң сапар бағыты бойымен (консолидация ) бiрiктiрілуі;

— сыртқы орындаушылардан алынған шот-фактураларды есептеу;

— орындаушылар үшін нұсқаулық құжаттамалар құрастыру;

— жеткiзудiң процессiн бақылау үшiн оқиғалардың профильдарының анықталуы.

Жүйенiң негiзгi функциялары интегралданып өзара үйлестiрілген. Транспорттық логистиканың басқару функциясы, ақпаратпен қамтамасыз етуді аса тиімді ететін жүкті біріктірудің екі деңгейін қосады (консолидация).

Жүйенiң тетiгi үлкен халықаралық және қазақстандық кәсіпорындардың интеграцияланған ЛАЖ өнеркәсіптік эксплуатациясы мен әзірлеу кезіндегі жинақталған тәжiрибенiң негiзiнде жасалған (DDS Франция компаниясы, «ИнтегПрог-Сервис» компаниясы және бірнеше басқа да компаниялар). Функционалдық логистикалық циклды тиімді басқарудың көмегімен транспорттық логистиканың негiзгi функцияларының орындалуын зерттеп отырады. Жүйенiң архитектурасының модулдiк тұжырымдамасы нақты кәсiпорын немесе кәсiпорындар тобының ақпараттық жүйесін тұрақты жаттығу есептерiне сүйене отырып бiртiндеп енгiзуге мүмкiндiк бередi.

Жүйелерде жіберілгендерді бақылауды қолдану және мәліметтерді электрондық алмасуға енгізу маңызды болып табылады, бірақ ол ағымдық нәтижесімен ғана енгізіледі.Экспедиторлардың барлық кооперативтік бірігуі бәсеге қабілеттің артуы үшін стратегиялық шешім болып табылады, біртұтас логистикалық шешімнің әзірленуі әрбір жекелеген серіктестің, әрі толық бір ұйымға үлкен табыс әкеледі. Ол үшін ортақ табыстың стратегиялық факторы болып табылатын ақпараттық ресурстардың барлығын қолдану қажет.

Бұл туралы келесі мысалдарды куәландырады.

Жүріс бағытымен бақылау жүйесі қате тиелетін жүк санын азайтады және қателіктің пайда болатын жерін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жүріс бағытымен бақылау жүйесі тұтынушыға қосымша пайда әкеледі, ол кез келген уақыт мезетінде жүктің қайда екенін анықтауға мүмкіндік береді. Клиентпен байланыс және мәліметтердің электрондық жолмен берілуі шығындардың төмендеуі үшін келесі әрекеттерді көрсетеді:

— ақпараттардың тез алынуы есебімен тапсырыстардың орналасуының сапасы да артады;

— мәліметтерді жинақтау мен өңдеу кезінде қателіктер азаяды;

— мәліметтерді электрондық алмасу клиеттердің пайдасын арттырады.

Бәрінен бұрын ғаламторда ақпарат алмасудың стандартының ашылуы жоғарғы мазмұнды ақпараттармен тиімді коммуникациялардың жүзеге асуына мүмкіндік береді. Тап осы интеграцияланған ЛАЖ-нің болуы, жеткізшілер мен сауда арналары арасындағы өзара әрекеттен транспорттық логистика үшін үлкен мүмкіндіктер ашылады.

ЛАЖ негізгі функияларының үйлестірілуі мен кірігуі тапсырыстың жеткізілуі туралы ақпараттың жылдам әрі үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етеді, жүктің тасымалдануы туралы тиімді бақылау жасауға мүмкіндік береді. Үздік кәсіпорындар өздерінің жеткізушілілері мен тұтынушыларының ұқсас жүйелерімен, ЛАЖ-нің кірігуімен, тиімділіктің артуы арқылы өз дегендеріне жетеді.

Осылайша, бәсекелестер алдында жалпы шығындарды төмендету жолыменде басымдыққа жету мүмкіндігі, нақтылы нарық бөлшектерінің дифференциясымен, қызметтердің сапасының артуы қарастырылады. Егерде клиент жоғары сапалы кәсіпорынның логистикалық операторына тәуелді болған жағдайда, онда дифференциация болуы мүмкін және тарифтің «төмендетілген» деңгейіне қабылдауы керек, пайданың айырмашылығын арттырып, артық шығынды азайтады.

Коммуникациялық жүйелер мен ақпараттардың дамуы транспортты –логистикалық үрдістердің өнімділігінің артуына әсер ететін негізгі фактор. Заманауи емес ЛАЖ-де транспортты логистика оларға тұтынушылардың көрсететін талаптарының жоғарылауын орындай алмауы мүмкін еді.

3. Транспорттық кәсіпорындарда ақпараттық технологияларды енгізудің мәселелері

Отандық транспорт кәсіпорындарында, әсіресе, халықаралық тасымалдаумен байланыстылары, бірінші болып жаңа экономикалық талаптарда, өндірістік үрдістерді басқаруда ақпараттық технологияларды енгізудің қажеттілігін сезінді. Тасымалдау үрдісінің нарығындағы бәсекелестік көптеген кішкентай жекеменшік кәсіпорындардың пайда болуымен байланысты және шығыс бағыттарын шетелдіктерді тасымалдаудан белсенді игеру, қатаң салық саясатына қатысты, және ресурстардың қымбаттауына байланысты транспорттық кәсіпорындар алдына ішкі резервтердің барлығын жұмылдыру қажеттілігін қойды. Транспорттық кәсіпорындардың тиімді іс-әрекеті енді ақпараттық технологиялар мен дербес компьютерлердің кең қолданбау мүмкін емес екендігі белгілі болды.

Сапалы әрі дәл ақпаратқа деген қажеттілік кәсiпорындардағы транспорт саласының негізгі құрылымдық және концептуалды түрлендірулері бар нарықтық ақпараттық қызметтерiне дейiн, ақпараттық қызмет негiзiнде пайда болып тұр. АБЖ тұжырымдамасы, 60-70жылдардағы көліктерде өте кең тараған, содан олар маңызды өзгерістерге ұшыраған. АБЖ-де мәліметтерді жинау мен өңдеу үшін жекелеген , мамандандырылған бөлінуден біртіндеп таралған жұмыс орнындағы тәуелсіз ақпараттарды басқару үшін қажетті мәліметтерді өңдейтін және өндіретін ақпараттық жұмысқа түрленеді. Ақпараттық мәселелерге деген көзқарас қана өзгермей, сонымен қатар терминология да өзгерді. Бүгінде барлығы, жиі АБЖ (автоматты басқару жүйесі) жұмысы туралы емес, ақпараттық технологиялар мен жүйелер туралы, ақпараттық және коммуникациялық жүйелердің таралуы туралы, мәліметтерді өңдеудің технологиялары мен техникаларындағы маңызы жайында баса айтып жүреді. Мамандарға қажетті ақпараттардың қолжетімділігі мен сапасы,оның әртүрлә өндәрәстәк тапсырмалардың шешімін табу үшін қолданылуы мен ұсынылуының ыңғайлылығы баса қаратырылған. Сырттай бұрынғы есептеуіш орталықтарды еске түсіріп отыратын, бірақ басқа технико-экономика негізіндегі мүлдем жаңа тұжырымдамалардың, жаңа ақпараттық — коммуникациялық қызметтердiң құрылуын белгiлейдi.Бұл логистикалық орталықтар, транспорттық үрдістегі қызмет күрсетуге негізделген және тасымалдаушыларды олардың жұмыстарына қажетті коммерциялық ақпараттармен қамтуға негізделген орталықтар. Логистикалық орталықтардың пайда болуы, транспорттық жүйелердің интеграцияланған тұжырымдамалары, ақпараттық-есептеу қызметтерін көрсететін траспорттық логистика қызметі тек шынайы ғана емес, сонымен қатар қажетті болып табылады. Логистикалық орталықтардың дамуының басты бағыты, ақпараттық ағындар мен транспорттық тауарлардың интеграциясы болып табылады. Бұл бағыттың мақсаты экономикалық дамыған мемлекеттердегі интеграциялық үрдістермен байланысты, және жаңа ғылыми сала телематика сияқты таңбаланған.

Ақпараттық-компьютерлік технологияларға енгізуге байланысты мәселелерге қарамастан , бұл үрдіс қажетті тіпті қалмайтын үрдіс болып табылады. Бұл мәліметтерді өңдеудеуге жататын, барлық өсіп отыратын көлемде шартталған.

Әдетте, дәстүрлі әдістерді қолдану арқылы осы ағыннан барлық қажетті ақпараттарды алып, оларды кәсіпорындарды басқару үшін пайдалану мүмкін емес. Басқаруда анықтаушы фактор, мәліметтерді өңдеу жылдамдығы мен қажетті ақпараттарды алу болып табылады. Ақпараттардың айналымы, кәсіпорындарды тиімді басқару мен қаржылық жетістіктеріне қатты әсер етеді. Тіпті, көп жағдайда ақпараттарды «стратегиялық шикізат» деп те атайды. Дамыған батыс елдерінде ақпаратқа кететін шығын, энергетикаға кететін шығыннан асып түсуде. Және бұл шығындар, ақылды, дұрыс тұрғыда пайдаланылса өз жемісін береді. Бәрінен бұрын, компьютерлік есептер мен мәліметтерді өңдеуді енгізу құжат айналымы саласында еңбектің өнімділігін арттырады. Мәліметтерді интеллектік өңдеулер мен ақпараттық қоймалар тұжырымдамасын қолдану негізінде құрылған заманауи ақпараттық технологиялар, бүгінде 100% қайтарыммен қамтамасыз етеді. Отандық және шетелдік кәсіпорындардың компьютерлендірілу тәжірибесін талдау, жалпылама қатарын жасауға және оларды стратегияның дамуы кезінде пайдалануға және ақпараттық технологиялар тактикасын енгізуге мүмкіндік береді.

Компьютерлендіру үрдісі кезең бойынша жүреді:

— бастапқы кезең ЭЕМ қолдану тәжірибесін жинақтаумен және есеп деңгейі бойынша бухгалтерлік есептердің автоматтандырылуында қолданумен байланысты;

— ЭЕМ бағының бақылау кезеңінің тұрақтануымен сипатталады, қолданылу аясын анықтауға, Интернетте ақпараттық іздестіру және кәсіпорындарда локальдық жүйелердің құрылуын сипаттайды;

— Интеграциалық кезең әртүрлі деңгейдегі желілік шешімдерді қолданумен, ЭЕМ көмегімен басқарудың децентрализациясын және жаңа кәсіпорынның негізінде ұйымдастырылатын, басқаруда ақпараттық технологиялардың кең қолданылуымен сипатталады, күрделі корпоративті ақпараттық жүйелердің қолданылуымен, Интернетте интеграциалануымен сипатталады.

 Бастапқы кезеңде барлық күш қарапайым ескілікті операцияларда есептерді, қаржылық есептерді автоматтандыруға бағытталады. Шарт бойынша, материалдық-техникалық жабдықтаулар тапсырмасы, бухгалтерлік есептер, еңбек ақының бөлінуі және оларға оңтайлы басқада операциялар автоматтандырылады. Бұл кезеңдегі автоматтандырудың басты мақсаты кәсіпорындардағы адамдар санының азаюы болып табылады. Сонымен қатар, бұл есептердің көпшілігі мәліметтерді өңдеудің үлкен жылдамдығын талап етпейді, және де ақпараттарды өңдеу орталықтандырылған мамандандырылған есептеу орталықтарымен тиімді шешілуі мүмкін. Екінші кезеңнің ең негізгі маңызы есептеу орталықтарына қатысты толық техникалық анықталу мен кәсіпорындар үшін ЭЕМ локальдық желілерінің құрылуы болып табылады. Бұл мерзімде ақпараттық технологиялардың мақсатты бағыты өзгере бастайды, алдыңғы жоспарға «басшыларға ақпарат беру» тұжырымдамасы жылжиды. Бұл екі кезеңдегі басыңқы бағыт ақпараттық-анықтамалық жүйе деп аталады. Үшінші кезеңде кәсіпорындарда құрылымдық өзгерістер жүреді, олардың өзіндік орталықтандырылған дайындық жүйесінде ақпараттық жұмыстар мен ақпараттарды өңдеу пайда болады. Бұл кезеңге корпоративтік желілердің құрылуы, кәсіпорынның елдегі біртұтас ғаламдық ақпараттық жүйеге қосылуы, құжат айналымында электрондық технологияны белсенді қолданылуы, логистикалық орталықтардың ұйымдастырылуы тән, барлық есептер мен іздестіру операцияларын автоматтандыруға, сонымен қатар адамдарға өзіндік үйренуге, мәліметтер базасына тұтынушыларға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл кезеңде көпфункционалды интеграцияланған ақпараттық-есептеу жүйелерін төменгі және орташа деңгейде басқару және жоғарғы деңгейде тиімді шешімдерді іздеу және болжау, мамандандырылған эксперттік жүйелер мен мәліметтерді интеллектуалды талдау жүйесі кең қолданылады. Ақпараттық технологиялардың мақсаты жаңа кәсіпорынның негізгі бірыңғай ұйымдастырылуы болып табылады, ал ақпараттық ресурстарды басқару тұжырымдамасы-үстем болып табылады.

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

        1. Жангисина Г.Д. Информатика. 1-бөлім.Операциялық жүйелер мен мәтіндік процессорлар: Г.Д. Жангисина ред. пед. Ғылым докторы, проф. Кариева С.К. Алматы: КазАТК, 2001-271беттер, Оқу құралы

  2. Жангисина Г.Д. Информатика.III-бөлім. Мәліметтер базасы және ЭЕМ желілері Алматы, 2002 Оқулық

3. Королев Л.Н. Информатика. Компьютер ғылымына кіріспе Москва, 2003 Оқулық.

4. Информатика. MS DOS NORTON COMMANDER. MS WINDOWS INTERNET. — Алматы, 2002 Оқулық

5. Есептеу техникасы мен информатика негіздері Москва, 1991 Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *